Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 11:30, курсовая работа
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
Сот
өндірісіне қатысты заңдық
Заңдық қылық - өздерінің алдына құқықтық мақсат қоймаған, дегенмен объективті себептерден болатын, субъектісінің ерік-ықтияры мен ниетінен тысқары болып келетін құқықтық салдардың негізінде туындайтын заңды іс-әрекеттер. Мысалы, әдеби шығарманы немесе өнер табудағы шығарма, туынды шығармашылық актісі болып табылады. Бірақ осының нәтижесінде жазушының, ақынның, ғалымның авторлық құқығы пайда болыды.
Заңды актілер де және заңды қылықтар да формальды болуы мүмкін (олардағы құқықтық салдардың туындысына сол әрекеттер жеткілікті болатын болса). Сонымен қатар нәтижелі болуы мүмкін (егер де құқықтық салдарда туындайтындар сол әрекеттердің өзі емес, тек олардың нәтижелері болатын болса). Мысалы, ақшаны қарызға беру фактісінің өзі қарыз алушының алған қарызын қайтаруды талап ету құқығын туындатады. Сот шешімінің заңдық салдары оны дайындау мен жазып шығудағы әрекеттерден туындамайды. Керісінше, сол шешімнің құқықтық акт ретіндегі күшінен туындайды. Сондай-ақ авторлық құқық әдеби, живопистік және тағы басқа ой еңбегі шығармаларының жарық көргеннен кейін ғана барып пайда болады, алдыңғы және соңғы жағдайда да іс-әрекеттің нәтижесінде туындап отыр.
Заңдық салдар заңсыз іс-әрекеттердің де салдарынан заңдық салдарын туындатады: тергеу органдарының қылмысты ашуы, оны табу, білу туралы міндеттерін туындатады; жәбірленушінің және басқалардың да өтініш, арызды құқық қорғай органдарына беру құқығы және тағы басқа туындайды.
Заңсыз іс-әрекеттер құқық бұзушылық (қылмыс және теріс қылық, яғни тәртіпсіздік) және объективті түрдегі құқыққа қарсы іс-әрекеттер деп жіктелінеді. Осы екеуінің арасындағы айырмашылыққа келер болсақ: құқық бұзушылық басқа да түрлі құқықтық қатынастармен бірге заң алдында жауапты болу қатынастарында (қылмыстық, әкімшілік және тағы басқа), ал объективті түрдегі құқыққа қарсы іс-әрекеттер заң алдындағы жауапшылықты туындатпайды. Мысалы, ойын баласы (жасөспірім) ойнап жүріп көршілерінің қора-қопсысына өрт қойып өртеп алғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін емес. Ондайда, қылмыстық құқықтық қатынастар туындамайды. Бірақ оның әрекеті азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуына негіз болады – зиян шеккеннен келтірілген зардаптарының өтелуін талап ету құқығы туындайды41.
Құқықтық оқиғалар – яғни белгілі бір салдардың туындауын болғызатын оқиғалар. Бұлардың көпшілігі табиғатта кездесетін, адамның саналы тіршілігіндегі жүріс-тұрыстарымен (әрекеттерімен) байланысты болмайтын құбылыстар: жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да табиғат апаттары, мерзімнің өтіп кетуі, заң белгілеген жасқа келу, адамның қартайып барып өмірден озуы және тағы сондайлар. Мұндай оқиғаларды абсолюттік оқиғалар деп атайды.
Алайда, құқықтық оқиғалар салыстырмалы да болуы мүмкін, яғни құқықтық қатынастардың қатысушылары болмайтын адамдардың теріс қылықтары мен әрекеттері туындатқан оқиғалар. Мысалы, адамның қаза табуы немесе оның мүлкін жойып жіберу тек табиғат апатының салдарынан ғана болуы мүмкін емес, сонымен бірге адамның мінезі жүріс-тұрыс актісінің салдары да болуы мүмкін ғой (өлтіру, өртеу). Егер де заңдық жауапкершілік қатынастарын нақты қылмыстық әрекеттер туындатса, яғни кінәлілердің ерік-ықтиярлы әрекеттерімен (немесе әрекетсіздігімен) туындаған болса, онда қауіпсіздендіру шарты жағдайының туындауы жаңағы әрекеттердің тікелей салдары емес, тек олардың нәтижесінің ғана (өлуінің, мүліктің жойылуының) салдары болады, яғни дәл нақты оқиғалардың салдары оларды туындатқан себептеріне қарамастан-ақ пайда болады.
