Мемлекеттік сот билігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 06:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі – ең алғашқы кезеңдердің бірі деп, күшті, тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.
Мемлекеттік жүйеде сот билігі, заң шығарушы және атқарушы билiктiң қызметін тиімді түрде құқықтық нормаға түсіретін маңызды тепе-теңдік механизмi ретінде көрінеді. Сот жүйесіне түрлі мамандандырылған сот мекемелері кіреді: азаматтық, қылмыстық, әскери, әкiмшiлiк және басқа соттар.

Содержание

Кіріспе....................................…………….................................................…….........3
1. Сот билігінiң конституциялық кепiлдiктердi қамтамасыз етушi орган және мемлекеттiк билік тармағы ретіндегі мәні мен маңызы.
1.1 Мемлекеттегi биліктi бөлу теориясы және сот билiгi........………………..…5
1.2 Сот билігін жүзеге асырудың конституциялық принциптері……...……….8
1.3 Сот билігінің жүзеге асырылуы және судьялардың құқықтық
мәртебесi.......………..............................……………………………………….11
2. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құрудағы сот билігінің ролі.
2.1 Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы
соттың ролi……………………………………………………………………..16
Қорытынды.....................................................................….................……………..24
Пайдаланылған дереккөздер тізімі................................…..............……..……..…26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс-Мемлекеттегі сот билігі.doc

— 160.00 Кб (Скачать документ)

Сот билігі проблемасына тоталитаризм кезінде құқықтық ғылымда да, іс жүзінде де лайықты көңіл бөлінген жоқ. Әйтсе де сот билігін мемлекеттік механизмдегі биліктің дербес, тәуелсіз тармағы ретінде бекіту мақсатында аталмыш мәселе жөнінде теориялық дайындықтың қажеттілігін ешкім де теріске шығара алмайды. Әрі мұндай дербестік сот корпусын таныту үшін емес, өзге биліктердің озбырлығын тыю үшін нақты мүмкіндікті қамтамасыз ету және жеке азаматтардың да, сондай-ақ бірлестіктердің де, және жалпы қоғамның да құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажет.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы  Конституциясының ережелеріне сүйене  отырып, сот билігінің келесі  негізгі белгілерін атап көрсетуге  болады.

Бірінші белгі – осы билік, Конституциямен бекітілген бірыңғай мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады. Осыған байланысты осы билікті мемлекеттік қызметтің түрі ретінде анықтау соншалық дәл емес, өйткені көптеген мемлекеттік органдар билік тармақтарының табиғатына толық сай келмейтін қызметті орындайды (мысалы, Конституциялық Кеңес, прокуратура).

Екінші белгі – сот билігінің Конституция белгілеген тәртіпте құрылған тек арнайы мемлекеттік органдар – соттарға ғана тиістілігі.

Үшінші белгі – сот билігінің тәуелсіздігі, ол биліктің ұйымдық, атқарушылық және қаржылық дербестігін білдіреді. Осы дербестік өз кезегінде Конституцияда көзделген тәртіпте қалыптастырылатын арнайы мемлекеттік органдар құруда көрініс табады. Бұған соттардың алдында тиісті міндеттер мен мақсаттар қою және оларға меншікті құзырет беру, соттарды сондай-ақ мемлекетік бюджеттен бөлек қаржыландыру жатады.

Осы биліктің тәуелсіздігі оның өзге мемлекетік органдарға: Қазақстан  Республикасының Президентіне, Қазақстан  Республикасының Парламентіне, Қазақстан  Республикасының Үкіметіне бағынышты  еместігін білдіреді. Сонымен қатар  соттардың абсолюттік, толық тәуелсіздігі жоқ, өйткені олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заңдық актілердің талаптарына бағынулары тиіс. Соттың заңсыз шешімдерін тек сот қана бұза алады, ал басқа да құрылдардың осындай құқығы жоқ.

Төртінші белгі – сот билігінің мемлекет атынан жүзеге асырылуы; соттардың үкімдері мен өзге де шешімдерін Қазақстан Республикасы атынан жариялау.[12,76-бап].

Бесінші белгі - әділ сотты, яғни құқықтық даулар мен істерді қарауға байланысты қызметті жүзеге асыру.

