Зейнетақы жинақтау жүйесін дамытудың перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 22:45, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысты жазу барысында мынадай мәселерді ашуды көздеймін.</h4>
• Зейнетақы жүйенің заңнамалық негізін қарастыру. Зейнетақына алі мерзімдері оның түрлері мен көлемі жинақтаушы зейнетақы қорларының іс қызметуі туралы мәліметтерді қарастыру.
• Қазақстанның Халық Банкінің ЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесіндегі орны, оның іс-қызметі, жетістіктері мен кемшіліктері және болашақтағы мақсаттарын көрсету.
• Қазақсатн Республикасының Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы және оның болашақ перспективасы жөнінде мәселерді қарастыру .

Содержание

Кіріспе 3
1 бөлім. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамту туралы 4
1.1. Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру 4
1.2. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандару 7
1.3. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру 12
2 бөлім. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылуы
және дамуы 15
2.1. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылуы 15
2.2. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің дамуы 23
3 бөлім. Зейнетақы жинақтау жүйесін дамытудың перспективалары 28
3.1 Зейнетақы жүйесін дамыту перспективалары 28
3.2 Зейнетақы жүйесін жетілдіру 31
Қорытынды 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36
</h3>

Прикрепленные файлы: 1 файл

зейнетакы курсо макро.doc

— 508.00 Кб (Скачать документ)

 Зейнетақы жинақтау  қоры практикасында 5 жыл ішінде зейнетақы жинақтау қоры жинақталған табыстылық көрсеткішінен жүйе бойынша орташа есептелген табыстылық деңгейінен табыс сомасының орнын толтыру жүзеге асырылды. Бұл орнын толтыру қордың барлық салымшылары есебіне оның жиналымдарына пропорционалды түрде орындалады. Бұл дағдарысты кезеңде мемлекет те, зейнетақы қорлары да қолданыстағы заң аясында азаматтар алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етті.               

2009 жылы қорлар арасында  өзара есептесулер жүргізілді, салымшының  барлық зейнетақы жиналымдары соңғы жасалған келісім-шартқа сәйкес ашылған бір есепшотта жинақталды. «Бір салымшы – бір қор» принципін сақтау бойынша заңдылықтар талабын жүзеге асыру іс жүзінде аяқталды.           

 Зейнетақы жинақтау  жүйесін одан әрі дамыту концепциясы институционалдық инвесторлар ретінде индустриализация бағдарламасына қорлардың қатысуы арқылы зейнетақы активтерін инвестициялауды оңтайландыру қарастырылуда. Жинақталған тәжірибелер негізінде рынок қатысушылары қызметтерін реттеу жетілдірілетін болады.            

2011 жылдан бастап бірқалыпты  және консервативті портфельге  жеделдетіп көшу қарастырылады, бұл үшін бір портфельден екіншісіне  көшу тәртібі, АИС-ті өзгерту, есеп  жүргізу тәртібін анықтау бойынша  нормативті базаны дайындау жөніндегі  жұмыс топтары құрылды. 2012 жылдан бастап зейнетақы жинақтау қорына зейнетақы активтерінің үшінші - агресссивті портфелін енгізу жоспарлануда. Инвестициялық портфельдердің енгізілуімен зейнетақы жасына жетпеген салымшылар белгілі бір портфельді таңдауға құқылы болады, ал зейнетақы жинақтау қорының алдында салымшылармен келісым-шарт жасау және хабардар ету бойынша үлкен жұмыстар тұр.           

 Зейнетақы жүйесін  жетілдіру мақсатында шешімін  табуды қажет ететін маңызды  міндеттердің бірі орнын басу  коэффициентін ұлғайту мүмкіндігін актуаримен зерттеу болып табылады (зейнет демалысына шыққанға дейін алған еңбекақысы сомасына зейнетақы сомасы қатынасы). Зейнетақыны қалыптастыру зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады және салымшының зейнет демалысына шығу сәтіне ол мыналарды таңдауға құқылы: зейнетақы аннуитеті келісім-шартын жасау жолымен сақтандыру ұйымы арқылы зейнетақы жинағын алуға немесе зейнетақы жинақтау қорымен бұрын жасалған зейнетақыны қамтамасыз ету келісім-шартымен сәйкес кесте бойынша төлемдер алуға. Бұл ретте салымшыға варианттардың әрқайсысының барлық артықшылықтары мен жетпестіктері түсінікті болуы тиіс.           

