Мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 18:12, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жұмыста мемлекетті басқару және оның түрлері, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының басқару құрылымы» жайында мәліметтер қарастырылады. Өркениеті де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты . Өйткені, мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық, ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады. Менің бұл жұмысты жазудағы негізгі мақсатым — мемлекеттік басқару теориясымен тереңірек танысып, оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістерін меңгеру.

Содержание

КІРІСПЕ .............................................................................................................. 3

І. Мемлекет түсінігі .................................................................................. 5-12
1.1 мемлекет .................................................................................................. 5-7
1.2 мемлекет нысандары ....................................................................... 8-9
1.3 мемлекет түрлері ................................................................................. 9-12

ІІ. басқару қызметінің теориялық негіздемесі....................... 13-22
2.1 Басқару қызметінің түсінігі және қалыптасу теориялары…………....... 13-15
2.2. Басқару белгілері мен түрлері……………………………………........... 16- 19
2.3. Басқару қызметінің ерекшелігі………………………………………….. 20-22

ІІІ. ҚР басқару қызметінің құрылымдық ерекшелігі........................................ 23-30
3.1.Басқару қызметінің құрылымдық ерекшелігі …………………………... 23-24
3.2. Басқару қызметінің концепциялары…………………………………….. 24-25
3.3. Басқару қызметінің функциялары……………………………………..... 26-27
3.4. Басқару қызметінің тиімділігі мен жетілдіру жолдары........................... 28-30

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…................................................................... 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар.мемлекетік БАСҚАРУ.doc

— 316.50 Кб (Скачать документ)

- материалдық- техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру;

- әдістемелік басқару;

- есептеу;

Әкімшілік құқық саласының  белгілі ғалымы Бахрах Д.Н өз еңбегінде  мемлекеттік басқару жөніндегі  жаңа тұрғыдан қалыптасқан көзқарастарын  былайша түсіндірген: мемлекеттік  билік әлеуметтік биліктің бір түрі болып табылатындықтан оның өзіне  тән ерекшеліктері болады:

1.әлеуметтік басқарудың құралы болып табылады;

2.ол адамдардың арасындағы , олардың өз еріктерімен сана сзімдері бар адам немесе ұжым болып табылатын субьектілері мен обьектілері арасындағы қатынастарды көрсетеді;

3.бұл өктем ерік білдіру үстемдігін қамтамасыз ететін қатынас болғандықтан субьектінің басқа адамның еркіне, тәәртібіне тигізетін қабылетімен байланысты болады;

4.Билік әртүрлі ерекше құралдар мен әдістердің жүйесінің күшімен жүзеге асырылады.

Бахрах Д. Н басқару  билігін екі тұрғыда қарастырылады: 1) заң тұрғысынан басқару субьектілерінің кімді болса да басқару және өздерінің еркіне басқа адамдарды бағындыру, сондай- ақ билік актілерін шығару және ұйымдастыру жұмысын жүзеге асыру жөніндегі құқықтары мен мүмкіндіктері; 2) саясаттану тұрғысынан алғанда бұл түсінік саяси құқықтық құбылыстар мен атқарушы биліктің аппаратын, оның органдары мен қызметкерлерінің құзыреттерін қамтиды.

Қазіргі кезеңде заң  жүзінде көрініс тапқан атқару билігін  құқықтық мемлекет жағдайындағы басқару  билігі деп толық сеніммен айта аламыз.Ресей ғалымы Коркунов былай деген: «Мемлекеттің өсіп-дамуы мен өркендеуі басқару қызметінен көрініс табады. Басқару болмаған жағдайда мемлекет те болмайды. Мемлекеттің өмірден орын алуы оның басқаруына, қызмет- әрекеттеріне және өктем биліне байланысты болады. Сондықтан мемлекеттің өмір сүруі үшін басқару жүзеге асрылуы тиіс».

Басқаруды Козлов Ю.М. келесідегідей  жалпы сипаттамасын берген:

      1. Басқару - әртүрлі құрылыстағы ұйымдастырылған жүйенің (биологиялық, техникалық, әлеуметтік), яғни алға қойған міндеттерге жету, олардың құрылымдарын қорғау, олардың қызметінің тиісті режимдерін қолдау біртұтастығын қамтамасыз ететін функция;
      2. Басқару өзара іс-қимыл мүдделеріне қызмет атқарады;
      3. Басқару жүйені құрайтын элементтердің тек ішкі өзара іс-қимылдарын білдіріп қана қоймай, сонымен қатар жүйе ішіндегі және жүйе аралық сипаттағы басқару функциясын жүзеге асыруды көрсетеді.