Заңдық фактілердің араларында ерекше орында тұратыны құқықтық жай-күй, ахуал яғни созылмалы жағдай, субъектінің қоғамдағы алатын орнын, басқалармен анық қатынастарын білдіретін және тағы, тағы. (азаматтылық, некелік, ауру-сырқаулығы, еңбек стажы) – құқықтық ахуал, жай-күй заңды және заңсыз әрекеттердің нәтижесі де болуы мүмкін (некеде тұруы немесе іздеуде болуы). Сондай-ақ оқиғаларда да (туыстық қатынастар) болуы мүмкін.
Құқықтық қатынастардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуына жиі реттерде бір ғана заңдық факт емес, ондайдың бірнешеулері жиынтығымен қажет болатын жағдайлар да кездеседі. Оның үстіне олар әр алуан сыныптамалық топтамаларға жатуы да мүмкін. Осындай жиынтықты заңдық құрам деп атайды. Мысалы, кәрілігі бойынша зейнетақы алуға құқылы болу үшін: белгілі зейнеткерлік жасына болуы қажет (оқиға), еңбегінің белгіленген стажы болуы (құқықтық ахуалы, жай-күйі) және құқық өкілеттігі бар мемлекеттік органның шешімі (заңдық акт) болулары қажет. Тұлғаны депутаттыққа кандидат ретінде тіркеутүшін заң белгіленген тәртіппен оны депутаттыққа кандидат етіп ұсыну, осыны дәлелдейтін және тиісті түрде жазылып толтырылған құжат, кандидаттыққа ұсынылуын білдіретін азаматтардың белгілі қолдары қойылған парақтардың болуы, сол тұлғаның жазбаша түрдегі келісімі, құқыққа өкілеттігі бар сайлау комиссиясының шешімі қажет болады. Жоғары оқу орнының студенті болу үшін орта мектепті тәмәмдағаны туралы аттестаты, денсаулығын куәландырған медицина мекемесінің анықтамасы, жеке басын куәландыратын төлқұжаты немесе куәлігі, арызы, оқу орнына түсудегі емтихандарды тапсыру парақшасы және сол оқу орнына қабылданғандығы туралы бұйрық болуы қажет.
Сонымен заңды айғақ дегеніміз – нақтылы өмірлік мән – жайлар. Сол айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтардың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Бұған жоғарыда айтып өткенімізжей, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет; жас, стаж және зейнетақы тағайындау туралы акт деп мысал келтіруге болады.
Заңды айғақтар бірнеше негіздермен жіктеледі. Нәтижесінің сипатына қарай олар мына топтарға бөлінеді.
Құқық құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалдаушының құқықтары мен міндеттері пайда болады);
Құқық тоқтататын (үй-жайды сату нәтижесінде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айырылады).
Құқық өзгеретін (үй айырбастау нәтижесінде құқықтық қатынастардың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).
3.3 Құқықты реттеу механизмі
Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық
реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп
жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі
күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері,
ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың
рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда
– қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың
механизмі дейді.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу
механизмі құрылымының элементтері: құқықтық
норма, құқықтық қатынас және заңды құқық
пен міндеттің орындалу туралы акті.
1) Құқықтық норма арқылы қоғамдағы заңдылықтың,
тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты
анықталады; олардың орындалу бағыттары,
жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер
дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері
көрсетіледі.
2) Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің
ара байланысын мүдде-мақсатын, құқық
пен міндеттерін анықтап, біліп отырады.
Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік
актілер арқылы іске асырады; қатынастың
басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
3) Заңды құқық пен міндеттің орындалуы
туралы актіде – қатынастың толық орындалып,
аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске
асуы; дұрыс орындалмаса – кім кінәлі
себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау
жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты
реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді:
қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу
үшін жаңа норманың өмірге келуі, субъектілердің
құқықтары мен міндеттерінің орындалуы.
Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмнің
жақсы сапалы жұмыс атқару үшін субъектілердің
рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық
тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы қажет.
Құқықтық сапасы да жақсы, халыққа түсінікті
болуы керек.
Құқық шығармашылық процесі жақсы жүргізілсе,
құқықтық нормалардың да сапасы жақсы
болады. Сапалы нормаларды түсіну де жеңіл,
орындалуы да оңай. Сондықтан, осы сапалы
процестер құқықтық реттеу механизмнің
жұмысын жақсартуға көп үлес қосады. Құқық
қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам
өмірінің барлық салаларына, және адамның
өміріне өзіне тән әдістермен жағымды
әсер етеді. Құқықтық саяси қызметі қоғамның
барлық саласынан байқалады. Құқықтық
экономикалық әлеуметтік, тәрбиелік, мәдени
жұмыстарының әсері өте мол. Осыларға
қоса құқық мемлекетті, қоғамды және азаматтардың
заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге
асырады.
Заңы мінез-құлық арқылы қоғам басқарылады,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
жүзеге асырылады. Заңы мінез-құлық дегеніміз
– құқықтық нормалардың нұсқауларына
сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы.
Құқықтың әлеуметтік мақсаты оның атқаратын
қызметінен байқалады. Оның қызметі қоғамдық
қатынастарға, адамдардың мінез-құлқына,
іс-әрекеттеріне әсер етуге бағытталады.
Құқықтың қызметінің мәні, біріншіден,
қоғамдық қатынастарды баянды ету, тұрақтандыру;
екіншіден, жеке адамның, қоғамның, мемлекет
органының зиянды іс-әрекетіне тыйым салу;
үшіншіден –мемлекет адамдардың құқықтары
мен бостандықтарын паш етумен қатар,
оларды қорғау жолдарын, әдістерін, мүмкіндіктерін
жан-жақты қарастырады.
Құқықтық реттеу механизмнің сапасын
жақсартуға құқықтық сана мен құқықтық
мәдениет көп үлес қосады. Құқықтық сана
еліміздің азаматтарының жүзеге асырылып
жүрген заңдарға, оларды қолдануға, басқа
да құқықтық құбылыстарға сана-сезімдерінің,
көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының
жүйесі.
Құқықтық мәдениет (кең мағынада) – нақты
жүйесі мәдени іс-қимылы, әрекет жасау,
оларды жүзеге асыру және мемлекет органдарының,
лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде
адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары,
Құқықтық мәдениет (тар мағынада) – тұлғалардың
құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері
мен пайымдаулары және де сапалы түрдегі
қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның
құқыққа сай мінездерінен, жүріс-тұрыстарынан
көрініс табады.
Әр дәуір, әр ұрпақ өз талап-талғамына
сәйкес мәдениетті қажет етеді және сондай
мәдениетті жасайды. Ендеше, біз бүгінгі
жастарға тек бұрынғы дүниені ғана орында
және тек сол дәстүрде, сол қалпында орында
деп талап қоймауымыз керек. Жастарға
– мәдени мұраны жақсы біл, меңгер және
оны өз дәуіріңе сай етіп пайдалана біл,
жетілдір, алға дамыт деп талап қоя білу
қажет. Егер жас буын мәдени мұрамызды
жетік білсе, оны шығармашылықпен пайдаланып,
жаңа ұлттық мәдениет жасаса, қазақ халқының
рухы да мәдениеті де зиянды жаһанданудың
шылауында кетпесін анық.
