Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2015 в 18:36, курсовая работа
Курстық жұмысым 2 тарауға негізделген, бірінші тарауда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе , екіншісі Қазақстанның басқару құрылымы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті , атқарушы органдары, жоғарғы сот және жергілікті соттар қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді.
І.Кіріспе....................................................................................................
ІІ.Негізгі бөлім........................................................................................
1.Мемлекеттік басқару туралы түсінік..................................................
1.1.Басқару түсінігі және ол туралы тұжырымдамалар.......................
1.2.Басқарудың түрлері............................................................................
2.Қазақстандағы басқару құрылымы......................................................
2.1.Қазақстан Республикасының Президенті және заң шығарушы органдары.........................................
2.2. Қазақстан Республикасының атқарушы органдары......................
2.3. Қазақстан Республикасының Жоғары сот және жергілікті соттар..
ІІІ.Қорытынды..........................................................................................
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................
ІІІ. Қорытынды
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету қай кезде де, қай елде де жұртшылық назарын ұдайы аударып келген мәселе. Тәуелсіздік алып, мемлекеттік егенмендігін халықаралық деңгейде паш еткен біздің елде бүл мәселе айрықша көкейкесті мәселе болып отыр. Қазақстанның көптеген саясатшылары мен ғалымдарының мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесіне кейінгі кезде айрықша мән беріп, пікір алмасып талдау жасауды жиілеткені де содан болар. Қазіргі әлемде мемлекет үрейлі машина емес, азаматтарға қызмет көрсететін ұйым деп саналады. Ол енді бұрыңғыдай қоғамға қарсы тұрған тап өкілдерінің наразылығын басып жаншытатын қару емес. Осыған орай әлемдік ғылым осы заманғы демократиялық қоғамда мемлекеттік егемендік пен халықтық егемендік қатар жүруге тиіс деп топшылайды. Атап айтқанда, елдің ішіндегі халықтық егемендіктің мемлекеттіктен басым роль атқаруы керектігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-ші бабында өз көрінісін тапқан. Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық деп атап көрсетілуі сондықтан.
Қазақстан Республикасы демократиялы,
зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет,
оның басты құндылығы адам, оның өмірі,
құқығы және бостандығы.
Республика қызметінің негізін қалаушы
принциптер мыналар: қоғамдық келісім
және саяси тұрақтылық, бар халықтың игілігі
үшін экономикалық даму, қазақстандық
патриотизм, Парламентте немесе республикалық
референдумда дауыс беру арқылы мемлекет
өміріндегі маңызды мәселелерді демократиялық
жолмен шешу.
Республикадағы Мемлекеттік билік ортақ, Конститутция және заңдар негізінде, оның заңнамалық, орындаушылық және сот тармақтарының бөліну принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасындағы биліктің заң шығарушы тармағы қос палаталы Парламент арқылы жүзеге асырылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Қазақстан Үкіметі Республика Президентімен Конститутцияда көрсетілген тәртіп бойынша құрылады.
Сонымен, мемлекет дегеніміз — қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымы