Мемлекеттік сот билігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 06:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі – ең алғашқы кезеңдердің бірі деп, күшті, тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.
Мемлекеттік жүйеде сот билігі, заң шығарушы және атқарушы билiктiң қызметін тиімді түрде құқықтық нормаға түсіретін маңызды тепе-теңдік механизмi ретінде көрінеді. Сот жүйесіне түрлі мамандандырылған сот мекемелері кіреді: азаматтық, қылмыстық, әскери, әкiмшiлiк және басқа соттар.

Содержание

Кіріспе....................................…………….................................................…….........3
1. Сот билігінiң конституциялық кепiлдiктердi қамтамасыз етушi орган және мемлекеттiк билік тармағы ретіндегі мәні мен маңызы.
1.1 Мемлекеттегi биліктi бөлу теориясы және сот билiгi........………………..…5
1.2 Сот билігін жүзеге асырудың конституциялық принциптері……...……….8
1.3 Сот билігінің жүзеге асырылуы және судьялардың құқықтық
мәртебесi.......………..............................……………………………………….11
2. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құрудағы сот билігінің ролі.
2.1 Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы
соттың ролi……………………………………………………………………..16
Қорытынды.....................................................................….................……………..24
Пайдаланылған дереккөздер тізімі................................…..............……..……..…26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс-Мемлекеттегі сот билігі.doc

— 160.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Мемлекеттегі сот билігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе....................................…………….................................................…….........3

 

1. Сот билігінiң конституциялық  кепiлдiктердi қамтамасыз етушi орган және мемлекеттiк билік тармағы ретіндегі мәні мен маңызы.

1.1 Мемлекеттегi биліктi бөлу теориясы және сот билiгi........………………..…5

1.2 Сот билігін жүзеге асырудың конституциялық принциптері……...……….8

1.3 Сот билігінің жүзеге  асырылуы және судьялардың құқықтық   

      мәртебесi.......………..............................……………………………………….11

 

2. Құқықтық мемлекет  және азаматтық қоғам құрудағы  сот билігінің ролі.

2.1 Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы                                           

      соттың  ролi……………………………………………………………………..16

 

 

Қорытынды.....................................................................….................……………..24

   

Пайдаланылған дереккөздер  тізімі................................…..............……..……..…26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

Тақырыптың  өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі – ең алғашқы кезеңдердің бірі деп, күшті, тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.

Мемлекеттік жүйеде сот  билігі, заң шығарушы және атқарушы билiктiң қызметін тиімді түрде құқықтық нормаға түсіретін маңызды тепе-теңдік механизмi ретінде көрінеді. Сот  жүйесіне түрлі мамандандырылған сот мекемелері кіреді: азаматтық, қылмыстық, әскери, әкiмшiлiк және басқа соттар.

Басқа мемлекеттiк билiк  органдарынан тәуелсіз соттың айырмашылығы, ол тек заңға сүйенеді және оған бағынады. Өз қызметін атқарғанда мынандай демократиялық принциптерді басшылыққа алады: барлығының заң және сот алдындағы тек құқықтығы, алқабилердiң қатынасуы, айыпкердің қорғануға құқықтығы, сот жұмысының жариялылығы.

Барлық сот жүйесі, жоғарғы сот органдарымен басқарылады  және олар кейбір елдерде конституциялық соттың да функциясын атқарады. Кейбір елдерде конституциялық соттар сот жүйесіне кірмейді. Конституциялық соттың мүшелері парламентпен сайланады, не болмаса президентпен тағайындалады, бұл процесс кейде басқа жоғарғы өкімет және юстиция органдарымен бір мезгілде жүргізіледі.

Тақырыптың  зерттелу дәрежесі. Сот билігінің теориялық негіздерін әзірлеу және оларды заңнама мен сот органдарының қызметінде практика жүзінде іске асыру, тек соңғы кездері ғана мамандардың назарын аудара бастады. Билікті бөлудің конституциялық принциптерi мен Конституцияда көрсетілген өзге де идеялар тұрғысынан сот билігі институтының тұтас, кешенді талдауын жүргізу біздің республикамызда әлі жеткілікті және жүйелі түрде жүзеге асырылған жоқ. Тіпті мемлекет және құқық мәселелерінде де  сот органдарына тиісті көңіл бөлудің жеткіліксіздігі байқалады, бұл көзқарас мемлекеттік тәжірибеде ондаған жылдар бойы үстемдік құрып келді. Қазақстанда тәуелсіздік жариялауға байланысты ғана осы проблемаға қызу ықылас білдіріле бастады. Бұл 1994 жылы қабылданған құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының барысы деуге болады.

