Технологиялық тізбектің параметрлерін есептеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2015 в 00:01, курсовая работа

Краткое описание

Еттен жасалатын тағам өнімдері өзінің ерекше дәмімен және жоғары қоректік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Ет шикізатынан дайын тамақтану өнімдерінің өте кең ассортиментін дайындауға болады.Соның ішінде – шұжық өнімдері.
Шұжықтар жөніндегі деректер сонау XIII ғасырдың жазба ескерткіштерінде кездеседі. Әдетте бұл сөз түрік тілінен алынған жалпы славяндық түрінде түсіндіріледі.Мысалы,түріктің сөзі kulbasty – карбонат, қуырылған ет дегенді білдіреді.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………3
I Өңдеу өндірісінің технологиясы……………………………………………...5
1.1 Шұжық дайындауға пайданылатын шикізаттар......................................5
Шикізатты өңдеу және қажетті заттарды дайындау...............................10
II Технологиялық бөлім......................................................................................16
2.1 Шұжықтың ұсақталған етті дайындау және оны қабыққа толтыру.....16
2.2 Пісірілген шұжық өнімдерінің технологиясы........................................21
2.3 Дайын өнімдерге қойылатын талаптар................................................... 27
III Технологиялық тізбектің параметрлерін есептеу........................................28
3.1Технологиялық жабдықтарды таңдау және есептеу................................30
Қорытынды............................................................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursavoy.docx

— 1.92 Мб (Скачать документ)

                                

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Мазмұны:

Кіріспе……………………………………………………………………………3

I Өңдеу өндірісінің технологиясы……………………………………………...5

   1.1 Шұжық дайындауға пайданылатын шикізаттар......................................5

    1. Шикізатты өңдеу және қажетті заттарды дайындау...............................10

II Технологиялық бөлім......................................................................................16

    2.1 Шұжықтың ұсақталған етті дайындау және оны қабыққа толтыру.....16

    2.2 Пісірілген шұжық өнімдерінің технологиясы........................................21

    2.3 Дайын өнімдерге қойылатын талаптар................................................... 27

III Технологиялық тізбектің параметрлерін есептеу........................................28

    3.1Технологиялық жабдықтарды таңдау және есептеу................................30

Қорытынды............................................................................................................38

Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі.......................................................................39                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Кіріспе

 

        Еттен жасалатын тағам өнімдері өзінің ерекше дәмімен және жоғары қоректік қасиеттерімен ерекшеленеді.

Ет шикізатынан дайын тамақтану өнімдерінің өте кең ассортиментін дайындауға болады.Соның ішінде – шұжық өнімдері.

Шұжықтар жөніндегі деректер сонау XIII ғасырдың жазба ескерткіштерінде кездеседі. Әдетте бұл сөз түрік тілінен алынған жалпы славяндық түрінде түсіндіріледі.Мысалы,түріктің сөзі kulbasty – карбонат, қуырылған ет дегенді білдіреді.

Өзінің  атауларын шұжықтар құрамындағы компоненттерден (бұзау етінен жасалған,сарымсақ қосылған т.б), немесе дайындалу жерінің атынан (минская, украинская), немесе ойлап табушыдан (любительская,столичная) алады.

  Шұжық өнімдері – тұз және дәмдеуіштер қосылған ұнтақталған еттен жасалған, қабықшалы немесе қабықшасыз,тағамдық қолдануға дайын болғанша термиялық өңдеуден немесе ферментациядан өтетін өнім.Олар тамақтануда үлкен орын алады және ет өнімдерінің ең кең таралған түріне жатады.Ет өндіруші кәсіпорындар тағамдық құндылығы жоғары және тұтынушылардың әртүрлі  талаптарын қанағаттандыратын шұжықтардың кең ассортиментін өндіреді.Шұжық өнімдерін басқа да қосымша асханалық өңдеусіз тағамда пайдалану мүмкіндігі,оның жоғары дәмдік қасиеттері халықтың жоғары сұранысын түсіндіреді,сондай-ақ бұл өнімдер жануар ақуыздарына деген қажеттілікті қанағаттандырады.Шұжық өнімдерінің тағамдық құндылығы басқа ет өнімдері және бастапқы шикізатқа қарағанда жоғары.

 Тартылған ет (фарш) негізінде тұз, дәмдеуіштер және қоспалар қосып жасалынған, қабықшада немесе онсыз және тұтынуға дайын болғанша жылумен өңделген өнімдер шұжық бұйымдары деп аталады.

Шұжықтардың түрлері өте көп, бүгінгі уақытқа дейін, олардың 200-ге жақын атаулары белгілі.

Шұжық өнімдері - ет турамасынан жасалған және жылулық өнделген өнімдер. Шұжық өнімдері технологиясы мен шикі затқа байланысты жіктеледі:

- пісірілген, фаршталған, жартылай ысталған, ысталған, ливерлі, қанды, ет нандары, паштеттер, зельцтар және сілікпелер;

- ет түріне  байланысты – сиыр, шошқа қой, жылқы, түйе және басқа мал  еті мен құс етінен жасалған  шұжықтар;

- шикізат  құрамы бойынша - етті, қанды, субөнімді, емдік;

- шикізат  спасы бойынша- жоғары, І-ші, ІІ-ші  және ІІІ-ші сұрыпқа;

- қабықша  түрі бойынша – табиғи қабықшадағы, жасанды қабықшадағы, қабықшасыз;

- кескендегі  суреті бойынша – біртекті  құрылымда және қыртысмай қосылған, ірі майдаланған болады.

Шұжық – қазіргі кезде біздің әлемде халықаралық азық ретінде қолданылады. Әлем  бөліктерінің халықтары шұжықтардың алуан түрлерін дайындау тәсілдерін тапқан.

Дайындау тәсілдері бойынша шұжықтың келесі түрлері бар:пісірілген шұжық;пісіріліп – ысталған шұжық;шикілей – ысталған шұжық; қаннан жасалған шұжық;өкпе – бауырдан жасалатын шұжық; зельцтар;

Сақталатын және көп сақталмайтын (тез бұзылатын), яғни сатуға жіберілетін, болып екіге бөлінеді. Бұл топтарға тартылған еттен пісірілген ливерлік және мал қанынан жасалған сосиска және сардел, сілікпе (студен) және зельцтер жатады. Бұл топты шұжықтарға, міндетті түрде сақтау  мерзімі көрсетілген, ол ет комбинатында 4 тәуліктен аспауы керек. Жартылай ысталған шұжықтарды ұзақтау ұстауға болады, яғни температурасы 7-9о болған жағдайда үш ай шамасында, ал температура 0-4о бір айға дейін. Толық ысталған шұжықтарды 7-9о температурада төрт айға дейін, ал температура 0-4о болса 30 күнге дейін сақтайды.

Шұжықтар, жоғары  қоректілігіне және калориялығына байланысты тамақтық бағалығы өте жоғары өнім. Тамақтық бағалығы жоғары болатын себебі, олардың құрамына құнды ақуызды бұлшық ет ұлпасы көп кіреді. Шұжық дайындау үдерісінде, олардың құрамындағы экстрактивті заттар және дәрумендер сақталады, сол себептен олардың қорытылуы жоғарылайды. Шұжық дайындау барысында қолданылатын технологиялық өңдеудің арқасында, еттің құрамында өтетін физикалық-химиялық өзгерістің және оған қосылатын қоспалардың себебінен, шұжықтың  өзіне тән дәмі және иісі болады. Ол факторлар да шұжықтың қорытылуын одан да әрі жоғарылатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    I.Өңдеу өндірісінің технологиясы

 

                    1.1 Шұжық дайындауға пайданылатын шикізаттар

 

Ет.Шұжық дайындауға негізінен ірі қара мал және шошқа еті, аз жағдайда қой және құс еті қолданылады. Кейбір сұрыпты шұжықтарды дайындағанда жылқы, бұғы, түйе және т.б. малдардың етін пайдаланады. Ірі қара мал етінің ылғал тарту қасиеті өте жоғары болған себептен, шұжық етінің көп бөлігі осы еттен тұрады. Ал шошқа еті қоректі және жақсы қорытылады. Шұжық дайындауға пайдалынатын ет, дені сау малдан алыну керек және сапасы жоғары жас ет болуы міндет.

Жас малдың етін сосиска және пісірілген шұжық дайындауға, ал ысталған шұжыққа, бұлшық еті жақсы дамыған сақа мал етін пайдаланған жөн. Еттің қасиетіне қарай, шұжық дайындауға жаңа сойылған жас ет, суытылған ет және аяздап жібітілген еттер қолданылады. Ең  жақсысы-суытылған ет.

       Шұжық дайындауға ақуызды етті де (алдын ала дайындалған және блок түрінде аяздалған) пайдаланады. Оны, еттің шырынын жоғалтпау үшін, жібітпей әдейі арналған машинамен ұсақтайды.

Ет комбинатынан, ия болмаса тоңазытқыштан шұжық зауытына түскен етті мұқтаждап тексереді және дайындалатын шұжықтардың ассортиментіне қарай таңдалынады. Еттің сапасы ветеринарлық-санитарлық қызметкерлерімен тексеріледі және олардың айтқан жарлықтары міндетті түрде орындалуы тиіс.

