Chery amulet

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 03:24, курсовая работа

Краткое описание

Тасымалдың тиімділігін арттыру үшін алдыңғы қатарлы техника мен технологияны жасау және өндіріске еңгізуді шапшаңдату, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсарту, олардың мамандығын жетілдіру, қозғалыс құрамын және басқа техникалық жабдықтарды алмастыру жылдамдығын арттыру, материалды – техникалық және жөндеу базасын қалыптастыру, тиеу – түсіру және жөндеу жұмыстарын кешендерін механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін арттыру шараларын жүргізу керек. Сонымен қатар қозғалыстың қауіпсіздігін арттыру, тасымалдың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайту қажет.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................................................3
1 Chery Amulet.............................................................................................................4
1.1 Chery Amulet автокөлігіне сипаттама................ .....…......…………....….…5
1.2 Автокөліктің жалпы құрылысы. …………………..........................................5
2 Іштен жану двигателі . ……………………….……………………………..…...6
2.1 Төрт тактілі бензинді моторлар…………….....................................................6
2.2 Мотордың механизмдері мен жүйелері. ………………… ............................8
2.3 Кривошипті – шатунды механизм…………………………………………….9
2.4 Цилиндр блогі…………………………………………………………………..9
2.5 Поршень…………………………………..........................................................10
2.6 Шатун……………………………………..........................................................11
2.7 Газ тарату механизмінің жұмысы…………………………………..………..12
2.8 Майлау жүйесі………………………………………………………………....13
2.9 Салқындату жүйесі……………………………………………………………14
2.10 Карбюраторлы двигательдің қоректендіру жүйесі……………………..…16
2.11 Отын насосының құрылысы...........................................................................17
2.12 Отын форсункасы............................................................................................17
2.13 Автомобильдердің электр жабдықтары………………………....................18
2.14 Аккумулятор батареялары…………………………………..........................18
2.15 Аккумулятор батереясындағы электролит тығыздығы...............................19
2.16 Генератор…………………………………………………..............................20
2.18 Стартер………………………………………………………….....................21
3 Автомобиль трансмиссиясы.................………………………………………...21
3.1 Трансмиссия……………………...…………………………………………....21
3.2 Ілініс………………………………………………………................................22
3.3 Жүріс бөлігі…………………………………………………………………....23
3.4 Доңғалақ…………………………………………………………………….....24
3.5 Автокөліктің рульдік басқару жүйесі………………………………………..25
Қорытынды......………………………………………………………………….....28
Қолданылған әдебиеттер...............………………………………………………..29

Прикрепленные файлы: 1 файл

рахметов нариман курсовая chery amulet.doc

— 2.98 Мб (Скачать документ)

Поршень енгізілген жұмыстық қоспаны ЖШН дейін сығады. Сығылу процесінің соңында шамдардың электрондарының арасында пайда болатын электр ұшқынынан сығылған жұмыстық қоспа тұтанады . Қоспа заряды жанған кезде көп жылу көп жылу пайда болып, ол сығу камерасындағы газдары қыздыраы, бұның әсерінен газдардың қысымы бірден өседі. Газдардың қысымының әсерінен поршень төмен қарай жүреді, осылай үшінші такт – жұмыстық жүріс тактісі – орындалады.

     Жұмыстық жүріс  аяқталған соң, цилиндрдің ішкі  қуысын пайдаланылған газдардан  тазарту үшін төртінші такт  – пайдаланылған газдарды шығарып  жібері тактісі орындалады . Шығару клапаны ашылады, пайдаланылған газдар әуелі цилиндрдің ішіндегі қысымы сыртқы ауаның қысымынан артық болуының әсерінен және поршеньнің жоғары қарай қозғалуының әсерінен шығару түтігі арқылы атмосфераға айдап шығарылады.

Шығары клапаны  тек шығару тактісінің кезінде ғана ашылады, қалған кезде бұл клапан жабық тұрады. Сору клапаны тек сору тактісінің кезінде ашылады. Сөйтіп, сығу және жұмыстық жүріс кезінде екі клапан да жабық тұрады. Клапандардың ашылып жабылып-жабылуы газ тарату механизмі арқылы орындалады. Поршеньнің ЖШН-нен ТШН-ге дейін жүріп өтетін жолының ұзындығы поршеньнің жүрісі – S деп аталады.

Бір ғана ұлғаю тактісін немесе жұмыстық жүріс деп аталатын тактіні алу үшін торт тактілі  моторларда үш дайындық тактісі отуі керек: сору, яғни цилиндрге жаңа жанар  қоспа ендірі, жану мезгіліне өте қолайлы жағдай алу үшін, демек қысымның арта түсуі, үшін пайдаланылған газдарды шығару керек. Бұл кезде иінді білік екі айналады.Мұндай, поршеньнің әрбір төрт жүргенінде немесе торт такт түгел өткенде бір жұмыстық жүріс орындалатын мотор төрт тактілі деп аталады.

