Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 11:30, курсовая работа
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
Қазақстан Республикасының Парламент бекіткен халықаралық шарттарының оның заңдарынан басымдығы болады. Егер Конституцияда жай заңдар мен конституциялык, заңдардың шектелгендігін ескерсек, оңда, әрине, Қазақстан Республикасының Парламент бекіткен халықаралық шарттарының тек жәй заң алдында ғана басым екендігі түсінікті болады. Казақстан Республикасының Парләамент бекіткен халықаралық шарттары тікелей қолданылады. Бұл құқықтық нормалары бар мұндай шарттардың тиісті қоғамдық қатынастарды реттейтін, оларға қатысушылардың құқықтарын, міндетіері мен жауап кершіліктерін тудыратынын білдіреді.
Халықаралық шарттарда олардағы нормативтік ережелерді қолдану үшін заң шығарудың қажеттілін керсетілуі мумкін.
Онда халықаралық шарттардың ережелері заң қабылдау арқылы іске асырылады.
Сондықтан бекітілгенге дейін халықаралық шарттардың Қазақстан Респубпикасы Конституциясына сәйкестігі қаралады. Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің жүгінуімен Қазақстан Реслубликасының халықаралық шарттарының Кон-ституцияға сәйкестігін оларды бекіткенге дейін қарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған халықаралық шарттар бекітілмейді және қолданысқа енгізілмейді.
Мұндай заңның ерекшелігі мынада, біріншіден, оның қайнар көзі халықаралық шарт болып табылады, екіншіден, мұндай заңмен халықаралық; шартқа өзгеріс, толықтыру енгізілмейді; және үшіншіден, оған Казакстан Республикасының заңдарын қабылдау тәртібі қолданылады.
4.4. Конституцияға сәйкес, Республика қатысушы болып табылатын барлық заңдар, халықаралық шарттар жарияланады. Казақстан Республикасының Казақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдары, қаулылары және басқа актілері қазақ және орыс тілдерінде шығатын "Парламент Жаршысында", "Егемен Қ азақстан", "Казахстанская правда", "Заң", "Юридическая газета" газеттерінде жарияланады. Қазақстан Республикасының заңдары аталған газеттерде немесе олардың ресми қосымшаларында Қазақстан Республикасының Президенті қоп қойғаннан кейін жеті күндік мерзім ішінде, бірақ, олар қабылданған күннен төрт аптадан кешіктірілмей жарияланады. Қазақстан Республикасыньің Парламенті қабылдаған қаулылар мен басқа актілер аталған газеттерде олар қабылданған күннен жеті күннен кешіктірмей жарияланады. Казақстан Республикасы заңдарының "Парпамент Жаршысында", "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде жариялануы ресми жариялану болып табылады.
Аталған барлық акілер, сондай-ақ өзге де баспасөз органдарында жариялануы, теледидар, радио арқылы хабарлануы, телеграф арқылы берілуі, тиісті органдар мен ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Қазақстән Республикасының Заңдары, Парламенттің нормативтік сипаттағы басқа да актілері "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде немесе олардьің ресми қосымшаларында жарияланған күннен кейін он күн өткен соң Республиканың бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енеді. Заңның күшіне енуінің көрсетілген мерзімі Республика Парламенті актіні қабылдаған кезде оны қолдануға енгізудің басқа мерзімін белгілеген жағдайда қолданылмайды.
Бұл жағдайда әңгіме Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының барлық түрлерінің жариялануы жөнінде болып отыр.Казақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою тәртібі туралы" заң күші бар Жарлығында оларды жариялау тәртібі көзделген. Парламент бекіткен, Қазәқстан Республикасы үшін күшіне енген мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар Парламенттің ресми басылымдарында жарияланады.
Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген, бекітуге жатпайтын мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосылуы, Президенттің келтірілген жарлығы белгілеген тәртіпте жүзеге асырылған үкіметаралық шарттар "Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жинағында" жарияланады. Ведомствоаралык,, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосылуы Президент жарлығымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылған шарттарды қоса алғанда, Казақстан Республи-касы үшін күшіне енгізілген халықаралық шарттар "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, келісімдерінің және жекелеген заң актілерінің Бюллетенінде" жарияланады) Қазақстан Республикасының шетел тілінде мәтіні бірдей жасалған халықаралық шарттары осы тілдердің бірінен қазақ және орыс тілдеріне ресми түрдегі аудармасымен жарияланады.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік қүқықтық актілер де ресми, яғни оларды қабылдаған мемлекеттік органдардың атынан ресми түрде жариялануы тиіс. Тек осындай реттерде ғана оларды нақты жағдайларға қолдануға болады.Осы ретте әңгіме Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың қаулылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік актілері жөнінде болып отыр.
Қазақстанның ежелгі дәстүрлі құқық нормаларын жан-жақты зерттеп алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апеллияциялық өндіріс жайлы толыққанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес. Өкінішке орай, отандық қылмыстық процесс жүйесінде соттың үкімдері мен шешімдерін апелляциялық қайта қарау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандықтан, Қазан төңкерілісіне дейінгі қазақ құқықнамасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып алудың қиын екені де рас.
Дәстүрлі құқық туралы сөз
қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы
жағынан біркелкі болғанын
Қазан төңкерілісіне
дейін қазақтардың дәстүрлі
“Қылмыспен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек тұрмыс-салты басқаша дамыған қырғыздардан (қазақтардан) орыстармен немесе басқа еуропалықтармен бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес”35.
2.3 Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің дамуын жан-жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар. Өткен тақырыптарда көрсетілгендей құқық пен мемлекет қоғамның экономикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттеп басқару үшін өмірге келді. Бұл – объективтік процесс. Сондықтан, құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамиды. Біздің Қазақстан Республикасының құқығы да осы үш бағытта дамуда: – қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп басқару үшін құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауда; – қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап, оларды басқару үшін алдын-ала нормативтік актілерді дайындау; – қоғамның өткен дәуірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды тәжірибелік қорытындылар жасап құқықтық нормалардың сапасын жақсарту. Сонымен, құқықтық нормалар қоғамның экономикалық-әлеуметтік қажеттіліктері арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқық тек қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесін басқарумен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын да реттеп-басқарып отырады. Осы процесте халықтың, ұйымдардың қоғамның дамуы қажеттілігін, тілектерін жақсы дұрыс түсінуін – объективтік құқық дейді. Ал сол объективтік процесті нормативтік актілер арқылы реттеп басқаруды – субъективтік құқық дейді. Бұл екі процестің арасында тығыз байланыс, бір-біріне тәуелділік, іс-әрекетінде бірлестік болады, бұларсыз объективтік және субъективтік процесс дұрыс, жақсы дамымайды. Сондықтан, мемлекет бұл процестің біржақты дамуына жол бермеуге тиісті. Субъективтік құқықтың белгінышандары: – субъектілердің құқықтарының заңды түрде болуы; – ол құқықтарды іске асыруға, пайдалануға мүмкіншіліктің болуы; – субъектілердің бостандығын, құқықтарының дұрыс дамуын мемлекеттің бақылауында, қорғауында болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабында былай делінген:
4.1. Қазақстан Республикасының Кокституциясында "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық" сөздері, біріншіден, Конституция нормалары жәй декларациялар емес, тікелей қолданылатынын; екіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келетін нормативтік қүқықтық актілердің ғана қолданылатын актілер болып танылатынын; үшіншіден, Қазақстанның үлттық актілері тек Республиканың мемлекеттік органдары қабылдайтын нормативтік қүқықтық актілерден ғана емес, сонымен бірге халықаралық шарттарынан және республиканың өзге де міндеттемелерінен тұратынын атап көрсету үшін қолданылған.
Теорияда "қүқық" сөзі мемлекет белгілеген немесе рүқсат берген кұқықтық нормалардың жиынтығы (жүйесі) ретінде түсініледі. Қазақстан Республикасының Коңституциясында "қолданылатын құқық" Конституция нормаларының және Конституцияға сәйкес мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік қүқықтық актілердің жиынтығы ретінде келтіріледі. "Қолданылатын кұқық" деп келтірудің мейлінше терең заңдық мәні бар сияқты. Біздің пікірімізге, онын, себебі мынада, нормативтік қүқықтық актілер тек қүқық нормаларына ғана емес, сонымен бірге басқа да қүқықтық элементтерден: қүқықтық анықтамалардан, ұғымдардан, принциптерден, идеялардан, декларациялардан, кіріспелерден және тағы басқаларынан түрады. Қүқықтың тек нормалары ғана емес, тұтас нормативтік қүқықтық акт қоғамдық қатынастарды реттеуге (ретке келтіруге) бағытталған. Әрбір құқык, элементінің өз мақсаты, бағыты бар және тиісті рөл атқарады. Демек, нормативтік қүқықтық актілердегі қүқық нормалары ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда нормативтік қүқықтық актілер де қолданылатын қүқықтың қайнар көзі болып табылады.
Осы баптың аталған тармағында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы бар органдардың бәрі бірдей тізілмеген. Конституцияға сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға құқылы субъект - халық, Президент, Парпамент, Үкімет, орталық атқарушы органдар болып табылады. Сонымен бірге 4-баптың 1-тармағында қолданылатын құқыққа Конституцияға сәйкес республиканың Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Соты жататындығы көрсетілген, Аталған органдардың нормативтік емес актілері қолданылатын қүқық актілері болып табылмайды34.
4.2. Қазақстан Республикасының
Конституциясында Ресей
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші конституциялық заңдары сияқты жәй заңдардың да, өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келмеуі тиістігін, барлық деңгейдегі мемлекеттік үкімет органдарының, лауазьімды адамдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің Конституцияны сақтауға міндетті екендігін білдіреді. Консти-туцияның жоғары заңдық күші Конституцияға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген құқықтық нормаларының, ережелерінің заңдық күші жоқ деп есептелетінін және олардың күшін жоюға жататындығын білдіреді.
Конституция нормаларын тура қолдану мемлекеттік органдардың олар реттейтін қоғамдық қатынастарға тікелей қолдануын білдіреді. Конституцияның тура қолданылуы оның құқықтық жасампаздық рөлінен де көрінеді. Конституцияда қандай заңдар қабылдау қажеттігі атап керсетілген. Осы заңдар не нақты аталады, не атаусыз нұсқалады. Демек, Конституцияда Конституциялық Кеңестің құзыреті мен қызметі конституциялық заңмен реттелетіні айтылған. Парламенттің заң шығарушыпық қьізметі: меншік режимі, салық салу, сот құрылысы, сот ісін жүргізу және басқалары туралы заңдар шығаратыны жалпылай көрсетіледі.