Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2015 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысым 2 тарауға негізделген, бірінші тарауда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе , екіншісі Қазақстанның басқару құрылымы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті , атқарушы органдары, жоғарғы сот және жергілікті соттар қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді.

Содержание

І.Кіріспе....................................................................................................
ІІ.Негізгі бөлім........................................................................................
1.Мемлекеттік басқару туралы түсінік..................................................
1.1.Басқару түсінігі және ол туралы тұжырымдамалар.......................
1.2.Басқарудың түрлері............................................................................
2.Қазақстандағы басқару құрылымы......................................................
2.1.Қазақстан Республикасының Президенті және заң шығарушы органдары.........................................
2.2. Қазақстан Республикасының атқарушы органдары......................
2.3. Қазақстан Республикасының Жоғары сот және жергілікті соттар..
ІІІ.Қорытынды..........................................................................................
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

542____.doc

— 258.50 Кб (Скачать документ)

      

 

 

 

1.2.  Биліктің түрлері.

         Биліктің  жүзеге асырылу тәсіліне және  құрылысына қарай басқару түрі  және мемлкеттік құрылысы болып  бөлінеді.

         Басқару  түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып бөлінеді.

       Монархия деп  мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі  жеке-дара, бір билеушінің қолында  болып, ол әкеден балаға мұра  ретінде қалатын түрін айтады.Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі).

        Монархия өз  кезегінде абсолюттік(шексіз ) және  конститутциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың)

Қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы басқарған шақта ) болатын. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конститутциялық монархияда  монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конститутциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония және т.б. елдерде сақталған.

        Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі-бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент ) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.

         Республика  президенттік, парламенттік, және аралас (немесе жартылай президенттік ) болып үшке бөлінеді.Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны «парламенттік президент »дейді. Ол- салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конститутция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер-министр немесе  министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда солай.

        Ал егер  президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық  сайласа, ондай мемлекетті президенттік  республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы, АҚШ-та орнады. Бұл елдің басқаруы президенттік демократияның ішінде ең үлгілісіне жататындықтан оған толығырақ тоқталайық. АҚШ-та президент 4 жылға сайланады. Онда премьер-министр болмайды. Президент мемлекетті де, Үкіметті де басқарады. Ол департаменттердің (министерстволардың аты ) басшыларын, министрлер кабинетін  және үкіметті тағайындайды. Олар тек Президентке ғана есеп береді. Оның қылмыскерге кешірім жасауға, марапаттауға халықаралық келіссөздерді жүргізуге құқығы бар. Атқарушы билік щеңберіндегі шешімдердің бәрін президент қабылдайды. Ол саясаттың ішкі және сыртқы басты бағыттарын айқындайды, тұрақтылықты бейнелейді. Ал үкімет бұл кезде күнделікті істермен, елді басқару мәселелерімен айналысады. Президенттік билік төрелік ететін әділ қазы сияқты рөлді атқарады. Мысалы, экономикалық бағыт қиыншылық тудырса, үкімет алмасуы мүмкін. Жаңа үкімет басқа саясат жүргізеді, ал мемлекеттің бастығы баяғы орнында қала береді. Бұдан біз президенттік басқарудың билігі зор екенін көреміз. Бірақ бұл биліктің шегі де бар. Ең алдымен президенттің заң шығаруға өкілеттігі жоқ. Ол бюджетті де шеше алмайды ( оны Конгресс шешеді). Парламент президенттің қай тағайындауын болса да бұза алады ( оны «право вето» деп атайды).Конгресс президентті  орнынан ала алады (оны «импичмент» дейді). Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенттің бірі Р.Никсон «уотергайт ісі »  үшін («Уотергайт» қонақ үйінде орналасқан демократтардың штаб-пәтеріне жасырын тыңдау құрылғысын қоймақ болғаны үшін ) отставкаға кетуге мәжбүр болды. Егер президент конститутцияны бұзса, не мемлекетке опасыздық жасаса, Конгресс оны жұмыстан босата алады. Бірақ ол президенттің саясатымен келіспесе, ол үшін оны босата алмайды. Президенттік республика Латын Америкасы елдерінде кең тараған. Ондай билік  Ресейде, Қазақстан және ТМД елдерінің басқа республикаларында да орнауда.