    Төрт тактілі  мотордың барлық дайындық тактілерінің  үшеуінде де: соруға, сығуға және  газдарды шығарып жіберуге жұмыс  босқа жұмсалады, тект жұыстық  жүріс кезінде ғана газ пайдалы  дұмыс істейді. Мотордың жұмысының мұндай біркелкі болмауы, құмыстық жүріс кезінде алынатын механикалық энергияны жинақтап, немесе аккумуляторлап, кейінгі оны кедергілерді жеңіге және дайындық тактіліеріне  жұмсауға ерекше жабдықтың болуын талап етеді. Мотордың ішіндегі механикалық энергияны аккумуляторлаушы маховик болады, маховик мотордың иінді білігіне қосылған ауыр металл дөңгелек болып келеді.

 

      2.2 Мотордың механизмдері мен жүйелері

 

     Автомобильге орнатылғанбензинді  мотор мынадай механизмдер мен  жүйелерден тұрады:

     Кривошипті – шатунды механизм поршеньдердің ілгерілемелі – кейінді қозғалысы иінді білікті айналмалы қозғалысқа келтіреді, мұның өзі механикалық энергияның берілісі үшін, автомобильдердің жетекші дөңгелектерін және оның механизмдері мен машиналарының жұмысшы органдарын қозғалысқа келтіруде өте қолайлы болып саналады.

     Газ таратқыш механизмі  клапандар жұмысын басқарады,мпоршеньдердің  белгілі бір жағдайда мотор  цилиндрлеріне жанғыш қоспаны  немесе ауаны жіберуіне, оларды  белгілі бір қысымда сығып  тұруға және цилиндрлердегі пайдаланылған газды шығаруға арналған.

    Қоректендіру жүйесі  арнайы прибор – карбюраторда  немесе инжектор арқылы жанғыш  қоспа әзірлеуге және осы цилиндрлерге  беруге арналған;

    Майлау жүйесі үйкелетін  бөлшекерді майлайды және оларды  салқындатады, желініс және күйе қалдықтарды шайып тазалауды қамтамасыз етеді.

    Салқындату жүйесі жану  камерасының қабырғалары мен  шамын, форсунка мен клапандарды  қатты қызудан қорғайды және  цилиндрлерде қалыпты жылу режимін  сақтайды.

    Іске қосу жүйесі моторды от алдырған кезде иінді білікті айналдыру үшін қажет. 

   Автомобиль моторының қоректендіру  жүйесі арнайы прибор – карбюраторда  немесе инжектор арқылы жанғыш  қоспа әзірлеуге және осы цилиндрлерге  беруге арналған. Бензинді мотордың  цилиндірлеріндегі жұмысшы қоспаны  от алдыру жүйесі пайдаланылады.

  

    2. 3 Кривошипті – шатунды механизм

 

  КШМ цилиндрде пайда болатын газ қысымын қабылдап, ілгері қайтарымды поршеньнің қозғалысын иінді біліктің айналу қозғалысына айналдырады. КШМ-нің барлық бөлшектері қозғалатын және қозғалмайтын бөлігі болып екіге бөлінеді.

   Қозғалмайтын бөлігіне цилиндр блогі, оның қалапғы және картері, маховик қаптамасы жатады, сонымен бірге олар мотор қаңқасын құрайды. Қозғалатын бөлігіне сақина сауссағымен бірге олар қаңқасын құрайды. Қозғалатын бөлігіне сақина саусағымен бірге поршень, шатун, иінді білік және маховик жатады. КШМ-нің кең тараған құрастыру схемасы мотордың төменгі сұлбалары жатады.

 

    2.4 Цилиндр блогі

 

   Цилиндр құрылымы моторларда жалпы тәртіп бойынша блокта картердің жоғарғы жағына құйылып жасалады. Блок цилиндрдің материалына сұр шойын немесе арнайы алюминий құймасы алынады. Сұйықпен салқындатылатын мотордың цилиндрлары екі қабат болып, ішкісі қабатты гильзаны құрайды. Ішкі және сыртқы қабат арасындағы қуыс салқындату сұйығымен толтырылып, салқындату қаптамасын түзеді.  

             Көбіне гильза алынбалы – салынбалы етіп жасалады, бұл гильзаның жұмыс бетін желінбейтін материалдан жасауды талап етеді. Гильзаның тікелей салқындату сұйығымен шайылатын түрін ылғалды гильза деп атайды. Кейбір моторларда гильзаның үйкеліске көп ұшырайтын 50 – 60 мм бөлігіне үйкеліс желінуіне төзімді, сығымдалып салынатын шойын сақина орнатылады.                                                                                                  

    Гильзаның ішкі қабырға  беттері сақинамен бірге мұқият өңделіп, айнадай жылтыр күйге жеткізіледі, оны цилиндрдің айнасы деп атайды. 

 

 


 

     2.5 Поршень

 

     Поршень  газ қысымын қабылдап шатунға  береді, барлық жұмыс циклдарының  жүруін қамтамасыз етеді. Олар  цилиндр ішінде жоғарғы температура мен қысымның әсерінде болады және елеулі жылдамдықпен қозғалады. Осыған сәйкес поршеньнің материалы жоғары механикалық қасиетке ие, желінуге төзімді, жеңіл және жылуды жақсы бөлуі тиіс. Сондықтан қазіргі моторларда поршень төзімді алюминий қорытпасынан құйылады. Поршеньнің түп жағы жазық, дөңес және фигуралы болып келеді. Бас жағында поршеньнің сақиналарына айналған ойықтар жасалады. Төменгі ойықтарда

толық тесіктері болады.

 


 

Төменгі іш қабатында  қабырғалар құйылады. Бүйір беткейінде поршеньнің сайсағы үшін тесік жасалған, оның ұшы цилиндр қабырғасымен жанасып, бүйірлік күш түсіреді.

    Поршеньді цилиндрге тіреп жинағанда оның табаны мен цилиндр арасында саңылау неғұрлым аз болуы тиіс.

      Поршень сақиналары цилиндр мен поршень арасын тығыздап, газдың картерге және майдың жану камерасына өтуін болдырмайды. Қызметіне қарай тығыздағыш және майсырғыш болып бөлінеді. Сақиналар әрбір поршентге жиналып және арнайы шойын немесе болаттат жасалады.Сақинаның серпімділігі оның цилиндр қабырғасы тығыз қамтылуын қамтамасыз етеді. 

     Поршень  саусағы. Поршеньді шатунның жоғарғы  бағасымен буындық қосу үшін  қажет. Саусақ қуыс , болаттан  жасалады. Жұмыс барысында саусақ  поршеньнен шығып, цилиндр айнасын  бүлдірмес үшін екі жағынан  серіппелі сақиналармен бойлық қозғалысын шектеп бекітеді.  

 

   2.6 Шатун

 

    Қалпақшасының ішкі беті мен етегінде компрессиялық және май сыдырғыш сақиналарға арналған ойықтар жасалған. Поршеньге орнатылған сақиналар саны мотордың типіне және иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты. Ойық шеңбері бойында, май сыдырғыш сақина астында тесіктер болады, ол майды мотор картеріне жіберу үшін қажет.

     Шатун поршеньдердің  иінді білікке жалғастырады. Шатунға  газ бен инерция қысымының  күші әсер етеді, сондықтан  ол өте берік, әрі жеңіл болуы тиіс. Шатун сапалы болттан жасалады, кесіндісі екі қалпақшалы стержень тәрізді.

Қол втулка шатунның жоғарғы  қалпақшасына престеп орнатылады.

 

    


   

     Шатун ажыратылмалы қалпақшамен білікке бекітіледі, оның алмалы-салмалы бөлігі – қақпақ.

      Шатунның төменгі қалпақшасындағы қақпақты өзара ауыстыруға болмайды. Шатунның төменгі қалпақшасының бүйір бетіне және қақпаққа рет нөмірі салынады, бірінші нөмір радиатор жағынан басталады. Құрастырған кезде осы цифр жиынтықтары сәйкес келуі тиіс. Шатунды білікке орнатылған кезде қалпақшаның екі жартысын өте берік арнайы болттармен бекітеді.

      Поршень саусағына май канал арқылы беріледі. Бұл канал шатунның өзінде жасалған. Шатунның төменгі қалпақшасы тік немесе қиғаш ажыратылмалы орналасқан. Қиғаш ажыратылмалы поршень топтарын монтаждаған кезде шатунның төменгі бөлігін гильза арқылы шығарып алуына мүмкіндік береді. Оларды гайкамен емес, арнайы шатунға бұралып кіретін болтпен бекітеді. Қиғаш ажыртаылмалы жазығының жанасу аумағын арттыру үшін шатунның төменгі қалпақшасы тегіс емес, ойықты етіп жасалған, мұның өзі шатун болттарының кесілуін болдырмайды. Өздігінен бұралып кетпес үшін болт қалпақшасының астына бекіткіш шайба орнатады.

      Поршень мен шатун арқылы келетін күшті қабылдап және оны бұраушы моментке өзгеріп, мұны автомобильдің трансмиссиясына беретін иінді білік мотордың әр түрлі механизмдері мен бөлшектерін жетекке алу үшін пайдаланылады.