Шұжық дайындауда шошқаның терісі түгелдей алынған және бөлшектеп алынған еті пайдаланады, терісі алынбаған етті ыстамаған шошқа шұжығын дайындауға қолданады.Қой етінің I және II - категориясы пайдаланылады.

Малдың майы. Шұжық дайындау үдерісінде малдың майын көп мөлшерде қолданады, оның ішінде көбінесе шошқаның шел майы. Өйткені оның ұлпасының құрылымы өзгеше және жақсы дәмді. Шошқаның шел майын қаттылы, жартылай қаттылы және ұлпалы май деп үшке бөледі. Қаттылы шел майын ұшаның жоңынан, санның және қолдың жоғарғы бөлігінен алады. Жартылай қаттылы шел майы ұшаның қабырға және кеуде аймақтарынан алынады. Қаттылы және жартылай қаттылы шел майларын құрылымды шұжық дайындау үшін, түйіршектеу күйінде пайдаланады. Ұлпалы-жұмсақ шел майды ұшаның шап еттерінен алады. Бұл майды түйіршіктеу күйінде емес (өте майлы болған себептен), мұқият ұсақталған жағдайда ғана пайдаланады.

Шұжық өндірісінде қойдың және ірі қара малдың майын және құйрық майын да қолданады. Құйрық майы құрамы жағынан шошқаның жонынан алынған майға сәйкестеу, оның қойға тән иісі болмайды және шошқаның шел майы сияқты, түйіршектелген күйінде пайдаланады. Шұжық дайындауда, малдың іш майында қолданады. Оларды қайнатылған май ретінде, сосиска, сарделка және ливер шұжықтарына қосады.

Жануар тектес әртүрлі  шикізаттар. Кейбір шұжық сұрыптарын дайындағанда әртүрлі ішкі мүшелерді пайдаланады: ет кесінділері, бас еті, өңеш еті, бауыр, ми, өкпе, тіл, жүрек, таз қарын, желін және басқалар, бұл топқа қанда жатады.

Жоғарғы аталған ішкі мүшелерден көк етті, ет кесіндісін, яғни негізі дәнекер ұлпадан тұратын, көбінесе төменгі сұрыпты пісірілген және жартылай ысталған шұжыққа, студен, зельц, паштетке пайдаланады. Бауыр, өкпе және миды ливерлі шұжыққа және паштетке, тілді фаршталған және жоғары сұрыпты пісірілген шұжық жасауға қолданады. Жүректі, пісірілген және жартылай ысталған шұжықтарды дайындауға аз пайдаланады, өйткені оның түрі қаралау болып келеді. Малдың желінін зельц дайындауға қолданады. Таз және жұмыршақ қарынды, шошқа асқазанын, жылқы құлақтарын, еріндерді, шошқа терісін және сіңірін ливерлі және қан шұжықтарына, зельц, студенге пайдаланады. Таз қарыннан рулетте жасайды. Малдың қанын шұжық дайындауға пайдаланады. Бұл мақсатпен оны дені сау малдан және санитарлық жағынан таза орындарда алады.

Қанның сарысуын, ия болмаса сұйық затын (плазма)  пісірілген шұжық, нан-шұжық және ұсақталған ет (мясной фарш) дайындау барысында қолданады. Қан олардың тамақтық құндылығын жоғарлатып, консистенциясын жақсартады, осы себептен ұсақталған еттің су байлау қасиетін жоғарлатады.

Өсімдік тектес шикізаттар. Шұжық өндірісінде өсімдік тектес шикізаттардан крахмал және бидай ұны, әртүрлі ұнтақтар және бұршақ тұқымдастардың дәнін пайдаланады. Қара құмық, бұршақбас және басқа топты өсімдік тектестерді кейбір сұрыпты шұжықтарға қолданады. Ұнтақтарды және бұршақбасты, шұжыққа қосар алдында, әдейілеп өңдеуден өткізеді: сұрыптау, жуу, пісіру және ұнтақтау.

Тұздау заттары, әдейі қолданылатын заттар. Пайдаланылатын тұз, селитра, нитрит және қант, стандарттың талаптарына сәйкес болуы керек. Жасалған шұжықтарға тән, дәм және хош иіс беру үшін ұнтақталған етке, рецептура бойынша әртүрлі қосындылар қосады. Оларға қара, ақ, қызыл және хош иісті бұрыштар, мускат жаңғағы, кардамон, коринадр, майоран, қалампыр, корица, тмин, имбирь, лавр жапырағы жатады. Кейбір сұрыпты шұжықтарға тән дәм беру үшін, құрамына сарымсақ қосады. Ысталған шұжыққа (кейбір сорттарына) қызыл шарапта қосады.

Шұжық зауыттарында, жоғарғы аталған қосындыларды, алдын ала қоспа жасап алып қосады. Әдейі қосылатын хош иісті қоспалардың иісін жоғалтпауы үшін, жақсылап жабылған ыдыста және суықтау орында сақтайды. Дұрыс сақталмаған жағдайда қоспалар ылғалданып, хош иісін жоғалтады, кейде басқаша дәм және иіс пайда болуы мүмкін. Табиғи қоспалардың орнына, олардың экстракталарын пайдалану дұрыс, өйткені олардың құрамында әртүрлі бактериялар аз болады.

Фосфаттар, глюкомат және натрий аскарбинаты. Соңғы жылдары пісірілген шұжықты, сосисканы және сарделканы дайындау үдерісінде фосфаттарды (фосфор қышқылының қышқыл және орташа тұздары) пайдаланады. Көбінесе ортофосфатты-ортофосфат қышқылы- ның натрий тұзын, пирофосфатты-пирофосфат қышқылының натрий тұзын және полифосфатты қолданады. Фосфат тұздарының өнімнің құнын және шұжықтардың шығымын жоғарылатуда маңызы зор. Оларды рецептура бойынша алынған шикізаттың салмағына шағып, 0,3-0,4% шамасында қосады. Фосфаттар шұжықтың рН-ы оптималды болуына әсерін тигізеді, соның арқасында оның құрамындағы жалпы тұздың концентрациясы жоғарлап, ет ақуызының бөртуін жоғарылата ды.

Ұнтақталған етке, фосфаттың қоспасын етті кутерден  өткізудің басында, яғни куттерге етті салып, бір-екі рет айналдырғаннан кейін, фосфаттың қоспасын біртіндеп ұнтақталған еттің үстінгі қабатына себеді. Фосфатты қосқанда, ұнтақталған еттің салмағына қарай 5-10% шамасында қосымша су құяды. Жаңа сойылған ірі қара мал етінен шұжық  дайындағанда, фосфатты пайдаланбайды.

Қосылатын фосфаттар стандарттың талабына сай келуі және олар салқын жерде беті жабық түрде сақталуы керек. Шұжыққа қосар алдында, фосфатты ұнтақталған еттің бір партиясына жететіндей етіп, қапшыққа салып алдын ала дайындайды. Дайын шұжықтың құрамындағы  жалпы  фосфаттың (фосфорға есептегенде) мөлшері 0,4%-дан аспауы керек.

Натрий глютаматы адамның ағзасына енгенде, зат алмасу үдерісін жақсартады. Глютаматты, ұнтақталған етке оны куттерден өткізген кезде 0,1-0,2%-дай шамасында қосады. Натрий аскорбинаты-аскорбин қышқылының натрилік тұзы (С дәрумені). Оны шұжық өндірісінде, ет өнімдерінің тезірек бояулануына, қуырылу үдерісін қысқартуға, сыртқы түрін әсемдеуге және шұжық сақталған кезеңде түсі тұрақты болуына қолданады. Натрий аскорбині де шұжықтың түсін жақсартып, хош иісін сақтайды. Оны шикізаттың салмағына қарай 5% су ерітіндісі түрінде 0,05%-дай қосады, ерітетін судың температурасы 20-25⁰ С болуы керек. Дайындалған ерітіндіні ұнтақталған етке куттерлеп болудың соңында қосады.

     Шұжықтың қабығы. Шұжық тектес өнімдеріне табиғи және жасанды қабықтар қолданылады.

Қабықтар шұжықты ластанудан, артық кебудежәне сақтау мезгілінде шұжықтың сапасы төмендемеуін қамтамасыз етеді.

Шұжықтың қабығы кейбір талаптарына сәйкес болуы қажет, яғни оларды ұнтақталған етпен толтырғанда және жылумен өңдегенде жыртылып кетпейтіндей мықты, отыруы және кеңеюі жылумен қыздырып өңдегенде, ұнтақталған еттікіндей болуы кере

Табиғи қабықтар бұл көрсеткіштерге толық қалыптасады, дегенмен кемшіліктері де бар. Олардың өлшемдері және қалыңдықтары әртүрлі болады, кейбір жағдайларда қисық-дөңгелектенген қалыпта. Сол себептен мұндай қабыққа енгізілген шұжықтарды тамақтануға пайдаланар алдында, әдейі өңдеуді және сақтауды талап етеді.

Информация о работе Технологиялық тізбектің параметрлерін есептеу