Chery amulet

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 03:24, курсовая работа

Краткое описание

Тасымалдың тиімділігін арттыру үшін алдыңғы қатарлы техника мен технологияны жасау және өндіріске еңгізуді шапшаңдату, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсарту, олардың мамандығын жетілдіру, қозғалыс құрамын және басқа техникалық жабдықтарды алмастыру жылдамдығын арттыру, материалды – техникалық және жөндеу базасын қалыптастыру, тиеу – түсіру және жөндеу жұмыстарын кешендерін механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін арттыру шараларын жүргізу керек. Сонымен қатар қозғалыстың қауіпсіздігін арттыру, тасымалдың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайту қажет.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................................................3
1 Chery Amulet.............................................................................................................4
1.1 Chery Amulet автокөлігіне сипаттама................ .....…......…………....….…5
1.2 Автокөліктің жалпы құрылысы. …………………..........................................5
2 Іштен жану двигателі . ……………………….……………………………..…...6
2.1 Төрт тактілі бензинді моторлар…………….....................................................6
2.2 Мотордың механизмдері мен жүйелері. ………………… ............................8
2.3 Кривошипті – шатунды механизм…………………………………………….9
2.4 Цилиндр блогі…………………………………………………………………..9
2.5 Поршень…………………………………..........................................................10
2.6 Шатун……………………………………..........................................................11
2.7 Газ тарату механизмінің жұмысы…………………………………..………..12
2.8 Майлау жүйесі………………………………………………………………....13
2.9 Салқындату жүйесі……………………………………………………………14
2.10 Карбюраторлы двигательдің қоректендіру жүйесі……………………..…16
2.11 Отын насосының құрылысы...........................................................................17
2.12 Отын форсункасы............................................................................................17
2.13 Автомобильдердің электр жабдықтары………………………....................18
2.14 Аккумулятор батареялары…………………………………..........................18
2.15 Аккумулятор батереясындағы электролит тығыздығы...............................19
2.16 Генератор…………………………………………………..............................20
2.18 Стартер………………………………………………………….....................21
3 Автомобиль трансмиссиясы.................………………………………………...21
3.1 Трансмиссия……………………...…………………………………………....21
3.2 Ілініс………………………………………………………................................22
3.3 Жүріс бөлігі…………………………………………………………………....23
3.4 Доңғалақ…………………………………………………………………….....24
3.5 Автокөліктің рульдік басқару жүйесі………………………………………..25
Қорытынды......………………………………………………………………….....28
Қолданылған әдебиеттер...............………………………………………………..29

Прикрепленные файлы: 1 файл

рахметов нариман курсовая chery amulet.doc

— 2.98 Мб (Скачать документ)

 

      2.9 Салқындату жүйесі

 

      Салқындату жүйесі  двигательде пайда болған артық  жылуды одан тыс шығарып, қоршаған  ортаға таратып жіберу қызметін атқарады. Себебі цилиндр ішінде жанған газ жылуы тұтасқан механикалық жұмысқа ауыспай,біраз бөлігі двигатель бөлшектеріне беріледі де,олардың температураларын едәуір көтеріп жібереді. Егер осы жылуды сол бөлшектерден алып кетпесе, онда олар өте қызып, алғашқы механикалық, беріктік қасиеттерін жоғалтады. Сөйтіп істен шығуы мүмкін.    

Моторда қалыпты жылу режимін біркелкі ұстап, реттеу арқылы аса қызатын бөлшектерді салқындату қызметі атқарылады. Поршеньнің жұмыс жүрісі кезінде, жану процесінен бөлінген жоғарғы жылу, бөлшектердің тікелей жанасатын бөліктерін тез қыздырады (цилиндрді, цилиндр қалпағы, поршеньдер, клапандар). Цилиндрде жанған жанармай жылу энергиясының 20-35%-ы мотор бөлшектерін қыздыруға жұмсалады. Егер осы қызған бөлшектерді салқындатпаса, бөлшек бетіндегі май күйіп, қатты қызған бөлшектер керіліп, қысылады және тез үйкелістен қажалады. Сондықтан тез қызып кетуге жол бермес үшін, қызған беттерді салқындатып отыру қажет. Егер мотор жеткіліксіз салқындатылған болса, мотор жоғары энергия ала алмайды, жанармай шығыны артады, ал бөлшектер майдың жеткіліксіз болуынан тез қажалады.