Алтыншы белгі – осы билікті Конституция, заңдар, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, республиканың халықаралық шарттары негізінде туындайтын тек осындай істер мен дауларға ғана тарату қолдану. Сот мораль, дін, қызметтік әдеп және т.б. нормаларды бұзуға байланысты жанжалдарды қарамайды және шешпейді.

Жетінші белгі – осы билік үшін қызметтің ерекше тәртібінің, яғни іс жүргізудің тән екендігі (қуыным-талап қою өндірісі, процестегі айыптау мен қорғауға қатысуы).

Сегізінші белгі – осы биліктің құқық қорғаушылық сипаты, осыған байланысты билік қызметінде екі аспект: құқық пен заңның тұтас алғандағы үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғау.

Тоғызыншы белгі – сот ерекшеленетін шешімдерін мемлекеттің күшімен мәжбүрлеп орындатудың қамтамасыз ету.

Міне осы белгілерге қарап, сот билігін Конституция  белгілеген бірыңғай мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы ретінде қарастыруға  болады. Осы билікті соттар арнайы мемлекеттік органдар ретінде мемлекет атынан іске асырады. Олар Конституцияда көзделген тәртіпте құрылады, оларға құқықтық даулар мен істерді шешу жөнінде және азаматтардың, мемлекет пен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсаттарында заң арқылы құзырет беріледі, олар ерекше іс жүргізу нысандарында әрекет етеді және мемлекеттің барлық аумағында орындалуға міндетті шешімдер шығару құқығына ие. Бұл шешімдер мемлекеттің күшімен мәжбүрлеп орындалады.

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Құқықтық  мемлекет және азаматтық қоғам құрудағы сот билігінің

                    ролі

         2.1 Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы соттың

      ролi

Құқықтық мемлекетте сот ең алдымен адамның құқықтары  мен бостандықтарын қорғау органы ретінде  қаралады. Өйткені аталмыш қызмет, әсіресе құқықтық мемлекет құру шарттарында, сот органдарының барлық қызметтерінде басым болуы тиіс. Нақ осы сот дауларды шешу арқылы заңдылық режимін қолдайды және нығайтады, билік және басқару органдарын заң белгілеген құзыреттері аясынан шығармай ұстап отырады.

Дж. Флетчер мен А. Наумовтың  “Қазіргі заманғы қылмыстық құқықтың негізі тұжырымдамалары” кітабына берілген салыстырмалы түсініктемеде профессор  У.Жекебаев “Неге батыс елдерінде, әсіресе АҚШ-та сот билігі қоғамдағы  құқықтық тәртіптің кепілі ретінде ерекше дамып отыр?” деген сұраққа жауап беру кезінде былай деп атап көрсетеді: өйткені мемлекеттің, қоғамның және жалпы әділ соттың ерекше өзара қатынастары мен өзара тәуелділіктерін түсінбейінше, тек сот органдары қызметін талдаумен ғана шектелуге болмайды.[15].

Қоғамның судьларға  және олардың құқықтық санасына ықпалы мен сот органдары қызметінің қоғамдық қатынастарға кері ықпалы, автордың пікірі бойынша, тек экономикалық жағдайға ғана емес, сонымен бірге әр мемлекеттің  саяси дамуына да байланысты болады. Судьялар сайланатын және алмастырылатын елдерде саяси комбинациялар мен әлеуметтік ортаның ықпалы салдарының болмай қоймайтыны жалпы жұртқа танылған жәйт. Зерттеушілер теория жүзінде соттардың тәуелсіздігі, саяси тұрақтылықпен, адам құқықтарына деген құрметпен және аталмыш мемлекеттің демократиялық институттарының тіршілік қабілетімен тығыз байланысты екендігін бір ауыздан қолдайды.[16]. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, мемлекет ең алдымен ішкі рәсімдер мен механизмдерді пайдаланады және адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекет ішіндегі қорғау құрылымының қаншалықты дамығандығына қарай, олардың қызметінің тиімділігі де соған қатысты болады.

Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттеріне, сондай-ақ азаматтар  мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау, азаматтардың арыздарын  заңда белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау, солар бойынша қажетті  іс-шаралар қабылдау жатады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне сотта шағым беру мүмкіндігі кез келген басқа мемлекеттік органға арыздану мүмкіндігімен қатар көрініс тапты. Әйтсе де біздің ойымызша, аталмыш мәселе жеке қарауға лайық. Бізден өзге ТМД елдерде осылай жасалды. Мысалы, Ресей Федерациясында “Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын іс-әрекеттер мен шешімдер жөнінде сотқа шағым беру туралы” 1993 жылы 27 сәуірде Заң қабылданды және ол қолданыста. 1995 жылы 14 желтоқсанда осы Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

Құқықтық мемлекетте сот ең алдымен адамның құқықтары  мен бостандықтарын қорғау органы ретінде  қаралады. Өйткені аталмыш қызмет, әсіресе құқықтық мемлекет құру шарттарында, сот органдарының барлық қызметтерінде басым болуы тиіс. Нақ осы сот  дауларды шешу арқылы заңдылық режимін қолдайды және нығайтады, билік және басқару органдарын заң белгілеген құзыреттері аясынан шығармай ұстап отырады.

Дж. Флетчер мен А. Наумовтың “Қазіргі заманғы қылмыстық құқықтың негізі тұжырымдамалары” кітабына берілген салыстырмалы түсініктемеде профессор У.Жекебаев “Неге батыс елдерінде, әсіресе АҚШ-та сот билігі қоғамдағы құқықтық тәртіптің кепілі ретінде ерекше дамып отыр?” деген сұраққа жауап беру кезінде былай деп атап көрсетеді: өйткені мемлекеттің, қоғамның және жалпы әділ соттың ерекше өзара қатынастары мен өзара тәуелділіктерін түсінбейінше, тек сот органдары қызметін талдаумен ғана шектелуге болмайды.[17].

Қоғамның судьларға  және олардың құқықтық санасына ықпалы мен сот органдары қызметінің қоғамдық қатынастарға кері ықпалы, автордың пікірі бойынша, тек экономикалық жағдайға ғана емес, сонымен бірге әр мемлекеттің саяси дамуына да байланысты болады. Судьялар сайланатын және алмастырылатын елдерде саяси комбинациялар мен әлеуметтік ортаның ықпалы салдарының болмай қоймайтыны жалпы жұртқа танылған жәйт. Зерттеушілер теория жүзінде соттардың тәуелсіздігі, саяси тұрақтылықпен, адам құқықтарына деген құрметпен және аталмыш мемлекеттің демократиялық институттарының тіршілік қабілетімен тығыз байланысты екендігін бір ауыздан қолдайды.[18]. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, мемлекет ең алдымен ішкі рәсімдер мен механизмдерді пайдаланады және адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекет ішіндегі қорғау құрылымының қаншалықты дамығандығына қарай, олардың қызметінің тиімділігі де соған қатысты болады.

Адам құқықтарының жалпыға  бірдей декларациясы жеке адам құқықтары  мен бостандықтарының соттың қорғау құқығын бекітеді. Онда былай деп айтылған: “Әркім өзіне Конституция немесе заң арқылы берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайларда құзыретті ұлттық соттар арқылы құқықтарын тиімді қайтару құқығына ие”, яғни кез келген мемлекет аясында соттар іс жүргізудің болуын жариялайды.[19, 8-бап].  

1966 жылғы азаматтық  және саяси құқықтар туралы  халықаралық пакт сот қорғауы  құқығын іске асыруды қамтамасыз  ету үшін бірқатар заңдық кепілдіктер  көздейді, әрбір қатысушы-мемлекеттің  міндеті – құқықтары мен бостандықтары  бұзылған кез келген адамды, тіпті осы бұзу ресми деңгейде адамдар арқылы жасалса да, құқықтық қорғаудың тиімді құралдарымен қамтамасыз етуі тиіс (2-бап, 3 “А” тармақ); әрбір қатысушы-мемлекеттің міндеті – құзыретті биліктер арқылы құқықтық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету (2-бап 3 “С” тармақ); барлығының соттар мен трибуналдар алдында теңдігі (14-бап, 1-тармақ). Қайсібір азаматтық  процесте құқықтары мен міндеттерін анықтау кезінде істі әділ және жария түрде заң негізінде құрылған құзыретті, тәуелсіз және бейтарап соттың қарауына әркімнің де құқы бар (жариялылық принципі, мұны қолдану тек заңда тікелей және мейлінше толық қамтылған негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін судья лауазымына үміткерлерге жоғары кәсіби талаптар қою, судьялардың тәуелсіздік және бейтараптық принциптері, төтенше соттар құруға жол бермеушілік). Көріп отырғанымыздай, халықаралық құқық сот қызметтерінің тек жекелеген нормативтік және іс жүргізу мәселелерін ғана реттейді, ал басқа мәселелерді анағұрлым толығырақ ұсыныс сипатындағы нормалар реттейді.