 

      2.7 Газ тарату механизмінің жұмысы

 

      Мотордың әрбір  цилиндріндегі өтетін жұмыс принципіне  сәйкес газ таратушы механизмі цилиндрге жанғыш қоспаны енгізу және жану қалдығын шығару қызметтерін атқарады. Төрт тактілі моторларда негізінен клапанды газ тарату механизмі қолданылады.


     Клапанды газ тарату механизмі клапандарды орналастыру орнына байланысты төменгі және жоғары клапандардың орналасуы болып бөлінеді. Енгізу саңылауын бекітетін клапанды енгізу клапаны, шығару саңылауын жабатын клапанды шығару клапаны деп атайды. Көпшілік моторлардың цилиндірлері бір енгізу, бір шығару клапанымен жабдықталған.

     Төменгі  орналасу клапаны цилиндірдің  бүйір жағына орналасады. Клапан  табақшадан және стерженьнен  тұрады. Табақшада конусты белдеуше  жасалған, клапан жабдық кезде,  соған сәйкес конусты тұғырша  да саңылаусыз болады. Қажетті  тығыздықты қамтамасыз ету үшін конусты беттер клапанмен бірге өңделіп, тегістеледі.

      Стерженьге  бекітілген серіппе бір шетімен  шайбаға, екінші шетімен цилиндр  қалпағындағы ойық тұғыршаға  тіреледі.

      Тарату  механизміндегі, тарату бөлігінің  айналу барысында, ондағы жұдырықша итергішті көтеріп, күйентенің бір иықшасы итереді, екінші клапан стерденьмен түйіскен иықшасы клапанды төмен басып, енгізу немесе сәкес шығару саңылауын ашады. Тарату білігі иінді біліктен жетек алады.

       Ал, әрбір цилиндірде өтетін жұмыс  тактісінде, клапандар бір – бірден ашылатын болса, онда тарату білігі иінді білікке қарағанда беріліс саны 2:1 мөлшерде айналуға тиіс.

     Газ тарату  механизмнің төменгі орналасуы  мен жоғарғы орналасуында аз  ғана айырмашылық бар, қосымша  бөлшектері болады және цилиндірдің жоғары жағында орналасады. Жұсым істеу принциптері бірдей болады.

      Клапандар  жұмыс барысында жоғары температура  жағдайында болады. Сондықтан, клапан  өз тұғыршасында толық, саңылаусыз  орнығу үшін, қызған бөлшекте, стержень  мен күйентенің түйісу бетінде аз мөлшерде саңылау қалуы қажет. Бұл саңылауды жылу саңылауы деп атайды және арнайы ретке келтіретін тетік болады.

 

      2.8 Майлау жүйесі

 

     Двигательдің жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері өте күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкелеседі, әрі өзара жанасып үйкелеседі. Құрғақ үйкелісті сұйықтық үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да, екі қырдың бір-біріне айқасу құбылысын болдырмайды. Әрі қарай бөлшектердің жылдуы енді сұйық майдың жылжуына байланысты болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді.

           

    


    Малайтын сұйықтық картер түбіне құйылып қойылады. Оның деңгейі белгілі бір мөлшерде болуға тиіс және оны арнаулы көрсеткішпен үнемі бақылап отырады. Енді осы картер түбіндегі май арнаулы сүзгімен жабдықталған қабылдағыш арқылы май насосымен сорылып алынады да қысыммен әрі қарай сүзгілерге жіберіледі

     Май насосы үшін көбінесе шестернялы насос қойылады. Себебі ол сенімді жұмыс істейді және аз ғана айналысы кезінде қамтамасыз етеді. Ал двигательдің айналыс жылдамдығы көбейген кезде, оның қысымын реттеп отыратын қысым реттегіш клапан қойылады. Мотор майы. Мотор бөлшектерін майлау үшін жоғары сапалы мотор майы қолданылады. Іштен жанатын моторларға қолданылатын майдың қолайлы түтқырлық, жақсы майлай алатын, тоттануға қарсы қасиеті болуы тиіс. Майдың пайдаланылу қасиетін жақсарту мақсатында оған арнайы тұнба қосады. Соңғы кезде мотор майы бұрынғы қабылданған сорт атауларымен қоса, жаңа жіктеу тәртібі бойынша алты топқа таңбаланады: А, Б,В,Г, Д,Е.

   Оның серіппесі насостан шыққан тесікті бітеп тұратын шар тәрізді клапанды, қысым аз кезінде, жауып итеріп тұрады. Ал қысым көбейгенде шар май қысымының әсерімен серіппені қысады да тесікті ашып, артық май қайтадан картерге кетеді немесе насостың соратын тесігіне келеді.

Информация о работе Chery amulet