    Сонымен суыту жүйесінің негізгі қызметі, ол двигательдің қызған бөлшектеріндегі артық жылуды сыртқа шығарып, қоршаған ортаға таратады. Осы тұрғыдан қарағанда двигательдердің суыту жүйесі осы жылуды тасымалдайтын материадың түріне қарай екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі ауа болса, екіншісі сұйық болады. Олай болса двигательдер ауамен суытылатын немесе сұйықпен суытылатын болып бөлінеді де, оның құрлысы да әртүрлі болады.

 

            


 

           Ауамен  суытылатын двигательдің қызатын  негізгі бөлігі цилиндр блогы  мен оның басына арнаулы аралықтарынан  ауа жүретін етіп қабырғалар  жасалады. Ол қабырғалар әрі суытылатын  бөлшектің ауасымен жанасатын  ауданын көбейтеді. Енді сол қабырғалардың аралықтарынан сыртқы қоршаған ортадан арнаулы желдеткіш арқылы ауа үрлейді. Үрленген ауа сол қабырғалардың аралап өткен кезде бөлшектерде артық жылуды өзіне қабылдап, әрі қарай сыртқы қоршаған ортаға шығып кетеді.

     Двигатель алғаш жұмысқа қосылған кезде, әсіресе қыс мезгілдерінде, оны тез қыздыру үшін немесе сырттағы жағдайға суыту жүйесі тәуелді болмас үшін суыту жүйесіне термостат қойылады. Соның көмегімен двигательдің температурасы үнемі қалыпты мөлшерде ұсталып тұрады.

      Термостат ішіне тез буланатын сұйық немесе арнаулы пластикалық материалдмен толтырылған, иректелген ыдыстан материал қызса, онда сол иректелген ыдыс созылып жазылады да, онымен жалғасқан клапан көтеріп су жолын ашады. Ал жүйедегі сұйық салқын болса, онда иректелеген ыдыс жиырылып, клапанды төмен түсіреді де, су жолын жабады.

      Двигательдің суыту  жүйесін зауытта көп уақытқа  шыдайтын  және  оны ауыстыруды  қажет етпейтін салқындату сұйығымен  толтырылады. 

      Төмен  температуралы 60% судан және  40% G12А8D концентраттан құралған суыту  жүйесінің сұйықтығы. Бұл сұйықтық  двигательдің тек суытып қана  қоймай, тотықтанда қорғайды. Қатал  климатты жерлерде G12А8D концентретты  көбейтуге болады.

    2.10 Карбюраторлы двигательдің қоректендіру жүйесі

 

     Карбюраторлы мотордың қоректендіру жүйесі жанармай түтіні мен ауа

қоспасынан түзелетін жанрыш қоспа дайындау, оны мотор цилиндріне сору және жану қалдығын цилиндрден сыртқа шығару қызметін атқарады.          Карбюраторлы мотордың қоректендіру жүйесіне құралдар және жанармай сақтау, оның мөлшерін бақылау құрылғысы; сүзу жөне май беру; сүзу және ауа беру, сонымен бірге цилиндрге берілетін жанғыш қоспаны дайындау және оны цилиндрге енгізу; цилиндрден қалдық газды шығару жөне шығарылатын газ дыбысын азайту құрылғысы кіреді.

    Карбюраторлы автомобиль моторларының қоректендіру жүйесі жұмыс схемасын былайша көрсетуге болады. Май багінен жанармай түтіктер арқылы сорғымен сорылып, жанғыш қоспа даярлайтын карбюраторға беріледі. Оған дейін бактен сорылған жанармай ірі сүзгіштен сосын сорғы арқылы таза сүзгіштерден өтіп карбюраторға жеткізіледі. Жанармай мөлшері бакте электр желісіне қосылған датчик арқылы кабине шетіндегі көрсеткіште бақыланады.

   


 

     Карбюраторға ауа ауатазартқыш арқылы тазаланып жетеді. Дайындалған жанғыш қоспа мотор цилиндріне енгізу түтігі арқылы жеткізіледі, ол кезде арнайы қыздырылады. Жанған жанармай қалдық газды шығару түтіктері арқылы дыбыс азайтқыштан өтіп, атмосфераға шығарылады. Шығару түтікшесі мен шығару жүйесі құрылымы барлық автомобильдерде ұқсас болады. Карбюраторлы двигательдердіің қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды. Карбюраторлы автокөлік моторы негізінен бензинмен немесе газбен жұмыс істейді. Мотордың, сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету үшін бензиннің жақсы буланғыштық және жеткілікті детонациялық беріктілік қасиеттері болуы керек.

