Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 18:12, курсовая работа
Бұл жұмыста мемлекетті басқару және оның түрлері, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының басқару құрылымы» жайында мәліметтер қарастырылады. Өркениеті де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты . Өйткені, мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық, ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады. Менің бұл жұмысты жазудағы негізгі мақсатым — мемлекеттік басқару теориясымен тереңірек танысып, оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістерін меңгеру.
КІРІСПЕ .............................................................................................................. 3
І. Мемлекет түсінігі .................................................................................. 5-12
1.1 мемлекет .................................................................................................. 5-7
1.2 мемлекет нысандары ....................................................................... 8-9
1.3 мемлекет түрлері ................................................................................. 9-12
ІІ. басқару қызметінің теориялық негіздемесі....................... 13-22
2.1 Басқару қызметінің түсінігі және қалыптасу теориялары…………....... 13-15
2.2. Басқару белгілері мен түрлері……………………………………........... 16- 19
2.3. Басқару қызметінің ерекшелігі………………………………………….. 20-22
ІІІ. ҚР басқару қызметінің құрылымдық ерекшелігі........................................ 23-30
3.1.Басқару қызметінің құрылымдық ерекшелігі …………………………... 23-24
3.2. Басқару қызметінің концепциялары…………………………………….. 24-25
3.3. Басқару қызметінің функциялары……………………………………..... 26-27
3.4. Басқару қызметінің тиімділігі мен жетілдіру жолдары........................... 28-30
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…................................................................... 32
Құрылымдық нысаны бойынша:
Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары
Саяси режимдік нысаны бойынша:
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1.3 мемлекет түрлері
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады
Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді. Авторитаризм, авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауым- дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті автори- тарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағ- дайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анық- талынған, саяси жинақылық төмен. Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әр түрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады.
Тоталитарлы саяси жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.
Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.Құқықтық мемлекет
– өзінің негізгі институттары ретінде
билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару
заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан
азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді
және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген
залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын
мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының
сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі
дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің
философиялық негізін И. Кант жасады.
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет
тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың
арақатынасын қалыптастырудың әмбебап
идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет
идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы,
билік көзі ретіндегі халық егемендігін
бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы.
Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы
- мемлекеттің және оның органдарының
зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды
қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен
байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең
алдымен, барлық мемлекеттік органдар,
лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер
және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі
құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен
ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип
- құқық үстемдігі.
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң
үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды,
негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі.
Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы,
барлық саяси институттарда жоғарғы құқық
бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша,
азаматтардың құқықтарының шынайылығы
әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық
мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз
етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен,
құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан
конституциялық мемлекет. Конституциялық
құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам
дамуының маңызды бағыттары, оның басты
идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі.
Конституция құқықтық жүйенің орталығы
болып табылады. Соның негізінде құқықтық
мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.Құқықтық
мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық
мемлекет туралы негізгі көзқарастар
антикалық заманда қалыптасып, мемлекет
пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар
жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет
туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи
құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы
заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы,
абсолюттік және полициялық тәртіпті
сынға алу, адамдардың бостандықтары мен
теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің
заң шығарушылық, атқарушылық және сот
тармақтарына бөліну тұжырымдамасының
қалыптасуы, конституционализм теориясы
мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді.
Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте
биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң
алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын
алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі
заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен
жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек
заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір
жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы
мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік
беруі, барлық азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері
мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс.
Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның
үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын
конституциялық-құқықтық реттеу негізінде
егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы
мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің
өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны.
Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері
мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет
алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары
мен басқармаларының, лауазымды адамдардың
қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің
қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық
мемлекетте биліктің бір адамның, органның
немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына
жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде
құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің
барлық институттарының өкілді болуын,
лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді.
Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті
жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы,
негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау
болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара
байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет
заңдарында көрсетілген құқықтар мен
міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі
кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы
адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады
және адамның жеке, азаматтық, саяси және
экономикалық құқықтары мен бостандықтарының
қорғалуын білдіреді.
Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгітнасихатта да, публицистикада да көп қолданылады. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет. Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті.
ІІ. басқару қызметінің теориялық негіздемесі
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір- бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді.5-4 мыңжылдықтарды сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды.Мемлекет пен құқық тарихы туынды – қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы,
- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы,
- қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі;
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрлыс тапқа бөлінуінің туындысы.Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс -әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда үкіметтің күш- қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Басқару
аппараты бұрынғы ру - тайпаны
басқаратын аппараттан өсіп
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады.Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстем тапқа топқа қарсы іс - әрекеттерін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды;
Мемлекеттің негізгі белгілері:
Қазіргі уақытта мемлекеттің пайда болуы туралы келесідегідей теориялар қалыптасқан:
1. Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.,
2.Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде – мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірті – бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылыр орта, жаңа ғасырларда пайда болды (Фильмер, Михайловский т.б)
3.Органикалық теория – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.д. IV –III ғ). Бірақ теория толық түрде ХІХ ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т.б.
ХІХ ғасырдағы ғылымның жтістіктеріне сүйене отырып, бұл теория – адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі – адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
4.Табиғи құқықтық теория – XVII- XVIII ғасырларда қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцский, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж. Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И. Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады ( бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды.Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап, мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
5.Психологиялық терия – ХІХ ғасырда бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л. И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл териия адамдардың психологиялық біріккен көзғарасы, іс - әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
6.Күштеу теориясы – ХІХ ғасырда қалыптасқан пікір. Өкілдері: К. Каутский, е. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз ру, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап, өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады.
Материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, сбептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама – қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде – мақсатты қорғауы.
Басқару ықылым заманнан адамдар пайда болған кезден бастап белгілі. Қандай да алға қойған мақсатқа жету жолында екі адам біріксе, соның біреуіне мәселені шешу міндеті жүктелсе, яғни ол басқарушыға айналса, ал екінші адам оған бағынышты басқарылушыға айналады.
1911жылы американдық инженер
ТейлорФ. «Ғылыми
1. еңбекті бөлу;
2. өкілеттілік және жауапкершілік;
3. тәртіп;
4. орталықтандыру;
5. қызметкерлерді марапаттау;