Қазақстан Республикасының Конституциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 20:59, реферат

Краткое описание

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

KR_Konstitucijasy.doc

— 345.00 Кб (Скачать документ)

3. Конституциялық Кеңестiң  шешiмдерi қабылданған күннен бастап  күшiне енедi, Республиканың бүкiл  аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және  шағымдануға жатпайды.

VII БӨЛIМ 

СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛIГI

75-бап

1. Қазақстан Республикасында  сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.

2. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң  азаматтық, қылмыстық және заңмен  белгiленген өзге де нысандары  арқылы жүзеге асырылады. Заңда  көзделген жағдайларда қылмыстық  сот iсiн жүргiзу алқабилердің  қатысуымен жүзеге асырылады. 

3. Заңмен құрылған  Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың  жергілікті және басқа да соттары  Республиканың соттары болып табылады.

4. Республиканың сот  жүйесi Республика Конституциясымен  және конституциялық заңмен белгiленедi. Қандай да бiр атаумен арнаулы  және төтенше соттарды құруға  жол берiлмейдi.  

 

76-бап

1. Сот билiгi Қазақстан  Республикасының атынан жүзеге  асырылады және өзiне азаматтар  мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.

2. Сот билiгi Республика  Конституциясының, заңдарының, өзге  де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң,  халықаралық шарттарының негiзiнде  туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.

3. Соттар шешiмдерiнiң  үкiмдерi мен өзге де қаулыларының  Республиканың бүкiл аумағында  мiндеттi күшi болады.

77-бап

1. Судья сот төрелiгiн  iске асыру кезiнде тәуелсiз  және Конституция мен заңға  ғана бағынады.

2. Сот төрелiгiн iске  асыру жөнiндегi соттың қызметiне  қандай да болсын араласуға  жол берiлмейдi, және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.

3. Заңды қолданған  кезде судья төмендегi принциптердi  басшылыққа алуға тиiс: 

1) адамның кiнәлi екендiгi  заңды күшiне енген сот үкiмiмен  танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi;

2) бiр құқық бұзушылық  үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық  немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға  болмайды;

3) өзiне заңмен көзделген  соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң  өзгертуiне болмайды;

4) сотта әркiм өз  сөзiн тыңдатуға құқылы;

5) жауапкершiлiктi белгiлейтiн  немесе күшейтетiн, азаматтарға  жаңа мiндеттемелер жүктейтiн  немесе олардың жағдайын нашарлататын  заңдардың керi күшi болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан  кейiн ол үшiн жауапкершiлiк  заңмен алынып тасталса немесе жеңiлдетiлсе, жаңа заң қолданылады;

6) айыпталушы өзiнiң  кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi  емес;

7) ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген  шектегi жақын туыстарына қарсы  айғақ беруге мiндеттi емес. Дiни  қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес;

8) адамның кiнәлi екендiгi  жөнiндегi кез келген күдiк айыпталушының  пайдасына қарастырылады; 

9) заңсыз тәсiлмен алынған  айғақтардың заңды күшi болмайды. Ешкiм өзiнiң жеке мойындауы  негiзiнде ғана сотталуға тиiс емес;

10) Қылмыстық заңды  ұқсастығына қарай қолдануға  жол берiлмейдi.

4. Конституциямен белгiленген  сот төрелiгiнiң принциптерi Республиканың  барлық соттары мен судьяларына  ортақ және бiрыңғай болып табылады.

78-бап

Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың  құқықтары мен бостандықтарына  нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi.

79-бап

1. Соттар тұрақты судьялардан  тұрады, олардың тәуелсiздiгi Конституциямен  және заңмен қорғалады. Судьяның  өкiлеттiгi тек заңда белгiленген  негiздер бойынша ғана тоқтатылуы  немесе кiдiртiлуi мүмкiн.

2. Судьяны тұтқынға  алуға, күштеп әкелуге, оған  сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк  жазалау шараларын қолдануға,  қылмыс үстiнде ұсталған немесе  ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз не Конституцияның 55-бабының 3)-тармақшасында белгiленген жағдайда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

3. Республиканың жиырма  бес жасқа толған, жоғары заң  бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде  екi жыл жұмыс стажы бар және  бiлiктiлiк емтиханын тапсырған  азаматтары судья бола алады.  Республика соттарының судьяларына  заң бойынша қосымша талаптар  белгiленуi мүмкiн.

4. Судьяның қызметi депутаттық  мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе  өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты  атқарумен, кәсiпкерлiкпен айналысумен,  коммерциялық ұйымның басшы органының  немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

80-бап

Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi және ол сот төрелiгiн  толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру  мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.