     2.11 Отын насосының  құрылысы

Сурет 10 Отын насосының   компоненттері:

1 – отын қысымын реттеуші;

2 – отын деңгейінің сезгіші; 

3 – отын насосының фильтрі;

4 – отын насосы;

5 – торлы фильтр

       2.12 Отын форсункасы

       Карбюраторлы  двигательдерде жанар май үшін  көбінесе мұңайдан алатын ең  жеңіл және тез буланатын қоспаларынан  жасалған бензин қолданылады. Сол ыдыстағы бензин майда сүзгі арқылы бензин насосымен  сорылып алынады. Бензин насосы двигательден қозғалыс алады.


 

     Ол үшін арнаулы білікте экцентрик орнатылған. Ол айналған кезде насостың тұтқасын әрі – бері қозғайды да насос жұмыс істейді.Насоспен  сорылған бензин енді карбюраторға беріледі. Карбюраторда бензин құйылатын арнаулы қалқымасы бар қуыс жасалған. Қалқыма осы қуыстағы  бензин деңгейіне байланысты жоғары – төмен қозғалып тұрады. Оның осы қозғалысы үстінде орналасқан инелі клапанға әсер етеді.

 

     2.13 Автомобильдердің электр жабдықтары

 

     Автомобильдерде  электр энергиясы іштен жанатын  моторды іске қосуға, жанғыш қоспаны  тұтануға, дыбыс және жарық дабылдарына,  қозғалыс жолдары мен кабинаны  жарықтандыруға, электронды басқару жүйесіне, бақылау – өлшеу приборлары мен қосымша жабдықтарды қоректендіруге қолданылады.

     Будандас  мотор агрегатында іштен жанатын  мотор мен электр моторларын  қатар қолданғанда, электр жүйесі  автомобильдің басты жүйесі болып  табылады. Мұнда электр моторлары жетекші дөңгелектерге орнатылады.

     Электр  энергиясын өндіретін приборлар  электр тогының көздері, ал  оны тұтынатындар тұтынушы деп  аталады.

     Генератор  мен аккумулятор батареясы ток  көздері, ал тұтынушылар –  ЭББ, электромоторлар, стартер, дабылдар мен жарықтандыру және бақылап-өлшеу приборлары.

    Электр тогының  көздері механикалық және химиялық  энергияны электр энергиясына  айналдырады. Тұтынушылар электр  тогы энегиясын –энергияның басқа  түріне айналдыруға қызмет етеді.

     Автомобильдің қаңқасы электр жүйеде «масса» қызметін атқарады, ал жүйе өткізгіштің оң полюске жалғастырады. Электр жүйесінің кернеуі 12В және 24В.

 

     2.14 Аккумулятор батареялары

 

    Автомибильде  қолданылатын аккумулятор батареяларының  түрлері:

а) Қышқылды

ә) Сілтілі

     Аккумулятор  құрылысы бойынша 

а) ашық

ә) жабық

     Ашық батареяларды  электролиттің құрамын тексеріп , реттеп отыру үшін арнайы  қызмет көрсетіліп отырады.

     Жабық аккумулятор  батареяларында мынандай қызмет  көрсетілмейді , сондықтан олар жабық болады.

     Аккумулятордың  қызметі электр энергиясын химиялық  энергияға және керісінше , химиялық  энергияны электр энергиясына  жүйелі түрде айналдыруға негізделеді.

      Қарапайым  қорғасын аккумулятор электролит  құйылған пластммассадан жасалған банкадан және екі қорғасын пластинадан тұрады. Электролиттегі пластиналардың  беті  күкірт қышқылды қорғасынмен , басқаша айтқанда , қорғасын сульфатымен  жалатылған.

      Аккумулятор  батареясы ішкі жағынан бөгеттермен  бөлінген бактан тұрады . Әрбір   бөлікке  бір аккумулятор  орналастыралады . Бакты  қышқылға төзімді  пластамассадан немесе эбониттен  жасайды . Оның түбінде пластиналар тірелетін қырлары болады. Әр банкаға оң және теріс пластиналар жиыны орналасқан.

   

      


 

     Банканы электролитпен толтыруға қажетті тесігі бар қақпақпен жабады.                 Құятын тесік тығынмен жабылады.Тығында аккумулятор қуысын атмосферамен жалғастыратын желдеткіш тесік бар, ол химиялық реакция кезінде бөлінетін газдың шығуы үшін қажет.

