Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 20:22, курсовая работа

Краткое описание

21 мамыр 2007 жылы Республика Конституциясының мәтініне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Республика Парламентінің саяси-конституциялық мәртебесін аша түсумен қатар, атқарушы билікке қатысты бақылау өкілеттіліктерінің мазмұнын кеңейтті. Алайда тарихи қалыптасқан отандық парламенттік дәстүрдің болмауы себепті парламенттің кейбір бақылау өкілеттіліктері оның мәніне сай іске аспай жатады. Сондықтан да мұндай мәселелерді дамыған шет елдердің тәжірибесін зерделеу арқылы шешуге ұмтылу – тақырыптың өзектілігін бекіте түседі.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................
3
I.
Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламенттің бақылау функциясының теориялық негіздері..................................................
7
1.1.
Парламенттің бақылау функциясының түсінігі, мәні және қағидалары............................................................................................
7
1.2.
Парламенттің бақылау функциясының жіктемесі (классификациясы)...............................................................................
9
1.3.
Қазіргі дамыған мемлекеттердегі парламенттің саяи сипаттағы бақылау функциясы.............................................................................
11
II.
Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясы және оны іске асыру механизмдері....................................................
14
2.1.
Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясының конституциялық-құқықтық негіздері.................................................
14
2.2.
Парламенттік тыңдау...........................................................................
17
2.3.
Депутаттық сауал.................................................................................
19
2.4.
Үкімет сағаты ......................................................................................
20
2.5.
Парламенттік тергеу және оны енгізудің негізгі мәселелері...........
22

Қорытынды...........................................................................................
24

Әдебиеттер тізімі................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кукык реферат.docx

— 57.31 Кб (Скачать документ)

 

2.5. Парламенттік тергеу және оны енгізудің негізгі мәселелері

Әлем парламеттерінің қызметі негізінде қалыптасқан тәжірибе көрсетіп отырғандай парламенттік тергеу институты – парламенттік бақылаудың маңызды әрі қажетті элементі екендігін дәлілдей түседі. Негізінен бұл институт жоғары экономикалық көрсеткіштерге ие елдерге тән және мемлекеттік механизмнің нәтижелі жұмыс істеуіне, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамассыз етілуіне тікелей ықпал етеді. Қазақстан Парламентаризмінің раихында ХІІ және ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңес 1986 жылдың 16-17 желтоқсандарында Алматы қаласында алаңға шығып, қылмыстық қудалауға ұшыраған қазақ жастарын ақтау мәселесі бойынша екі рет тергеу комиссиясын құрып, едәуір жұмыстар атқарды. [4., 310]

Бұл парламенттік рәсім тек парламенттік республикада (ГФР, Италия және т.б.) ғана емес, сонымен бірге президенттік (АҚШ) және жартылай президенттік (Франция) республикаларда да кездеседі. Парламенттік тергеу институтының құқықтық бекітілуі де әр қалай:

1. Конституцияларда (Италия);

2. жалпы не арнайы заң актілерінде (Ресей);

3.парламент (палаталардың) регламенттерінде.

Парламенттік тергеу органдарының құқықтық мәртебесі заңи және саяси тұрғыдан маңызды. Әдетте бұл орган тергеу комитеті, парламенттік комиссия немесе арнайы мамандырылған комитет ретінде құрылады. Парламенттік тергеу органдарының жұмыс істеу тәртібіне қарай екі топқа бөліп қарастыруға болады: уақытша және тұрақты. Уақытша сипаттағы парламенттік тергеу органдары көп реттерде депутаттардың талап етуі бойынша белгілі бір уақытқа ғана құрылады. Тергеу органдарының келесі бір тобы – тұрақты түрде жұмыс істейді. Бұған АҚШ Конгресінің жүйесіне кіретін комитеттер жатады. [5., 725]

Шет елдерде парламенттік тергеу келесі мәселелер бойынша жүргізіліп жатады: лауазымдық дәрежесі жоғары тұлғалардың өз өкілеттіліктерін шектен тыс асыра пайдалануы, коррупция фактілері, бюджет ресурстарын мақсаттан тыс жарату, лауазымдық міндеттерін теріс салдарларға соқтыратын етіп орындау, лауазымды тұлғаның кәсіби дәрежесіне сай еместігі және т.б. Сондай-ақ техногенді және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуы, әуе және су кемелерінің апатқа ұшырауы, парламентпен қабылданған заңдардың орындалмау фактілері парламенттік тергеудің кең көлемдегі талқысына түсіп отырады. Соңғы кездері террорлық актілер, әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты қаржылық және әлеуметтік мәселелер парламенттік тергеудің өзекті сұрақтарына айналып отыр.Мәселен, АҚШ-тағы «11 қыркүйек» оқиғасы, Ресейдегі «Беслан» оқиғасы мен соңғы кездері Пермьде, Мәскеуде болған жарылыстар сәйкесінше алаған елдердің өкілді органдары тарапынан парламенттік тергеу жүргізуге негіз болды. Қазақстанда да парламент депутаттары осы тектес оқиғаларға белсенді түрде қатысып, өздерінің ұстамдарын білдіріп жүр. Мәселен, соңғы бес жыл ішінде: Моловодное елді-мекенінде болған оқиға (қазақтар мен шешендердің қақтығысы), Қарағандыда болған шахтадағы жарылыс және оның салдарынан 20-дан астам адамның қаза болуы, сондай-ақ Атырауда болған жұмыс беруші түрік ағайындар мен жергілікті халық арасында туындаған қақтығыстар, Алматы қаласында болған «Шаңырақ» оқиғасы депутаттардың осы жерлерде болуын, оған баға беруін қажет етті. Бұл мәні бойынша тергеу жүргізу емес, бірақ мәселенің неден шыққандығын анықтауға және оны ушықтырмауға бағытталған тексеру шаралары болып табылады. Сондай-ақ «Қызылағаштағы» су апаты да (2010 жылы) парламеттік тергеу жүргізуге сұраныс тудырып отыр.Демек бұл фактілер парламенттік тергеудің қажеттілігін көрсетіп отыр. [4., 310-311]  

 

          

 

 

 

Қорытынды

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында төменгідей байлам-тұжырымдар мен қорытындыларға қол жеткіздім:

  • Парламенттік бақылаудың формасы – мазмұнға, мазмұн – мәнге сәйкес болуы қажет;
  • Қазақстандық парламенттік бақылаудың әлсіздігі осы бағыттағы концептуалдық және саяси факторлардың жетілмегендігінен қалыптасып отыр;
  • Парламенттің бақылау функциясының келесідей негізгі қағидалары қатаң сақталуы қажет деп есептеймін, олар: заңдылық, объективтілік, тәуелсіздік, жан-жақтылық және толықтылық, құзіреттілік (компетенттілік), ынтымақтастық, жариялылық;
  • Парламенттік бақылау – дербес құқықтық институт;
  • Парламенттік тыңдау келесі сатылардан тұрады:
  1. бастамашылық көтеру;
  1. ұйымдастыру;
  2. өткізу;
  3. ұсынысты қабылдау және талқылау;
  4. парламенттік тыңдау қорытындысын қаулы түрінде рәсімдеу және жариялау;
  • Депутаттық сауал – бұл бақылаудың заңиландырылған формасы, сәйкесінше депутаттың жеке әрі талап ету құқығы болып табылады;
  • Депутаттық сауалдың объектісін анықтағанда оның негізгі мақсатын басшылыққа алуымыз керек. Депутаттық сауалдың мақсаты мемлекеттік билікті іске асырушы органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты ала отырып халық өкілі ретінде жария қызметке парламенттік бақылау орнату болып табылады;
  • «Үкімет сағатын» өткізуге үш түрлі конституциялық жағдай негіз болып табылады:
  1. депутаттың сұрақ қою құқығы;
  1. төменгі палатаның үкіметті қалыптастыру құқығы;
  2. парламенттік азшылықтың мүддесі (палатадағы саяси теңсіздікті қалыпқа келтіру мақсатынан туындайды);
  3. парламенттік тергеу – парламенттік бақылаудың маңызды әрі қажетті элементі.

Бұл рефератты жазуда  мақсатқа жету кезіндегі міндеттер толығымен шешілді деп есептеймін. Қазақстан Республикасында әрекет етіп жатқан заңнаманы оқып-зерттеу негізінде алынған нәтижелер, рефератты қорғауға қажетті ережелермен толық сәйкес келеді. Зерттеудің міндеттерін толығымен шешу мақсатында теориялық, заңнамалық (отандық және шетелдік) және тәжірибелік деректер қолданылды. Парламент заңдарының сандарынан гөрі қашанда сапасы басым болуы керек және ол заңдар шынайы өмірге лайықталып жасалынуы қажет. Қоғам мен мемлекетті жақындастыруда Парламент қызметінің саяси жариялылығын қамтамассыз ететін бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді пайдалануды ойластырған жөн.

Сонымен, бүгінгі таңда Парламенттің бақылау функциясы мәселесінің өзектілігі артуда. Әсіресе, 2007 жылы ел Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін еліміз Президенттік нысандағы басқарудан Президенттік-Парламенттік басқаруға бейімделуі зерттеушілердің басым бөлігінің басты нысанына айналды. Уақыт өткен сайын ол қылықтардың орны босап, жаңа сұрақтар пайда болуда. Осы орайда, Парламенттің бақылау функциясы алдағы уақытта қалай жұмыс жасайтынын және шынайы өмірге қаншалықты бейімделуде, өзінің кәсіби деңгейін қалай көрсетіп жатқандығы туралы зерттеулер Парламент бақылау функциясы маңыздылығын заманға сай арттыра түсетіні анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Амандықова С.Қ. «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы», Астана «Фолиант» 2001 жыл;
  2. Н.Қалиев «Қазақстан Парламентаризмі», ЖШС «Қазақстан» 2008 жыл;
  3. Зиманов С.З. «Конституция и Парламент Республики Казахстан», Алматы «Жеті Жарғы» 1996 жыл;
  4. Сапарғалиев Ғ.С. «Қазақстан Республикасының Парламенттік құқығы», Астана «ҚР-ның заң-құқықтық институты» 2009 жыл;
  5. Сандов А.Х. «Национальные парламенты мира» энциклопедиялық анықтама, 2005 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясы