Жанама формасы
– газет,журнал,кітаптар оқу,радио
тыңдау,кинолар қарау болып табылады.Осындай
жағдайда ақпараттарды алуда
субъектілердің қимыл қозғалысы
тікелей жүреді де,қарым-қатынас
желісі кері кетеді[1].
1.2 Экскурсияның негізгі функциялары
Функция түсінік
ретінде латын тілінен аударғанда
орындау,жүзеге асыру, тақару,қызмет
аясы,тағайындау,міндет,рөл дегенді
білдіреді.Функция – бұл қандай
болсын бір объектінің сыртқы
көрінісі,мекеме,кәсіпорын жұмысының
формасы.Функция жасау – бұл
қимылдау,жұмыс жасауды білдіреді.Экскурсия
функциясы оның басты сипаты болып қаралады.
Сурет 2
(Экскурсияның негізгі функциялары)
Ғылыми дәріптеу
функциясы.Экскурсия саяси,философиялық
ғылыми, көркемдік және басқа да көзқарастар,ойлар
және теориялар тарауына себепші болады.Әр
экскурсия,дәріптеу функциясын атқару
үшін нақты бағыты болуы керек.Экскурсия
негізіне дәріптеу: І Ғылыми және ІІ Ойлылық
принциптер алынған.Бұл принциптер дәріптеу
мәнін білдіреді,оның ішінен бастысын
бөлуге мүмкіндік береді.
І Ғылыми принцип.Саяхаттың
негізгі сапасы тәрбиелеу мен оқыту формасы
ретінде оның ғылыми мінезі болып табылады.Саяхаттың
міндеттері – ғылыми білімнің тарауына
себепші болу.Экскурсияның мазмұны белгілі
бір қазіргі ғылым бөлігіне сай мазмұндалу
керек,дүниеге көзқарас қалыптасуына
ықпал ету керек.Ғылыми тракатта,оқиғалар,теоретикалық
ережелер беріледіолар қазіргі ғылым
саласына қатысты жетістігіне қарай қарастырылады.Фактілермен
оқиғалар объективті ғылыми баға алу керек.
ІІ Ойлық принцп.Ой
– бұл қойылған мақсатқа жетудегі іс-әрекеттің
нақты жоспары[4].
Ақпараттық
функция.Экскурсияның өзінің нақты
білім саласының тақырыбына байланысты
ақпараты бар:тарихи,медициналық,биологиялық
ғылымның жетістігі туралы;археологтардың
ашулары туралы;шаруашылық және мәдени
құрылыстағы жетістіктермен ойлап тапқандары
туралы.Газет радио,теледидар,дәріс сияқты
маңызды ақпарат құралдарынан экскурсияны
жоғары деңгейдегі көрнекілік ерекшелейді.Экскурсия
өткізудің негізі бекітілген мәтін болып
табылады.
Мәдени бос уақыт
ұйымдастыру функциясы.Бос уақыт деп
адамның жұмыстан кейін қалған уақытын
айтады.Тәулік,апта,жыл шеңберіндегі бос
уақытты адам өз қалауы бойынша шығармашылық
немесе қоғамдық қызметке,өзіне ұнайтын
іспен айналысу,достарымен араласуға
арнайды.Экскурсияны «оқу және өз бетінше
білім алу»деген терминмен аталатын топқа
жатқызады.Мәдени бос уақытты өткізу түрі
бола отырып экскурсия адамның рухани
қажеттілігін қанағаттандыруды және қалыптастыруды
қамтамасыз етеді.
Ынта қалыптастыру
функциясы.Экскурсия міндеті аудитория
білімін жеткізу және адамдардың нақты
бір білім саласына деген ынтасын туғызу.Әдеби
экскурсияға барғаннан кейін,оған қатысушылар
белгілі бір жазушыға қызығушылықтары
пайда болады.Экскурсия көбі үшін өз бетінше
білім алу жұмысының бастамасы болып келеді.Әрбір
нақты экскурсия бір мезгілде бірнеше
қызметті атқара алады.Бұл экскурсанттардың
қай тобымен өткізуіне байланысты.Балалар
мен жастарға экскурсия негізінен
мәдени-техникалық ой өрісін кеңейтуге
арналған.Мамандық таңдайтын экскурсия
жасөспірімдерге қызығушылық қалыптастыру
функциясы,шетелдік туристер үшін ақпарат,мағлұмат
функциясы және т.б.
Мәдени ой-өріс
кеңейту функциясы. Әр мәдени ой-өріс
кеңейту функциясы адамның ой-өрісінің
дамуына ықпал етеді.Оған қатысушылар
тарихтан,өнер жағынан,әдебиеттен,экономикадан
білім алады.Экскурсия – бұл мәдени тәрбиелік
жұмыстың бірнеше синтезі.Оған тақырыптық
қосылған және әдістемелік ақталған бөлік
ретінде:
а)Көркем,ғылыми-танымдық фильмнен
үзінді немесе толық хроникалық деректі
фильм;
ә)Оқиғаның куәгері немесе қатысушысының
сөз сөйлеуі,әскери тақырыптағы экскурсияда
соғыс ардагерлерінің сөз сөйлеуі;
б)Өндірістік тақырыптағы экскурсияларда
өнеркәсіп немесе ауыл шаруашылық кәсіпорындарының
басшыларымен,озат жұмысшыларымен кездесу;
в)Сазгер,әртіс,музыканттардың
өмірі мен шығармашылығына арналған музыкалық
шығармалар тыңдау;
г)Тарихи және тарихи ревалюциялық
тақырыптағы экскурсияларда таспаға жазылған
мемлекеттік және қоғамдым қайраткерлердің
сөзін тыңдау[2].
ІІ.Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде
2.1 Экскурсияның жіктелуі
Классификация
дегеніміз – заттарды,құбылыстарды,
түсініктерді, класс,топ, бөлім және
т.б ерекшеліктерге топтпстыру.Классификацияның
негізінде экскурсияларды топтарға
бөлу:
1)Мазмұнына қарай;
2)Өткізу орнына байланысты;
3)Қозғалыс түріне қарай;
4)Өткізу түріне қарай.
Айтылған топтпрдың өздеріне
тән ерекшеліктері бар.
Мағынасы бойынша:
Экскурсияның екі тобы кіреді:
1)Қамтыма (көп жоспарлы)
.Қамтыма экскурсия:тарихтық және заманға
сай тақырыптар.Бұндай экскурсиялар неше
түрлі объектілермен таныстыруға арналады.
Қаланың,елдің тарихтық (ерекшелік) ескерткіштермен
мәдени және тарихи мұражайлармен таныстыру,өнер,мәдени
ескерткіштермен,таңғажайып табиғат,ерекше
жерлерді көрсету және тарихтық маңызы
бар жерлерді көрсету,өндірістік,ауыл
шаруашылық жетістіктері зор өндіріс,құрылыс
кешендерімен таныстыру.Осындай экскурсиялар
қала,аймақ,облыс,ел туралы бірталай қызықты
мағлұмат береді.
2)Тақырыптық.Тақырыптық
экскурсиялар:тарихи,өндірістік,табиғи(экология-
лық), өнертанушылық,әдеби,архитектуралық,этнографиялық,коммерциялық
экскурсия болып сегіз түрге бөлінеді.
Тақырыптық экскурсия қандайда болмасын
белгіленіп алынған тақырып бойынша экскусия
жасау,мысал ретінде тарихи оқиғалар жөнінде
мағлұмат беретін экскурсия[3].
Тарихтық экскурсиялар
мағынасы бойынша негізгі бөлімдерге
бөлінеді:
1)Өлкетану тарихы;
2)Археологиялық;
3)Этнографиялық.
Тарихтық экскурсия:Қала
көшелерінің атаулары кімнің аттарымен
аталған? Мысалы: Амангелді көшесі патша
үкіметіне қарсы шығып,көтеріліс ұйымдастырған
халық батыры Амангелді Имановтың атымен
аталған.Оған мүсін қойылған,Сүлтан Баймағамбетов
көшесімен қиылысады.Сұлтан Баймағамбетов
Ұлы Отан соғысында батыр атағын алып,кеудесімен
пулемет дотын жапқан,батыолардың бірі.Абай
даңғылы – ұлы қазақ данышпаны,қоғам қайраткері,ақын-жазушы.
Табиғи экскурсия:Экскурсия
түрінде табиғатпен танысу жергілікті
өлкенің табиғи ерекше жерлерін көрсету,таныстыру,қазіргі
заманға сай туризмнің бір түрі экотуризм
болып саналады.Экскурсанттарды өлкенің
әдемі,әсем жерлеріне апарып,бұлақтардан
су ішкізіп,қарағайлы жерлердің шипалы
ауасын жұтқызып,көлдерден балық аулатып,естен
кетпес экскурсия өткізіп,және жол бойы
өлкенің ерекшеліктерімен,жер тарихымен
таныстыру.
Өндірістік
экскурсия:
1)Өндірістік тарихи;
2)Өндірістік-экономикалық
(мысалы:банкілік,биржалық қызмет,нарық
қозғаласы,және т.б.);
3)Өндірістік –техникалық;
4)Қатысушылар үшін өз
кәсібі туралы.
Өнертанушылық
экскурсия:
1)Тарихи-театралдық
(мысалы: «К.Байсеитова атындағы
қазақ драма театры», «Орыс драма
театры»және т.б.);
2)Тарихи-музыкалық;
3)Халықтық көркем
кәсіптер;
4)Мәдениет қайраткерлерінің
қызметі және өмір сүрген замандары;
5)Мүсіншілердің және
суретшілердің шеберханаларындағы,мұражайлар,
қойылым залдарындағы және галереялардағы
суреттерді тамашалау.
Әдеби экскурсия:
1)Әдеби-библиографиялық.Экскурсия
белгілі бір жазушының,драматургтың, ақынның,немесе
поэттың өмір жолы сақталған объектіде
өтеді (мысалы:Ы.Алтынсаринның мұражайы
немесе ескерткішінің жаны, Т.Рұсқұловтың
мұражайы немесе Рұсқұлов атындағы университет);
2)Тарихи-әдеби,қазақ
әдебиетінің дамуы,жетілген дәірінен
бпстап сыр шертеді;
3)Көркем-әдеби ,бұл
– мәтінді-поэтикалық экскурсия.
Археологиялық
экскурсия: Археологиялық-тарихтық
қазбалар кезінде табылған көне,бұрынғы
заман тұрақтарының белгілері тұрмыстық
құралдары, қару жарақтары,өнер туындылары,әшекейлері,таңбалары,және
т.б. тарихтық ерекшеліктері экскурсияғақатысушыларды
осы заттармен таныстыру,көрсетіп, әңгімелеп
беру.
Этнографиялық
экскурсия: Этнографиялық
экскурсия,жергілікті халықтың салт-дәстүрі,тіршілік-тұрмысы,өнері,әндері,музыкалық
аспаптары,қазіргі заманға жеткен салттар,дәстүр,құрал-сайманда,тағамдар,өнер
ерекшеліктері (киім,бағалы бұйымдар:сырға,сақина,білезіктер,киім,төсек
жапқыштар,оюлар, тұрмыстық қамшы,ертоқым,құрал-саймандар,аңшылық
құралдар,жануарлар: бүркіт,түлкі,қасқыр,және
т.б.[5].
Коммерциялық
экскурсия: Коммерциялық экскурсия,фабрика,зауыттармен
фермерлік шаруащылықты,мал,өсімдік түрлерін
көрсету,бұл экскурсияның мақсаттары
экономикалық қызығушылықты шақырып,инвестиция
тарту,сату тәжірибе алмастыру,еңбекке
тарту деген мақсатпен ұйымдатырылатын
коммерциялық экскурсия.
Педагогикалық мақсаттармен
ұйымдастырылатын экскурсиялар
құрамы, экскурсанттар бойынша екі
топқа бөлінеді:
1)Мақсаттары бойынша;
2)Аудиторияға байланысты.
Әр топқа,әр түрлі маршруттар
дайындалады.
1)Оқушыларға,студенттерге
арналған экскурсиялар(оқу,танысу,демалыс,
спорт,жарыстық ).
2)Үлкендерге арналған
экскурсиялар (танысу,демалыс,балық
аулау,аң аулау, биіктен секіру,көкке
ктерілу,су асты жүзу,үңгірлерді
аралау,жан-жануарлар, өсімдіктер,көлдер,археологиялық,этнографиялық
мұраларды көзбен көріп тамашалау).
Мұражайларға
бару,суретке түсу,бейне таспаларға
түсіру,тауға шығу деген мақсаттарға байланысты
әр түрлі топтармен туристік экскурсиялық
бағдарлар тәртібі қабылданады.
Экскурсияға
қатысушылардың құрамына байланысты беске
бөлінеді:
1)Тұрғылықты халық;
2)Ересек топтар;
3)Әр жастағы балалар;
4)Шетел қонақтары
5)Қала немесе өлке қонақтары.
Өткізілетін
орны бойынша бөлу:
1)Қалалақ экскурсия;
2)Қаладан тыс экскурсия;
3)Өнерқәсіптік Экскурсия;
4)Мұражайлық экскурсия;
5)Діни ғимараттарға
бару;
6)Кешендік экскурсия.
Қозғалу тәсілі
бойынша саяхат мынадай түрлерге бөлінеді:
1)Жаяу,(мысалы:тауларға
шығу,көл жағасы,орманға бару,және т.б.).
2)Көліктік,(мысалы:автобус,поезд,электричка,речный-плоты
катерлер,параходтар,мұхиттық-круиздер
арқылы жүргізіледі).
3)Аралас саяхат.
Өткізілетін
формасы бойынша бөлу:
1)Жай экскурсия;
2)Оқулық экскурсия;
3)Топшылық экскурсия;
4)Экскурсия-серуен;
5)Экскурсия-концерт[6].
2.2 Экскурсия жүргізуді
даярлау үшін әртүрлі пәндер білімдерін
қолдану
Экскурсия терминіне
ең алғаш рет 1882 жылы В.Даль
былай деп анықтама берген:«Экскурсия
–бұл қызық ақпарат алу мақсатында
арнайы ұйымдастырылған саяхат».Аталмыш
терминде М.П.Анциферовтың өз
тұжырымдамасында төмендегідей
баяндаған: «Экскурсия –мұражайға,шет
елдерге,өндірістік кәсіпорындарға
саяхат жасау барысындағы мәдени
және ғылыми-танымдық мақсатпен
ұйымдастырылған ұжымдық саяхаттың
бір түрі».
Экскурсиялық теория –
бұл «экскурсия»сөзінің бірізді дәлелдемесі,оның
негізгі аспектілері,көрсетілім ерекшеліктері,методы
және экскурсиялық іс-әрекеттердің психологиялық
негіздері.
Экскусиялық теорияның
белсенді дамуы 70 – жылдары айқын
көрінеді. Негізінен, «экскурсия» сөзі
латын тілінде «экскурсио» деп
аталады.Орыстың төл сөздік қорына
ХІХ ғасырда еніп, «жүгіріп шығу»
деген мағынада қолданылған болатын.Бірақ
кейінірек көптеген зерттеулердің
нәтижесінде «саяхат» деген мағынаны
иемденді. «Саяхат»сөзін жеке алып
қарасақ,бір жерден екінші жерге
жөнелу,зерттеу,жаңалықтар ашумен
теңеуге болады.
Кез келген экскурсияда,өзінің
объективті тақырыбы болады.Демек
экскурсияны бастамас бұрын жасалынатын
іс-әрекеттің прцессті,бағытты, мақсатты,анықтаған
жөн.
Арнаулы ұжымдық
экскурсиялардың әсері адам психологиясына
тигізетін әсері мол десек
қате болмас.Түсіндіріп кетсем,ұжымдық
жиындардың арқасында,коллективте қызмет
етуге бағыттайды,берілген контингент
жайлы қосымша мағлұматтар алады,және
де аталмыш саяхаттар адам психологиясының
ары қарай өрлеуіне оң әсерін тигізеді.
Ағылшын ғалымы
Коган өзінің «Тілдесу әлемі»
атты еңбегінде экскурсияның
психологиялық әсері жайлы толық
және айқын мәлімет берілген.Ғалымның
тұжырымдамасы мен зерттеулері
бойынша экскурсия тек қана
саяхат емес,сонымен қатар қарым-қатнас
құралы ретінде рөл атқарады.
Экскурсия барысында
адамдардың бір-бірімен тілдесуі,диалогтық
қарым-қатнастың ақпараттандыру
типі деп те атауға болады.
Психологиялық сипаттарға
тағы бір қосатын нәрсе,ол –
адамның қоғамдағы тілдесуінің
екі формада болуы.Олар:тікелей
тілдесу және төлеу формада
тілдесу.Демек ,тікелей тілдесуге:әңгіме,лекция,сабақ,диспут,және
экскурсия жатады.Осындай тілдесуді
негізінен экскурсия барысында
қолданылады,себебі осы жолмен
адамның психикасы жаңа қызықты
ақпаратты тез ұғынады, жаңалық
ашуға құштарлығы артады.Сонымен
қатар ,экскурсия барысында адамдармен
рухани қарым-қатынаста болу қажет,және
де жеке немесе ұжымдық көзқараспен
қараған жөн.