Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 06:36, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі – ең алғашқы кезеңдердің бірі деп, күшті, тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.
Мемлекеттік жүйеде сот билігі, заң шығарушы және атқарушы билiктiң қызметін тиімді түрде құқықтық нормаға түсіретін маңызды тепе-теңдік механизмi ретінде көрінеді. Сот жүйесіне түрлі мамандандырылған сот мекемелері кіреді: азаматтық, қылмыстық, әскери, әкiмшiлiк және басқа соттар.
Кіріспе....................................…………….................................................…….........3
1. Сот билігінiң конституциялық кепiлдiктердi қамтамасыз етушi орган және мемлекеттiк билік тармағы ретіндегі мәні мен маңызы.
1.1 Мемлекеттегi биліктi бөлу теориясы және сот билiгi........………………..…5
1.2 Сот билігін жүзеге асырудың конституциялық принциптері……...……….8
1.3 Сот билігінің жүзеге асырылуы және судьялардың құқықтық
мәртебесi.......………..............................……………………………………….11
2. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құрудағы сот билігінің ролі.
2.1 Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы
соттың ролi……………………………………………………………………..16
Қорытынды.....................................................................….................……………..24
Пайдаланылған дереккөздер тізімі................................…..............……..……..…26
Мемлекеттік қызметшілердің
негізгі міндеттеріне, сондай-ақ азаматтар
мен заңды тұлғалардың
Аталған заңдағы маңызды нәрсе – іс-әрекеттері жөнінде сотқа шағым берілген органдар мен адамдардың іс жүргізу міндеттерін белгілеу болып табылады, олар шағым берілген шешімнің заңдылығын құжат жүзінде дәлелдеулері тиіс. Ал азамат шағым берілген актінің заңсыздығын дәлелдеу міндетінен босатылады, бірақ сотта ол өз құқықтары мен еркіндіктерінің бұзылу фактісін дәлелдеуге міндетті. Атқару билігі органдарының іс-әрекетін сот заңсыз деп таныған жағдайда, бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру үшін сот шаралар қабылдайды, ал мемлекеттік қызметшіге қатысты – оның жауапкершілігін анықтайды.
Сот билігі жөніндегі заңдарды қолдану бойынша нақты кемшіліктердің бар екендігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы 1998 жылы 14 мамырда “Қазақстан Республикасындағы сот билігі жөніндегі заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы” қаулы қабылдады. Оның 2-тармағында былай атап көрсетіледі, Конституцияның 4-бабындағы 4-тармақтың талаптарына сәйкес соттар азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жарияланбаған нормативтік актілерді қолдануға және солар арқылы өз шешімдерін негіздеуге құқықты емес. Сондықтан сот істі қарау барысында қолдануға жататын нормативтік-құқықтық актінің жариялану фактісін тексеруге міндетті. Бұл ретте соттар Конституцияның 78-бабын орындау кезінде адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін кез келген нормативтік актіні конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсыныспен істі қараудың кез келген сатысында Конституциялық Кеңеске жүгіне алады. Сондай-ақ, Конституциялық Кеңеске ұсыныс енгізумен және осыған байланысты қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұрумен қатар, сот Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 322-бабының талаптарына сәйкес сотқа тартылушы тұтқында болған жағдайда, оған бұлтартпау шараларын өзгерту жөніндегі мәселені талқылауға құқықты. Осы қаулыда соттарға мемлекеттік органның лауазымды адамдарының сол не басқа істі шешу себебі жөнінде ұсыныстар мазмұндалған жазбаша немесе ауызша арыздарын қараусыз қалдыру ұсынылады, ал қажетті жағдайларда, бұдан басқа, осы адамдарды жауапқа тарту жөнінде мәселе қойылады.