Сот қорғауы мүмкіндіктерін дамыту жеке адам үшін оның заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ете алатын жалғыз саты ретінде “сот органдарын “жарнамалау” есебінен емес, сонымен бірге басқа бөлімшелердің (анықтау, тергеу, сараптау) жұмыстарын жақсарту арқылы да жүргізілуі тиіс”,-деген авторлардың ойлары дұрыс. Осы бөлімшелер істерді қарау мерзімінің азаюына, бұрын тоқтатуға “душар болған” істерді жоюға немесе қысқартуға не керісінше, қосымша тергеуге жолдауға және т.б. мүмкіндік жасай алады.

Қазір қазақстандық азаматтар шенеунік озбырлығынан әлі толық қорғалмай отыр. Құқық қорғау органдарына, соның ішінде сотқа, олар тек шарасыз жағдайларда ғана жүгінеді. Адам және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік және жергілікті шенеуніктер тарапынан болатын заңсыз қол сұғушылықтарынан адамды қорғайтын демократиялық жүйенің маңызды буыны ретіндегі институт республикада әлі құрылған жоқ. Міне, осы жағдайлардағы билік тармақтарының өзара қатынастарында сот бақылауы маңызды орын алады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабында атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасындағы сот  төрелігі тек сот арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте Конституция  мына мәселелерді айқын белгілейді: 1) сот билігі азаматтық, қылмыстық және заң белгілеген сотта іс жүргізудің өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады; 2) сот төрелігі де сот арқылы ғана жүзеге  асырылады; 3) судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады (75-бап, 77-бап). Демек, Қазақстан Республикасы Конституциясында судьялардың тәуелсіздігі мен елдегі әділ соттың басқа да қағидаттарын іске асыруды кепілдендіретін аса маңызды ережелер бар.

Сот органдарының негізгі  міндеті - әділ сот болып табылатын  сөзсіз, сот әділдігін іске асыру кезінде соттар тек азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар олар экономика, қоғамдық тәртіпті қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында және басқа салаларда мемлекеттік органдардың заңды мүдделері мен құқықтарын да қорғайды. Осылармен бір мезгілде қатар соттар осы көрсетілген органдардың атқару және өкім шығару саласында туындайтын құқықтық қатынастардың барлық субъектілеріне қатысты сот бақылауы қызметін жүзеге асырады.

Осы міндетерді орындаумен қатар соттар атқару билігі органдарының, өздерінің лауазымды адамдарының  азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, өзге де бейкоммерциялық ұйымдарға  қатысты заңдарда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша шешімдері  мен іс-әрекеттерінің заңдылығына бақылау жасауды жүзеге асырады. Атқару билігі қызметіне сот бақылауын жүргізу, ең алдымен адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын мемлекттің қорғауына, соның ішінде сот қорғауын да конституциялық құқықпен қамтамасыз етуімен байланысты. Тұлғаның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін жүзеге асыру мен қорғаудың маңызды құралы ретіндегі талап-тілектерін анықтау, оларды мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда қараудың бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы “Азаматтардың талап-тілектерін қарау тәртібі туралы” заң күші бар Жарлығы шықты. Жарлықта “шағым”, “ұсыныс”, “арыз”, “пікір білдіру”, “сұрау салу” ұғымдары айқын жіктелінді, арыз берудің рәсімі мен нысандары, арыздарды қарау кезіндегі азаматтар құқықтары, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері және басқалары белгіленеді. Заң бойынша әрбір азамат шағымды, арызды тексеруші адамға өз дәлелдерін жеке мазмұндап беруге; қосымша материалдар ұсынуға, қабылданған шешім жөнінде ауызша немесе жазбаша түрде дәлелді жауап алуға; шешім жөнінде жоғары тұрған лауазымды адамға шағым беруге; органдар мен лауазымды адамдардың заңды бұзу арқылы қабылданған шешімдері мен іс-әректтеріне заңды белгіленген тәртіппен сотқа арыздануға құқықты. [20,10-бап].

Информация о работе Мемлекеттік сот билігі