Жұмыспен қамту 2020

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 14:26, реферат

Краткое описание

Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт, республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады. Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіздіктің 20 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшінші он жылдығында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіреді.

Содержание

I Кіріспе...................................................................................................................3
II Негізгі бөлім.........................................................................................................6
1-бөлім.Мемлекеттік жастар саясатын дамыту пайымы.....................................................................................................................6
2-бөлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері.....................................................................................................13
3-бөлім. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі...........................21
III Қорытынды бөлім.............................................................................................22

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат енбекпен камту 2020.docx

— 62.15 Кб (Скачать документ)

2) Қазақстанның діни мұрасы  бойынша арнайы курс жүргізу  мүмкіндігін қарастыру, оның шеңберінде  дін саласында жастардың сапалы  білімін алуға бағытталған ағартушылық жұмысты жүргізу қажет.

Ғылыми-зерттеуді  қамтамасыз ету және мемлекеттік  жастар саясатының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету инновациялық ғылыми әдістер мен тәсілдерді пайдалана  отырып, жүйелі негізде жастар мәселесін  тереңірек зерделеуді қарастырады. Жастар ортасында ең өзекті мәселелерді шешу жолдарын әзірлеу үшін қазіргі заманғы тәсілдерді қолдана отырып, жастар құқығын іске асыру, тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету: әлеуметтік зерттеулер, бақылау әдістері, халықаралық тәжірибені және т.б. бейімдеу қажет.

Қазіргі уақытта жастардың  жай-күйін жан-жақты зерттеу үшін, сондай-ақ әлеуметтік мәдени процестерді  шынайы пайымдау үшін алғаш рет «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

«Жастар» ғылыми-зерттеу  орталығы жастар арасында әртүрлі зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік жастар саясаты  саласында ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларды дайындауға қатысады, жастар мен қоғамдық жастар ұйымдарын дамытуда оның қызметін мониторингілеуді және болжауды жүзеге асырады. Ғылыми зерттеулердің қорытындылары бойынша жастардың жағдайын жақсарту үшін және олардың құқықтары мен кепілдіктерін, сондай-ақ олардың бар мүмкіндіктерін ашу үшін нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленетін болады. Дайындалған ұсынымдар жастар саясатының нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге, жаңа заман талаптарын есепке ала отырып, Қазақстанды ұзақ мерзімді кезеңге одан әрі дамыту бағытын айқындауға тұрақты негізде бағытталады.

Сонымен қатар апаттылықты, бірбеткейлікті және шалағайлықты болдырмау  үшін мемлекеттік жастар саясатының нормативтік құқықтық базасын әзірлеу  және жетілдіру кезінде осы ұсынымдарды  ескеру қажет.

Осыны ескере отырып:

1) жастар арасында ең  қажетті тақырыптар бойынша ғылыми  зерттеулер тақырыбын кеңейту;

2) жастардың барлық деңгейінің  және қазіргі заманғы заңнамалардың  қажеттілігін және сұрау салуды  есепке ала отырып, зерттеуді жүзеге асыру;

3) мемлекеттік жастар  саясатын іске асыруда ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру;

4) жастар мәселесін зерделеу  бойынша жас ғалымдар мен сарапшылар  пулын қалыптастыру;

5) зерттеулер жүргізу  кезінде кешенді тәсілдерді қамтамасыз  ету;

6) қоғамдық дамудың өзіндік  бағалау социумы ретінде жастармен  жұмыстың  заң шығару бастамасының жаңа ғылыми әдістерін енгізу қажет.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын» іске асыруға жастарды тарту

Жастар мемлекет тарапынан  болатын қамқорлықтың объектісі  ғана емес, жастар – қоғам өміріне  қатысушы және оның даму сапасына, қарқынына  ықпал ететін белсенді субъект. Сондықтан да мемлекет жастар ұйымдарының жұмыс істеу қабілеттілігін, бір жағынан, жастардың өзекті проблемаларын шешу және оларда жаңа позитивті қажеттіліктерді қалыптастыру, екінші жағынан, жастардың күш-жігерін 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағдары» стратегиясында ел Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев алға қойған мемлекеттік стратегиялық міндеттерді шешуге жұмылдырып, бағыттау мүмкіндігімен айқындауға мүдделі.

Осыны ескере отырып:

1) жастарға олардың  ел үшін қосқан үлесінен ел тағдыры шешілетінін түсіндіру - жақсы оқуымен, жұмысқа деген жауапкершілігімен, белсенді қоғамдық ұстанымымен және істерімен жастар ел алдында тұрған стартегиялық мақсаттарды іске асыруға өз үлестерін қосады;

2) жастарды еліміздің  жаңа бағытының қозғаушы күші  ретінде, ел мен қоғам бейнесін  өзгертетін дүниеге прогресивті  көзқарас пен мінез-құлықты қалыптастырушы ретінде бейнелеп кескіндеу қажет.  

6. Тұжырымдаманы  іске асыру құралдары

Осы Тұжырымдаманың ережелері  заңнамалық актілерді, мемлекеттік  және салалық бағдарламаларды, мемлекеттік  органдардың стратегиялық жоспарларын  жетілдіру арқылы іске асырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-БӨЛІМ. «ҚАЗАҚСТАН 2020: БОЛАШАҚҚА ЖОЛ» ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР  САЯСАТЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ КӨЗДЕЛЕТІН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ

Осы Тұжырымдаманың ережелері мынадай нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді іске асыру арқылы орындалатын болады:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және басқа заңнамалық актілер;
  3. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;
  4. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;
  5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  6. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;
  7. Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы;
  8. Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы;
  9. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы;
  10. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы;
  11. «Қолжетімді тұрғын үй– 2020»бағдарламасы;
  12. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының  2020 жылғы дейінгі «Жастар – Отанға!» стратегиясы;
  13. орталық және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қоғамды жаңарту және адами  капиталға қойылатын талаптардың  өсуі жағдайларында мемлекеттік  жастар саясаты елді дамыту және қайта  жаңарту құралына айналуға тиіс.

Бұл жастардың әлеуметтік қалыптасу процесіне қатысушылардың бәрінен жастарды өз проблемалары мен  жалпы ұлттық міндеттерді шешуге тікелей тартуға бағытталған  тәсілдерді әзірлеуді және оны  дәйекті іске асыруды талап етеді. 

Мұндай ауқымдағы мемлекеттік  жастар саясатының міндетін жастардың  ойдағыдай әлеуметтенуіне, мемлекеттілікті  дамыту басымдықтарына қол жеткізуге  бағдарланған жобалық тәсілді қолдану  арқылы ғана шешуге болады. Мұның бәрі, сайып келгенде, жастар мен бүкіл халықтың өзіндік ұйымдасуы, Қазақстанның алдында тұрған міндеттердің ауқымына сай келетін бастамаларды дамыту – азаматтардың әл-ауқатының өсуі және қоғамдық қатынастарды жетілдіру үшін орнықты шарттарды қалыптастырады.

Мемлекет  басшысы  Н.Ә.  Назарбаев  біздің  буынның  сүйіп оқитын  кітабына  айналған  «Қазақстан  жолы»  атты  өз еңбегінде  атап айтқандай,  «Егер  де  жастар  гуманизмді,  білімді,  жауапкершілікті,  әділдік таңдап  алса  және  өзімшіл  болмаса,  онда  олармен  бірге  табыс  та  ілесіп жүреді».

 


Информация о работе Жұмыспен қамту 2020