Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 14:26, реферат
Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт, республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады. Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіздіктің 20 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшінші он жылдығында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіреді.
I Кіріспе...................................................................................................................3
II Негізгі бөлім.........................................................................................................6
1-бөлім.Мемлекеттік жастар саясатын дамыту пайымы.....................................................................................................................6
2-бөлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері.....................................................................................................13
3-бөлім. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі...........................21
III Қорытынды бөлім.............................................................................................22
Қазақстан «білім – ғылым – инновация» сияқты үштік басқаратын индустриядан кейінгі әлемге аяқ басқан бүгінгі таңда білім мен кәсіпқойлық үшінші мыңжылдыққа апарар жол болып табылатыны сөзсіз. Осыған байланысты кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі сапалы жаңғыртуды талап етеді, әрі ол нарық қажеттіліктері мен әртараптандырылған экономиканы егжей-тегжейлі есепке алуға бағытталуы тиіс.
Осыны ескере отырып:
1) нарықтың қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіптік білім берудің дуальді жүйесін одан әрі дамытуды қамтамасыз ету,
2) нарық қажеттіліктерін
ескере отырып, мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыруды
техникалық және кәсіптік
3) оқыту бағдарламаларын
функционалдық сауаттылықты
4) логикалық, сындарлы
және конструктивті ойлауды
5) нарық қажеттілігін
қоса алғанда, білім беру
6) жастарды ғылымға тартуды қамтамасыз ету;
7) жастар арасында білім беру порталдарын танымал ету;
8) түлектердің біліктілігін өндірістің мүдделеріне барынша жақындатуға мүмкіндік беретін жоғары оқу орындарын басқаруға ұлттық және шетелдік ірі компаниялардың қатысу жүйесін әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде университеттердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, жоғары оқу орындарының базасында зерттеу орталықтары мен зертханалар құру қажеттілігін зерделеу. Кәсіпкерлер мен ірі бизнесмендер де кәсіптік біліктілік жүйесін құруға қатысуға тиіс.
9) жұртшылыққа, ата-аналарға және білім алушылардың өздеріне білім беру процесінің мазмұнына, оқыту сапасына ықпал етуге молырақ мүмкіндік беру, академиялық еркіндікті, оның ішінде білім беру мекемелерін басқару арқылы дамыту;
10) Қазақстан Республикасының
жоғары білім беру жүйесінде
Болон процесінің идеяларын
11) оқып жатқан жастарға консультациялық көмек көрсету бойынша әлеуметтік жастар қызметтерінің жұмысын жандандыру қажет.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жас қазақстандықтардың дені сау болмаса, экономикалық міндеттерді шешу мүмкін емес.
Өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік қағидаты мемлекеттік жастар саясатының ажырамас бөлігіне айналуға тиіс.
Профилактикалық іс-шараларды назарға ала отырып, жастар зиянды әдеттерден бас тартуы, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылуы қажет. Спортпен және дене шынықтырумен айналысу ерекше басымдыққа айналуға тиіс.
«Жастар» және «дене шынықтыру» ұғымдары жас адамның өмір салтының ажырамас бөлігіне айналуға тиіс.
Осыны ескере отырып:
1) жастарда профилактикалық іс-шаралар мен екпелерді үнемі алып отыру дағдысын қалыптастыру;
2) салауатты өмір салты аясында отбасының, бір топ құрдастарының, оқыту мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, медициналық мекемелердің және басқа да әріптестердің қатысуымен консультациялық қызметтерді қоса алғанда, медициналық көмектің қолжетімділігі туралы мәліметтерді ұсыну бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жандандыру;
3) ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша мәліметтердің бірыңғай ақпараттық дерекқорын құру және жастардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігін пысықтау;
4) спорт залдарын жаңарту жөніндегі және білім беру жүйесі ұйымдарын спорт мүлкімен жабдықтау жөніндегі бағдарламаларды кеңейту мәселесін қарастыру;
5) жаппай спортпен айналысу
үшін спорт объектілерінің
6) белсенді өмір салтын дамыту және патриоттықты нығайту мақсатында жаңа бағыттар әзірлеп және олардың танымалдылығын арттыруға қол жеткізе отырып, отандық экологиялық туризмді насихаттауды енгізу қажет.
Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарын құрметтеуін қалыптастыру
Жастар табысты ел аға буынның қамқорлығы ғана емес, бұл – жастардың ертеңгі күні екенін анық сезінуі тиіс.
Жасөспірімдер мен бойжеткендердің санасында мемлекет – жастардың демеушісі емес, өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасайтын серік ұғымы берік орын алуға тиіс.
Жастар тарапынан өзінің табанды еңбек етуі, сапалы білім алуы және оны практикада қолдануы, үнемшілдігі, болып жатқан процестерге белсенді қатысуы арқылы ғана жеке жетістікке және жалпы өркендеуге қол жеткізуге болатынын түсінуі маңызды.
Сонымен бірге, жас азаматтардың құқықтарын және еркіндіктерін қорғауға кепілдік бере отырып, мемлекет құқықтық мәдениеттің жалпы деңгейін арттыратын болады және жастар арасында орын алып отырған әлеуметтік теріс құбылыстарға қарсы әрекет етеді.
Осыны ескере отырып:
1) құқықтық мәдениетті арттыру бойынша барлық қажетті шараларды іске асыруды қамтамасыз ету және жастардың құқықтары мен еркіндіктерін кепілдікті қамтамасыз ететін мемлекетке құрметпен қарайтын жастарды тәрбиелеу;
2) жастар арасында құқықтық
нигилизмге қарсы әрекет ету,
ұсақ құқық бұзушылықтарға «
3) кәмелет жасына толмағандар
арасында қадағалаусыз қалудың,
4) кәмелет жасына толмаған
құқық бұзушылар ретінде
Жастарды жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау
Мемлекет жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету жөніндегі жұмысты жетілдіреді. Жастардың экономиканы үдемелі инновациялық индустрияландыру, ауыл шаруашылығын жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік қызмет деңгейінің сапасын арттыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға қатысуына ерекше назар аударады.
Жастардың ешбір сегменті мемлекеттік жұмыспен қамту саясатынан тыс қалмауға тиіс. Мемлекеттің басты міндеті - әрбір жас азаматтың жұмысқа орналасуына көмек көрсету.
Осыны ескере отырып:
1) жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша әлеуетті мүмкіндіктерді және жастардың қажеттілігін егжей-тегжей зерделеу үшін диалог алаңдары, виртуалды консультациялық қоғамдастықтардың жұмысы арқылы жастармен кері байланыс жолдарын кеңейту;
2) жастарды кәсіподақтардың қатарына белсенді тартудың тетіктерін көздеу;
3) мүмкіндіктері шектеулі жастарды жұмысқа орналастыру үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
4) жас мамандарды жұмысқа
алу кезінде меншік нысанына
қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындардың
мүдделілігін арттыру үшін
5) жұмыс тәжірибесі жоқ
жас мамандарды жергілікті
6) мектептерде мамандық таңдау мәселелерінде жастарға арналған консультациялық қызметтердің құрылуына көмек көрсету қажет.
Жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту
Өз тұрғын үйінің бар-жоғы жас отбасылардың ең көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Жекеменшік тұрғын үй – мықты отбасы, жемісті еңбек жолы, жанға жайлы қолайлылық және адамның өзіндік дамуының негізі. Мемлекет ұлттық экономиканың даму деңгейіне және мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жастарға тұрғын үй алуға көмек көрсетеді.
Осыны ескере отырып:
1) жас отбасыларға жеңілдікпен
кредит беруге бағытталған
2) қалыптасып отырған
демографиялық үрдістерге
3) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде студенттік жатақханалар салу бағдарламаларын кеңейту қажет.
Жастарды мәдени құндылықтарға тарту
Халықтың мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі және әдет-ғұрпы оның ұжымдық өмірлік тәжірибесін, ерекше ұлттық болмысын қамтып, халықтың мінез-құлқы мен дүниетанымынан көрініс табады.
Жастардың өркендеуі және жаһандануға ұмтылысы шынайы патриоттық сезіммен, өз халқының салт-дәстүрін және мәдениетін құрметтеу, этносаралық өзара құрмет және мәдениетаралық өзара баю қағидаттарымен үйлестірілуі тиіс.
Жастардың адамгершілік тұрғыдан қалыптасу және оларды азаматтық сәйкестендіру процестеріне ықпал ете отырып, мемлекет отандық бұқаралық мәдениет контентіне, тілдерді, сондай-ақ оларды сақтау мен ұлғайтуға ықпал ететін коммуникация құралдарын дамытуға ерекше көңіл бөлетін болады.
Осыны ескере отырып:
1) жас адамдарды отбасылық құндылықтарды құрметтеуге, отбасында тұрақты моральдық-адамгершілік жағдай жасауға, егде адамдарға ерекше құрмет көрсетуге, балаларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
2) мектепке дейінгі мекемелерден
бастап «үш тілділікті»
3) жастарға әлеуметтік
мәдени тәжірибені және
4) «Бiлiм», «Мәдениет» білім телеарналарында қазақ және ағылшын тілдерінде деректі және көркем фильмдерді неғұрлым кеңінен көрсету мүмкіндігін пысықтау;
5) қоғамдағы ақпараттық теңсіздікті жоюға ықпал ету;
6) жастарды шоғырландыру
құралы ретінде әлеуметтік
Жастардың азаматтық және патриоттық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруін ынталандыру
Қазіргі заманда жастар өзінің азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, қоғамдық қызмет пен мінез-құлық дағдыларын меңгере отырып, әлеуметтік-саяси өмірдің басты қатысушыларының бірі болып табылады. Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу кезінде шоғырлану және азаматтық қағидаттарын қалыптастыруға бағдарлану маңызды болып табылады.
Қазіргі қоғамда азаматтық
сәйкестендіру процесі – бұл
ең алдымен демократиялық
Мемлекет тұжырымдаманы ойдағыдай іске асыру мақсатында жастарды әлеуметтендірудің маңызды факторы ретінде оларды шоғырландыруды қолдайды. Жастардың бастамасына қолдау көрсете отырып, мемлекет Қазақстан жастарын олардың қызығушылықтары мен еркін таңдау қағидатын есепке ала отырып, қоғамдық бірлестіктерге шоғырлануына жәрдем көрсететін болады.
Осыны ескере отырып:
1) жастардың азаматтық бастамасын қолдауға бағытталған жалпы ұлттық, өңірлік және жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатын нақты салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
2) мониторинг пен диагностиканың нақты, әділ бағдарламасына негізделген жастар саясатын ғылыми зерттеулермен сүйемелдеу бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізу;
3) жастар саясатының
4) жастар туралы бөлімді
қосу және жас
5) жастарды бірлескен
ұжымдық қызметке тартудың
6) жастар ұсынған жобаларды
қаржыландыру және оның
7) үкіметтік емес ұйымдардың
жас репатрианттармен, маргинал
жастармен жұмысына қолдау
8) еріктілер қозғалысын дамытуға қолдау көрсету;
9) әскери қызметке даярлық
бойынша, болашақ отан
10) әскери қызметтің мәртебесін насихаттау, әскери бөлімшелерде тәрбиелеу жұмысының жаңа үлгісін енгізу қажет.
Жастар ортасында моральдық-рухани бағдарлардың сабақтастығын қамтамасыз ету
Адалдық, мейірімділік, әділдік, шыдамдылық сияқты дәстүрлі жалпы адами құндылықтар Қазақстан жастары үшін басымдыққа айналуға тиіс.
Қазақстан – зайырлы мемлекет,
ол діни бірлестіктерге жастар мен
келешек өскелең ұрпақты
Осыны ескере отырып:
1) жаңа адамгершілік бағдарды қалыптастыру: білім мен кәсіпқойлыққа бет алу; денсаулығына деген сындарлы қарым-қатынас; жаңашылдық пен өзгерістерді дұрыс қабылдау; экологиялық таным; табиғаттың баға жетпес құндылығы және қоршаған ортаның және т.б. ахуалына жауапкершілік;