      Электролитті  химиялық таза күкірт қышқылы  мен тазартылған судан дайындайды. Қышқыл мен суды қышқылға төзімді  ыдысқа құйып араластырады, мұндайда  қышқылды суға аз-аздан сыздықтатып  құяды. Егер суды қышқылға құятын  болса, тасқынды реакция болады, қышқыл шашырап, ыдыстың ерінеуінен асады, ал денеге тисе күйдіріп жіберуі мүмкін.         Электролитті қышқыл мен судың арақатысын оның тығыздығы арқылы анықтайды.Оның тығыздығын бақылау, реттеп тұру қажет. Қысқы температура 30 град. –қа дейінгі орталық аудандар үшін толық зарядталған аккумуляторды электролиттің тығыздығы жыл бойына 1,27 болуы тиіс.Температура төмен жағдайда электролиттің тығыздығы жоғары, ал температура көтерілген кезде төмен болуы тиіс.

 

     2.15 Аккумулятор батареясындағы электролит тығыздығы.

 

     Электролиттің тығыздығын ареометрмен тексереді. Электролиттің деңгейі мен тығыздығын батареяның әр элементі сайын тексереді. «Масса» ажыратқышы матор жұмыс істемей тұрған кезде және тоқтағанда электр өткізгіші мен өрттен сақтандырудың тұйықталуы мүмкіндігінде, батареяның өздігінен разрядталуының азайту мақсатында аккумуляторлы батареяны ажырату үшін қолданылады. Қышқылды аккумулятор батареяларының негізгі аккумулятор ақаулары мыналар: өздігінен жоғары разраядталуы, мерзімнен бұрын разрядталуы, аккумулятор ішінде қысқа тұйықталуы, пластиналардың сульфатталынуы.

    Қышқыл денеге түскен кезде зақымданған жерді алдымен сумен, содан соң 10 пайызы мүсәпір спиртінің ерітіндісімен жуу керек.

 

    2.16 Генератор

 

    Жүк автомобильдерінде электр магниттерден қоздарылатын ауыспалы тоқтың үш фазалы генераторлары орнатылады. Моторды іске қосқанда тұрақты токты аккумулятор батареясын қолданылады, ол жұмыс істеп тұрған кезде генератордан шығатын айнымалы ток түзеткіштердің көмегімен тұрақты токка айналады.                       

                      Сурет 13 Генератор

     Электр  жабдықтарының үш фазалы генераторлары  қозғалмайтын және айналмалы  қоздыру орамды болып екі топқа  бөлінеді. Қозғалмайтын қоздырғыш  орамы бар генератор. Бұл топтағы  генераторлар беріктігімен, қарапайым құрылысы және күрделі қызмет істеуімен ерекшеленеді. Қоздырғыш орамы бар генераторларды автомобильдерге орнатады. Ол статордан, ротордан және түзеткіш блоктан тұрады.


     Жұмыс істеп тұрған кезде мотордың, иінді біліктің, сондай-ақ генератор роторының айналу жиілігі тұрақты емес. Осының нәтижесінде генератор өндіретін токтың кернеуі де тұрақты емес. Жиілік артқан сайын кернеу жоғары болады және керісінше, жиілік кеміген сайын кернеу төмендейді. Мұндай ауытқулар ток тұтынатын орындардың жұмыс істуі үшін қалыпты жағдай жасамайды.

     Иінді біліктің  айналу жиілігіне және генератордың  шамадан артық күштен қорғауына  қарамастан генератор өндіретін  желідегі тұрақты кернеуді ұстау  үшін реле-реттеуішті қолданылады. 

    Айнымалы токтың генераторларында төмендегідей ақаулары болады: зарядтандыру тогы болмай қалады, мотордың жұмыс істеп тұрғанда иінді білік айналысының амперметрде разрядтау тогының бар болуы, генератор немесе түзеткіш істен шығып қалады.

     Жетекші  қайыс жеткілікті түрде тартылмағанда немесе қоздырғыш орам тізбегінде болмаса, күш тізбегінде контакт нашар болғанда, сондай-ақ статор орамында үзік болғанда, амперметр разрядтау тогын көрсетеді.

 

  2.17 Стартер

 

     Бензинді мотордың иінді білігінің айналу жиілігі минутына 60 – 80 айн/мин болғанда сенімді түрде іске қосуға болады. Айналудың мұндай жиілігін қолмен айналдыру жүргізушіге едәуір күш түсіреді. ЛОны жеңілдету үшін электр стартерін қолданады.

   Стартер тізбекті қоздыру орамы бар және жүргізуші отырған жерден дистанциялық қосылатын төрт полюсті электр моторы.


 

 

     Стартердің  суреттелген іске қосқыш мотордан  ерекшелігі қосымша электр магнитті  релесінің болуы.  Олар мотор  жұмыс істеп тұрғанда стартерді  қосу мүмкіндігін болдырмайды. 

Информация о работе Chery amulet