Құқықтық нормалар жалпылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 11:30, курсовая работа

Краткое описание

Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

n1.doc

— 345.50 Кб (Скачать документ)

Қажетті қорғану үғымы 1997жылғы 16 шілдеде Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 32-бабында беріледі. Атап айтқанда, қажетті қорғаныс жағдайында, яғни қорғанушынын, немесе өзге адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа құқықтарын, сондай-ақ қоғамның немесе мемлекеттің қоғамдық қауіпті қол көтерушіліктен заңмен қорғалатын мүдделерін қол көтерушіге зардап келтіру арқылы қорғау, егер бұл ретте ол қажетті қорғаныс шегінен шығып кетпесе оның қол көтерген адамға келтірген зардабы қылмыс болып табылмайды.

Қажетті қорғаныс құқығына, олардын,кәсіптік немесе өзгелей арнайы дайындығына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар тең дәрежеде құқылы. Бұл құқық адамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылып кету не көмек сұрап басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға жүгіну мүмкіндігіне қарамастан беріледі.

Қол көтерушіге зардап шектіру мұқтаждығы болмаған жағдайда айқын шамадан тыс зардап шектіру нәтижесінде қорғанудың қол көтерудің қоғамдық қауіптілік сипаты мен деңгейіне сәйкес келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығу тек қасақана зар-дап шектірген реттерде ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.

Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да «құқық негіздері» дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.

Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтың әдеттері,сот прецеденттері (үлгілері), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.

Құқықтық әдеттер – қоғам өмірнен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін әдет-ғұрыптар.

Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.

Оған дәлел «Қасым ханның қасқа жолы» (XV ғ.), “Есім ханның ескі жолы” (XVI ғ.), Тәуке ханның “Жеті жарғысы” (XVIІІ ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. ХІХ ғасырдың билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған.

Құқық прецеденті – жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі – Англия. Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Құқықтық келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрдет бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.

Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Нормативтік-құқықтық актілер – құқықтың ең басты қайнар көзі, негізі ретінде танылады27.

Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) – мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен – конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі – жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша норматвиті қаулылар қабылдауға құқылы28.

Қазақстан 2030 жылы Орта Азияның Барысына айналады дегенге сенсек, онда ол үшін мемлекетіміздің құқықтық жүйесі мығым болуы тиіс. Ал құқықтық жүйенің берік болуы құқық саласының оңды дамуымен байланысты болса, құқықтық норма бұл ретте өзіне тиесілі орынды алады деген ойдамын.

Дегенмен, 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болшағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.

      Еш нәрсеге бірден қол жетпейді. Табысты әрі тұрақты дамуға объективті түрде белгілі бір сатылар тән, оған құлашты бір сермегеннен жетуге болмайтыны да белгілі. Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.

      Бідің жас ұрпақтың кей өкілдері мемлекеттік қызметке тұрады. Олар жоғары ақы төленетін, жақсы оқытып-үйретілген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола отырып, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін болады.

2030 жылдың азаматтары мемлекеттің  өздерінің құқықтарын қорғайтынына  және мүдделерін биік ұстайтынына  сенімді болады. Бұл ретте олар  қолайсыз жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтік көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттің қамқорлық жасамайтынын білетін болады28.

Сонымен, құқық негіздері дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, ресми түрде бекітілетін әдет ғұрыптар. Жоғарыдан белгілі болғандай, құқық негіздері жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады екен. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік – жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.

 

 

ІІ тарау. Құқықтық нормалар.

2.1 Құқықтық нормаларды іске асыру 

    Құқықтық, нормалар қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп-басқару үшін өмірге келіп, өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып жатады. Ол нормалар адамдардың, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, ұйымдардың іс-әрекеттеріне, жұмысына дұрыс ықпал жасап, қоғамдағы құқықтың жақсы іске асуына, орындалуына зор әсер етеді. Олардың барлығының жұмысын нормаларға сәйкес қоғамдық мүдде мақсатты орындауға, адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет. Құқықтық нормалар іс жүзіне асырылмаса, оның әлеуметтік маңызы болмайды. 
Құқықтық нормалардың орындалуы адамдардың тек заңды іс-әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен (заңда тыйым салынған істерді жасамау) байланысты. Құқықтық нормаларды іске асыруда субъектілер екі топқа бөлінеді: мемлекет, оның органдары және халық, олардың ұйымдары. Құқықтың іске асуы нормативтік актілерді қабылдаудан, бекітуден басталады. Мемлекеттің жоғарғы органдары (парламент, президент) заң қабылдайды; үкімет, министрлік-ведомстволар, сот және жергілікті басқарушы мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормалар қабылдайды. Осы мемлекеттік органдардың бәрі де құқықтық нормаларды іске асыруға, орындауға зор үлестерін қосады. 
Заңдарды, заңға тәуелді нормаларды қабылдау, бекіту үлкен істің басталуы ғана. Бұл істің негізгі міндеті – сол қабылданған нормативтік актілерді іс жүзіне асыру, олардың мазмұнын шындыққа, ақиқатқа айналдыру. Өйткені бұл нормаларда қоғамның мүдде-мақсаты соған сәйкес мемлекеттің билік бұйрығы басым орын алады. Бұл процесс құқықтық нормаларды объективтік тұрғыдан іске асыру. Ал, қатынастағы субъектілердің құқығы мен міндеттерінің орындалуын – субъективтік тұрғыдан іске асыру деп түсіну керек. 
Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болады. 
Өйткені нысандардың өмірге келу себептері әртүрлі болады:  
а) қоғамдағы қатынастардың мазмұны әртүрлі болуы;  
б) нормативтік актілердің адамдарға әртүрлі әсер етуі;  
в) норманың ерекше мазмұнының әсері; 
г) құқықты іске асырудағы субъектілердің; құзыреті мен өкілеттігінің әр түрлі болуы;  
д) субъектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы. 
Құқықтық нормалардың негізгі мақсаты – қоғамдағы қатынастарды дұрыс, уақытында реттеп, басқарып іске асыру. Қоғамдағы барлық қарым-қатынастарға құқықтың ықпалы, әсері болуға тиіс, сол арқылы жақсы дәрежеде жалпы қоғамдық тәртіп, заңдылық қалыптасады. Егер құқықтық нормада бір іс-әрекетке тыйым салынса, ол норма іс жүзінде орындалса құқықтың мақсаты орындалды деуге болады. Егер құқықтық нормада бір іс-әрекетті жасауға нұсқау берілсе, ол орындалса құқық өз мақсатына жетті деуге болады. 
Сонымен, құқықтық нормалар мемлекеттік органдардың, адамдардың, қоғамдық ұйымдардың қарым-қатынастары, іс-әрекеттері арқылы орындалып жатады.    Құқықтық нормаларды іске асырудың ерекшеліктері: 
а) Құқықтың әлеуметтік мазмұнына сәйкес қоғамның даму процесін дұрыс реттеп, дұрыс басқаруға мүмкіншілігінің барлығы.  
ә) Нормативтік актілерде көрсетілген іс-әрекеттерді дұрыс, уақытында орындауды қамтамасыз ету механизмнің барлығы. Механизм кезеңдері: 
1. Заңды нормаларды белгілеу, анықтау құқықтық реттеудің негізі. 
2. Құқықтық қатынастың мазмұнын және субъектілерін анықтау. 
3. Субъективтік құқық пен заңды міндеттердің дұрыс орындалуы туралы акті жасау. 
Құқықтық нормаларды іске асыру түрлері: 
1. Норманың мазмұнына қарай орындау үшке бөлінеді: норманың мүдде-мақсатын орындау; жалпы міндет – қағидаларын орындау; қатынастағы нақты норманы орындау. 
2. Норманы іске асырудағы қатынастың субъектілеріне сәйкес орындау түрі екіге бөлінеді: жекелік және топтық субъектілердің өз құқығын іске асыру. Құқықтық норманы субъектілердің өз мүдде-мақсатын іске асыру, пайдалану. 
3. Нормативтік актілер ерікті түрде орындалмаса, қоғамдық мүдде-мақсат үшін еріксіз іске асыру. Оның екі түрі болады: әкімшілік-тәртіпшілік және қылмыстық жауапкершілік. 
4. Құқықтық нормаларды іске асыруды саяси және идеологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану. Құқықтық нормалардың басым көпшілігінің орындалуы құқықтық қатынас арқылы реттеліп жатады. Бұл нормативтік актілерді іске асырудағы, ең көлемді, ең күрделі түрі. Құқықты іске асырудың әдіс-тәсілдері: 
– нормативтік актілердің басым көпшілігінің ерікті түрде орындалуы (бұл заңның сапалы шығуының және жақсы тәрбиенің, білімнің нәтижесі); 
– мемлекеттік аппараттың бақылауы арқылы орындалуы; 
– үгіт-насихат арқылы нормалардың іске асуы; 
– рухани сана-сезімді көтеру арқылы нормалардың орындалуын жақсарту. 
5. Субъектілердің норманы іс жүзіне асыру іс-әрекеттері төрт түрге бөлінеді: сақтау, орындау, пайдалану, қолдану. 
Сақтау – нормаларда тыйым салған іс-әрекеттерді субъектілер бұлжытпай орындауға міндетті. Бұл құқықтық қатынастарды реттеп-орындауда субъектілердің пассивтік тәртібі немесе заңды әрекетсіздігі. Мұны тыйым салынған нормалардың бұлжытпай сақтау нысаны деп атайды. 
Орындау – субъектілердің нормада көрсетілген міндеттерді толық орындауды қамтамасыз етуі. Мұнда субъектілер белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті. Мұндай іс-әрекеттерді норманың орындалуының міндетті нысаны деп атайды. 
Пайдалану – субъектілердің ерікті түрде нормативтік актілер арқылы өз мүдде-мақсаттарын іске асуын қамтамасыз етуі. Бұл заңда тыйым салынбаған барлық іс-әрекетті жасауға адамдардың еріктілігі. 
   Осы көрсетілген үш түрде нормативтік актілер қатынастағы субъектілердің өздерінің іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен орындалып жатады. Бұл процесті құқықтық норманың тікелей іс жүзіне асырылуы, орындалуы деп атайды. Осы нысан арқылы нормативтік актілердің көпшілігі орындалып жатады. Бірақ та, өмірде қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп-басқаруға жоғарыда көрсетілген үш түрі жеткіліксіз. 
   Себебі қоғамдағы қатынастардың субъектілерінің өзара байланысында қайшылықтар, келіспеушіліктер болып жатады. Соларды заңды түрде реттеу үшін мемлекеттің өкілетті органдарының қатысуы объективтік тұрғыдан қажет болады және қоғамдық мүдде-мақсатты, саясатты, билікті іс-жүзіне асыру, орындау мемлекеттің міндеті. 
   Құқықтық нормаларды қолдану және нормативтік актілердің дұрыс орындалуын, іске асуын бақылау міндеті тек мемлекеттік органдардың құзыретіндегі іс-әрекет. 
Құқықты қолданудың жоғарыда көрсетілген үш түрден айырмашылығы: 
1) қолдану мемлекеттік биліктің басқару, ұйымдастыру күшіне сүйене отырып жүргізіледі;  
2) қатынастағы субъектілердің біреуі – мемлекеттік өкілеттігі бар органның болуы;  
3) мемлекеттік органның қатысуы заңдылықты, тәртіпті жақсартуға мүмкіншілік жасайды;  
4) кейбір қатынастарда қолдану нормативтік актілерді пайдалану, орындау, сақтау түрлерінің процесіне бірлесіп, ол қатынастардың заңды сапалы аяқталуына үлес қосуы;  
5) құқықтық нормаларды қолдану міндетті түрде нормативтік акті жасалумен аяқталуы, оның заңды күшінің болуы 
Құқықтық нормаларды қолдану тек мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың жұмысы. Олар өз құзырының көлемінде ғана реттеп-басқаруға құқықты. Қоғамдық ұйымдар мемлекет рұқсат берсе ғана құқықтық нормаларды қолдануларына болады. Мысалы, кәсіпшілер одағы өз жұмысында еңбек туралы заңның баптарын қолданады. 
   Демократиялық мемлекетте нормативтік актілерді қолдануда қатаң тәртіп болады: кім қандай заң қолданады, неге, себебі, уақыты, орны толық көрсетілуге тиіс. Осы мәселелердің, сұрақтардың бәрі мемлекеттің бақылауында болады. Мемлекеттік органдар жеке адамдардың және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына кіріспейді, оларға толық бостан дық беріледі. 
Мемлекеттік органдар бұл қатынастарға кірісуге болатын жағдайлар: егерде қатынасты орындау барысында субъектілердің бірін-бірі түсінбеушілік болса; екі жақты құқықтары мен міндеттерінің дұрыс орындалуын тексеру керек болса. 
Құқықтық нормаларды қолдану кезеңдері: 
1. Істің нақты мазмұнымен және жағдайымен танысу, қарым-қатынастың басталуын, субъектілерін анықтау. 
2. Қатынастың заңды негізін анықтау, анализ жасау, іске заңды баға беру. 
3. Іс бойынша шешім қабылдау, құқықты қолдануды, тиімділігін анықтау, және осы рәсімдеу шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу. 
4. Шешімді жүзеге асыру. 
Міне, құқықты қолданудың кезеңдері осылай басталып, реттеліп аяқталады. Осы процесс толығымен мемлекеттік ресми органның бақылауында болады. 
   Мемлекеттік органның құқықтық норманы қолдануда үш функциясы болады: 
– нормативтік актілерді қолдану арқылы қоғамдағы қатынастарды реттеп-басқару; 
– нормалардың орындалуын қамтамасыз ету; 
– нормалардың дұрыс уақытында іске асуын бақылау. 
Құқықтық нормаларды қолданудың ең негізгі, ең күрделі түрі мемлекеттің билігімен нормативтік актілерді іске асыру, орындау. Оның негізгі ерекшеліктері: 
Бірінші – тек мемлекеттік билігі бар аппараттың нормаларды іске асыруы. 
Екінші – бұл аппараттардың нормативтік актілерді қолдану туралы нұсқауының мемлекеттік күші болады. 
Үшінші – олар өздерінің нұсқауын қағаз жүзінде, орындайтын субъектілерді нақты көрсетіп береді. 
Төртінші – нормаларды қолдануды тиісті заңға сүйене отырып береді. 
Ерікті орындалмаса, еріксіз орындалады. 
   Мемлекеттік аппараттың құқықты іске асыру процесіне кірісуге төрт себептері бар: 
– егерде қатынастағы субъектілердің құқығы мен міндеттерін орындау барысында кедергі пайда болса. Мысалы, жұмыстан заңсыз шығару; 
– егерде қатынастың бір субъектісі өз міндеттерін ерікті түрде орындамаса. Мысалы, мәмілелі қатынаста міндеттердің орындалмауы; 
– егерде мемлекеттік ресми орган кіріспей субъектілердің қарым-қатынасы басталмайтын болса. Мысалы, оқуға түсу, қызметке алыну, пенсияға шығу; 
– егерде субъектілердің арақатынасы, дұрыс заңды түрде аяқталмаса. 
Оның себептерін анықтау үшін және жауапкершілік түрлерін белгілеу үшін мемлекеттік ресми аппарат міндетті түрде қатысады. 
    Құқықты дұрыс қолдануда, уақытында, жақсы орындалуында мемлекеттік билігі бар органның, маңызы өте зор. 
Сонымен, құқықты қолданудың негізгі субъектілері: мемлекет, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, рұқсаты болса қоғамдық ұжымдар мен ұйымдар. Олардың құқықтары мен міндеттерінің шеңбері Уставы мен ережелерінде толық көрсетілуге тиіс. 
    Құқықты қолдануда, іске асыруда міндетті түрде акт жасалуға тиіс. 
Онда қандай норма, қашан не үшін қолдануға тиіс, субъектілердің аты-жөні болу керек. Құқықты қолдану туралы актінің негізгі сипаттары: 
– актінің мемлекеттік билік күшінің болуы; оны орындауға барлық қоғамдағы азаматтар, бірлестіктер міндетті; 
– акті нақты бір іс, бір қатынас туралы жасалады, оны орындайтын субъект анық көрсетіледі; 
– құқықты қолдану актісі заңдылықты қатаң сақтауға тиіс, ешқандай бостандыққа жол берілмейді; 
– қолдану актісі мемлекеттің бекіткен форма-бланкаға жазылады. Ол форманы толтырудың қатаң ережесі бар. Қолдану актісі үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, қорытынды бөлімі. 
Қолдану актілер төрт түрге бөлінеді: 
– мемлекеттің халық өкілді органдарының актісі; 
– мемлекеттің атқарушы органдарының актісі; 
– қоғамдағы тәртіпті қорғайтын органдардың актісі; 
– конституциялық кеңестің актілері. 
     Сонымен, құқықты қолдану процесінде заңды айғақтар және заңды құрам анықталуы керек. Сол арқылы басты айғақ немесе айғақты анықтайтын мүмкіншіліктер туады. Бұл айғақтар тиісті заңды шешуге жеткілікті болуы қажет. Жүзеге асырылатын істің негізі анықталуы керек: қажетті құқықтық норманы табу; оның тексінің дұрыстығын тексеру; норманың түп нұсқасы екендігін анықтау; оның кеңістіктегі, мерзімді күшін және субъектілерге қатыстығын анықтау; норманың мазмұнын айқындау. Осы көрсетілген әрекеттердің барлығы заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайту үшін қызмет істейді. 
     Қаралған іс бойынша құқық қолдану актісінің маңызы өте зор. Мұндай акт істің тағдырын шешеді. Өйткені ол акт заңға негізделіп, заң бойынша мемлекеттің атынан жасалады. Бұл акт нақтылы заң бойынша қарауға құзыреті бар, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бары-жоғын анықтайтын, соған сәйкес шараларды белгілейтін органның актісі. 
    Қолдану актілері мазмұнына қарай үшке бөлінеді: реттеуші, орындаушы және қорғаушы. Қатысушы субъектілер нормативтік актілерде көрсетілген өздерінің міндеттері мен құқықтарын дұрыс, уақытында орындауға тиіс. Сонымен, олар құқықтық нормалардың реттеуші, басқарушы рөлін жақсартуға үлес қосады.

 

 

2.2. Құқықтық норманың  ұғымы, түрлері, құрылымы.

 

 

Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.

Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.

Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.

Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.

Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).

Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) – құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады29.

Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса ондай гипотезаны күрделі гипотеза дейді.

Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса, оны балама гипотеза дейді.

Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық бөлшегі. Диспозиция – құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция – мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса;           б) бейнеленген диспозиция – мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса; в) сілтемелі диспозиция – егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса30.

Құқықтық норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.

Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті – анық,            б) баламалы, в) салыстырмалы.

Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) – нормативтік акт болып саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір, бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабына бір норма болса, бап пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, қазақстан Республикасының Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:

  1. Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.
  2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті31.

Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.

Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік актінің бір бабында кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен болады. Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер санкцияларды білдіруге маманданған болыпкеледі.

Егерде құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің қайсыбіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды. Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс.

Құқық нормасы құқықтың басқалай көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмамдалады. Жеке-дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиға ғана жалғыз бір жолғы әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана орналады. Басқа жағынан алып қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері норматвитік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.

Информация о работе Құқықтық нормалар жалпылығы