Соттарға, сондай-ақ күшіне
енген сот қаулысын өз еріктерімен
орындаудан азаматтар, мемлекеттік
органдар мен ұйымдардың лауазымды
адамдары бас тартқан жағдайда, осы
адамдарды әкімшілік
Мұнымен қатар, сот билігінің
ықтимал жүгенсіздігінің
Мемлекет билігінің жүйесін реформалау, құқықтық реформаны жалғастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге нысаналық және сот билігін нығайту, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әкімшілік-билік жүргізу деп аталатын өкілеттіктерінен туындайтын істер санаттарына мұқият назар аударуы талап етеді.
Биліктің түрлі тармақтарының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілерін заңсыз деп тану туралы істер, сайлауларды заңсыз деп тануды қоса алғанда сайлау заңдарын бұзу туралы шағымдар, қысқасы, әкімшілік-құқықтық қатынастар саласында туындайтын барлық істер күн санап өзекті мәселеге айналып келеді. Оның үстіне сотқа түсетін арыздар саны ұдайы өсу үстінде.
Тек атқару органдары ғана емес, сонымен бірге заң шығару билігі шығаратын барлық нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мазмұнына бақылау жүргізу құқығын алған мезеттен бастап сот билігі нақты мәртебеге ие болады, яғни іс жүзінде “тежемелік пен тепе-теңдік” жүйесін қолданудың нақты мүмкіндігі пайда болған сәттен бастап. Көптеген авторлар сот билігін әділ сот ретінде емес, заң шығару және атқару биліктерінің шешімдері мен іс-әрекеттеріне белсенді ықпал көрсетудің заңды мүмкіндігі ретінде сипаттауды ұсынады. Ол теңестірілген бірде-бір биліктің Конституция шеңберінен шығуға мүмкіндік бермейді. Бұл ретте қайткенде де соттардың басты міндеті әділ сот болып қала береді. Әділ сотты жүзеге асыру кезінде құқықтық заң үшін күрес жүруі тиіс. Нақ осы нақты істерді шешу кезінде, қайсібір нормативтік-құқықтық актінің, Конституцияға немесе анағұрлым жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкессіздігін анықтау арқылы соттар заңды шешім қабылдай отырып, жанама бақылауды жүзеге асыратын сияқты. Осымен бір мезгілде дауланып отырған актінің қолданылуына тыйым салынады. Мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімдері жөнінде жалпы құқықтық құзырдағы соттарға шағым беру мен қарсылық білдіру тәртібі еліміздің кейбір заңдық актілерінде, атап айтқанда: “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы”, “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы” заңдар және т.б. көрсетілген.
Соттар жыл сайын құқықтық актілерді заңсыз деп тану туралы көптеген істерді қарайды.
Нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мазмұнына сот бақылауын жүргізу практикасы Қазақстан Республикасында өте күрделі түрде қалыптасуда, оның себебі судьялар құзыреттерінің жетімсіздігі, заң шығару тепе-теңдіктерінің бұзылуы және т.с.с. Егер Ресей Федерациясында осындай себептердің бірі, мысалы, Федерацияның Конституциялық соты мен Федерация субъектілерінің арасындағы құзыреттерді шектеудің дүдәмалдығы, жалпы құқықтық құзырдағы соттар мен төрелік (арбитраждық) соттар ұсынған сот жүйесінің алуан түрлілігі болып табылса, ал Қазақстан Республикасында осы мәселелер төрелік соттардың таратылуымен, іс жүргізудің жаңа кодекстерін қабылдаумен байланысты. Осыған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” жаңа конституциялық заңының 3-бабының 3-тармағында: Қазақстан Республикасында мамандырылған соттарды құруға көзделген (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөнінде және басқалар) деп атап көрсетеді.
Осыған байланысты бiрқатар авторлар “Жалпы құқықтық құзырдағы соттар туралы” Конституциялық заң қабылдауды ұсынады. Заңда барлық проблемалық мәселелер, әсіресі жалпы құқықтық құзырдағы соттардың заңдар нормасының қолданыстағы жүйесіне қайшы келетін заң күшінен айыруға құқықтары бар ма деген мәселе конституциялық көрініс табуы тиіс. 1995 жылғы 29 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы” Қазақстан Республикасының конституциялық заңының 39-бабының 2-тармағы бойынша, “Конституция бекіткен адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін болып танылған заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер, және конституциялық емес, заңдық күшін жоғалтады және қолдануға жатпайды. Соттардың және өзге де құқық қолданушы органдардың осындай заңға немесе басқа нормативтік-құқықтық актіге негізделген шешімдері орындалуға жатпайды”. АІЖК-нің 28-тарауында “Нормативтік-құқықтық актілердің заңдылығына азаматтардың дауласуы туралы істер жөніндегі өндірісі” (283-285-баптар) тарауында мемлекеттік органның актісін заңға толық немесе актінің жеке бөлігінің заңға қайшы екендігін тану туралы азаматтардың арыздарының негізділігі кезінде, сот өз шешімінде нормативтік-құқытық актіні, қабылданған актіні толығымен немесе актінің жеке бөлігінде жарамсыз деп таниды. Соттың бұндай шешімі осы актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазым иесі үшін, дау туғызған нормативтік құқықтық актінің әрекеті құқықтары мен еркіндіктері бұзылған азамат пен адамдардың анықталмаған тобы үшін міндетті. Демек, қазақстандық заңдарда осы мәселе жалпы құқықтық құзырдағы соттардың пайдасына шешілген, олардың нормативтік-құқықтық актілерді жарамсыз деп тануға нақты мүмкіндіктері бар. Бұл іс жүзінде олардың заңсыздығы мен соттардың, өзге органдардың және лауазым иелерінің осы актілерді қолдануға шарасыз екендігін білдіреді. Арыз қанағаттандырылған жағдайда шешімнің қарар бөлігінде сот, бұқаралық ақпатар құралдарының редакциясы, сот белгілеген мерзімде, сот шешімі туралы хабар жариялауға міндетті екендігін нұсқайды. Егер жарамсыз болып танылған нормативтік-құқықтық акт бұрын бұқаралық ақпараттың осы құралы арқылы жарияланса. Осы актіні бұқаралық ақпараттың аталмыш құралы арқылы бұрын басып шығару сияқты неге осындай шектеу шарттары қойылатыны амалсыз түсінбестік тудырады. Ал егер бұрын бірнеше басылымдарда шықса ше? Сондықтан осы ереженің екіұшты ұғымын болдырмау мақсатында аталмыш актіні қабылдаған органның әдетте өзінің нормативтік құқықтық актілерін жариялап жүрген барлық басылымдарда жариялау міндеті туралы жазып көрсеткені жөн болар еді. Және осындай ереже сот шешімі қабылданғанға дейін актіні міндетті жариялау арқылы сот шешімін хабарлаумен байланыстырмайды. Нақты актінің жарамсыздығы туралы барлық құқық қолдану субъектілеріне хабарлау үшін дәл осындай жарияланымның құқықтық мәнісі бар.
Қазақстан Республикасы
Конституциясының 72-бабындағы 2-тармағына
сәйкес Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесі Конституцияның
78-бабында көзделген
Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 29 желтоқсандағы “Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі
туралы” Конституциялық заңының 22-бабында
нысаны және мазмұны бойынша арыз-
Қазақстан Республикасы соттарының Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгінулеріне жасалған талдау мынаны көрсетеді: 1996-2001 жылдар аралығында Конституциялық Кеңес арқылы Республика соттарының 38 арыз-ұсыныстары қаралған. 14 арыз-шағым бойынша нормативтік қаулылар қабылданды, 4-уі ұсыныс жөнінде ұсыныс берген соттардың бастамалары бойынша конституциялық өндіріс тоқтатылды, ал 20
ұсыныс түрлі негіздер бойынша конституциялық өндіріске қабылдаудан бас тартуға байланысты олардың субъектілеріне қайтарылды.
Конституциялық Кеңес конституциялық өндіріске қабылдаудан бас тартып соттарға қайтарып жіберген 12 ұсынысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 1998-2000 жылдар арасында зерттеп шықты, олардың 8-і ұсыныс тақырыбының Конституциялық Кеңестің құзыретіне жатпайтындығынан, ал 4 ұсыныс лайықты нысан мен мазмұнның сақталмауынан қайтарылды.
Конституциялық Кеңеске ұсыныс беру кезінде соттар іс бойынша өндірісті тоқтата тұруға міндетті. Ал бұл туралы анықтаманың көшірмесін материалдармен бірге Кеңеске тапсыруы керек.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа Конституциясының 3-бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуін, сондай-ақ тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара іс-қимыл жасауын бекітіп берді. Сот сәттен бастап сот билігін нығайту процесі шынайы көрініс таба бастады. Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан, судьялар мен соттардың материалдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуден айқын байқалды. Әсіресе азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын шектеу қаупі бар жаңдайларда, қылмыстарды іздестірумен және ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда. Мәселен, тұтқынға алу және күзетпен ұстау сотқа шағымдануы мүмкін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабы).
Сот билігі деп соттар жүзеге асыратын
адамдардың мінез-құлқына және әлеуметтік
процестерге ықпал ету
Сот билігі – Конституция белгілеген, мемлекет атынан арнайы мемлекеттік органдар – соттар арқылы іске асырылатын, Конституцияда көзделген тәртіпте құрылатын, құқықтық даулар мен істерді шешу жөнінде заң құзырет берген; адам мен азаматтың, мемлекет пен ұйымдардың құқықтарын, еркіндіктер мен заңды мүдделерін қорғау мақсаттарында өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді орындайтын, айрықша іс жүргізу нысандарында іс-қимыл жасайтын және мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті сипаттағы шешімдер шығару құқығына ие біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы.
Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады (Конституцияның 76-бабы). Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 75-бабы). Сот билігінің Қазақстандағы иелері құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын айғақтайтын соттар болып саналады.
Республиканың сот билігі Конституциямен және заңмен белгіленген. Мемлекеттік механизмдегі сот билігінің орны оларға жүктелетін қызметтердің сипатына қарай анықталады. Соның ең бастысы сот әділдігін атқару болып табылады.
Сот әділдігі сот билігінің әлеуметтік ролін көрсетеді. Биліктің қалған қызметтері туынды сипат алады және оның басты міндетіне нақты қызмет көрсетеді. Осыларға конституциялық бақылауды, үкімдер мен өзге сот шешімдерін орындауды қамтамасыз етуді, сот қадағалаудың, сот статистикасы мен сот практикасын зерттеуді, талдауды және қорытындылауды, құқықтық актілерге түсінік беруді, судья корпусын құруға соттардың қатысуын, нормашығармашылық қызметті жатқызуға болады.
Құқықтық нормаларға түсінік беруді оларды қолдану процесінде соттар жүзеге асырады. Сонымен қатар Жоғарғы Сот қолданыстағы құқықтық негіздері болып табылатын сот практикасының мәселелері жөнінде нормативтік қаулылар шығарады. Осы көрсетілген қаулылар соттарға заңнама нормаларын қолдану жөнінде түсініктер береді, заңнама нормаларының республиканың бүкіл аумақтарына міндетті күші бар және олар өзге емес, ресми түсінік беру актілері болып табылады. Сондықтан Жоғарғы соттың осы қызметі тиісті құқықтық бекітілуі тиіс.
Қылмыстық және азаматтық процестерінде сот пен прокуратура, сот пен қорғаушылар қызметтерінің арақатынасының, сот бақылауы мен алқабилер сотының іс жүргізу институттарын дамытудың проблемалары өз шешімін табуды талап ететін ескере отырып, курстық жұмыста осы саладағы заңнаманы одан әрі реформалау жөнінде пiкiрлер бiлдiруге талпыныс жасалды.