Осы бақылау пройесінде әлеуметтік аяның ерекшеліктері  еспке алынады, себебі басқарушы  байланыстар адамдардың қатынастары арқылы жүзеге асырыладыҚоғам әртүрлі жекелеген күрделі құрылымы біртұтас организм болғандықтан әлеуметтік басқару қажеттілігі туындайды. Ендеше әлеуметтік басқарудың өзіне тән белгілерін атап өтейік:

1.Әлеуметтік басқару адамдар мен белгілі бір ұжымдардың бірлескен қызметін ұйымдастырады;

2.Әлеуметтік басқару бірлескен қызметке қатысушыларға тәртіптеуші ықпал ету өзінің басты міндеті деп біледі;

3.Әлеуметтік басқару басқару субъектілерінен тұратын, сондай- ақ осы процесті жүзеге асыратын ерекше механизмді қажет етеді.Бұл механизм адамдар тобы не жекелей өкілеттік берілген лауазымды тұлғалар.

     Сонымен  әлеуметтік басқару кең мағынада  қоғамдық байланыстарды ұйымдастыру  тетігі. Осы басқару түрінің элементі  ретінде жергілікті өзін- өзі  басқаруды атауға болады. Мемлекеттік басқару мемлекеттік қызметтің арнайы түрі болып есептеледі.

Мемлекеттік басқару  көптеген елдердің заңдарында, ғылыми әдебиеттерінде кеңінен қолданылып жүрген термин. Бізде де қолданылуы етек жайған осы мемлекеттік қызметтің  бір түрі нарықтық экономика қатынастарына бет бұрғанымызға дейін конституциялық заңнан өзіне тиісті орын алып келген болатын. Кейінгі кездерде мемлекеттік басқарудың орнына айналымға атқарушы билігі атты термин енгізілген. Себебі Конституция бойынша биліктердің бөлінгені туралы жарияланған болатын.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабының 4-ші тармағында мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінген.

Мемлекеттік басқару  органдары республикамызда биліктер бөлінгенге дейін мемлекеттік биліктің атқарушы аппараты немесе мемлекеттік әкімшілік ретінде қарастырылатын. Осы атқару- жарлық беру қызметін қандай да болмасын мемлекеттік орган емес, тек конституция бойынша мемлекеттік басқару органы деп танылған арнайы субъектілер атқарған еді. Жалпы мемлекеттік ауқымда бұлар атқарушы немесе құқық қолдану функциялары нысанындағы мемлекеттік билікті жүзеге асырған. 

Бұл жерде назар аударатын  бір жай мемлекеттік басқару  мен оның функцияларын жүзеге асырушы  мемлекеттік орган да бірыңғай мемлекеттік  билік механизімінің құрамдас бөлігі болып табылады.

       Жоғарыда  әлеуметтік басқарудың белгілі  бір объектіге тәртіптейтін ықпал  тигізетінін айтқанбыз, ал мемлекеттік  басқару атқарушылығымен сипатталады.  Мемлекеттегі заң шығарушы орган  заң қабылдау арқылы басқарушылық ықпал етеді. Бірақ оны тікелей жүзеге асырмай заңнаң заңды- өктем талаптарын өмірде жүзеге асыру атқарушы-жарлық беруші органдарға жүктеледі. Сондықтан атқаруды осы тұрғыдан алып қарасақ, онда оның маңызы бойынша тікелей мемлекеттік- басқарушы қызмет екенін көреміз. Бұл жерде байқайтынымыз басқарушылық ықпал мен атқару толығымен үйлесімді. Сонымен қатар басқару шешімін кімнің шығарғаны да (заң шығарушы немесе заңға сәйкес нормативтік актіні шығарушы  принципиалдық рөл атқармайды.

Міне мемлекеттік басқаруға осындай ерекшеліктер тән. Қандай да болмасын мемлекетте нарықтық қатынастардың үстемдігі болса да мемлекеттік басқарудың басқару аясының әртүрлі қырынан өзіндік көрініс табатыны сөзсіз. Бұл жайлар көбінесе нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде болады. Белгілі француз оқымыстысы Г. Брэбан «нарықтық қатыныстар жағдайында барлық басқару аясы қоғамдық- құқықтық сипатта, яғни мемлекеттік мазмұнда болады. Мемлекеттік басқару басқару жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсете отырып, ағымдығы басқару функциясын жүзеге асырады», дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ҚР БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

3.1 Басқару қызметінің құрылымдық ерекшелігі

 

Мемлекеттік органдардың  жиынтығы атқару билігі аппаратының  субъектілері және оны жүзеге асырудың ұйымдастырушы механизміретінде танылады. Атқару билігі жүйесінің тұрақты қызмет атқаратын ұйымдастырушы факторы әр дәреже деңгейдегі жалпы құзыретті арқару органдары Қазақстан Республиеасының Үкіметі, әкімдер болып есептелінеді. Бұлардан басқа салалық, сала аралық, аумақтық қадағалау және басқа мемлекеттік басқару механизмдері буындарының жиынтығы мемлекеттік басқару субъектілерінің жүйесін құрайды.

Қазіргі кезде  басқарудың экономика саласында ықпалының  азаюына куә болып отырмыз. Бірақ  бұл жай атқару билігі мен басқарушы қызметтің рөлдерін тұтасымен алғанда төмендетпейді. Атқару билігі оның басқарушылық ұғымында белгілі бір мөлшерде тікелей басқару функциясынан бас тарту. Осы негізде мемлекеттік реттеу жүйесінің, оның әсіресе экономика саласында қалыптасу тенденсиясы туындауда. Бұл жерде, яғни мемлекеттік реттеудің арасында мақсат бағыттары бойынша айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Мемлекеттік реттеу өзінің мәні бойынша мемлекеттік-басқарущы қызметтің тұрақты элементі, оның функцияларының бірі деп айтсақ болады. Мемлекет басқара отырып реттейді және реттей отырып басқарады. Басқару субъектілерінің бағынышты объектілері болса, ал мемлекеттік реттеудің ықпалы бағынышты емес объектілерге бағытталып жүргізіледі. Осы екі жағдайдан атқару билігін іс жүзінде жүзеге асырудың қорытынды вариантын көреміз.

Қазіргі өтпелі кезеңде  басқарушы қызмет жөнінде белгілі  бір қорытындыға келу көптеген себептерге байланысты мүмкін емес. Ең бастысы  мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет.

Басқаруда  жалпы және жеке сипаттағы бірнеше концепцияларды атауға болады. Олар :

1Либералды және демократиялық;

2.Авторитарлы;

3.Тоталитарлы социалистік;

4.Мемлекеттік – діни;

Басқаруда мақсатты анықтау – бұл басқару теориясы мен практикасындағы маңызды сұрақтардың бірі. Көптеген жылдар бойы елімізде халық қандай қоғамды көргісі келетіндігі жайлы мәселе қозғалған жоқ. Мемлекет пен қоғам алдындағы мақсаттар император, лидер сияқты жоғары басқарушылармен шешілген. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттарды көрсету үшін оның жүйені құраушы кезеңдерін көрсету керек.Олар:

- басқарудағы мақсаттардың қалыптасуы мен тіркеудің қоғамдық көздері. Қалыптасқан стереотиптерге қарамастан  басқару қызметінің мақсаттары төменде қалыптасу керек, яғни мақсаттар мемлекетке біріккен адамдардың қызығушылығы мен мүдделерінен туындауы қажет.

- мақсатты анықтаудағы субъективтік жағы мен басқару қызметінің қалыптасқан мақсаттарының ашықтығы мен қатыстылығы. Мақсатты негіздеуде біршама қиындықтар кездеседі. Барлық өткен жағдайлар тарих болып қалады, ал болашақ жайлы тек болжай аламыз. Француз философы О. Конттың формуласы белгілі: алдын – ала көре білу үшін білу керек, ал басқару үшін алдын – ала көре білу керек. ХХ ғасырдың 20 жылдарында  Н. Д. Кондратьев алдын–ала көре білу, оның ішінде өзара байланысты алдын–ала көре білу мәселесін қарастырды.               

-  құбылыстардың стихиялық жолы;

- адамдармен жүзеге асырылатын әрекеттер мен шаралардың анықталған тиімділігі;

- біздің құбылысқа әсеріміздің мүмкін қаражаты;

- көзделген әрекеттер мен шаралардың орындалуынан күтілетін нәтижелер мен олардың өмірге ықпалы.

 

3.2 Басқару қызметінің концепциялары

 

Нарықтық шаруашылықта үкіметтің алдында тауар өндіруді ұйымдастыру мен ресурстарды  бөлудің міндеті тұрған жоқ.Ол өз еркімен ресурстарды, капиталды, өндірілген тауарды жұмсай алмайды.

Нарықтық жүйе – ол ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы құқығы.Нарықтық механизм экономикалық өсудің барлық мәселелерін шеше алмайды. Еркін  бәсекелестік кезінде өндіруші күштердің  басым бөлігі классикалық жеке меншіктің шегінен шығып, сол себепті мемлекет экономиканың ірі құрылымдарын қамтамасыз етуді өз мойнына алуына тура келеді.Олар: темір жолдар, почта, байланыс жүйесі, т.б. Еңбек бөлінісінің негізіндегі мемлекетаралық интеграцияның күшеюуі ұлттық шекараларға деген жалпы экономикалық процестердің өсуіне,қорғаныспен, ғылыммен, әлеуметтік қатынастарды реттеумен, жұмыс күшін қайта өндірумен және т.б. байланысты туындайтын жаңа әлеуметтік – экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі. Саяси және экономикалық шешімдерді қабылдауды реттеу механизіміне мемлекеттің құрылымның араласуының өте қатты қажаеттілігі туындайды.

Бәрімізге белгілі монополистік емес, дамыған нарық экономикасының қозғаушы механизмдері құрамында  экономикалық даму стагнациясының элеметтері болады. Бұл ең алдымен мынадан көрініс табады: экономикадағы жүйелік теңдік өндіріс факторларының толық қамтылмаған кезінде орын алады, ең бірінші жұмыс күшінің толық қамтылмауы кезінде. Стагнацияның қайшылығын шешу үшін мемлекетті оның үлкен потенциалымен тарту керек. Мемлекет толық жұмыс бастылық пен тиімді сұраныстың бір болуының қамтамасыз ету функциясын өз мойнына алады.

Қазақстан Республикасы Европа мен Азияның бірқатар елдері сияқты экономикалық құрылымдарды реформалау жолында кенледі. Ол нарық жүйесін қолдану мен қалыптастырудың жеткілікті тәжірибесі жоқтығына байланысты дамушы елдердің мемлекеттік басқару тәжірибесін пайдалануды жөн көріп отыр. Тәжірибені зерттеу экономиканың дамуында кездесетін көптеген қателіктерден сақтануға мүмкіндік береді.

Айта кететін жайт, экономиканы  реттеу сұрақтарында кейнсиандықтар бірқалыпты емес.Ол негізінен үш ағымға бөлініп кетеді: сол (либералды), консервативті және неоклассикалық. Кейнсиандықтың сол жағы қазіргі қоғамның қайшылықтарынан Қоғамдық мақсаттарға: тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, жол құрылысы және т.б., сондай – ақ фермерлердің, шағын кәсіпкерлердің, жұмысшылардың табысының өсуіне жағдай жасау мемлекеттік шығындарды ұлғайту арқылы шығуды ұсынады.

Кейнсиандықтың консервативтік бағыты экономиканы мемлекеттік реттеуде басты жол ол пайданы максимилизациялау мен экономиканың консервативтілігін сақтау деп есептейді.

Неоклассикалық мектеп пен оның өкілдері тиімді ақша–несиелік  және фискалды саясат арқылы мемлекеттің  халықтың түрлі бөлігінің табыс деңгейін анықтауға, инвестициялық саясатты үйлестіруге, прогрессивті салалық құрылымдарды ынталандыруға және т.б.  микро және макродеңгейде араласуының интеграциясын жүзеге асыруға болады деп ойлайды.

Мемлекет нарық механизіміне тән кемшіліктерді  түзетуге қажет. Бәрімізге белгілі нарықтың теріс жақтары бар: барлық адамзатқа тиеселі өндірілмеген ресурстардың сақталуына жағдай жасамайды, мысалға мұхиттың балық байлығы. Нарық шарттарында кей жағдайларда қабылданған шешімдердің потенциалды теріс салдарлары ескерілмейді және ұжымдық қолдануға арналған тауар мен қызмет өндірісі үшін ынталандыруларқалыптастырылмайды, еңбек пен табысқа құқық кепілдендірілмейді, ғылымдағы фундаментальды зерттеудің мақсатты дамуы қамтамасыз етілмейді.Нарық нгізінен әлеуметті қажетті тауар өндірісіне емес, кімде ақша бар солардың қажеттілігін қанағаттандыуға бағытталған. Жалпы алғанда мемлекет азаматтар қауымдастығының әлеуметтік-экономикалық және саяси принциптерін жүзеге асырады.Ол макро және микроэкономикалық процестердің қалыптасуына белсенді араласады.        

Информация о работе Мемлекеттік басқару