Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2015 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысым 2 тарауға негізделген, бірінші тарауда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе , екіншісі Қазақстанның басқару құрылымы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті , атқарушы органдары, жоғарғы сот және жергілікті соттар қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді.

Содержание

І.Кіріспе....................................................................................................
ІІ.Негізгі бөлім........................................................................................
1.Мемлекеттік басқару туралы түсінік..................................................
1.1.Басқару түсінігі және ол туралы тұжырымдамалар.......................
1.2.Басқарудың түрлері............................................................................
2.Қазақстандағы басқару құрылымы......................................................
2.1.Қазақстан Республикасының Президенті және заң шығарушы органдары.........................................
2.2. Қазақстан Республикасының атқарушы органдары......................
2.3. Қазақстан Республикасының Жоғары сот және жергілікті соттар..
ІІІ.Қорытынды..........................................................................................
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

542____.doc

— 258.50 Кб (Скачать документ)

        Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

        Ш.Есенов  атындағы Каспий Мемлекеттік  Технологиялар және 

Инжиниринг Университеті

“Экономика және құқық” институты

                                                         

 

 

“Менеджмент’’ кафедрасы

 

 

 

 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні:Мемлекеттік басқару теориясы

Тақырыбы:Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымы

 

 

 

                                          

 

 

 

 

 

                                                                 

                                                           Орындаған: ГМУ-08-1тобының студенті                             

                                                                Сырлыбаева Жамиға Сәтбергенқызы  

                                                         Тексерген:  магистр, оқытушы  

                                                            Ботбаева Ақнұр Серікбайқызы  

 

                                          

 

 

Ақтау 2010жыл

Жоспар:

І.Кіріспе....................................................................................................

ІІ.Негізгі бөлім........................................................................................

1.Мемлекеттік басқару туралы  түсінік..................................................

1.1.Басқару түсінігі және ол туралы тұжырымдамалар.......................

1.2.Басқарудың түрлері............................................................................

2.Қазақстандағы басқару құрылымы......................................................

2.1.Қазақстан Республикасының Президенті  және заң шығарушы органдары.........................................

2.2. Қазақстан Республикасының атқарушы  органдары......................

2.3. Қазақстан Республикасының Жоғары сот және жергілікті соттар..

ІІІ.Қорытынды..........................................................................................

IV.Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бұл курстық жұмыста мемлекеттің басқару түсінігі, мұндағы мемлекет туралы ғалымдардың тұжырымдамалары , басқарудың түрлері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқару құрылымы жайындағы мәліметтер қарастырылады.

Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты .Өйткені , мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық , ұйымдастырушылық қызметі . Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады. Менің бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым - мемлекеттік басқару теориясымен тереңірек танысып , оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістерін меңгеру. Сондықтан, курстық жұмысым 2 тарауға негізделген, бірінші тарауда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе , екіншісі Қазақстанның басқару құрылымы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті , атқарушы органдары, жоғарғы сот және жергілікті соттар қарастырылған. 
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз. 
      Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді.  

 

 

 

1-тарау. Мемлекеттік басқару  туралы жалпы түсінік

1.1.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар

       Билік теориясы саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі- билік, ал мазмұны-билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі – ол билік үшін күреседі деген екен.

       Ағылшынның ең  ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам  қайраткері болған Бертран Рассел (1872-1970) физикада басты ұғым энергия  болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі  ұғым билік болып табылады  деп дұрыс айтқан. Ал Американың  әйгілі әлеуметтанушы Талкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.

        1.Телеологиялық  анықтама билікті белгілі бір  мақсатқа, белгіленген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т.Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

        2.Бихевиористік  анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

        3.Инструменталистік  анықтама билікті белгілі бір  құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р.Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

        4.Структуралистік  анықтама биліктібасқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді.Солардың арасында, олардың ойынша , билік қатынастары туады.

        5.Конфликтілік  анықтама билікті дау-жанжал жағдайында  игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік , шиеленісті шешудің құралы деп  түсіндіреді.

        6.Біраз ғалымдар  билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.

        7. П.Моррис, А.Гидденс  сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен  келіспей, билікті біреуге немесе  бірдеңеге тигізетін жай ғана  ықпал , өсер емес, оларды өзгертуге  бағытталған іс-әрекет дейді.

        8.Америка саясаттанушылары Г.Лассуэлл мен А.Каплан «Билік және қоғам » деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

        Сонымен, біз  билік туралы ғалымдардың арасында  ортақ пікір, анықтама жоқ екенін  байқадық. Батыстың әлеуметтанушысы Р.Мартин билік махаббат сияқты , күнделікті тілімізде жиі пайдаланылады, іштей сезіледі, бірақ сирек анықталады деп бекер айтпаған. Оның себебі, француздың саясаттанушысы Ж.К.Шевалье айтқандай, адамдарды биліктің жалпы ұғымының айналасындағы айтыс-тартыстан гөрі нақтылы, шын мәніндегі биліктің өзі көбірек ойландырған, магнитше тартқан.

      Дегенмен, ғылым болғандықтан  анықтама беріледі. Мысалы, «Философиялық  энциклопедиялық сөздікте » билік  туралы былай делінген : «Сөздің  жалпы мағынасында билік өз еркінді жүзеге асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-әдістер – бедел, құқық, күштеу арқылы шешуші ықпал жасау » («Философский энциклопедический словарь ». М., 1983, 85-бет ). Біздіңше, билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.

         Билік адамзат  қоғамымен бірге пайда болады  және оның даму барысында бола  бермек. Ол ең алдымен қоғамдық  өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамдар, қоғам және мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек.

        Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билікті қауым бастығын сайлайтын ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына ақсүйектер билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. Олар мемлекет ретінде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстінен қарайтын органга айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды.Сондықтан, саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің  пайда болумен байланыстырады.

        Әдетте, «билік  »деген сөз әр түрлі мағынада  қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т.т. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.

         Биліктің  басқа түрлерімен салыстырғанда  саяси биліктің мынадай ерекшеліктері  бар: оның өктемдік сипаты ( ол  басқа биліктерден жоғары тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды ), оның бүкіл қоғамның атынан  билік жүргізуі, басқарумен кәсіби  айналысатын адамдардың мүддесін қозғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің  жұмыс тәртібін белгілеуде жеке –дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т.б.

         Саяси билік  бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға  міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:

         1.Экономикалық  қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы – қаража керек. Мысалы, Сайлау науқанын өткізу үшін ондаған миллион ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетіспегендіктен шет елдерде үміткерлер жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстау үшін қаншама қаржы кетеді. Оның үстіне , әдетте, билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді. Мысалы, АҚШ-тың көрнекті президенттері:Ф.Рузвельт «Жаңа бағыт», Дж.Кеннеди «Жаңа шеп», Л.Джонсон «Кедейлікке қарсы соғыс» және т.с.с. бағдарламаларды алға тартқан. Оларды жүзеге асыруға қыруар ақша іздестіруге тура келеді.

          Экономикалық  қорға қоғамдық өндіріс пен  тұтынуға керек басқа да материалдық  құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және  т.б. кіреді.

          2. Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметтерді орындайды. Қазіргі Батыс елдерінде үстемдік етіп отырған саяси билікті сақтауға халықтың көпшілігі мүдделі. Себебі, оларға орта деңгейдегі тұратын адамдар көп, саяси билік басына келгендер соларға арқа сүйейді, көпшілікті мұқтаждық жағдайда жібермейді, елдерінде әлеуметтік әділеттілік, халықты сақтандыру кең дамыған. Мысалы,зейнеткер жұмыс істеп жүргенде  алған жалақысының 90%-ға дейінгісін ала алады, неше түрлі қайырымдылық қорлары жұмыс істейді және т.с.с.

           3. Күш  жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.т. Тарихи тәжірибеге сүйенсек, саяси билік оларды өз мақсаттарына әсіресе экономикалық және саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады. Оның арнайы дайындалған адамдары болады.

         4.Ақпарат  құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан  оны төртінші билік деп те  атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санайды. Шынында да, олардың мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидир бар кезде адамдар өз елдеріндегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Ақпарат құралдырының маңызы шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялар бар елдерде арта түседі.

         5.Ақпарат  құралдарымен қатар билікті жүргізуде  информациялық қордың да маңызы  зор. Білім мен ғылыми мағлұматты  алу, оларды тарату бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы орындарға шығуда. Кейбір ғалымдардың (жапондықтардың) айтуынша, информация кімнің қолында болса, ХХI-ғасырда билік соның қолында болады дейді.

           Саяси  әлеуметтік институттар арқылы  жұмыс істейді. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялық, адамдық жәйттар, қоғамдық қатынастар мен ұйымдастыру мен реттеуді қамтамасыз ететін ережелер арқылы іске асады.

          Биліктің  қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын  орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама мәліметтер (информация ) жатады.

          Билікті  жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау. Еріксіз көндіру сияқты  әдіс-амалдар пайдаланылады.Оны  жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады.    

Информация о работе Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымы