Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2015 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысым 2 тарауға негізделген, бірінші тарауда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе , екіншісі Қазақстанның басқару құрылымы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті , атқарушы органдары, жоғарғы сот және жергілікті соттар қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді.

Содержание

І.Кіріспе....................................................................................................
ІІ.Негізгі бөлім........................................................................................
1.Мемлекеттік басқару туралы түсінік..................................................
1.1.Басқару түсінігі және ол туралы тұжырымдамалар.......................
1.2.Басқарудың түрлері............................................................................
2.Қазақстандағы басқару құрылымы......................................................
2.1.Қазақстан Республикасының Президенті және заң шығарушы органдары.........................................
2.2. Қазақстан Республикасының атқарушы органдары......................
2.3. Қазақстан Республикасының Жоғары сот және жергілікті соттар..
ІІІ.Қорытынды..........................................................................................
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

542____.doc

— 258.50 Кб (Скачать документ)

      Бұлардың арасынан  кейде салалық және салааралық құзіретті органдар белгілерін қамтитын арнаулы және аралас құзіретті органдар бөледі. Мұндай құзірет көпшілігінде әр түрлі ұйымдық – құқықтық нысандағы республикалық орталық атқарушы билік органдарына тәнті.

      4.Өз ведомствасына қарасты мәселелерді мыналар ажыратады:

      а) алқалы органдар, оларда құзіретінің негізгі мәселелері  осы орган мүшелерінің көпшілік  дауысымен шешеді (мысалы, Үкімет, әкімдіктер  алқалы болып табылады);

      б) дара басшылық  органдары, оларда негізгі мәселелерді шешу өкілеттіліктері басшысының қолына щоғырландырылған (барлық қалған органдар, мысалы, министрліктер).

        Қазақстан Республикасы президентінің атқарушы билік                          аясындағы өкілеттіліктері.

        Қолданылып  жүрген 1995 жылғы Конституция бойынша Президент ресми түрде атқарушы биліктің басшысы болмаса да, шындығында оның бұл аядағы рөлі өте зор.

         Конституцияның 44 – бабының 3 – тармағына сәйкес  ол Парламенттің кеісімімен Республиканың  Премьер – министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; Премьер – министрдің ұсынуымен оның орынбасарларын және министрлерді қызметке тағайындайды әрі қызметінен босатады; Президенттің құзіретіне республика министрліктерін және басқа да Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы билік органдарын құру, тарату жатқызылған; Республикалық атқарушы билік органдарының жүйесі де    Премьер – министрінің ұсынуы бойынша Президенттің жарлықтарымен бекітіледі. Қазіргі кезде ол «Атқарушы өкіметтің орталық органдырының жүйесін ретке келтіру туралы Президенттің 1993 жылдың 9 – маусымдағы  жарлығымен айқындалады».

          Президент ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағасылық етуге, Үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешім қабылдауға құқылы.

           Президент  Үкіметтің және облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдері актілерінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы. Оның жарлықтарымен атқарушы биліктің қызметі мен механизмінің көптеген маңызды жақтары регламенттеледі.

      Қазақстан  Республикасының Үкіметі           

     Үкімет – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын жәнеолардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Онығ құқықтық мәртебесінің негіздері Конституцияның V-бөлімінде бекітілген.

     Үкіметтің құзіреті, ұйымдастыруы мен қызмет атқаруының тәртібі Президенттің «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 1995 жылы 18 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар Жарлығымен және осыған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 жылы 6 мамырдағы Конституциялық заңмен» белгіленген.

      Үкімет Республика Конституциясының, аталған Жарлық пен Конституциялық заңның, Республиканың өзге де заңнамаларының негізінде және оларды орындау үшін қызмет атқарады.

       Үкіметті Президент Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

    Республиканың Премьер  – министрі өзі тағайындалғаннан  кейін он күн мерзімде Үкіметтің  құрылымы мен құрамы туралы  Республика Президентіне ұсыныс  енгізеді.

       Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

      Үкімет – алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – Премьер – министр, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.

       Үкімет мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне Үкімет туралы Конституциялық заңда белгіленген мазмұнда ант береді.

        Премьер – министрді Президент Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерінде Президент тағайындайды.

        Премьер – министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке министрліктерді, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде, министрді, оның ішінде Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтің қызметін ұйымдастыру, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.

     Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктеріне :

  1. Мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
  2. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етуін;
  3. Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;
  4. Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
  5. Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу;
  6. Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасау;
  7. Республиканың министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолдануын толық не бір бөлігінде жою немесе тоқтата тұру;
  8. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындап, қызметтен босату;
  9. Крнституцияның, заңдар мен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындау жатады.

     Үкімет өзінің бүкіл өызметінде Конституцияда және жоғары да аталған Үкімет туралы Конституциялық заңда белгіленген нысандарда Президент алдында жауапты. Ал, Үкімет мүшелері өз құзіретінің шегінде өз бетінше шешім қабылдайды, Премьер – министрдің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді.

     Үкіметтің өз өкілеттіліктерін жүзеге асыратын құқықтық нысандарына Республиканың бүкіл аумағында міндеттң күші бар Үкіметтің қаулылары мен Премьер – министрдің өкімдері жатады. Бұл қаулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Президенттің актілеріне қайшы келмеуге тиіс.

       Үкімет Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше өызмет атқарады. Бұдан кейін ол жаңадан сайланған және қызметке ресми кіріске Президентке Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқлы өз өкілеттігін доғарады.

      Конституцияда (70 – бап) және Үкімет туралы Конституциялық Заңда Үкіметтің, оның мүшелерінің өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған.

        Егер Үкімет және оның кез – келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді  одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар Президентке өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы.

         Конституцияда (53 – бап, 7 – тармақ, 61 – бап, 7 - тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Президентке мәлімдейді.

     Үкіметтің орнынан  түсуін қабылдау немесе қабылдамау  туралы мәселені Президент он  күн мерзімде қарайды. Орнынан  түсуді қабылдау Үкіметтің не  оның тиісті мүшесінің өкілеттігі  тоқтатылғанын білдіреді. Премьер – министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.

      Президент өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез – келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы.

      Министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкімет шүшелері:

  1. тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
  2. өз құзіреті шегінде шешімдер қабылдауға дербес болады;
  3. Премьер – министрдің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
  4. тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы істің жайына және заңдардың, Президент пен Үкімет актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді;

     Конституцияның 57 – бабының 6 – тармақшасында көзделген ретте, яғни өз қызметі мәселелері жөнінде министр Парламент палаталарына есеп береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Қазақстан Республикасының жоғары және жергілікті соттар

Сот органдары әділ сотты қылмыстық, азаматтық, шаруашылық нысанында, ал көптеген елдерде – конституциялық сот өндірісі нысанында жүзеге асырады. 1995 жылдың тамыз айының соңына дейін Қазақстанда Жоғары сот басқаратын жалпы соттар, Жоғары төрелік сот басқаратын төрелік сот және Конституциялық сот болды. Қазір жалпы және төрелік соттар Жоғарғы сот басқаратын бір жүйеге біріктірілді, ал Конституциялық сот Конституциялық кеңеске орын берді.

     Сот органдарының  қызметі мемлекеттегі конститууциялық  құрылысты қорғауды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, қоғамдық қатынастар субъектілерінің арасында туған дауларды заң негізінде шешуді қамтамасыз етеді. Бұл қызметтің ерекшелігі, заңмен белгіленген процедуралар мен ережелерді сақтай отырып, айрықша процессуальды нысанда жүзеге асыру болып табылады. Жаңа заманға сай мемлекеттер конституциялары соттың заң шығарушылар мен атқару билігінен тәуелсіз екенін, әділсот функциясын жүзеге асырған кезде тек қана конституция мен заңға бағынатындығын, заң алдында барлығының тең екендігі принципін жүзеге асыратындығын, айыпкердіңтәуелсіз екенін, әділсот функциясын жүзеге асырған кезде тек қана конституция мен заңға бағынатындығын, заң алдында барлығының тең екендігі принципін жүзеге асыратындығын, айыпкердің қорғану құқығымен қамтамасыз етуге, кінасіздік презумпциясын белгілеп берді.

     Жоғарыда аталған  мемлекеттік органдардан басқа  мемлекет механизмінің құрамына  сондай – ақ, армия, полиция, түрмелер, барлау, қарсыбарлау және биліктің басқа да кейбір ұйымдастыру – мәжбүрлеу құралдары кіреді. Олар болмаса мемлекет өзінің алдында тұрған міндеттерін орындай алмайды. Мемлекеттің қандай да бір мақсатына қол жеткізу үшін мұндай билік құралдарының бар екендігі фактісі жеткілікті. Ол тиісті нәтиже бермеген жағдайда, биліктің аталған құралдары деп аталғанда, оның мемлекет механизмдеріндегі өзінің сипаты мен және табиғатымен, құрылымымен және адамдарының құрамымен, материалдық қаматамасыз етілуімен, қызметінің мәртебесімен және бағыттылығымен ерекшеленетін айрықша құрылым екендігі ескертіледі. Олардың әрқайсысының ішінде басқару органдары ( қоғаныс министрлігі, әскер түрлері мен окургтер командованилері,әскери комиссиаттар, командирлер және тағы да басқа ) бар. Олар басқару, бақылау, ұйымдастыру – техникалық функцияларын орындайды, аталған билік құралдарының әрқайсысында тәртіп болуын қадағалайды, олардың қызметінің мемлекет алдына қойып отырған міндеттер арнасында болуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

 

  1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. 

     2. Жергілікті  соттарға мыналар жатады:    

1) облыстық және оларға  теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );     

2) аудандық және оларға  теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):  

3.Қазақстан Республикасында  мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.

Сот жүйесінің бірлігі

Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:

1) Конститутцияда , осы Конститутциялық  заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;

2) сот билігін барлық  соттар үшін сот ісін жүргізудің  заңдарға белгіленген бірыңғай  нысандары арқылы жүзеге асырумен;

3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;

4) заңдарда судьялардың  бірыңғай мәртебесін баянды етумен;

5) заңды күшіне енген  сот актілерін Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;

6) барлық соттарды тек  қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар

Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.

Аудандық және оларға теңестірілген соттар

Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру

1.    Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – аудандық  соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады.

Информация о работе Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымы