Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 06:36, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі – ең алғашқы кезеңдердің бірі деп, күшті, тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.
Мемлекеттік жүйеде сот билігі, заң шығарушы және атқарушы билiктiң қызметін тиімді түрде құқықтық нормаға түсіретін маңызды тепе-теңдік механизмi ретінде көрінеді. Сот жүйесіне түрлі мамандандырылған сот мекемелері кіреді: азаматтық, қылмыстық, әскери, әкiмшiлiк және басқа соттар.
Кіріспе....................................…………….................................................…….........3
1. Сот билігінiң конституциялық кепiлдiктердi қамтамасыз етушi орган және мемлекеттiк билік тармағы ретіндегі мәні мен маңызы.
1.1 Мемлекеттегi биліктi бөлу теориясы және сот билiгi........………………..…5
1.2 Сот билігін жүзеге асырудың конституциялық принциптері……...……….8
1.3 Сот билігінің жүзеге асырылуы және судьялардың құқықтық
мәртебесi.......………..............................……………………………………….11
2. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құрудағы сот билігінің ролі.
2.1 Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы
соттың ролi……………………………………………………………………..16
Қорытынды.....................................................................….................……………..24
Пайдаланылған дереккөздер тізімі................................…..............……..……..…26
Іс жүргізу құқығы мен сот құрылысы саласының мамандары сот билігін “мемлекеттің арнайы органдары соттарға, құзыреттеріне жатқызылған мәселелерді шешу жөнінде берілген өкілеттіктер, ол мәселелер құқықты қолдану және осы өкілеттіктерді конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік жолмен қолдану кезінде туындайтын мәселелер және соттар қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін кепілдендіретін іс жүргізу нормаларын сақтау арқылы төрелік (арбитраждық) сот өндірісі” ретінде анықтайды.
1. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Бұлар азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын, иеленуге құқығы жоқ. Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар ешкімге есеп бермейді. Тек қана сот қылмыстық іс бойынша айыптау не ақтау үкімін, ал азаматтық іс бойынша заңды шешімін шығара алады. Сот шешімдері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот шешімдері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқабилер арқылы соттарға ғана тиесілі.
2. Заңдылық. Өзге мемлекеттік органдар сияқты соттардың қызметі тек Конституцияға, заңдарға, соның ішінде Қылмыстық істер жүргізу мен Азаматтық, Әкімшілік істерді жүргізу кодекстеріне және де Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың нормативтік актілеріне негізделуі тиіс, оларды бұлжытпай дәлме-дәл орындаулары қажет. Өйтпеген жағдайда олардың үкімдері мен шешімдері заңсыз болып табылып, жойылуға не өзгеруге тиіс.
3. Судьялардың
4. Судьяның тәуелсіздігі және оның ҚР Конституциясына, заңдарына бағынуы. Судьялар сот төрелігін жүргізген кезде дербес, ешкімнің еркіне бағынбай, тәуелсіз, тек қана еліміздің Конституциясына және өзге де заң актілеріне бағынады. Демек, олардың тәуелсіздігі заңмен қорғалады. Судьялардың тәуелсіздігі мынадай кепілдіктермен қамтамасыз етіледі:
- судьяның сот төрелігін
іске асыру жөніндегі
- судьяға ешкімнің тиіспеуімен;
- судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттілігін тоқтату және тоқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;
- судьяларға мемлекет есебінен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тиым салу арқылы.
5. Сот істерінің жариялылығы немесе ашық қаралуы. Мұның өзі істің жан-жақты, толық және объективті түрде қаралуына жағдай туғызатыны сөзсіз. Бірақ та, заңда көзделген "негіздерге сәйкес, сотта істерді қарау судьяның жеке басшылығымен де жүргізіледі.
Соттарда азаматтық және қылмыстық істерді алқалы және судьяның жеке басшылығымен қарайды; іс соттың бірінші инстанциясында алқабилердiң немесе үш судьядан тұратын сот алқасының не судьяның өзінің қатысуымен қаралады. Судьяның жеке басты қарайтын істердің тізбесі ҚР Қылмыстық істерді жүргізу, Азаматтық істерді жүргізу кодекстерінде нақтыланған.
6. Сот ісін жүргізу тілі туралы принцип. Соттарда, ҚР-ның Конституциялық Кеңесінде және т.б. мемлекеттік органдарда іс жүргізу, олар қабылдайтын шешімдер мемлекеттiк және орыс тілдерінде жүзеге асырылып, жазылуы тиіс. Іске қатысушы адамдардың іс жүргізу тілін меңгермеген болса, онда олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аудармамен немесе тілмашпен қамтамасыз етілуі қажет.
7. Кінәсіздік презумпциясы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдiктердiң ең маңыздыларының бiрi – ешкiм кiнасы толық дәлелденiп, соттың заңды үкiмi күшiне енбейiнше кiналы деп танылмайды.
1.3 Сот билігінің
жүзеге асырылуы және
мәртебесi
Құқықтық мемлекеттің
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25-желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот-құқықтық реформаны одан әрі жетілдіру болды.
1995 жылғы Конституцияға сәйкес, республикадағы сот билігін Жоғарғы Сот және жергiлiктi (облыстық, аудандық (қалалық) соттар жүзеге асырады. Сот билігі жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты мен әскери соттар жатады. Сот билігінің негізгі міндеті-азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын (келісім-шартарын) орындау болып табылады.
Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының "тежемелік" әрі "тепе-теңдік" жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.
Жоғарыда аталған
1) Жоғарғы сот төрағасының
өкілдіктерін кеңейтуге,
2) сот әкімшіліктерi - судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізілді, оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет министрлігінің құзыретіне енгізілген болатын;
3) облыстық соттардағы
және Жоғарғы соттағы алқалар
мен Жоғарғы сот пленумының
орнына қадағалау төралқалары
мен пленарлық отырыстар құру
көзделеді. Мұның өзі төралқа
сияқты органдар белгіленбеген
Конституция нормаларына
Сөйтіп, соттардағы сот төрелігін
тек Конституцияда көзделген
сот органдары - алқалар ғана жүзеге
асыратын болады. Демек, мұның өзі
судьялардың пленарлық
4) сот өндірісін бір
ізге салу мақсатында
5) Жоғарғы Сот жанындағы әскери алқа таратылды;
6) судьялардың тәуелсіздік кепілд
Судьялар лауазымдарына
Жоғарғы Сот алқалары төрағалары мен
судьялары, жергілікті соттар төрағалары,
алқалар төрағалары бос лауазым
орындарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ
республика судьялары өкілдіктерін
тоқтату жөнінде ұсыныстар
Сот корпусының сапалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар - біліктілік емтиханын сәттi тапсырған тұлғалардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленді.
7) судьяларға қойылатын талаптар күшейді. Әрине, бұл арада кейбір негізгі жәйіттер ғана аталып өтті. Бірақ айтылғанның өзі жұмыстың қай бағытта жүргізіліп жатқаны жөнінде түсінік береді ғой деп ойлаймыз.
Біз бұл жаңа конституциялық заң біздің мемлекетіміздің жоғарғы мақсатын баянды етіп, дәлме-дәл белгілеуге тиіс дегенге сүйеніп отырмыз. Демек, мұның негізгі ерекшеліктерінің бірі - демократияны одан әрі нығайту және дамыту болмақ. Осы арқылы біз жеке адамның мүддесі үшін бүкіл халықтың мүддесі үшін жаңа өмірді құруды өзінің алдына мақсат етіп қоятын мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының сот жүйесінің гуманистік сипатын атап көрсеткелі отырмыз.
Қазақстан Республикасы сот жүйесінің бірлігі төменгі жағдайлармен қамтамасыз етіледі:
- Конституцияда, аталған
конституциялық заңда іс
- сот билігін барлық
соттар үшін сот ісі
- Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқығы қолданылуымен;
- заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
- заңды күшіне енген сот
- барлық соттарды тек қана республикалық бюджет есебінен қаржыландыруымен.
Қазіргі кезде сот
жүйесін реттейтін басты және
негізгі нормативтік актілер-
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі реформасы 1995 жылғы Конституцияның қабылдауынан және 1995 жылғы 20 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан бастау алатындығы туралы жоғарыда айтып өттiк. Аталған заң актiлерi арқылы соттардың мемлекеттік билікті жүзеге асыруының тікелей нысаны ретінде сот төрелігі туралы, сот органдарының заң шығару және атқару құрылымдарынан тәуелсіздігі туралы, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі жөніндегі істерді шешуде соттарға құқықтық өкілеттіктер беру туралы, олардың билік органдарының арасындағы дауларды қараудағы құзыреттері туралы, сондай-ақ олардың шешімдері мен лауазымды адамдардың әрекеттері жөніндегі шағымдары туралы жаңа ережелер енгізілді. Міне, осылардың барлығы соттардың әлеуметтік мәнін де өзгертті. Бұл ретте “сот билігі” жаңа терминінің тұңғыш рет енгізілгенін ерекше атап өткен жөн. Мәселен, 1995 жылғы 20 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1-тармағы Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі тек сот арқылы ғана жүзеге асырылатынын және сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының (келісім-шарттарының) орындалуын қамтамасыз етуге арналғанын тікелей атап көрсетеді”. Осы биліктің мазмұны мен қызметі сотта іс жүргізу түрлері арқылы көрсетілген, оның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтарын және қоғаммен, мемлекеттің мүдделерін қорғау. Бұрын атап көрсеткеніміздей, “сот”, “сот әділеттігі” және “сот билігі” ұғымдары терең ұғынуды талап етеді. “Сотты” құқықтық аспектіде, сол арқылы конституциялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін құқықтарды қорғау мен заң арқылы қорғалатын мүдделер туралы жүгінулер мен талаптарды қарауды және шешуді тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік-билік жүргізуші орган ретінде ұғынады. “Сот әділдігін” соттың құқықтық құзырына жатқызылатын істерді алдын ала кесіп-пішілмеген, ізгілікпен және әділ қараудың заң белгілеген рәсімі ретінде түсінеді және сот қабылдаған шешімдердің орындалу міндеттілігін атайды. “Сот билігі” ұғымын сот төрелігі іске асыру жөніндегі мемлекет қызметі ретінде анықтайтын, мемлекеттік-билік жүргізу органдары – соттар арқылы орындалатын конституциялық-құқықтық нормалар мағынасынан өрбітеді.