Республикамыз егемендік алып, мемлекеттік
тәуелсіздігіміз өмір ақиқатына айналды,
шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану
күн тәртібіне қосылды. Өзіне ғана тән
құқықтық сезімі, құқықтық ұғымы және
танымы халқымыздың жанында. Енді өзінің
осы бір ерекшелігін – ұлттық құқықтық
мәдениетін – ескеруді және соған назар
аударуды талап етуде. Қазір Қазақстан
Республикасының әлемдік қауымдастықтағы
орны өзгеше. Дербес мемлекет есебіндегі
оның дүниежүзілік мемлекетаралық қатынастағы
салмағы айырықша. Еліміздің осы жаңа
орнын баянды етудің негізгі жолы, оның
егемендігін нығайтып, тәуелсіздігін
арттыра түсу, сөйтіп, бұл құндылықты халқымыздың
мақсат-мүддесіне және игілігіне қызмет
еткізу екендігі даусыз.
Қазіргі таңдағы республика ғылымының
даму бағыт-бағдары да осы айтылған жәйттерден
туындайды. Заң ғылымын, оның ішінде дәстүрлі
ұлттық, құқықтық мәдениетті зерттеуге
арналған ізденістердің алдында да тың
көкжиектер ашылуда. Оларға жаңа талаптар
қойылуда, жаңа тұғырлар, көзқарастар
айтылуда. Ұлттық сананың қайта түлеуі,
соған сай ұлттық құқықтық сана-сезімнің
де оянуы, билер институттарының жандануы
айтылған ойыңызды қуаттай түседі.
Әдет-ғұрыпқа негізделген құқықтық жүйе
мемлекет заңдарымен түзелген құқықтық
жүйеден өзгеше құбылыс. Бұл өзгешелік
әдет-ғұрып құқығының тарихи контекстінде,
әлеуметтік-саяси астарында, рухани бастауларында,
принцип қағидаларында, өмірнамалық құндылықтарында,
адамға әсер ету ерекшеліктерінде, әдет
құқығы өзінің ішкі мәні және мазмұны,
сыртқы түр сипаты, іс-қимылды реттеу және
оған әсер ету мүмкіншіліктері, жалпы
болмысы, яғни, қандай параметрлері тұрғысынан
алса да адамзат мәдениетінің ерекше туындысы
екендігіне шүбә келтірмейді. Сондықтан,
бұл құқықтық жүйеге, оның тарихтағы орнына
сай көзқарас, соған лайық зерттеу әдісі
және ұғым түсініктер қажет.
Құқықтың үш “алтын” тірегі бар: имандылық,
өмірдің материалдық жағдайлары және
мемлекет. Құқықтық түсінігі имандылыққа
әдептілікке тіреледі. Құқық имандылық,
негізінде пайда болады. Имандылықтың
өзі де адамдар арасындағы қатынастарды
реттейтін күш. Әрине, имандылықтың талаптары
заң емес, тек адамгершілікке негізделеді.
Имандылық тек арға, ұятқа арқа сүйенеді.
Құқық, имандылықтан нәр алады, неғұрлым
құқықтың нормалары имандылық шарттарына
сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы
да, абыройы да жоғары болады. Имандылықтың
ең күшті құралы – жұртшылықтың пікірі.
Құқықтың тағы бір тірегі – адамдардың
өмір сүру жағдайлары, олардың шаруашылығы.
Адамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты.
Өндіріс тиімді, нәтижелі болу үшін оны
ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай
туғызу керек. Бұл тек мемлекеттің қолынан
келеді. Мемлекеттің өндіріске, шаруашылыққа
әсер ету дәрежесі қоғамда қалыптасқан
меншік: түрлеріне байланысты.
Мемлекеттің қызметі құқық нормаларын
қалыптастырумен аяқталмайды, қайта оның
қызметі сол сәтте басталады деуге болады.
Құқық нормаларының талаптары өздігінен
жүзеге аспайды. Оларды жүзеге асыру үшін,
талаптарын орындату үшін мемлекет түрлі
әдістермен сан алуан қызмет атқарады.
Егер құқықтық нормалардың талаптары
орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі
адамдарға тиісті шаралар қолдана алады.
Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің күшіне
сүйеніп, жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі,
оңын күш-қуаты, абыройы – мемлекет. Құқық
нормалары адамға бостандық, беріп қана
қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін
күшке сүйенеді.