Зерттеу объектісі. Бағдарламаға сәйкес сот жүйесiн қалыптастырудың мүлде жаңа тәртібі белгiлендi, сот билігі тармағының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық жаңа актілер қабылданды, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, салық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстер қабылданды.

Зерттеу мақсаты. Осы курстық жұмыста сот билiгiнiң теориялық негіздерін ұғыну, ең алдымен негіз қалаушы категорияларды зерттеуден бастап жүзеге асырылуы тиістігін ескере отырып, құқықтық мемлекет теориясының контексіндегі сот билігінің мәнін анықтауға, сот билігі принциптерiнiң жіктелуiн, адамның құқықтары мен еркіндіктерін қорғаудағы сот билігінің ролін көрсетуге ұмтылыс жасалды.

Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң мемлекеттiк билiктiң  маңызды тармағы ретiндегi ерекшелiктерiне, қоғам мен мемлекет үшiн мәнi мен  маңызына талдау жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы зерттеу жүргізу логикасымен, алдына қойылған мақсатқа жету және белгіленген міндеттерді орындау қажеттілігімен анықталады. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негiзгi бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған дереккөздер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Сот билігінiң конституциялық  кепiлдiктердi қамтамасыз етушi

              орган және мемлекеттiк билік  тармағы ретіндегі мәні мен  маңызы

1.1 Мемлекеттегi  биліктi бөлу теориясы және сот  билiгi

Мемлекеттiк биліктi тармақтарға  бөлу теориясы корольдік деспотизм  мен дворяндық озбырлықты бағындырудың тиімді құралы ретінде ұсынылды, теорияның классикалық ережелерін Джон Локк (1632-1704жж) пен Шарль Луи Монтескье (1683-1755жж) тұжырымдады. Осы теория нақты саяси күштер-корольдік биліктің, дворяндардың және жаңадан пайда болып келе жатқан буржуазияның күресі мен өзара іс-қимылын бейнелейді.

«Биліктің, мемлекет пен  патшалықтың мәңгі символы Кесарь болып табылады және оның арақатынасына, билік пен мемлекетке, осы дүниенің патшалығы мен рухына екі түрлі: дуалистикалық және монистикалық көзқарас бар. Егер монизм тирандық үрдісі (тенденцияны) еншілесе, ал дуализм бостандықты (еркіндікті) негіздей алады» [1,152],- дейді Н. Бердяев.

Мемлекет билігінің  түпкі мақсаты-адамдарды билеп-төстеу және оларды қорқынышта ұстау, тағдырдың  тәлкегіне қалдыру емес, дұрысы, адам өзінің өмір сүру құқығы өз мүмкіндігіне қарай пайдаланулары үшін, оларды қорқыныштан (үрейден) азат ету. Мемлекеттің міндеті-адамдардың өз міндеттерін қауіпсіз жағдайда орындауы үшін жағдайлар туғызу, бірақ екінші жағынан-олардың бір-бірімен жанжалдастырмай, адам баласын өшпенділік, қастық, өтірік атаулыдан ада етуі керек. Кез келген мемлекеттің түпкі мақсаты-өз азаматтарының бостандығын (еркіндігін) көздеуі тиіс, еркіндіктің кепілі болуы керек.

Биліктің барлық көріністерінің жиынтығы, билікті қоғам мен адам өмірінің жалпыға бірдей бастамасы ретінде де, қоғамды барлық ынтымақты және дау-жанжалды қарым-қатынастармен ұйымдастыратын дербес қоғамдық мазмұн (маңыз) ретінде де қарауға мүмкіндік береді.

Билікті бөлу теориясының негізін  салушы-озық ойшыл, қоғамның мемлекеттік-құқықтық құрылымының теоретигі Ш. Монтескье. Оның теориясының негізгі мақсаты-азаматтарға билік институттарының негіздері қаланған, солардың көмегі арқылы мемлекеттік билік органдары өзара іс-қимыл жасаулары тиіс. Көптеген мемлекетте биліктің үш түрі: заң шығару, атқару және сот биліктері қолданылатынын анықтаған да, оларды жіктеген де сол. Осылардың әрқайсысын сипаттай отырып, ол сондай-ақ заң шығару билігінің мемлекеттің нақты қолдану мерзімі бар заңдарды шығаратынын немесе оларды бұзатынын белгілеп берді. Екінші биліктің міндеті-бейбіт бітім жасау немесе соғыс жариялау, елшілерді жіберу немесе қабылдау. Мұнын өзі қауіпсіздіктің кепілі болып табылады және екі мемлекетті өзара соғысудан сақтандырады. Үшінші биліктің рөлі - қылмысы үшін жазалау немесе азаматтық істерді қарау. Анықтамаларды белгілей отырып, азаматтың саяси еркіндігін анықтаған Ш. Монтескье сонымен қатар: ”заң шығару билігі атқару билігімен қоса бір адамның қолына немесе магистраттың бір аппаратына біріктірілетін болса, онда еркіндіктің болуы мүмкін емес”,- деп ескертті.[2,78]. Ойшыл пікірлерінің мәні былайша тұжырымдалады:

Сот билігін заң шығару және атқару билігінен бөлмейінше еркіндік жоқ. Оның пікірінше, егер судья (би, қазы) бір мезгілде заң шығарушы болып  табылса, онда озбырлыққа жол ашық. Сот билігі  атқару билігімен біріктірілген жағдайда, судья қанаушының сойылын соғуы мүмкін. Және ең ақыры бір адамның, бір шонжардың қолына үш биліктің үшеуін де бір мезгілде қатар біріктіру (заңдарды әзірлеу мен қабылдау, қоғамдық шешімдерді орындау, сондай-ақ азаматтық істерді қарау және қылмыскерді соттау) арқылы бәрінен де айырылып қалуға болады. Сонымен бірге Ш. Монтескьенің конституциялық жобасында биліктің тепе-теңдік идеясы жеткілікті түрде айқындалмады. Мысалы, заң шығару билігінің атқару билігіне қатысты басым (үстем) ролін белгілеген ол, сот билігін солармен қатар қойды, оның ойынша қай биліктің кімнің мүддесін қозғайтыны маңызды. Ойшылдың пікіріне жүгінсек, сот билігін арнайы органға емес, белгілі бір уақытқа сот төрелігін іске асыратын халықтың арасынан сайланған адамдарға сеніп тапсыруға болады. Ол: ”адамдар үшін соншалық қорқынышты сот билігі, белгілі кәсіппен де, белгілі ережемен де (жағдаймен де) байланысты болмайды; сот билігі көрінбейтін нәрсеге айналады”,- деп қателесті.[3,46].

Ш. Монтескьеден айырмашылығы биліктi бөлу теориясын Жан Жак  Руссо іс жүзінде іске асырды. Ол халықтың біртұтас билігінің қарауына заң шығару, атқару және сот биліктерін берді.

Биліктi бөлу теориясы көптеген елдердің мемлекеттік–құқықтық тәжірибесінде  кеңінен қолданылып, адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі кепілдіктердің бірі болып табылды. Аталған тұжырымдаманың барынша нық қалыптасқан дәстүрлері бар елдерде де демократиялық принциптер кеңінен қолдау тапты. Биліктi бөлу қағидатына негізделген мемлекеттік жүйенің артықшылығы-мемлекеттің ішкі саяси жағдайының салыстырмалы тұрақтылығы. Өйткені билікті бөлісу, Конституция нормаларының негізінде, әлеуметтік күштердің қиын-қыстау жағдайлардан ауыз бірлігі арқылы шығуға мүмкіндік береді.

Мысалы, “Қазақ елінің сот  билігі” атты еңбегінде автор  “қазақтың үш биі-Төле би, Қазыбек  би және Әйтеке билердің кезінде” мемлекетті әділ басқарудың негізі-сұлтандар мен  төрелердің сот билігіне араласуын  шектеу” деген қағидасының әлі  де өз құндылығын жоймағанын атап көрсетті. [4,48].

Сот билігінің ұғымы, оның әлеуметтік міндеті мен қызметі  кеңес кезінде де заң әдебиетінің  зерттеу объектісі болды. Осы  мәселелер сол кездегi әдебиетте  “әділ сот” ұғымы арқылы үстірт қаралды, ол іс жүзінде “сот билігі”  ұғымымен теңестірілді (ұқсастырылды). Бұл ретте соңғы санат үстемдік құрған маркстік-лениндік идеология ұстанымы тұрғысынан ашылды, ол идеология өз кезегінде мемлекет мүддесінің басымдығынан, құқықты мемлекетке бағындырудан туындады.

Алайда, сот билігі мен  әділ сот егіз ұғымдар, бірақ олардың бiрқатар ерекшелiктерi де бар. Сот төрелігі сот билігінің ең маңызды көріністерінің бірі болып табылады, бірақ сот билігі тек мұнымен ғана шектелмейді. Аталған ұғымдардың арақатынасын дәл анықтау заң ғылымының алдында тұрған мәселелерінің бірі болып табылады.

Революциядан бұрынғы  ғалым С.В.Познышев: “сот билігі мемлекет билігінің бір тармағы, жекелеген  органдар арқылы жүзеге асырылуы тиіс, осы билік заңды жүзеге асыруға, құқық үстемдігін орнықтыруға озбырлық пен зорлыққа қарсы күресуге арналған”[5], – деп атап көрсетедi.

Бұл анықтамада сот билігінің  ұйымдық және атқарушылық дербестігіне, сондай-ақ қоғам мен мемлекетте құқық  үстемдігін қамтамасыз ету үшін оның әлеуметтік бағыты аталып өтілді.

Конституциялық құқық  саласындағы көптеген мамандар сот билігіне ешқандай да айқын анықтама бермейді, олар биліктің жалпы сипаттамасымен ғана шектеледі және биліктің мәнін, белгілерін, міндеттерін, билікті бөлісу жүйесіндегі орнын даралайды. Мәселен, Б.А.Страшун мен А.А.Мишин былай деп атап көрседі. «Жалпы алғанда сот билігі – қоғамдық қатынастарға ықпал ететін құрал және ол билік төменнен жоғарыға дейінгі барлық сот органдарына жүктелген. Сот билігінің демократиялық қоғамдағы әлеуметтік ролі, әр түрлі заңдық жанжалдарда, ең алдымен Конституцияда және басқа да заңдарда, халықаралық шарттарда (келісім-шарттарда), сондай-ақ заңға теңестірілген жоғары деңгейдегі заңға сәйкес актілер – жарлықтарда, декреттерде, ордонанстарда, ішкі мемлекеттік жария-құқықтық шарттарда (келісім-шарттарда) және т.б. көрсетілген құқықтық үстемдігін қамтамасыз етумен тұжырымдалады». [6,125].

Ғ.С.Сапарғалиев осы  мәселеде, ең алдымен, Конституцияның өзінің ережелеріне сүйенеді. Ол Қазақстан  Республикасындағы сот билігін  ешкімнің, де еркінен тәуелсіз және тек сот арқылы ғана Республика атынан жүзеге асырылатын мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде қарайды. Сондай-ақ, сот билігінің қызметі де атап көрсетіледі, ол-азаматтардың құқықтарын, еркіндіктерін, заңды мүдделерін, олардың бірлестіктерінің, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шартарының (келісім-шарттарының) орындалуын қамтамасыз ету.[7,45].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Сот билігін жүзеге  асырудың конституциялық принциптері

Сот билігінің конституциялық-құқықтық принциптері – 1995 жылғы Қазақстан  Республикасының Конституциясында және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен  судьяларының мәртебесі туралы”  Конституциялық заңда бекітілген бастапқы бастамалары, соларға сәйкес сот органдарының жүйесі ұйымдастырылады және сот билігі жүзеге асырылады.

Сот билігінің конституциялық-құқықтық принциптері қылмыстық істерді  жүргізу және азаматтық істерді  жүргізу заңдарының нормаларынан көрініс тапты.[8].

Сот билігін жүргізуші органдарының қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі  Қазақстан Республикасының заңдарымен нақтыланады және мынадай конституциялық принциптерге негізделеді:

  • сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асыру;
  • заңдылық;
  • судьялардың ауыстырылмайтындығы;
  • судьлардың тәуелсіздігі және олардың ҚР Конституциясына және заңдарына ғана бағынуы;
  • сот істерінің жариялылығы немесе ашық қаралуы;
  • сот iсiн жүргiзу тiлi туралы принцип;
  • кінәсіздік презумпциясы, т.б.

Конституциялық құқық  саласындағы көптеген мамандар сот билігіне ешқандай да айқын анықтама бермейді, олар биліктің жалпы сипаттамасымен ғана шектеледі және биліктің мәнін, белгілерін, міндеттерін, билікті бөлісу жүйесіндегі орнын даралайды. Мәселен, Б.А.Страшун мен А.А.Мишин былай деп атап көрседі. «Жалпы алғанда сот билігі – қоғамдық қатынастарға ықпал ететін құрал және ол билік төменнен жоғарыға дейінгі барлық сот органдарына жүктелген. Сот билігінің демократиялық қоғамдағы әлеуметтік ролі, әр түрлі заңдық жанжалдарда, ең алдымен Конституцияда және басқа да заңдарда, халықаралық шарттарда (келісім-шарттарда), сондай-ақ заңға теңестірілген жоғары деңгейдегі заңға сәйкес актілер – жарлықтарда, декреттерде, ордонанстарда, ішкі мемлекеттік жария-құқықтық шарттарда (келісім-шарттарда) және т.б. көрсетілген құқықтық үстемдігін қамтамасыз етумен тұжырымдалады». [9,125].

Информация о работе Мемлекеттік сот билігі