81-бап

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады.

82-бап

1. Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының Төрағасын және  судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.

2. Жергілікті және  басқа да соттардың төрағалары  мен судьяларын Жоғары Сот  Кеңесінің кепілдемесі бойынша  Республика Президенті қызметке  тағайындайды.

3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. Сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.

4. Жоғары Сот Кеңесі  Республика Президенті тағайындайтын  Төрағадан және басқа да адамдардан  құралады.

5. Жоғары Сот Кеңесінің  мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді.

83-бап

1. Прокуратура мемлекет  атынан Республиканың аумағында  заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.

2. Республика Прокуратурасы  төменгi прокурорларды жоғары тұрған  прокурорларға және Республика  Бас Прокурорына бағындыра отырып, бiрыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкiлеттiгiн басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз жүзеге асырады және Республика Президентiне ғана есеп бередi.

3. Республиканың Бас  Прокурорын өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп  әкелуге, оған сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкiлеттiгiнiң мерзiмi бес жыл.

4. Республика прокуратурасының  құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет  тәртiбi заңмен белгiленедi.

84-бап. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды  

 

VIII БӨЛIМ 

ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК  БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ 

 

85-бап

Жергiлiктi мемлекеттiк  басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң  жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.

86-бап

1. Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық, бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi  және жалпымемлекеттiк мүдделердi  ескере отырып, оны iске асыруға  қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

2. Мәслихаттарды жалпыға  бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды.

3. Қазақстан Республикасының  жиырма жасқа толған азаматы  мәслихат депутаты болып сайлана  алады. Республика азаматы бiр  мәслихаттың ғана депутаты бола  алады. 

4. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:

1) аумақты дамыту жоспарларын,  экономикалық және әлеуметтiк  бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi  және олардың атқарылуы туралы  есептердi бекiту;

2) өздерiнiң қарауына  жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық  құрылыс мәселелерiн шешу;

3) заңмен мәслихат  құзыретiне жатқызылған мәселелер  бойынша жергiлiктi атқарушы органдар  басшыларының есептерiн қарау; 

4) мәслихаттың тұрақты  комиссияларын және өзге де  жұмыс органдарын құру, олардың  қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат  жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;

5) Республика заңдарына  сәйкес азаматтардың құқықтары  мен заңды мүдделерiн қамтамасыз  ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi  жүзеге асыру. 

5. Мәслихаттың өкілеттігін  мерзімінен бұрын Республика  Президенті тоқтатады, сондай-ақ  мәслихат өзін-өзі тарату туралы  шешім қабылдаған ретте де  оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.

6. Мәслихаттардың құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi, олардың депутаттарының құқықтық  жағдайы заңмен белгiленедi.

87-бап

1. Жергiлiктi атқарушы  органдар Қазақстан Республикасының  атқарушы органдарының бiрыңғай  жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра  отырып, атқарушы билiктiң жалпы  мемлекеттiк саясатын жүргiзудi  қамтамасыз етедi.

2. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:

1) аумақты дамыту жоспарларын,  экономикалық және әлеуметтiк  бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi  әзiрлеу және олардың атқарылуын  қамтамасыз ету; 

2) коммуналдық меншiктi басқару; 

3) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;

4) жергiлiктi мемлекеттiк  басқару мүддесiне сай Республика  заңдарымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

3. Жергiлiктi атқарушы  органды Республика Президентi  мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылатын  тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң  әкiмi басқарады.

4. Облыстардың, республикалық  маңызы бар қалалардың және  астананың әкімдерін қызметке  тиісінше облыстардың, республикалық  маңызы бар қалалардың және  астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы.

5. Мәслихат депутаттарының  жалпы санының кемінде бестен  бірінің бастамасы бойынша әкімге  сенімсіздік білдіру туралы мәселе  қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда  мәслихат өз депутаттарының жалпы  санының көпшілік даусымен әкімге  сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде тиісінше Республика Президентінің не жоғары тұран әкімнің алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.

6. Жергiлiктi атқарушы  органдардың құзыретi ұйымдастырылуы  және олардың қызмет тәртiбi заңмен белгiленедi.

88-бап

1. Мәслихаттар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал  әкiмдер - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң аумағында орындалуға мiндеттi шешiмдер мен өкiмдер қабылдайды.

2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiсiн қысқартуды немесе  жергiлiктi бюджет шығысын ұлғайтуды  көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары  әкiмнiң оң қорытындысы болған  кезде ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциясы