Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 14:26, реферат
Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт, республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады. Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіздіктің 20 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшінші он жылдығында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіреді.
I Кіріспе...................................................................................................................3
II Негізгі бөлім.........................................................................................................6
1-бөлім.Мемлекеттік жастар саясатын дамыту пайымы.....................................................................................................................6
2-бөлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері.....................................................................................................13
3-бөлім. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі...........................21
III Қорытынды бөлім.............................................................................................22
МАЗМҰНЫ
I Кіріспе.......................
II Негізгі бөлім.........................
1-бөлім.Мемлекеттік жастар
саясатын дамыту пайымы........................
2-бөлім. Мемлекеттік жастар
саясатын дамытудың негізгі қағидаттары
мен жалпы тәсілдері.....................
3-бөлім. «Қазақстан 2020: болашаққа
жол» Қазақстан Республикасы
мемлекеттік жастар саясатының 2020
жылға дейінгі тұжырымдамасын
іске асыру көзделетін
III Қорытынды бөлім.........................
Кіріспе
Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт, республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады.
Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады.
Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіздіктің 20 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшінші он жылдығында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіреді.
Бұл жағдайларда аға буынның жасампаз істерін жалғастыруға, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз етуге тиіс жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктеледі.
Мұндай миссия кәсіптік білімі, дені сау әрі адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, патриот және әлеуметтік тұрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің басым міндеті мемлекеттік жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейімдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналдыру.
Мемлекеттік жастар саясаты
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуі мемлекет назарында болды және қала береді.
1994 жылы Қазақстан Бала
құқықтары туралы конвенцияны
ратификациялады. Қазақстан
Аталған бағдарламалардың бәрі жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы жастар саясатын одан әрі іске асырудың институционалдық негізіне айналды. 2010 жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда.
2008 жылы «Нұр-Отан» халықтық-
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемі 10 еседен астам өсті.
Білім және ғылым министрлігінің құрылымынан Жастар ісі комитеті мен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелері бойынша басқармаларының құрылуы мемлекет пен жастардың өзара іс-қимыл жасау процестерін жетілдірудің келесі кезеңіне айналды.
Жалпы алғанда, қазіргі уақытта
әлеуметтік-экономикалық жағдайларды
жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы
мен жан-жақты дамуына тек
Демографиялық ахуал
Ел тұрғындарының 26 %-дан астамын 14 – 29 жас аралығындағы Қазақстан жастары құрайды. 2012 жылы олардың саны 4,4 млн. адамға жақындады.
Облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қала тұрғындарының жалпы санынан жастардың ең қомақты үлес салмағы Астана және Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақтөбе облысына тиесілі, мұнда 14 – 29 жас аралығындағы жастар 29 %-ды құрайды.
Тұрғындардың жалпы санынан жастардың ең аз үлес салмағы Солтүстік Қазақстан облысына – 22 %, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарына – 24 % келеді.
Қазақстан жастарына білім деңгейінің жоғары болуы тән. Жоғары білімі бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есе, арнаулы орта білімі бар жастардың саны 2 есе дерлік өсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны 6 есе, қала жастарының саны 4 есе өсті. Тұтастай алғанда, Қазақстан жастарының 40 %-ының жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта білімі бар.
Жастар ұйымдары
Соңғы онжылдықта елімізде олардың саны 7 еседен астам өсті. Қазақстан жастар конгресі (2002) және «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты (2008) сияқты бұқаралық ұйымдарға жастардың шоғырлану процесі жалғасуда. 2005 жылы «Қазақстан студенттерінің альянсы» студент жастардың қоғамдық бірлестігі құрылды.
2011 жылдан бастап «Қазақстан
жас депутаттарының
Бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары: «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар - Отанға!» іске асырылуда, олар мол қоғамдық оң резонансқа ие.
Жұмыспен қамту
Еңбек және жұмыспен қамту
саласында мемлекеттік жастар саясаты
жастарды жұмысқа орналастыру, қоғамдық
жұмыстарды дамыту және жастарды кәсіптік
даярлық пен біліктілікті жоғарылату
курстарында оқыту
2011 жылы 15 жастағы және
одан үлкен экономикалық
25 – 34 жастағы адамдар және 14,5 %-ын 15 – 24
жас аралығындағы жастар құраqды. Жұмыспен
қамту құрылымында жалдамалы еңбек қала
жастарында 78,3%-ға басым, ауыл жастарында
– 40,9%.
Орта мерзімді кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (2005 жылдан бастап) 13,4 – 4,6 % шегінде (жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 8,1 – 5,4%) болды.
2012 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (4,6 %) көп жылдардан бері алғаш рет жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен (5,4 %) төмендеді. Жастар жұмыссыздығының деңгейі қалаларда жоғары. 2011 жылы ол 5,6 %, ал ауылда – 3,8 % болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік жастар саясаты қоғам өмірінде тұрақтандырушы рөл атқарды, жастарға көп кездесетін өмір ағымының қиындықтарын жеңілдетуге мүмкіндік берді, жастардың әлеуметтенуіне жағдай жасады.
1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ДАМЫТУ ПАЙЫМЫ
Қазақстан жастарын әлеуметтендіру
мәселелеріндегі қауіптер мен тәуекелдер
мемлекеттік жастар саясатының өзекті
күн тәртібін қалыптастырады, мемлекеттік
органдардың, корпоративтік сектордың
және азаматтық қоғам
1. Дәстүрлі құндылықтар жүйесіне жаһанданудың қысымы
Жаһандану процесі экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени даму деңгейі әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шекараларын ашады. Жаппай тұтыну мәдениетінің қысымымен дәстүрлі құндылықтардың аражігі жойылып бара жатыр.
Бүгінде бүкіл әлемде ұлттық мемлекеттер жас ұрпаққа ашық әлем шарттарында қоғамның дамуындағы сабақтастықты сақтап қалуға мүмкіндік беретін құндылықтардың сенімді жүйесін ұсынуға мүдделілік танытып отыр.
2. Еңбек құндылықтарының доминантты емес дәрежесі
Қазіргі уақытта жастар арасында прагматикалық бағдар күшейіп келе жатыр. Өмір құндылықтарының қатарында материалдық игіліктерге ұмтылу анағұрлым маңызды болып отыр. Бұл ретте көбінесе өмірдегі жетістік, әлеуметтік жоғары мәртебеге қол жеткізу өз қабілетімен еңбек етумен, алға қойған мақсаттарға қол жеткізумен, қойылған мақсатқа біртіндеп жетумен тікелей байланыстырылмайды.
3. Патернализм және әлеуметтік инфантилизм
Экономикалық өсу қоғамда әлеуметтік межелердің ұлғаюымен қоса жүретінін, мемлекетке деген патерналистік көңіл-күйдің тарауына және инфантильді азаматтардың ұрпағын қалыптастыруға ықпал ететінін әлемдік практика көрсетіп отыр. Мұндай құбылыстар Қазақстанда да байқалады. Социологиялық зерттеулер бүгінде Қазақстан жастарының 58 %-ы өз мәселелерін шешуде мемлекет тарапынан болатын көмекке толықтай сенім артатынын, бозбалалар мен бойжеткендердің 92,5 %-ы тікелей қолдауды және жұмысқа орналасуда әлдекімдердің қол ұшын беруін күтетінін растап отыр.
4. Тұтынушылыққа құштарлық
Жастардыңдүниетанымдық дағдарысының бір көрінісі – жаппай тұтынушы қоғам дағдарысының бір бөлігіне айналған тұтынушылыққа құштарлық болып табылады. Жастардың қазіргі өмір сүру тәсілінің ерекшелігі болып табылатын тұтынушылық тәжірибе олардың тек қана материалдық байлыққа ие болуын көздейді.
5. Жастар арасындағы радикализм қаупі
Өмірлік тәжірибесі мен білімі жоқ жастар өзінің саяси мақсаттарын іске асыру үшін жастарды айналдыратын сыртқы және ішкі ыдыратушы күштердің ықпалында қалу қаупіне ұшырайды. Экстремистік көзқарастар мен идеялардың жастар арасына енуі, жастарды құқыққа қарсы әрекеттерге итермелеу қоғамдағы этносаралық, мәдениетаралық және конфессияаралық келісімдерді бұзу қаупін туғызады.
6. Жастар маргинализациясы
Мемлекет атқарып отырған
жедел әлеуметтік жаңғырту жағдайында
мінез-құлқы жалпыға бірдей қабылданған,
қалыптасқан нормалардан
Сонымен қатар, жастардың
әлеуметтену процесі, оларды қоғамдық-саяси
өмірге жұмылдыру мынадай
Патриотизм
«Патриот болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату» - Мемлекет басшысы бұл құндылықты осылайша айқындап берді. Жас қазақстандықтар үшін Елбасының өмірі мен еңбек жолы - өз елінің патриоты болудың жарқын үлгісі болып табылады.
Отан өз жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, онда тұратын халыққа, мерекелері мен күнделікті тірлігіне, мемлекеттік нышандарына деген айрықша тұлғалық қарым-қатынас қалыптасатын отбасыдан басталады.
Жастардың санасына патриотизм – өзің, отбасың және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін сіңіру ерекше маңызды.
Халық бірлігі
Тұрақтылық – Қазақстанның 20 жылдық дамуындағы табысының негізі және басты нәтижелерінің бірі. Көп этносты және көпконфессиялы Қазақстан халқының бірлігі – абсолюттік құндылық және барша ұрпақтың міндеті – осы құндылықтарды қорғау және елді көркейту жолында оны дамытып, орнықтыра түсу.
Мәдени саналуандық – бұл адамдарды бөлмейтін, керісінше біріктіретін құндылық. Этникалық алуандыққа негізделген қазақстандық дүниетаным әлемдік мәдениет ағынына батып жоғалып кетпеуге тиіс, оны жас ұрпақ бірегей ұлттық игілік ретінде сақтауы керек.
Жастарды адамгершілік жағынан қалыптастыру процесіне әсер ете отырып, мемлекет мәдениеттің жалпы деңгейінің өсуіне, коммуникациялық технологияларды дамытуға назар аударуы тиіс.
Жастардың даму деңгейінің үшінші мыңжылдықтың талаптарына сәйкес болуына қол жеткізу қажет. Ар-ождан және діни сенім еркіндігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету жұмыстың маңызды бағытына айналуға тиіс.
Толеранттылық
Елбасының этносаралық және конфессияаралық келісімінің теңдессіз үлгісі жас ұрпақтың толеранттылығын қалыптастырудың, олардың этностық және діни ерекшеліктерді түсіністікпен қарауының және құрметпен қабылдауының негізіне айналуы керек. Мәдениеттер, діндер мен өркениеттер диалогының түйіскен орны, Шығыс пен Батыс арасындағы көпір болып табылатын елдің жастары басқаларға қарағанда бейбітшілік пен келісім мәдениетін таратуға мүдделі болуы тиіс.
Заңға мойынұсынушылық
Заңға бағынатын азаматтар ғана демократияны жетілдіруге және шынайы құқықтық мемлекет құруға қабілетті екені айқын. Заңды бұлжытпай орындау жастардың өмірлік дағдыларына айналуы керек. Бұл өсіп келе жатқан буында әсіресе, «ересек» өмірдің дағдылары жаңа қалыптаса бастаған кезеңінде маңызды болып табылады. Құқықтық сананың өсуі, белгіленген тәртіп ережелері мен қағидаларын құрметтеуді қалыптастыру барлық әлеуметтік институттардың ерекше назар аударатын нысанасына айналуға тиіс. Заңның беделді болуы қазақстандық жастардың санасында қазіргі кезеңнің дамуының базалық құндылығы ретінде мығым орнығуы қажет.