Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 11:30, курсовая работа
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
(корпоративтік)
нормалары;
әдет-ғұрыптар;
дін нормалары;
басқалары.
Кесте 2
құқық нормалары; саяси; сұрапылды стихиялық
имандылық (мораль, ұйымдық;
өнеге) нормалары;
әдет-ғұрыптар; этикалық
(әдептік);
корпоративтік
нормалар; эстетикалық;
дін нормалары; басқалары;
басқалары.
ҚҰҚЫҚ ПЕН МОРАЛЬДЫҢ (ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ, ӨНЕГЕНІҢ) ЖАЛПЫЛАМА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кесте 4
ҚҰҚЫҚ: |
ИМАНДЫЛЫҚ, ӨНЕГЕ (мораль) |
Корпоративтік нормалар (қоғамдық ұйымдардың нормалары) дегеніміз қоғамдық ұйымдардың қызмет атқаруда мақсаттарына жету үшін жасалған жарғыларында, ережелерінде, шешімдерінде бар болатын, белгіленген жүріс-тұрыс ережелері.
Кесте 5
Айқын, нақты жүріс- қамтамасыз ету дәрежесі
тұрыс ережелері болады;
Арнайы актілерде мәжбүрлеу түрлері;
баяндалған болып келеді;
құқық нормаларының
Нормалары жүйеге басымдылығы.
келтірілген болады.
1.3 Құқықтың қайнар көздері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында былай делінген:
көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада
азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады,
сондай-ақ міндеттер атқарады
12.1. Бұл бап Республикада адам қүқықтары мен бостандықтарын тану мен қорғаудың негізгі ережелері мен принциптерін тану мен қорғаудан тұрады.
Онда еліміздің қүқықтық жүйесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын тану институты, сондай-ақ заң шығарушылардың оларды - экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси-құқьіқтық жағынан қорғалу кепілдігін қамтамасыз ету міндеттемесі бар екендігі танылған. Бұл кепілдіктер әртүрлі нысанда Конституцияның II-бөлімінің келесі бөлімдерінде де жазылған, алайда тұтас алғанда олар сығымдалып түсіндірілген деуге болады. Мысалы, саяси-қүқықтық кепілдіктер айтар-лықтай толық ашылса, әлеуметтік-экономикалык, және мәдени кепілдіктер ықшамдалып берілген22.
12.2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің басты ілімі және негізгі принципі ретінде адамның табиғи құқығының теориясы тұжырымдамасы алынған. Сөйтіп, осы нормаға сәйкес заң шығарудың және заң қолданудың басты өлшемі олардың жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына сәйкестігі болып табылады. Яғни, осы тармақ мемлекет саясатындағы жүйелік орталықтандырудан жеке бастық орталықтандырудың басымдығын ресми түрде орнықтырды. Ол мемлекеттің бұрынғы кеңестік режимі кезінде үстемдік еткен ұжымдық демократия тұжырымдамасынан ресми түрде бас тартуды білдіреді. Аталған қағиданың іс жүзінде қолданылуына әр заңды және әр заң жобасын гуманитарлық, оның ішінде қоғамдық сараптамадан өткізу және мемлекеттік органдардың қызметіне конституциялық бақылау жасау үшін іргелі негіздер қалау мүмкіндігін жатқызуға болады.
Еліміздің құқықтық жүйесінде бірлестіріліп жүйеленген табиғи-құқықтық теория құқықтың мемлекет қызметінен басымдығын табиғи түрде қамтамасыз етеді, сөйтіп Президентті қоса алғанда лауазымды адамдарға қоғамдық қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
12.3. Осы тармақта адам
мен азаматтың құқықтық
12.4. Конституцияның осы
нормасына сәйкес шетелдіктер
мен отансыз адамдардың (апатридтердің)
Қазақстан Республикасы
12.5. Осы норма бұзылған
жағдайда кері зардаптарға
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында былай делінген:
1. Әркімің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі
13.1. Конституцияның 13-бабының 1-тармағының нормалары азаматтық заңдарда дамытылған. Конституцияның 13-бабында айтылатын "құқық субъектісі" санаты азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің азаматтық-құқықтық ұғымын құрайды.
ҚР АК-інің 13-6абында азаматтық құқығы және міндеттілік жүктеу қабілеті болудың (азаматтық құқық қабілеті) барлық азаматтар үшін бірдей дәрежеде танылатындығы белгіленген. Азаматтық құқық қабілеті ол туған сәттен бастап болады және ол қайтыс болуымен тоқтатылады.
Азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, сондай-ақ шет елдерде де мүлікке, оның ішінде шет ел валютасына меншік құқығына; мүлікті мұралыққа алу және мұралыққа беруге; реслублика аумағында еркін жүру және тұратын орнын еркін таңдауға; Республика шегін еркін тастап шығу және оның аумағына еркін қайта оралуға; заң актілерімен тыйым салынба-ған кез келген қызметпен айналысуға; занды тұлғаны жеке немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірлесе құруға; заң актілерімен тыйым салынбаған кез келген мәміле жасауға және міндеттемелерге қатысуға; жаңалық ашуға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына және өзге де ой еңбегіне жеке меншік құқығы болуға; материалдык, және моральдық зардаптардың орны толтырылуын талап етуге; басқа да мүліктік және жеке құқықтарды иеленуге құқылы (ҚРАК-інің14-бабы).2524
Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықты иелену және оны жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттерді туғызу, оларды орындау (азаматтык, қабілеттілік) оның кәмелеттік жасқа келуімен, яғни жасының он сегізге толуымен толық көлемінде туады.
Заң актілерімен он сегіз жасқа толмай некеге отыруға жол берілген азаматтың әрекет қабілеттілігі толық, көлемінде ол некеге отырған күннен басталады. Егер заң актілерімен өзгеше кезделмесе барлық азаматтың әрекет қабілеттілігі бірдей болады (ҚР АК-інің 17-бабы).26
ҚР АК-інің 18-бабында құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен айыру мен оны шектеуге жол берілмейтіні туралы ереже белгіленген. Атап айтқанда, заң актілерімен көзделген реттер мен тәртіптен өзге жағдайда ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне шектеу қоя алмайтындығы белгіленген.
Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің заң актілерімен белгіленген шарты мен тәртібін немесе олардың кесіпкерлікпен не өзге қызметпен айналысу құқығын сақтамау тиісті шектеулерді белгіленген мемлекеттік немесе өзге орган актісінің заңсыздығын көрсетеді.
Азаматтың құқықтық қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігінен және құқықтық қабілеттілігін немесе ерекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған басқа да мәмілелерден толық немесе ішінара бас тартуы, заң актілерімен рұқсат етілгендерден өзге реттерде заңсыз болып табылады.
Азаматтық құқықты қорғау тәсілдері ҚР АК-інің 9-бабында белгіленген. Азаматтық құқықтарды қорғауды: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін іс-әрекеттердің жолын кесу; міндеттіліктің іс жүзінде орындалуына үкім ету; шығындарды, айыптарды өтеу; мәмілелерді заңсыз деп тану; моральдық зардаптардың орнын толтыру; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару немесе жергілікті өкілді не атқарушы органдардың заңдарға сәйкес келмейтін актілерін заңсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқық иеленуіне немесе оны жүзеге асыруына кедергі келтіргені үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айып өндірту жолымен, сондай-ақ заң актілерімен көзделген өзге де тәсілдермен сот немесе аралық сот жүзеге асырады.
Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет немесе басқару органына жүгіну, егер заң актілерімен көзделмеген өзге реттерде, құқықты қорғау туралы сотқа жүгінуге кедергі келтірмейді.
Заң актілерімен арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған жеке немесе заңды тұлғалардың тікелей өздері арқылы жүзеге асырылады (өзін-өзі қорғау).
Егер заң актілерімен немесе шарттармен өзгеше көзделмесе құқығы бұзылған адам оған келтірілген зиянның толық өтелуін талап ете алады. Шығындар дегеніміз - құқығы бұзылған адамның өндірілген немесе өндіріліп алынуы тиіс болатын шығындары, оның, жоғалған немесе зақымданған мүліктері (нақты залал), сондай-ақ осы адам, егер оның құқығы бұзылмаған болса айналымның әдеттегі жағдайында ала алатын алынбаған кірістері (жоғалған тиімділік).
Мемлекеттік өкімет органының, өзге де мемлекеттік органның заңға сәйкес келмейтін актілерін шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген зиянды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық бірліктің өтеуі тиіс.
Егер жолсыздықтан құқықтық зардап шегу тәртіп бұзушының кінәсінен болса, заң актілерілнен кезделгеннен басқа реттерде оның кінәлілігі жорамалданады.