        Парламенттік  тәртіпте елдің жоғарғы басшысы  парламентке бағынады. Онда заң  шығарушы билік те, атқарушы билікте  парламентке тәуелді. Ол салықты  белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді және т.б.

         Қазіргі  кезде көптеген елдердің парламенті  екі палатадан  тұрады. Феодалдық  мемлекеттерде ол елдің өкілдігін үйлестіруге мүмкіндік берді. АҚШ-та, Францияда оны устемдік етуші топтар заңгерлерді «шектен тыс демократияландыруға » жібермеу үшін парламент ішінде қосымша тежеу факторы ретінде пайдаланды.

         Төмендегі  палата жалпыға бірдей тікелей  сайлау арқылы қалыптасады. Жоғары палатаның құрылуы әр түрлі болады. Мысалы, Англияда парламенттің жоғарғы палатасына (Лордтар палатасы ) мұрагерлікпен өмір бойы болатын пэрлер (жоғарғы аристократтық атақ ), ондай құқығы жоқ пэрлер және Англия шіркеуінің жоғарғы шенділері кіреді. АҚШ-та сенатқа (Конгрестің жоғарғы палатасы ) әр штаттан ( халық санына байланысты емес )екі өкілден сайланады. Германияда жоғарғы палатаның депутаттарын әр жердің үкіметі тағайындайды.

          Көп  елдерде белгілі бір дәрежедегі  адамдарды парламентке сайламау заң жүзінде ескертілген. Әдетте, бұл ереже мемлекеттік, қарулы күштер, сот қызметкерлеріне қолданылады. Сонымен қатар депутаттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықты өрбітпеу үшін парламент мүшелеріне олардың мерзімі өткенше мемлекеттік және жеке меншік фирмаларда, компанияларда қызмет етуге тиым салынады. Саясаткерлер мен заңгерлердің қызмет бабындағы мәліметтерді өздерінің жеке басының баюына пайдалануларына рұқсат етілмейді.

         Парламент  бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. Бірпартиялық парламент,  әдетте, кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы, Финляндияда солай, ірі және дамыған елдерде екіпартиялық парламент болып келеді. Мысалы, АҚШ-та, Англияда, Германияда, Францияда және т.б. елдердегі сияқты.

         Парламенттің мезгіл-мезгіл укіметтен есеп беруді талап етуіне, ең маңызды саяси шараларды бекітуге, үкіметке сенім білдірмеуге құқығы бар. Мұнда ең маңызды нәрсе- үкіметке сенім білдіріле ме, жоқ па, ол дауыс беру арқылы шешіледі. Сондықтан күрес дауысты көбірек алудың айналасында болады. Мысалы, Германия, Ұлыбритания және т.б. елдерде демократиялық парламенттік көпшілік дауыс алуынан. Егер сенімсіздік білдірілсе, кабинеттің отставкаға кетуіне тура келеді.

        Әр елде  парламентті әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ, Филиппинде және Латын  Америкасының көптеген елдерінде  оны Конгресс, Польша мен Финляндияда- Сейм, Иран мен Турцияда-Мәжіліс, Израйльде-Кнессет, Швецияда-Риксдаг, Францияда- Ұлттық  жиналыс дейді.

         Республиканың үшінші түріне аралас (оны жартылай президенттік немесе президенттік-парламенттік деп атайды ) республика жатады. Мұнда президенттік те, парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі. Үкіметке екі жақты (президенттің алдында да парламенттің алдында да ) жауапкершілік жүктеледі. Республиканың классикалық ондай түріне Франция жатады.Сонымен қатар оған Австрия, Ирландия, Португалия, Польша, Финляндия және т.б. мемлекеттерді жатқызуға болады.

        Билік басқару  түрімен қатар құрылысына қарай да ерекшеленеді. Мемлекет құрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді.

        Унитарлық (латынның  біртұтас, біріккен деген сөзінен ) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, ондай мемлекеттерге Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Швеция және т.б. жатады.

           Федерация  деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі  бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың  бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті  құруын айтады. Федерация мен  оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу ( заң шығарушы, атқарушы, сот ) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мысалы, мұндай федеративтік мемлекеттерге Австралия, Австрия. АҚШ, Бельгия, Бразилия, Германия, канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Ресей және т.б. жатады.

           Конфедерация  деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін  үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелерінің бәріне міндетті заң шығарушы  билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өтуі керек. Конфедерация өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдарда Солтүстік Америка штаттарында, 1981-1989 жылдары Сенегамбияда болды. Қазір конфедерацияға ұқсас құрылымды Еуропалық одақ құрмақ ойы бар.

          Мемлекеттер  басқару түрі, өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Бірақ біз ол жөнінде «Қоғамның саяси жүйесін » талдағанда қараған болатынбыз.

 

 

 

2-тарау. Қазақстандағы басқару құрылымы.

2.1. Қазақстан Республикасының Президенті  және заң шығарушы органдары.

         Қазақстан  Республикасың Президенті-Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6-шы шілдеде  Алматы облысы Қаскелең ауданы  Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылғы Қарағанды металлургия  комбинаты жанындағы жоғары техникалық  оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым акдемиясының, Халықаралық ғылым инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің құрметті профессоры, Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

         1991 жылғы 1желтоқсанда  республика Президенттігіне бүкілхалықтық  сайлау өтіп оның басрында  Н.Ә.Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз дауысын алды. 1995 жылы 29 сәуірде бүкілхалықтық референдум нәтижесінде, Президент Н.Ә.Назарбаевтың уәкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылғы 10 қаңтарда сайлаушылардың 79,78 пайыз дауысын алып, баламалы негізде Қазақстан Республикасының Президенттігіне сайланды. 2005 жылғы 4 желтоқсанда сайлаушылардың 91,15 пайыз дауысын алып  Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

          Қазақстан  халықтары ассамблеясының төрағасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің  Жоғары Бас қолбасшысы, дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

          Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы,мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конститутциясының мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді (40-бап).

     Қазақстан Республикасының  Президенті тумысынан сол елдің  азаматы болуы, 40-жасқа толган, мемлекеттік  тілді еркін меңгерген, әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұрған адам Президент болып сайлана алады.

     Президент өкілді  органның депутаты болып қоса  сайлана алмайды, өзге де ақы  төленетін қызметтерді атқаруға  және кәсіптік қызметпен айналысуға  құқығы жоқ. Республика Президенті  өз өкілеттілігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияларға қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.

Қазақстан - Президенттік Республика.

         Қазақстан  Республикасының Президенті –  мемлекеттің басшысы, елдің жоғары  лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында алауыздық болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарауы үшін кері қайтарады.

           Егер  Парламент заң қабылдау құқығын  уақытша Президентке тапсырса, ол  заңды өз Жарлығымен  қабылдай алады. Сонымен қатар, Республика Президентінің заңдар жобасын қараудың басмдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл – Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап, бір ай ішінде қарауға міндетті екендігін білдіреді. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президенті заң күші бар жарлық қабылдай алады.

            Парламент – Қазақстан Республикасының  заң шығару қызметін жүзеге  асыратын Республиканың ең жоғары  өкілетті органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

           Үкімет - Қазақстан Республикасының  атқарушы  билігін жүзеге асырады, атқарушы  органдардың жүйесін басқарады  және олардың қызметіне басшылық  жасайды. Үкімет өзінің бұл қызметінде Республика Президентінің алдында жауап береді.

           Қазақстан  Республикасында сот төрелігін  тек сот ғана жүзеге асырады. Сот жүйесінде Республиканың  Жоғарғы соты және жергілікті  соттар кіреді.

          Жергілікті  мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтығы істің жай-күйіне жауап беретін жергілікті өкілетті ( мәслихаттар ) және атқарушы органдар     ( Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын әкімдер басқаратын ) жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Президенті.

     Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады.

    Президент деген ұғым  конституциялық құқылық мағынада  мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл қызмет сол үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған ( АҚШ, Франция ).

       Президент қызметі  тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 – сәуірде Жоғарғы Кеңес  қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы  Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленеді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 – қазанда Президент сайлауы туралы заң қабылданып, мұнда Президентті республика халқының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 – желтоқсанда Жоғарғы кеңес одан ант қабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады. Соңынан, 1998 жылғы 7 – қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзімі 7 жылға дейін ұзартылды.

Информация о работе Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымы