Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 20:22, курсовая работа
21 мамыр 2007 жылы Республика Конституциясының мәтініне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Республика Парламентінің саяси-конституциялық мәртебесін аша түсумен қатар, атқарушы билікке қатысты бақылау өкілеттіліктерінің мазмұнын кеңейтті. Алайда тарихи қалыптасқан отандық парламенттік дәстүрдің болмауы себепті парламенттің кейбір бақылау өкілеттіліктері оның мәніне сай іске аспай жатады. Сондықтан да мұндай мәселелерді дамыған шет елдердің тәжірибесін зерделеу арқылы шешуге ұмтылу – тақырыптың өзектілігін бекіте түседі.
Кіріспе...................................................................................................
3
I.
Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламенттің бақылау функциясының теориялық негіздері..................................................
7
1.1.
Парламенттің бақылау функциясының түсінігі, мәні және қағидалары............................................................................................
7
1.2.
Парламенттің бақылау функциясының жіктемесі (классификациясы)...............................................................................
9
1.3.
Қазіргі дамыған мемлекеттердегі парламенттің саяи сипаттағы бақылау функциясы.............................................................................
11
II.
Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясы және оны іске асыру механизмдері....................................................
14
2.1.
Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясының конституциялық-құқықтық негіздері.................................................
14
2.2.
Парламенттік тыңдау...........................................................................
17
2.3.
Депутаттық сауал.................................................................................
19
2.4.
Үкімет сағаты ......................................................................................
20
2.5.
Парламенттік тергеу және оны енгізудің негізгі мәселелері...........
22
Қорытынды...........................................................................................
24
Әдебиеттер тізімі................................
Жоспар
Кіріспе....................... |
3 | |
I. |
Қазақстан Республикасының
Парламенті. Парламенттің бақылау функциясының
теориялық негіздері..................... |
7 |
1.1. |
Парламенттің бақылау функциясының
түсінігі, мәні және қағидалары.................... |
7 |
1.2. |
Парламенттің бақылау функциясының
жіктемесі (классификациясы)............. |
9 |
1.3. |
Қазіргі дамыған мемлекеттердегі
парламенттің саяи сипаттағы бақылау
функциясы..................... |
11 |
II. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің
бақылау функциясы және оны іске асыру
механизмдері.................. |
14 |
2.1. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің
бақылау функциясының конституциялық-құқықтық
негіздері..................... |
14 |
2.2. |
Парламенттік тыңдау........................ |
17 |
2.3. |
Депутаттық сауал......................... |
19 |
2.4. |
Үкімет сағаты .............................. |
20 |
2.5. |
Парламенттік тергеу және оны енгізудің негізгі мәселелері........... |
22 |
Қорытынды..................... |
24 | |
Әдебиеттер тізімі........................ |
26 |
Кіріспе
Өзектілігі. Бүгінгі менің алып отырған тақырыбымның өзектілігі болып, ең алдымен қоғамның объективті қажеттілігін қамтамассыз ету мақсатын көздейтін, 30 тамыз 1995 жылы Республикалық референдумда қабылданған, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекіген, базалық құндылықтар мен қағидалардан және олардың мәнінен туындайды. Атап айтып кететін болсам, Республика Парламентінің бақылау функциясы «халық билігі», «адам және адам өмірінің, құқықтары мен бостандықтарының ең қымбат қазына ретінде танылуы», «заңның үстемдігі» сияқты қағидалармен қатар, Қазақстан Республикасының «егеменді», «тәуелсіз» қасиеттерінен және өзін конституцияда айқындалғандай «демократиялық», «зайырлы», «әлеуметтік», «құқықтық»,»унитарлы» мемлекет ретінде орнықтыру мақсаттарынан туындайды. Аталған конституциялық қағидалар мен мұраттарды іс жүзінде іске асыру мемлекеттік билік органдарына және олардың қызметіне парламенттік бақылау орнатуды болжайды. Ол «тепе-теңдік және тежемелік» қағидасын сақтай отырып, елдегі конституциялық құрылыстың орнықты дамуын қамтамассыз етеді және биліктің бір қолға шоғырлану қаупінің алдын алады. Себебі «құқықтық мемлекетте ерекше жауаптылық парламентке және оның депутаттарына жүктеледі».
Парламенттік бақылауды жүзеге асыру бүгінгі таңда демократиялық мемлекеттерде заң шығарушы (өкілді) органның маңызды қызметі ретінде қалыптасқан. Белгілі мажар конституционалисті А.Шайонның пікірінше: «Парламенттік бақылаудың маңыздылығы соншалық, оның болмауы конституциялық жүйенің күйреуіне алып келетін себептердің бірі болып табылады».
Парламенттік бақылаудың маңыздылығы сонда, ол қолданыстағы заңдардың іске асуына, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, мемлекеттік механизмнің орнықты жұмыс істеуіне және ең бастысы атқарушы билік қызметінің тиімділігін арттыруға үлкен үлес қосады. Сондықтан да парламенттің бақылау функциясы оның заң шығару функциясының маңыздылығынан ешбір кем бағаланбайды.
Қазақстан Республикасында парламенттік бақылау мемлекеттік-құқықтық институт ретінде мейлінше баяу дамуда әрі елдегі демократиялық институттардың жетілмеуі себепті әсері төмен,тіпті кейбір жағдайларда тиімсіз шара ретінде танылып қалып жатады. Парламенттік бақылаудың бастапқы мағынасы бақылау өкілеттіктерін парламенттің тікелей өзі іске асыруын білдіреді. Алайда әлеуметтік процестердің күрделенуі себепті біртіндеп парламенттен құрылатын, бірақ оның құрамына жатпайтын арнайы органдар арқылы парламенттік бақылау жүзеге асырыла бастады. Қазақстанда мәні бойынша парламентке тиесілі мұндай өкілеттіліктер әлі де болса толық танылмай отыр немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзырына жатқызылған. Атап айтатын болсам, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (омбудсмен) парламенттен тыс (Республика Президентімен) жасақталады, ал сайлау жүйесін және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау, сондай-ақ мемлекеттік маңызды органдарды қалыптастырудағы кадрлық саясат сұрақтары ішінара сипатта ғана парламенттік бақылауға ие.
21 мамыр 2007 жылы Республика Конституциясының мәтініне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Республика Парламентінің саяси-конституциялық мәртебесін аша түсумен қатар, атқарушы билікке қатысты бақылау өкілеттіліктерінің мазмұнын кеңейтті. Алайда тарихи қалыптасқан отандық парламенттік дәстүрдің болмауы себепті парламенттің кейбір бақылау өкілеттіліктері оның мәніне сай іске аспай жатады. Сондықтан да мұндай мәселелерді дамыған шет елдердің тәжірибесін зерделеу арқылы шешуге ұмтылу – тақырыптың өзектілігін бекіте түседі.
Тақырыптың мақсаты: Қазақстан Республикасы Парламентінің жүзеге асыратын бақылау функциясының конституциялық мазмұнын және іске асыру механизмдерін анықтау.
Мақсатқа жету міндеттері:
Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме:
I.Парламенттің бақылау функциясының теориялық негіздері
1.1. Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламенттің бақылау функциясының түсінігі, мәні және қағидалары
Қазақстан Республикасының Парламенті – Қазақстан Республикасының жоғары өкілді және заң шығарушы органы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабына сәйкес Парламент – Республиканың заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. [1., 80]
«Парламент» деген сөз француздың «parler» - «сөйлеу» деген сөзінен шығып, соның өзімен-ақ парламенттік қызметтің басты ерекшелігін білдіріп тұр: парламент тек заңдарды қабылдайтын өкілді орган емес, ол сонымен бірге халық қалаулылары талқылаулар мен пікір-таласы арқылы мемлекеттің ұлттың мүддесіне сәйкес келетін саясатты белгілеп, соның негізінде заңдардың күрделі архитектоникасын анықтап, заңнамалар жүйесін жария түрде түзетін демократиялық институт. Парламент демократиялық жүйесі қалыптасқан елдерде тек мемлекеттік биліктің бір тармағы ғана емес, сонымен бірге аса іргелі де перспективалық жоспарларды жүзеге асыратын, елдің үдемелі дамуының тегеурінді де әлеуетті құралы. [2., 19]
Парламент пен парламентаризм – өзара байланысты ұғымдар, дегенмен бірдей емес екендігін айта кету қажет. Парламентаризм парламентсіз өмір сүре алмайды. Ал Парламент парламентаризмның элементтерінсіз өмір сүре алады. Кеңестік парламенттер дәуірінде осылай болды. Парламентаризм элементтері ең алдымен биліктерді бөлу, өкілдік және заңдылық болып табылады.
Жалпы алғанда, парламентаризм конституциялық-құқықтық теориясында мемлекетте биліктерді бөлу принципіне негізделген заң шығарушы билікті өкілді жүзеге асыру тәжірибесі ретінде түсіндіріледі. Мұндай парламенттің болуы халықтық егемендікке арқау болатын мемлекет нысаны ретіндегі демократия туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді. [1., 80]
Тәуелсіз Қазақстан парламентаризмі дамуының 1990-1995 жылдар аралығын қамтитын кезеңде бүгінгі қос палаталы Парламенттің орнында – құрылымы бойынша бір палаталы Жоғарғы Кеңес қызмет атқарды. Жоғарғы Кеңестің бақылау өкілеттіліктері мейлінше кең әрі ықпалды болғандығын ескеруіміз керек. Республика Жоғары Кеңесі 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Республика Конституциясына сәйкес бақылау саласында бүгінгі парламентте жоқ көптеген өкілеттіліктерге ие болды. Алайда Жоғарғы Кеңес қызметі кейбір сұрақтар бойынша бақылау өкілеттіліктерінің көлемінен тыс, мәні бойынша атқарушы билікке тиесілі өкім жүргізушілік функцияларды да иеленеді.
30 тамыз 1995 жылы қабылданған
қолданыстағы Қазақстан
Парламенттік бақылау теориясының бастапқы категориясы болып халықтық билік табылады және ол бақылау функциясының қағидаларын қалыптастыруда негіз қалаушы сипатқа ие. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 1-тармақтағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деп бекіткен және халық ұғымына мұндай мемлекеттік-құқықтық маңыз берілу, оның «еркі» мемлекеттік биліктің құрылуын ғана емес, сонымен бірге оның іске асырылуының да мазмұнын анықтайтындығын жария етеді.
«Халықтық билік» қағидасының тиімді әрі мақсатқа сай іске асырылуын «билік бөлінісі» қағидасы толығырақ қамтамассыз етеді. Билік бөлінісі қағидасының негізін салушы авторлар, сондай-ақ саяси және құқықтық ілімнің көптеген өкілдері биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуімен қатар атқарушы биліктің заң шығарушы билікпен бақылауда болуын бірауыздан құптайды.
Парламенттік бақылаудың мәніне – билік бөлінісі танылған және демократиялық сипатта ұйымдастырылған мемлекет жағдайында парламенттің халық атынан өкілдік ететін орган ретінде атқарушы билік қызметіне бақылау функциясын жүзеге асыруды жатқызамыз. Парламенттің өкілдік сипаты оның бақылау мәніне қатысты айқындаушы сипатқа ие әрі оның негізінде жатқан субстанциясы болып табылады.
Парламенттің бақылау функциясы – бұл парламенттің жоғары өкілді және заң шығарушы орган ретіндегі құзіретінен туатын парламенттік бақылаудың объектісіне жатқызылған мәселелерді және негізінен атқарушы-өкімшілік жүргізу функциясын іске асыратын атқару билік органы мен өзге де мемлекеттік басқару органдарының қызметің заңдылық, тиімділік тұрғысынан тексеруден және мүмкін болған жағдайда санкциялаудан тұратын, парламенттегі көпшілік және азшылық (оппозиция), сондай-ақ парламенттен толық және ішінара өкілеттілік алатын көмекші-бақылаушы органдармен жүзеге асырылатын кешенді шаралардан тұратын қызмет.
Парламенттің бақылау функциясының келесідей негізгі қағидалары қатаң сақталуы қажет деп есептейміз, олар:
- заңдылық қағидасы;
- объективтілік қағидасы;
- тәуелсіздік қағидасы;
- жан-жақтылығы және толықтылығы қағидасы;
- құзіреттілік (компетенттілік) қағидасы;
Информация о работе Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясы