Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 20:22, курсовая работа

Краткое описание

21 мамыр 2007 жылы Республика Конституциясының мәтініне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Республика Парламентінің саяси-конституциялық мәртебесін аша түсумен қатар, атқарушы билікке қатысты бақылау өкілеттіліктерінің мазмұнын кеңейтті. Алайда тарихи қалыптасқан отандық парламенттік дәстүрдің болмауы себепті парламенттің кейбір бақылау өкілеттіліктері оның мәніне сай іске аспай жатады. Сондықтан да мұндай мәселелерді дамыған шет елдердің тәжірибесін зерделеу арқылы шешуге ұмтылу – тақырыптың өзектілігін бекіте түседі.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................
3
I.
Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламенттің бақылау функциясының теориялық негіздері..................................................
7
1.1.
Парламенттің бақылау функциясының түсінігі, мәні және қағидалары............................................................................................
7
1.2.
Парламенттің бақылау функциясының жіктемесі (классификациясы)...............................................................................
9
1.3.
Қазіргі дамыған мемлекеттердегі парламенттің саяи сипаттағы бақылау функциясы.............................................................................
11
II.
Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясы және оны іске асыру механизмдері....................................................
14
2.1.
Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясының конституциялық-құқықтық негіздері.................................................
14
2.2.
Парламенттік тыңдау...........................................................................
17
2.3.
Депутаттық сауал.................................................................................
19
2.4.
Үкімет сағаты ......................................................................................
20
2.5.
Парламенттік тергеу және оны енгізудің негізгі мәселелері...........
22

Қорытынды...........................................................................................
24

Әдебиеттер тізімі................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кукык реферат.docx

— 57.31 Кб (Скачать документ)

- ынтымақтастық қағидасы;

- жариялылық қағидасы.

Парламенттік бақылаудың қағидалары өзара тең, олардың қайсыбірін бірінші не маңызды, ал екінші біреулерін кейінгі не маңызсыз деп бөліп қарастыру орынсыз. Барлық қағидалар өзара байланысты және тең әрі тұтастай қамтылғанда ғана парламенттік бақылау тиімді нәтижесін береді. [4.,308]

 

1.2. Парламенттің бақылау функциясының жіктемесі (классификациясы)

Парламенттің бақылау функциясына келесі негіздер бойынша жіктелу жүргізіледі:

1. Субъектісі бойынша:

- парламенттік (бірлескен отырыс формасында ұйымдастырылады не парламент атынан төменгі палата өкілдік етеді);

- парламент құрамына кіретін органдар мен лауазымды тұлғалар (парламент палаталары, комитеттер мен комиссиялар, депутаттар, депутаттық топтар және т.б.);

- парламент құрамына кірмейтін құзырлы органдар мен тұлғалар (Есеп палатасы (комитеті), Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Ғылыми ақпараттық қызмет және т.б.). [4., 302]

2. Мазмұны бойынша:

- қаржылық-бюджеттік бақылау функциясы;

- адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қатысты бақылау функциясы;

- қоршаған ортаны қорғауға қатысты бақылау функциясы;

- мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс саласындағы бақылау функциясы;

- ақпараттық саладағы бақылау функциясы.

3. Парламенттің бақылау функциясының іске асырылу мерзімі бойынша:

- алдын ала жасалатын бақылау функциясы, яғни заңсыз және тиімсіз атқарушылық қызметтің орын алмауын бақылайды (парламенттің өзімен, көмекші органдары және қызметтерімен жүзеге асырылады). Мәселен, Есеп комитетінің бюджеттің орындалуын бақылауы заңсыздықтардың орын алмауына және бюджеттің ысырап етілмеуіне жағдай туғызады;

- ағымдағы (жедел) бақылау функциясы қабылданған заңдардың нақтылай іске асуы барысында жүзеге асырылады (мәселен, ҚР «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңының іске асуы барысында депутаттық сауалдар мен сұрақтар ықпалды болды және т.б.);

- кейінгі бақылау функциясы – нақтылы орын алған жағдайларға қатысты заңның орындалуы мен жауапты тұлғалардың іс-әрекеттерін тексеруге және сәйкесінше тиісті қорытынды әзірлеуге бағытталады (тергеу комиссияларының жұмысын жатқызуға болады). [1., 91-93]

4. Мемлекеттің басқару нысанына байланысты республикада, сондай-ақ монархиялы мемлекеттерде де парламенттің бақылау функциялары кездеседі. Республикалық басқару нысанындағы мемлекеттердегі парламенттің бақылау функциясы келесі түрлерге бөлінеді:

- президенттік республикадағы;

- парламенттік республикадағы;

- жартылай президенттік республикадағы, мұның өзі:

а) президенттік-парламенттік республикадағы;

б) парламенттік-президенттік республикадағы парламенттік бақылау.

Парламенттің бақылау функциясы конституциялық монархияларда (Ұлыбританияда) орын алады. Абсолютті монархияда бүкіл мемлекеттік билік монархтың қолына шоғырлануы себепті бақылау функциясы теориялық тұрғыдан болуы мүмкін емес.

5. Парламенттегі саяси күштердің арасалмағына қарай екіге бөлінеді:

- парламенттік көпшіліктің бақылау функциясы;

- парламенттік азшылықтың (оппозицияның) бақылау функциясы. [4., 302]

6. Отандық авторлардың бір тобы атқарушы билікті бақылаудың мазмұнына қарай парламенттің бақылау функциясын екіге бөліп қарастырады:

- құрылтайшы (мемлекеттік органдарды құру, қайта құру және тарату, лауазымды тұлғаларды тағайындау және міндетінен босату; сондай-ақ парламент депутаттарының өкілеттілігін тану, тоқтату және депутаттық имунитеттен айыру мәселесін шешу);

- ағымдағы (сессиялық, сессияаралық бақылау). Бұған сессия отырыстарындағы парламент, парламенттің комиссиялары мен өзге де жұмыс органдары және арнайы органдар сипатындағы субъектілердің бақылаушылық қызметтері жатады.

7. Рәсімделуіне байланысты: жария (ашық) және жария емес (жабық) деп бөлінеді.

8. Негізі бойынша: заңи (заң бұзушылық орын алуы тиіс) және саяси (үкіметтің жүргізіп отырған саясаты үшін жауаптылығы) деп бөлінеді.

9. Парламенттің бақылау функциясының іске асу формаларына байланысты келесідей негізгі түрлері бар: парламенттік тыңдау, үкімет мүшелерінің есебін тыңдау сенім және сенімсіздік білдіру (вотумы), интерпелляция, депутаттық сауал салу және сұрақ қою,  парламенттік тергеу, импичмент және т.б. [3., 349]  

 

1.3.Қазіргі дамыған мемлекеттердегі  парламенттің саяи сипаттағы  бақылау функциясы

Бүгінде егемендігін алған 200-ден астам мемлекеттің 192-де парламент бар. Осы заманға ұлттық парламенттердің халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік және т.б. ғаламдық сұрақтар аясындағы саяси функциясы тың қырынан танылып келеді. Европалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕЫҚҰ – ОБСЕ) 2010 жылы Қазақстанның төрағалық етуі отандық Парламенттен де сыртқы саяси функциясын нақты анықтауды және сол арқылы ғаламдық мәселелерге қомақты үлес қосуды талап етеді.

Бүгінде батыс Еуропа елдерінің ішінде Швейцариядан басқа барлық мемлекеттердің үкіметтері парламент алдында саяси жауапты. Саяси жауаптылыққа тарту әдетте парламенттің төменгі палаталарына тән құзырет. Мәселен Австрия, Ұлыбритания, Ирландия, Нидерланды, ГФР, Франция сияқты мемлекеттерде парламенттің тек төменгі палаталары ғана үкіметтің орнында қалу не қалмау мәселесін шеше алады. Сондай-ақ Бельгия, Италия, Норвегия, Швеция парламенттерінің депутаттары қай палата екеніне қарамастан саяси жауаптылыққа тарту мәселесін шешуге өкілетті. Себебі, аталған елдерде парламент палаталары ешбір бөліп жармастан бірдей сайлау құқығы (төте) негізінде қалыптасады.

Саяси жауаптылыққа жеке(үкімет мүшелері, министрлер, жоғары лауазымды тұлғалар) немесе алқалы (үкімет) түрде тартылады. Үкімет мүшелерінің парламент алдындағы саяси жауаптылығы Австрия, Белгия, Швеция, Греция және Дания мемлекеттерінде қолданылады. Саяси жауаптылығы және бір тәртіп, Үкімет басшысының орнынан кетуі – тұтастай Үкіметтің орнынан кетуін білдіреді. Бұл Ұлыбритания, Италия, Португалия, Франция, ГФР және т.б. мемлекеттерде қолданылатын конституциялық рәсім.

 Сенімсіздік білдіру  негізінен тікелей демократиялық  жолмен сайланатын төменгі палатаның  өкілеттілігіне жатқызылады. Және  әдетте саяси жүйесі дамыған елдерде оппозициялық азшылықтың бастамасымен саяси күштерді құқықтық теңестіру және тежеу тетігі ретінде көтеріледі. Сенімсіздік білдіру бастамашылығы депутаттармен, депутаттық бірлестіктермен (фракция, топтар) көтеріліп жатады. Италия, Испания, Франция, Швеция мемлекеттерінде палата мүшелерінің кемінде 1/10-нің бастамашылығымен көтеріледі. Қай мемлекеттерде бұл көрсеткіш төмендеу, Грецияда – палата мүшелерінің 1/6-нің , ал Португалияда депутаттардың 1/4-нің және сондай-ақ депутаттық топтармен де бастамашылық көтеруге болатындығы ұлттық Конституцияларда бекітілген. [5., 720]

 Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес Мәжіліс  депутаттары жалпы санының кемінде 1/5-нің бастамасы бойынша Мәжіліс  Үкіметке сенімсіздік білдіруге  хақылы. Депутаттар бастамашылығының 1/10, 1/6, 1/5 және 1/4 қатынасы – Парламенттегі депутаттардың санына тәуелді. [1., 98]

Мәселен 1/10 бастамашылық, бұл: Испанияда – 35, Италияда:төменгі Палатада – 63, жоғары Палатада – 31, Францияда – 57, Швецияда – 34 депутатты құрайды. Ал Португалияда 1/4-і – шамамен 51 депутатты, Грецияда 1/6-і – шамамен 42 депутатты құрайды. [5., 720]

 Қазақстанда бұл көрсеткіш  Мәжіліс депутаттары (107 депутат) үшін 1/5 болғанда – 21 депутатқа тең. Қазақстан дамуының қазіргі жағдайында сенімсіздік білдіру бастамашылығының 1/5 деп бекітілуі саяси жүйені дамытуға кедергі келтіретіндіктен, оны 1/10 деп белгілеуді ұсынамыз. [1., 98]

Үкімет өз саясатын жүргізу не өкілеттілігін іске асыру үшін сенім білдіру сұрағын екі жағдайда көтереді:

- біріншісі, Үкіметтің бағдарламасы бойынша немесе жүргізетін саясаты туралы декларацияға дауыс беруді талап ету негізінде (Франция, Ұлыбритания, Испания, Португалия, Греция).

- екіншісі, қандай да бір салықтық жеңілдіктер және т.б. мәселелерді бекітетін заң жобасын парламентке қабылдату үшін сенім беру сұрағын төтелей қояды (Франция, Ұлыбритания, Португалия, Дания, Норвегия, Финляндия, Люксембуг).

Сенім білдіру рәсімінің қорытындысы бойынша үкіметке сенім білдірілмесе, үкімет орнына кететіндігі туралы мемлекет басшысына мәлімдейді. Мемлекет басшысы бұл сұрақты не парламентті, не үкіметті тарату арқылы шешеді. Сондықтан да Парламент депутаттары үшін сенімсіздік білдіру және сенім білдіру рәсімі бойынша дауыс берудің өзі қауіпті. [5., 721]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясы және оны іске асыру механизмдері

2.1. Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясының конституциялық-құқықтық негіздері

Бақылау өкілеттілігі – өкілді органдар жүйесінің даму процесінде парламент үлгісінде қалыптасқан барлық заң шығарушы орган қызметіне тән тұрақты (өзгермейтін) элемент.

Қазақстан Республикасының ағымдағы конституциялық-құқықтық актілері парламенттік бақылауға тән конституциялық өкілеттіліктердің 20-дан астам түрі мен формасын және іске асыру құралдары мен тәсілдерін бекітеді. Республика Конституциясы қазақстандық парламенттік бақылауға тиесілі конституциялық өкілеттіліктердің:

1. басым көпшілігін (80%-на жуығын);

2. негізгілерін;

3. тұтастай алғанда тек бақылау құқықтарының негізін бекіту арқылы ерекшеленетін. [1., 85]

Ал конституцияға негізделген актілер Республика Конституциясы таныған негізгі өкілеттіліктерге сәйкес қалыптасатын парламенттік бақылаудың формалары мен құралдарын, тәсілдерін бекітеді.Оларға «үкімет сағаты», «депутаттық сауал салу мен сұрақ қою», нормативті анықталмағанымен парламенттік тәжірибеде жиі орын алып отыратын «депутаттық жолдаулар» мен «депутаттардың мемлекеттік органдардың жетекшілерімен кездесуі» (Парламент Сенатында) сияқты парламенттік рәсімдерді жатқызамыз.

Қазақстан Республикасының конституциялық актілеріне сәйкес парламенттің бақылау функциясына жататын өкілеттіліктерді отандық заң шығарушы органның құрылымын және жұмыс істеу тәртібін ескере отырып төрт топқа бөліп қарастырамыз:

I топ. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі дербес жүзеге асыратын бақылау өкілеттіліктері:

1. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіреді (ҚР Конституциясының 56-б., 2-т.);

2. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды (ҚР Конституциясының 70-б., 1-т.).

II топ. Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасына да (Сенат және Мәжіліс) тиесілі бірдей бақылау өкілеттіліктері. Бұл арада бірдей бақылау өкілеттіліктері деп – бірдей конституциялық өкілеттілікті әр палатаның жеке-жеке өз отырыстарында жүзеге асуын айтамыз. Оларға жатқызылады:

1. әр палата өз құзіретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізіледі (ҚР Конст. 57-б., 5-т.);

2. палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы (ҚР Конст. 57-б., 6-т.);

3. Үкімет мүшесінің есебін тыңдау қорытындысы бойынша Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы (ҚР Конст. 57-б., 6-т.);

4. «Үкімет сағатын» өткізу құқығы (ҚР Парламенті Регламенті).

III топ. Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары бірлескен отырыста жүзеге асыратын бақылау өкілеттіліктері:

1. Үкіметтің Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін бекітеді (ҚР Конст. 53-б., 2-т.);

2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін бекітеді (ҚР Конст. 53-б., 2-т.);

3. Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттілігін беруге хақылы (ҚР Конст. 53-б., 3-т.);

4. Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды (ҚР конст. 53-б., 5-т.);

5. Конституциялық Кеңестің Республикадағы Конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды (ҚР Конст. 53-б., 6-т.);

6. палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды (ҚР Конст. 53-б., 7-т.);

7. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министрдің Үкіметке сенім білдіру туралы қойған мәселесі бойынша сенім білдіреді немесе сенімсіздік білдіреді (ҚР Конст. 61-б., 7-т.);

8. Палаталардың бірлескен отырысына қатысуы қажеттілігі туралы Палаталар және Палаталардың Бюролары шешім қабылдаған мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдары Парламенттің отырысына келуге және өздерінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті түсіндірмелер беруге міндетті (Парламент Регламенті, 11-т.).

Информация о работе Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясы