Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 17:34, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Экскурсиялық іс-халық арасындағы мәдени ағартушылық жұмыстың маңызды бөлігі.Экскурсиялық іске жүз жылдан астам уақыт болса да,оның тез қарқынмен дамуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында басталды.Экскурсиялық істің дамуы әдістемелік және теориялық негіздер жоспарын талап етті.Ресейдің экскурсиялық басқару туризм және экскурсиялық Кеңес Орталығы және туристік экскурсиялық ұйым жұмысшыларының білім жетілдіру институты басты рөл атқарды.Экскурсия – ұжыммен немесе жеке түрде көрікті жерлерге, мұражай және т.б. жерлерге бару,оқыту және мәдени-сауаттандыру мақсатында болатын жол сапарлар. Одан басқа экскурсия дегеніміз қоршаған ортада болып жатқан процесстерді тану, оларды қабылдау.

Содержание

Кіріспе 3
І. Экскурсия жүргізудегі тақырыптың ерекшеліктері 4
1.1 Экскурсияға кіріспе,оның құрылымы:ұйымдастырулық және ақпараттық бөлімдері 4
1.2 Эксурсияның негізгі функциялары 7
ІІ.Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде 9
2.1 Экскурсияның жіктелуі 9
2.2 Экскурсия жүргізудегі даярлау үшін әртүрлі пәндер білімдерін қолдану 12
ІІІ.Экскурсияны өткізу тәсілдері 14
3.1 Экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу 14
3.2 Экскурсияны өткізу техникасын анықтау 20
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экскурсиядан курстық жұмыс.docx

— 95.91 Кб (Скачать документ)

             Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

           Қазақ экономика,қаржы және халықаралық  сауда университеті

 

 

                        «Экономика,басқару және құқық»факультеті

                               «Туризм және сервис»кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Курстық жұмыс

 

                                   «Экскурсиятану»пәні бойынша

 

               Тақырыбы: «Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде»

 

 

 

 

                                                   

 

 

 

 

                                                                                                    

                                                          Тексерген: аға оқытушы Оразаева З.А.

                                                               Орындаған:Тур-205 студенті Ерболатова Б.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

                                                  Астана 2013

 

                                               Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                                           3

І. Экскурсия жүргізудегі тақырыптың ерекшеліктері                                             4

1.1 Экскурсияға кіріспе,оның құрылымы:ұйымдастырулық және ақпараттық бөлімдері                                                                                                                      4

1.2 Эксурсияның негізгі функциялары                                                                      7

ІІ.Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде                                                               9

2.1 Экскурсияның жіктелуі                                                                                         9

2.2 Экскурсия жүргізудегі даярлау үшін әртүрлі пәндер білімдерін қолдану    12

ІІІ.Экскурсияны өткізу тәсілдері                                                                              14

3.1 Экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу                               14

3.2 Экскурсияны өткізу техникасын анықтау                                                         20

Қорытынды                                                                                                                22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                                            23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

                                           

                                               Кіріспе

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Экскурсиялық іс-халық арасындағы мәдени ағартушылық жұмыстың маңызды бөлігі.Экскурсиялық іске жүз жылдан астам уақыт болса да,оның тез қарқынмен дамуы  ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында басталды.Экскурсиялық істің дамуы әдістемелік және теориялық негіздер жоспарын талап етті.Ресейдің экскурсиялық басқару туризм және экскурсиялық Кеңес Орталығы және туристік экскурсиялық ұйым жұмысшыларының білім жетілдіру институты басты рөл атқарды.Экскурсия – ұжыммен немесе жеке түрде көрікті жерлерге, мұражай және т.б. жерлерге бару,оқыту және мәдени-сауаттандыру мақсатында болатын жол сапарлар. Одан басқа экскурсия дегеніміз қоршаған ортада болып жатқан процесстерді тану, оларды қабылдау. Экскурсиялық әдістеменің басты міндеттерінің бірі,саяхатшыларға естуге және көруге болатын материалдарды көріп,тыңдап және сезінуге көмектесу.

Кез келген экскурсия спецификасы бір көріністен және әнгімелеуден тұрады. Ал егер көрмелер, яғни көрсету нысандары болмаса, саяхаттың бұл түрі жай ғана мәдени-ағартушылық  жұмыс болып, экскурсияға жатпайды. Экскурсияны тек уақыт өткізу ретінде ғана қарауға болмайды, экскурсия адмның бос уақытын немесе оқу уақытын интеллектуалды,  тиімді әрі пайдалы түрде өткізу.Экскурсиялық теорияның пайда болуы он мыңдаған саяхат жетекшілер мен әдіскерлердің тәжірибесін бірлестіріп,әр жердегі белсенді танымдық іс-әрекет нәтижесі.Теория біздің алдымызда қазіргі экскурсиялық істің негізі ретінде көзқарас,қойылым мен ойлар кешені ретінде көрінді.

Жұмыстың өзектілігі: Қаладағы мектеп оқушыларының экскурсиялық объектілерге экскурсия жасау барысындағы бағдарламалардың жетіспеушілігі.

Зерттеудің мақсаты: Экскурсияның негізгі ұғымын анықтап,оның функцияларын,ұйымдастыру әдістерін және өткізу техникаларын зерттеу арқылы экскурсиялық бағдарлама құрастыру.

Зерттеудің міндеттері:  

  • Экскурсия ұғымына анықтама беру;
  • Экскурсияның негізгі функцияларын анықтау;
  • Экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу;
  • Экскурсия өткізу техникасын анықтау;

    Зерттеудің пәні: Қаладағы экскурсиялық объектілердің бағдарламаларын  зерттеу,экскурсиялық бағдарлама құрастыру.

    Практикалық маңыздылығы:Курстық жұмысты жазу барысында құрастырылған экскурсиялық бағдарламаларды,студенттерге, мектеп оқушыларына пайдалануға болады.

    Зерттеу әдістемесі:Жұмыста жинақтау,қорыту,баяндау,сипаттау, салыстыру, әдістері қолданылады.

    Курстық жұмыстың құрылымы: Үш бөлімнен, алты бөлімшеден,23-бет компьютермен терілген, 3-суреттен, қорытындыдан, 15 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

                       І. Экскурсия жүргізудегі тақырыптың ерекшеліктері

 

    1. Экскурсияға кіріспе,оның құрылымы: ұйымдастырулық және ақпараттық бөлімдері

 

   Экскурсиялық іс-халық  арасындағы мәдени ағартушылық  жұмыстың маңызды бөлігі.Экскурсиялық  іске жүз жылдан астам уақыт  болса да,оның тез қарқынмен  дамуы  ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында  басталды.Экскурсиялық істің дамуы  әдістемелік және теориялық негіздер  жоспарын талап етті.Ресейдің  экскурсиялық басқару туризм  және экскурсиялық Кеңес Орталығы  және туристік экскурсиялық ұйым  жұмысшыларының білім жетілдіру  институты басты рөл атқарды.Экскурсия – ұжыммен немесе жеке түрде көрікті жерлерге, мұражай және т.б. жерлерге бару,оқыту және мәдени-сауаттандыру мақсатында болатын жол сапарлар. Одан басқа экскурсия дегеніміз қоршаған ортада болып жатқан процесстерді тану, оларды қабылдау. Кез келген экскурсия спецификасы бір көріністен және әнгімелеуден тұрады. Ал егер көрмелер, яғни көрсету нысандары болмаса, саяхаттың бұл түрі жай ғана мәдени-ағартушылық  жұмыс болып, экскурсияға жатпайды. Экскурсияны тек уақыт өткізу ретінде ғана қарауға болмайды, экскурсия адмның бос уақытын немесе оқу уақытын интеллектуалды,  тиімді әрі пайдалы  түрде өткізу.Экскурсиялық теорияның пайда болуы он мыңдаған саяхат жетекшілер мен әдіскерлердің тәжірибесін бірлестіріп,әр жердегі белсенді танымдық іс-әрекет нәтижесі.Теория біздің алдымызда қазіргі экскурсиялық істің негізі ретінде көзқарас,қойылым мен ойлар кешені ретінде көрінді.

   70-жылдар соңында  экскурсиялық істің 3 негізгі бөлшектері айқындалды: теория,әдістеме және тәжірибе.Бірлескен ережелер жиынтығы болып, экскурсиялық теория-өлкетану,мұражайтану және кітаптану ғылымдарымен қатар тұратын жаңа ғылым –экскурсиятанудың пацда болуына негіз салады.

   Экскурсиятанудың  негізі – экскурсияның мәнін анықтайтын экскурсияның заңдылықтары мен ерекшеліктерін қалыптастыратын экскурсиялық теория.Экскурсиялық әдістеменің басты міндеттерінің бірі,саяхатшыларға естуге және көруге болатын материалдарды көріп,тыңдап және сезінуге көмектесу.

   Экскурсиялық әдістеменің  тақырыбы –экскурсиялық қызметкерлер  міндетін атқаруға көмектесетін  бағытталған оқыту,жүйелендіру,оқыту  құралдарымен тәрбиелеу әдістерін қалыптастыру және тәжірибеде қолдану.

   Экскурсия сөзі латынның  «экскурсио»сөзінен пайда болған.Орыс  тіліне бұл сөз ХІХ ғасырда  келді,және бастапқы кезде «жүгіріп  шығу,әскери жорық»,кейіннен «жол  жүру», «серуенге шығу» деген  мағына береді.Кейінірек бұл сөзге  «ия» (экскурс+ия)жалғанып өзгереді.Мәні  –заттың ішкі мазмұны.


   «Экскурсия мәні»түсінігін  қарастырғанда экскурсиялық процестің  объективті талаптармен шарттанғанын ескеру қажет.Әр экскурсия маңызы нақты заңдылықтармен (тақырыптық,мақсатқа ұмтылушылық,көрнекілі, эмоционал-

Дық,белсенділік т.б)шартталған қызметтің ерекше процесі болады.

 

   Экскурсияның заңдылықтары  туралы алғаш рет 1978 жылы өткен  ғылыми конференцияда айтылды.Экскурсиялық  процесс және экскурсияның алдында  қойылған мақсаттар былай болуы  мүмкін:саяхат жетекшісі нысандар  көмегімен ықпал етеді,саяхатшыларға  көруге,естуге,сезінуге және дағдыларын  игеруге


 көмектеседі.

 


 

              Сурет 1 

 

     Экскурсиялық процесс барысында саяхат жетекшісі саяхатшыларға тақырыпты ашатын нысандарды көруге(бірінші мақсаты),олар туралы қажетті ақпаратты естуге (екінші мақсат),тарихи оқиғаның маңызын ,ерлігінің алыпты-ғын сезінуге (үшінші мақсат),өздігінен экскурсиялық нысанның анализін жасау және өз бетінше бақылаудың тәжірибелік дағдыларын меңгеруге (төртінші мақсаты) көмектеседі.Соңғы мақсаттың жүзеге асуында көре білуді қалыптастыру маңызды орын алады.

   Көре білу эстетикалық  қабылдау ретінде сәулеттік бейнелерді,бояуларды,әр  түрлі сызықтарды,бейнелер,сызықтар,топтарымен  олардың көрініс,жарық,ауа, көру  бұрышы жағдайындағы кешенге  теңелді.Көре білу тарихи қабылдауретінде төмендегідей тұжырымдалады:Біріншіден,экскурсиялық нысанда типтік белгі мен тарихи мәдени мінез ерекшеліктерін таба білу керек.Екіншіден,экскурсиялық нысанда уақытпен жасалған қабатталуды және оның эвалюциясын анықтай алу керек.Үшіншіден,монументтік және мұражай-лық тарихи ескерткіштерден тарихи факт таба алу әрқашан терең білім мен дағды талап ететін мақсат.Экскурсия материалы саяхат жетекшісінің мазмұндауындағы кәсіби шеберлігі саяхатшыларға анализ жасауға,керекті қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Бұл біліктілікті саяхатшыларға саяхат жетекшісі көрсетумен әңгімелеу барысында дағдыландырады.Бұл жағдайда саяхат жетекшісінің белсенді көмекшісі болып саяхат авторлары табылады.Бұл туралы белгілі теоретик,сыншы және педагог А.В Бакушинский:»Саяхаттың бүкіл мақсаты мен жоспарымен шартталған материалдың әдістемелік жоспары қабылдау мен бағалаудың өз бетінше болуын оятуға бағытталған болу керек»,-деді.

   Баға беру - біреу немесе бір нәрсе туралы пікір құру,біреу немесе бір нәрсенің маңызын,мінезін,рөлін анықтау,біреудің абыройын,жақсы сипаттарын мойындау.

   Экскурсияны бағалау - бұл саяхатшының саяхат жетекшісі жетелеуінен шыққан қорытындысы.

   Экскурсия - көрікті  орындарды көрсету,тарихи және мәдени ескерткіштерді сонымен қатар сол ескерткішкердің тарихын,құрылуын экскурстанттарға толық мәлімет беріп жеткізе білу.

   «Саяхатшы Л.Бархаш мектеп оқушыларына арнап экскурсия ұғымына қысқаша анықтама берді. «Экскурсия –экскурсоводтың жетекшілігімен,алдын ала анықталған тақырып бойынша (мұражайға, зауыттарға, кинотеатрларға тарихи ғимараттарға ) өздеріне белгілі бір мағлұмат алу барысындағы экскурсиясын айтамыз».

   1940 жылғы Л.Н.Ушаковтың  жетекшілігімен жасалған орыс  тіліндегі сөздікте «экскурсия»ұғымына  мынандай анықтама берілді, «экскурсия  – ғылыми,білім және көңіл ашу мақсатында ұжымдық серуен немесе жол жүру».

   Экскурсия ісінің  даму тарихына үңілетін болсақ,біздің  елімізде экскурсанттарды алдын  ала даярлау әдістемесіне үлкен көңіл бөлінеді.Экскурсиялық теорияның дамуы 20 ғасырда бастау алып,қазіргі таңға шекті жалғасын табуда.

      Экскурсияны  қызметтің бір түрі ретінде  де қарастыруға болады.Адам белсенділігі,алға  қойған мақсатқа жету барысында  өзінің қызметін ұсынады.Экскурсия  әрекеттері бір-бірімен өте тығыө  байланысты.Ойлап айтылған мақсатқа  бағытталған экскурсовод кеңестері экскурсанттардың әрекеттерін істейді.Іс-әрекет экскурсия барысында екі түрге бөлінеді:Экскурсанттардың және Экскурсоводтардың іс-әрекеті.

   Экскурсанттардың  іс-әрекеті яғни (қызметі) – экскурсия  барысында объектіні мұқият қарап,оның  тарихын жақсылап тыңдап белсенді  түрде өзінің іс-әрекетін жасау  керек.

   Экскурсовод әрекеті (қызметі) – оның өзіне сай  қызмет қатарларынан тұрады.Солардың  бастысы – экскурсияны жақсылап  дайындау және жоғарға дәрежеде  өткізу.Экскурсия – экскурсовод  мамандығының ерекше бір түрі  болып саналады.

   Экскурсияны сонымен  қатар қарым-қатынас формасы ретінде  де қарастыруға болады. «Қатынас» түсінігі орыс тілінде «өзара,іскер-достық қарым -қатынас» ретінде қарастырылады.Экскурсанттар тәжірибе жүзінде екі қарым-қатынасқа ие болады,олар яғни тура және жанама қатынас.

   Тура қарым-қатынас  формасы – оқу орындарында  кеңес,дәріс,пікірталас, пікірсайыс  немесе экскурсия өткізу сияқты  болып келеді.Осындай жағдайларда  қоғамның сезімдері көңіл-күйлері,көптеген  пікірлер қалыптасады,бірін-бірі  жақсы түсініп,жаңа хабарларды  меңгереді және өзара байланыстарды  бекітеді.     

Информация о работе Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде