Қазіргі туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:21, курсовая работа

Краткое описание

Егеменді Қазақстанның экономикасы үшін туризм қызметі маңызды орын алады. “Қазақстанда туризм қызметін дамыту“ бағдары бойынша мемлекетіміз үшін тиімді, әрі әлемдік бәсекелестікке жарайтын туризм қызметін аяғынан тұрғызу.
Курстық жұмыстың өзектілігі:Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы – қызмет өндірісіне дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылықтарымен байланысты – турист алған өнімдерді «өзімен алып кетеді», яғни жақсарған денсаулық, көңіл-күйі, жаңадан толтырылған білім, пікір.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………......................................……3
1. МЕНЕДЖМЕНТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ……………..………5
1.1 Менеджмент ұғымы, тарихы……………………......................……………..5 1.2 Туризм менеджментінің тиімділігі туралы түсінік…………...…………….7
2. БАСҚАРУ ӘДІСІ МЕН СТИЛІ......………………………………………....9
Қонақ үй туристік кешендер менеджменті………………………………….9
Басқару әдістері…………………………………………………………..….13
Басқару стилі………...........................................................................……….17
3. ТУРИЗМДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ...........................19 3.1 Турфирмаларды басқарудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолдары және ерекшеліктері ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .21
ҚОРЫТЫНДЫ .…………………………………………….…………………23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.………………………………....25

Прикрепленные файлы: 1 файл

гулшат курсовой.docx

— 63.80 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

КІРІСПЕ……………………………………………......................................……3

1. МЕНЕДЖМЕНТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ……………..………5

1.1 Менеджмент ұғымы, тарихы……………………......................……………..5 1.2 Туризм менеджментінің тиімділігі туралы түсінік…………...…………….7

2. БАСҚАРУ ӘДІСІ МЕН СТИЛІ......………………………………………....9

  1. Қонақ үй туристік кешендер менеджменті………………………………….9
  2. Басқару әдістері…………………………………………………………..….13
  3. Басқару стилі………...........................................................................……….17

3. ТУРИЗМДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ...........................19 3.1 Турфирмаларды басқарудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолдары және ерекшеліктері ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  .21

ҚОРЫТЫНДЫ  .…………………………………………….…………………23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ.………………………………....25

 

 

 

 

Кіріспе

Егеменді  Қазақстанның экономикасы үшін туризм қызметі маңызды орын алады. “Қазақстанда туризм қызметін дамыту“ бағдары бойынша мемлекетіміз үшін тиімді, әрі әлемдік бәсекелестікке жарайтын туризм қызметін аяғынан тұрғызу.

Курстық жұмыстың өзектілігі:Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы – қызмет өндірісіне дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылықтарымен байланысты – турист алған өнімдерді «өзімен алып кетеді», яғни жақсарған денсаулық, көңіл-күйі, жаңадан толтырылған білім, пікір.

Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Бүгінгі таңда туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың 6 %, дүниежүзілік инвестицияның 7 %, әрбір 16 жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының 11 % және барлық салық түсімдерінің 5 % туризм саласы камтиды. Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігінің айғағы болыптабылады және таза экономикалық тиімділікке енетін туризмді дамыту арқылы кол жеткізуге болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Туризмдегі менеджмент тақырыбының мәнін ашу,тарихын түсіндіру, басқару стилі мен басқару мақсаттарын анықтау болып табылады.Атаулы  қойылған мақсаттан  келесі  міндеттер  анықталды:

Курстық жұмыстың мақсатынан туындаған міндеттер: Туризмдегі менеджмент тақырыбы бойынша,туризм менеджментін жүргізу жолдарының ерекшеліктері мен басқару жолдарын көрсету.

Туризм – дүниежүзілік экономиканың ең жақсы дамыған саласы болып отыр.Соңғы жылдары кейбір мемлекеттер, мысалға алғанда Малайзия, Тайланд және Қытай өз мемлекеттерінің экономикаларының қарқынды дамуына, шет ел туристерін тартуға бағытталған реформалардың көмегімен қол жеткізіп отыр. Егер жылдардың статистикалық ақпараттарына жүгінетін болсақ, туризм экономиканың ең тиімді деп саналып келген салаларынан да жоғары табысқа ие екенін көре аламыз. Қазіргі кезде туристік бизнестен түскен табыс, мұнай мен автокөлік экспортынан да тиімді болып отыр.Көптеген елдерде туризм халықтың жұмыспен қамтылу мәселесін шешуде, осылайша бұл салада жұмыс істейтін адамдардың саны пайыздық өлшемде жер шарының жұмысқа жарамды халқының 10 % жақындай түсуде.

Бәсекеге  қабiлеттiлiк ұғымы көпжақты болып, кәсiпорын iс-әрекетiнiң тауар секiлдi құрамдас бөлiктерiн сондай-ақ оның негiзгi сипаттамалары болып табылады  және өндiрiс технологиясын қамтиды.

Кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiгi- қатысты өлшем, өйткенi ол сату уақыты  мен нарықта  бәсекеге түсетiн ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерiнде көрiнуi мүмкiн.

Кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiгi- бұл экономикалық, ұйымдастырушылық техникалық  мүмкiндiктердiң  жиынтығы. Ол бәсекелестiк күрес  жағдайында өзiнiң алып отырған нарықтық үлесiн сақтап қалуға немесе кеңейтуге  жеткiлiктi әлеуетi.

Туризм –  әлемдік экономикада басты рөлдердің  бірін атқарады. ДТҰ-ның деректері  бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігін, халықаралық  инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9 жұмысшының орнын қамтамасыз етеді. Қазіргі  туризм индустриясы ірі жоғары табысты  және жоғары деңгейде дамып жатқан халықаралық саудадағы қызмет көрсетулердің  бірі. Халықаралық туризм әлемдік  экспорт табысының 8 пайызын, экспорттағы  қызмет көрсетулердің 37 пайызын алады.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1. Менеджмент туралы жалпы мағлұмат

1.1 Менеджмент ұғымы, тарихы

Менеджмент  немесе басқару ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың басында Америкада пайда  болды.

Оған бірқатар факторлар түрткі болған. Соның ішінде елдің демократиялық, азаматардың  еңбек сүйгіштілігін, білім алудың жоғары мәртебесін, сондай ақ мемлекеттің  экономикаға араласпайтындығын  атап өткен жөн.

Ел ескіліктің кертартпа догмаларынан да болған. Ал монополияларды құру оларды басқарудың күрделуіне әкеп соқтырды. Осындай  жағдайларда бизнес қажеттіліктерінен  жауап ретінде ғылыми менеджмент пайда болды.

Ғылыми менеджменттің негізін қалаушысы болып Редерик Уинслоу Тейлор деп саналады. Ол елдің қоғамдық және ғылыми өміріне ерте араласты.

Сол жылдарда АҚШ – тың өнеркәсіп орталығы, реформаторлардың әртүрлі қозғалыстарының  өнер кәсіпті жаңарту идеяларымен  саналуан пікір таластардан бұрқанып жатқан жері Филадельфия деп саналады.

Топтардың бірін  менеджерлердің әсіресе, адамдармен техникаға  бүкіл билікті әбден, сеніп тапсырған, шеберлердің рөліне наразы кәсіпқой инженерлер құрады.

Олар машиналық  модель деп аталатын өздерінің альтернативті  жобасын ұсынады. Оның маңызы кәсіпорынды  басқару машинаны құрастырғандай, дәл  әрі болжамды болуы тиіс дегенге  салды.

Басқалары –  бұл консервативті не орынды бағыттағы  бизнесмендер өнеркәсіп иелері және саяси қайраткерлер енген еңбек  реформаторлары олардың назарында  жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өзара қарым қатынастары, социо  – мәдени орта мен еңбек жағдайы  мәселелері әртүрлі қайырымдылық жобаларымен  бағдарламалары, мысалы, еңбек моралін  жақсарту, өндірісте толық комфорт  жасау тұрғын үй жағдайларын әлеуметтік сақтандыруды науқастармен қарттарға  күтім жасауды жақсарту.

Бұл ағымдар  Ф. Тейлорға әртүрлі ықпал етті. Өз өмірін механикалық шеберханада  қарапайым жұмысшының оқушысынан бастап, ол заводтың бас инженеріне дейін  көтерілді.

Ғылыми басқару  ұғымын тұңғыш рет 1910 жылы теміржол компаниялармен жанжал кезінде жүқ жіберуші фирмалардың  мүддесін қорғаған Луис Брандейс енгізді.

Жоғарыда  еңбек ресурстарын басқару проблемелары теориялық және методологиялық тұрғыдан қаралған, ал ұйым кәсіпорын деңгейінде бұл проблемалар персоналды басқару  мәселелері болып табылады.

Басқаша айтқанда жұмысқа алынған адамдарды фирма  мейлінше тиімді қолданып өзінің көздеген мақсатына – максималды пайда  түсіруге ұмтылады. Қанша өндіріс  автоматтандырылса да оның негізінде  еңбек жазылады – дамның материалдық  игілік жасау бағытта күш салуы.

Адамдардың  еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыру  туралы анықтама берсек, оны белгілі  принциптер, ережелер мен шарттар  жиынына сүйеніп берілген техналогия құрал жабдықтар, еңбек заттар жағдайында әр жұмыскердің еңбегінің шығыны мен нәтижесі арасында оптималды  қатынасын құру.

Бұл ұғыммен  өндірісті ұйымдастырумен байланысты көп сұрақтар тығыз араласады. Бірақ  та өзіне тән ерекше ой- желісі, тезистері  бар.

Біріншіден, қай қызмет саласын алсақ та уақыт  мөлшерін орнатудың керектігі. Ол фирмадан жасаланатын көп есептер негізінде  жатады: жұмыс ұзақтығы, өндіріс  циклы, қуаты, жалақы және т. б.

Екіншіден, жұмыс атқару кезінде міндеттер  мен жауапкершілікті анық бөлу. Бөлу негізі ретімен әр жұмыстың күрделігі  мен ерекшелігі, орындаушылардың  дайындық дәрежесі біліктілігі, жасы, адал ниеттілігі және де оған тән жеке қасиеттерін көз өткірлігі реакция  жылдамдығы, ықыластылығы және т. б. ескеру керек.

               

                1.2 Туризм менеджментінің тиімділігі туралы түсінік

 

Туризм менеджменті  ТМД елдерінде пайда болғанына  көп болды, бірақ теориясы әлі  жетілмеген.

Туризм менеджментінің аспектілерін сипаттауда ақпараттар жинау  тәсілдерінің көптүрлігі, эмпирикалық  және зерттеу жұмыстары практикалық  мәнінің өсуіне әсер етеді.

Біз нарық  шаруашылығына келген кезде халықаралық  туризм нарығында өзгерістер болып  болған.

Менеджмент- басқаршылардың бағынушылардың ұсыныс - пікірін қарастыра     отырып     бас     шешімдерді     қабылдауы.  

Фирманың  басқарушылары жұмысшыларды өздігі сол фирманың мүшесі ретінде сезініп, жағымды атмосфера құруға тырысады.

Туризм бүкіл  дүние жүзінде негізгі экономикалық маңыз алды, ал кейбір дамушы елдерде  туризм – негізгі күн көру көзі болып отыр (Тайланд, Кипр, Малайзия және т.б.).

Бір адамдарда  туризм – бұл жүрілмеген жолдарды палаткамен, оттағы әнмен километрлеп  жүру, екіншілерге – тарихи орындарға  бару, кейбіреулерге – шет елдерге  саяхаттау. Бұның барлығы да дұрыс, себебі туризм - әртүрлі.

Бүгінгі күні Туризмді XX ғасыр жалпы феномені, осы кездегі жарық бір құбылыс  ретінде біздің өміріміздегі барлық ортаға кіріп, қоршаған ортамен ландшафтын өзгертетіндей қарастырамыз.

Туризм –  экономиканың маңызды бір факторы, сондықтан біз оны жай ғана демалыс немесе сапарға шығу деп  қарастырмаймыз. Бұны кеңірек қарасақ  байланыс, қатынастар жиынтығы және құбылыс  бірегейлігі адамды саяхатта алып жүреді.

Бұдан басқа  көптеген дүние жүзі елдерінде туризмге қатысты жұмыс орындарында 350 миллион  жұмысшылар мен қызметкерлер бар.

Туризм - әр адамға таныс құбылыс. Әр кезде біздің планетамызда бірталай саяхатшылармен алғаш жүргіншілер болған.

Туризм арнайы басқарылатын адам қолданатын қызметке айналды. Ал бұл қиын, себебі оның негізінде ғылым мен өнер жатыр.

Туризм менеджменті  дамуына барлық кезде экономикалық, әлеуметтік, техника – технологиялық  факторлар әсер етеді. Саяхаттағы қажеттілік алдағы кедергілерді жоюмен байланысты.

Осы себепті  саяхатта тұтынушылар мүмкіншілігін  қамтамасыздандырылуы керек. Яғни саяхатты жүзеге асырғысы келетін адам ақшалай  қаражаты керек.

Жалақы қаражатынсыз жалпы туризмге және басқаруға жете алмаймыз.

Экономикалықтан басқа туризмде әлеуметтік факторлар  маңызды. Бәріміз білетіндей Конституция  бойынша әр азаматтың демалуға құқы бар, ал оны жүзеге асыруға мынадай  әлеуметтік қиындықтарды шешуіміз керек:

  • Көлік;
  • Жол;
  • түнгі жатақ;
  • тамақтану;
  • басқа да туристік қызметтерді тұтынушы белгілі территорияда қолданылатын заттарын шешу керек.

Мәселе туристік инфраструктураны жасау туралы болып отыр. Мәдени фактор туризм басқаруында басты рөл атқарады.

Туризмді  адам дамуынан бөлек қарауға болмайды.

Менеджмент  ауданында туристік ұйымдар алдында  бүгін екі қызмет тұр:

  • Нарықтық қатынастар жұмыстарын практикаға толық енгізу, яғни туризм менеджментін нарық құрамымен толық толтыру.
  • Туризм ауданында жаңа ғасырға сәйкес ноу-хау енгізу, яғни бұл бағыттағы өзгерістерді максимальді түрде толық қарастыру.

 

2.Басқару әдісі мен стилі

2.1 Қонақ үй туристік кешендер  менеджменті

Соңғы уақытта  біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент», «маркетинг» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға  дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету»  болып шығады екен. Алайда сөзбе  сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.

«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп  төркіні гректің «манус», яғни «қол,күш» деген сөзінен шығып, алғашында  мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық  мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі  Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай  түсінік беріледі:

1. Адамдармен қарым – қатынас жасау әдісі, үлгісі;

2. Билік және басқару өнері;

3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

4. Басқару органы, әкімшілік бөлігі (І)

Күнделікті  тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір  ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне  басшылық етумен шұғылданып, өз максатына  жетуді білдіреді. Тіпті білікті  басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.

Менеджментке  алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі  тұжырымдары көп жағдайда ұқсас  келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару  процессі — өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап  ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық  ілім негізін) қолдану.

Информация о работе Қазіргі туризм