1995 жылғы 30 тамызда Республикалық референдумда
қабылданған жаңа Конституция Қазақстан
Республикасының, президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін
айқындап берді. Ата Заң бойынша мемлекеттік
билік: заң шығару, заңды іске асыру, заңды
қорғау үш тармағы мемлекеттің бір тұтастығына,
бүкіл дамуына бірдей жауапты.
Қазақстан Республикасының Конституциясына
сәйкес бірнеше Президенттің Заң күші
бар жарлықтары өмірге келді:
– Қазақстан Республикасының Президенті
туралы – 26 XІІ 1995 ж;
– Қазақстан Республикасының Парламенті
және оның депутаттарының мәртебесі туралы
– 16 X 1995 ж;
– Қазақстан Республикасының үкіметі
туралы – 8 XІІ 1995 ж.
Осы заңдар арқылы елімізде демократиялық,
құқықтық және әлеуметтік мемлекетті
құрып, басқарудың қазіргі заманның негіздерін
жасады. Сондай-ақ республикада сот құқық
реформасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру
мақсатында Президенттің 1995 ж. желтоқсанда
қабылдаған “Қазақстан Республикасындағы
соттар және судьялардың мәртебесі туралы”,
“Қазақстан Республикасының прокуратурасы
туралы” заң күші бар жарлықтары сот құқық
жүйесін нарықтық экономика жағдайында
жетілдіруге айрықша ықпал етті. Прокуратура
органдарында бұрынғыдай жоспарлы тексеріске
жол берілмейді. Заңдардың қолдануына
тексерісті прокурор өз өкілеттігі шегінде
тексеріп жүргізу туралы қаулы шығарылғаннан
кейін, Республика Президентінің тапсыруына,
заңды бұзушылық туралы өтініштерге, шағымдарға,
хабарларға және басқа да мәліметтерге,
заң бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына,
жоғары тұрған прокурордың тапсыруына
және сұрау салуына байланысты жүргізеді.
Құқықтық реттеу механизмі үш элементтен
тұрады: құқықтық нормалар, құқықтық қатынастар
және заңды құқықтар мен міндеттердің
орындалуы туралы актілер.
1. Құқықтық нормалар – қоғамдағы адамдардың
өзара қатынастарын, байланыстарын шешу
ережелерін, әдіс-тәсілдерін көрсетіп,
реттеп-басқару үшін өмірге келеді. Бұл
нормалардың заңды күші әртүрлі, әр деңгейде
болады. Ол нормаларды бұлжытпай орындау
міндетті. Құқықтық нормаларды іске асыру
түрлері: пайдалану, сақтау орындау, қолдану,
бұлардың түсінігі “Құқықты іске асыру”
тақырыбында анық көрсетілген.
Заң ғылымында және практикада құқықтық
реттеу механизмінің негізін құрайтын
нормативтік актілер – заңдар, нормалар.
Субъектілердің құқықтық тәртібінің мазмұны,
шеңбері, орындалуы, жауапкершілігі нормаларда
толық, көрсетілуге тиіс.
2. Құқықтық қатынас – бұл құқық механизмінің
ең маңызды, ең қажетті элементі. Себебі
қатынастағы субъектілердің; құқықтары
мен міндеттері, олардың орындалуы сапалы,
дұрыс орындалмаса жауапкершілік түрлері
көрсетіледі. Құқықтық қатынастың субъектілеріне
нормативтік актілердің шеңберінде толық
бостандық беріледі.
3. Субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің
орындалу туралы актілері. Бұл актілер
арқылы құқықтық реттеу механизмнің орындалу
және субъектілердің өздерінің алдына
қойған мақсаттарын орындау дәрежесін,
деңгейін білу болады. Егерде субъектілер
орындалу дәрежесіне қанағаттанбаса мемлекеттік
органдар көмек көрсетуге тиіс.
Құқықты реттеу механизмнің сапасы жұмыс
жасауы екі мәселеге байланысты: бірінші
– құқықтық үгіт-насихатты жақсы жүргізу,
екінші – халықтық құқықтық сауаттылығы
жақсы дәрежеде болу. Құқықтық реттеу
механизмнің кезеңдері екі топқа бөлінеді:
Заңды іске асыру органдардың және заңды
қорғау органдарының актілері. Атқару
органдардың актілері екі кезеңнен тұрады:
1) жарлық, қаулы, шешім, бұйрық қабылдау;
2) сол документтердің орындалу барысын
бақылап отыру.
Заңды қорғау органдарының актілері үш
кезеңнен тұрады:
1) істің мазмұнымен танысу;
2) сол істі қандай нормаларға сәйкес шешуді
анықтау;
3) істі қарап шешуді аяқтау.
Республикада жүріп жатқан мемлекеттік
құрылыс және құқықтық саладағы қайта
құруларға халықтық ұлттық, сипат, адами
ажар және рухани нұр жетіспейді. Ал, бұл
факторлерді реформалардың айнымас өзегі
етпей олардың өміршеңдігін қамтамасыз
ету өте қиын.
Егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді
баянды етер саяси және құқықтық жаңартулар
енгізу барысында біз негізінен тұрмысы
алдыңғы қатарлы шетел мемлекеттерінің
тәжірибесі және үлгісіне көп еліктедік,
соларға арқа сүйедік. Бұл, бастапқы кезде
бір жағынан, дұрыс та еді. Өйткені өркениетті
елдердің тарихынан, тағылымынан үйрену
ешқашан да артықтық етпейді. Дегенмен,
осы “еліктеу кезеңі” ұзаққа созылып
кеткендей, ал кейінгі кездері ол жалтақтауға,
жарамсақтануға айналып бара жатқандай.
Қанша құнды болғанымен шетел тәжірибесі
ол – шетел тәжірибесі. Оны тұтасымен
өз елімізге көшіріп алу мүмкін емес. Әсіресе,
мемлекет құрылысы және құқық жүйесі саласында.
Сондықтан, қазіргі таңдағы басты міндет
өз халқымыздың мемлекеттік және құқықтық
тарихына, табиғатына және болмысына назар
аудару, соны танып-біліп, олардың жаңа
дәуірде жаңа деңгейде дамуына жол ашып,
жағдай жасау. Себебі өркениетті елдердің
өнегесінен үйренеміз деп жүріп біз өз
халқымыздың өзіндік саяси болмысы, құқықтық
жаратылысы бар екенін ұмытпауымыз керек.
Тәуелсіз жаңа мемлекетіміздің және құқықтық
жүйеміздің негізінде солар жатуы керек
екенін естен шығармау абзал.
Тіптен, өзіміз үлгі тұтып жүрген батыс
Европа мемлекеттері, Америка елі құқықтық
өмірлерінің саласында жүргізілер өзгерістерге
ең бірінші тарихи тұрғыдан келеді. Олардың
мемлекеттік құрылым, құқық, сот жүйелерінде
дәстүр, тарих сабақтастығы үлкен рөл
атқарады. Ағылшындар әлі күнге дейін
өз елдерінде 1215 ж. қабылданған “Еркіндік
жайлы партияның” қолданатындығын мақтаныш
етеді.
Демек, біз де өз тарихымызды, дәстүрімізді
қазіргі күн талабына лайықтап қолдана
білуге үйренуіміз керек. Өйткені мемлеттік,
құқықтық жүйе бейбіт өмірдің, теңдіктің
және әділеттіліктің тірегі, қайнар көздері
болуы керек. Ал, теңдік, әділеттілік ұғымдары
және құбылыстары әр халықтың дүниені
қабылдау, түйсіну, қорыту ерекшеліктерімен
тығыз байланысты. Яғни олардың тарихи
түп-тамырларынан бастау алып жатады және
имандылық, ар-намыс, ұят секілді жанды
да тұнық сезімдеріне, ұғымдарына барып
тіреледі. Ал, бұл түсініктер, ұғымдар
қайта-қайта өзгере бергенді қабылдамайтын
ұлт жанының берік қамалдары. Мемлекет,
заң жүйесі түптеп келгенде адам жанының
осы бір мөлдір тұнық тарының қорғаны
болуы үшін жаратылады. Сондықтан да, олар
өз міндеттерін тиісті деңгейде атқаруы
үшін сол халықтың жан дүниесінің тарихи
болмысынан, ерекшелігінен айрылмауы
керек, әркез өз құрылымын, сипатын соларға
сай түзетіп отыруға тиіс.
Олай болмаған жағдайда елдегі құқықтық
нормалар дұрыс орындалмай, құқықтық реттеу
механизмі қызметі нашарлап, қоғамдық
қатынастардың орындалуына нұқсан келіп,
теңдік, әділдік сезімі мен ұғымы көмескіленіп,
тасалануы мүмкін. Ал, бұл қоғамдағы рухани
өмір тегеурінінің әлсіреп, оның интеграциялық
мүмкіндігінің бейтараптануына жол береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы”, атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:
Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.
Неге менің бұл жұмысымда “құқық” түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: “Құқықтық норма” ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – “құқық” термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.
Демек, менің айтар ойым мынада: жоғарыдағы тарауларда белгілі болғандай құқықтық норма ұғымы құқық түсінігімен, құқықтың қайнар көздерімен тығыз байланыста.
Құқықтың құқықтық норма тудыратыны белгілі болды. Енді құқықтық норма мен құқықтың қайнар көздері арасындағы байланысты айқындап көрелік.
Біріншіден, құқықтың қай негізден бастау алғандығы құқықтық норманың белгісін айқындауға мүмкіндік тудырады.
Екіншіден, жылдар бұрын, тіпті ғасырлар бұрын, өзге саяси режим тұсында қабылданған құқықтық нормалардың өзі бұл кездері теориялық тұрғыда құқықтың қайнар көздері бола алады деген сөз.
Міне, осындайлық тығыз байланысты аша келе мен оқырман қауымға айтар ойымды жеткізе алдым деген сенімдемін.
1995 жылы қабылданған Қазақстан Рес
Сондай- ақ , Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» атты жолдауына сәйкес, Қазақстан Орта Азияның Барысына айналуды көздеп отыр. Ол үшін «әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидатты ұстана, еліміз нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, демократияландыру бағытында алға жылжып отыр. Бұл өзін - өзі ақтайды. Тек ол үшін демократияға бастау болатын алғы шарт жасау керек. Мұндай процесс мемлекетте құқықтық базаны құру мен нығайтудан туындайтынын ескеретін болсақ, аталған процесте менің «Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы» атты диплом жұмысымның тақырыбы қандайлық орын алатыны айтпаса да белгілі.
Және де Ел Президентінің Қазақстан халқына биылғы жылғы долдауында «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрғаны» баян етілген. Ел Президенті Қазақтан Республикасы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру керек деп, елімздің алдағы жүрер жолы, негізгі стратегиялық бағдарды айқындап берді . Бұл жағдайдың өзі де мемлекеттегі құқықтық жағдайдың нығая түсуін қажет етеді. Себебі мемлекеттің алдағы бағдарламаларын іске асырудың кепіл ретінде мемлекеттің құқықтық жағдайы айқындалады.
Осыған да сәйкес мемлекетіміздің елеулі қайраткер ғалымдары халық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында “мемлекет және құқық теориясы” пәні аясында белді еңбектер жаза бастады.
Бұл еңбектерде елдің өткені мен болашағының теориялық негіздері қаланды десе болады. Сол негіздер ең алдымен “құқық” пен “мемлекет” ұғымдарын түсініп білуге бағытталады.
Менің де “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы” аталмыш дипломдық жұмысым өз кезегінде заң ғылымындағы белгілі бір теориялық ілімдерді дәлелдеп, дамытуға үлес қосар деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.
2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.
3. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б.
4. Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.
5. Б. Қонақбаев «Азаматтарды
6. Г. Адрасулова «Юридическое значение, функции и эффективность применения норм права» // Фемида.-2006ж.-№10-11-14б.
7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж.,-88-89б.
8. «Қазақстан Республикасының
9. «Қазақстан Республикасының
10. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-№5.-31-33б.
11. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.,-124-127б.
12. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» 27.12.1994ж.