 Орнын басу коэффиициентінің  көтерілуіне жол ашатын бағыттардың  бірі қосымша жинақталымдарды  қалыптастыруда салымшылардың ерікті қатысуын дамыту болып табылады. Адамның өзінің жұмыспен шұғылдануы зейнетақымен қамтамасыз етудің дара көзі болып қалуы мүмкін, өйткені, мемлекеттік қамтамасыз етудің қатысу үлесі жыл сайын төмендеп келеді және тек қана әлеуметтік жәрдемақылар қалуда. Бұдан басқа, зиянды еңбек жағдайларындағы кәсіпорындардың қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіби жарналар аударуға қатысуы қарастырылуда.           

 Тәуекелдер жүйесінде  зейнетақы жинақтауларын жедел  алу болмауы тиіс және бұл мақсатта зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі жетілдірілетін болады.

2012 жылдан бастап зейнетақымен  қамтамасыз ету туралы қормен  келісім-шарт жасау жинақталымдарды  аударуды жүзеге асыру электронды  карточканы пайдалану көмегімен  автоматтандырылатын болады. Осыған байланысты құжаттарды электронды түрде сақтау процесін оңтайландыру және салымшыларды хабардар еті процесін жетілдіру қарастырылуда.

Осылайша салымшы бұдан былай неғұрлым маңызды шешімдерді қабылдауда жанама емес, тікелей қатысатын болады, ал зейнетақы қорларының қызметі мүлдем жаңа деңгейге көтерілуі тиіс. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2  Зейнетақы жүйесін жетілдіру

 

Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтары Конституцияда бекітілген. 
Қазақстан  қоғамдық қатынастар  өзгерістерге ұшырап жатқан қиын жағдайларда әлеуметтік қамсыздандыру моделін таңдауды жүзеге асырды.  Әлеуметтік кепілдік берудің патерналистік схемасын адам дамуының қажеттіліктеріне, саяси реформалар мен экономиканы ұйымдастырудың жаңа нарықтық қағидаттарына қарай қайта өзгерту қажеттігі туындады. Таңдау әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру және халықаралық институттардың ұсынымдарын есепке ала отырып жасалды. 
Чили тәжірибесіне негізделген қазақстандық модель сипаты бойынша түрлі заманауи модельдердің белгілерін қамтиды. Мемлекеттің белсенді қатысуы мен жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлу скандинавиялық (Швеция, Дания, Норвегия) модельге үйлеседі. Сақтандырудың болуы және тікелей мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасында әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігінің теңдей бөлінуі  консервативтік-корпоративтік (Германия, Франция, Италия) және либералды (АҚШ, Канада, Ұлыбритания) модельдерге сәйкес келеді. Әлеуметтік саясаттың экономикалық өсуге тәуелді болуы Шығыс Азия моделінің (80 жж.-ға дейінгі Жапония, Оңтүстік Корея) үлгісінде жүзеге асырылады. 
Қазақстандағы қазіргі зейнетақы жүйесі Үкімет елімізде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасын мақұлдаған және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданған кезден, яғни 1997 жылдан бастау алады. 
Зейнетақы реформасы капитал рыногын жекешелендіру және дамытудан тұратын үш бірдей экономикалық даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде жоспарланған болатын. Экономикалық дамуды ескеретін қаржылық тұрақты, дербестендірілген зейнетақы жарналар арқылы еңбек үлесімен өлшенетін әділ жүйе құру қайта құрудың басты мақсаты болып табылды. 
Реформаның ұзақ мерзімді мақсаты төлемдері белгілі ынтымақты зейнетақы жүйесінен аударымдары нақты жинақтаушы жүйеге өтуден  тұрады. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін дамыту жөніндегі зерттеу жұмыстарының шеңберінде жүргізілген Дүниежүзілік банктің актуарлық есептеулері бойынша аталған транзит 2043 жылға қарай аяқталады деп болжануда. Сол уақытта зейнеткерлер зейнетақыны толықтай капитал рыногында инвестицияланатын міндетті дербес жинақтау шоттарындағы жинақтардың есебінен алуға тиіс. 
Еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалаудың 14 жылы ішінде толыққанды көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға арналған тұжырымды және нормативтік құқықтық база қалыптастырылды, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы жасалып, дамытылуда, зейнетақы жүйесін басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды. Бұл қолданыстағы жүйеге қажетті талдау жүргізуге және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік берді. 
Қазіргі таңда зейнетақы қызметі рыногында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. Салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының саны 8,2 млн. бірлікті құрайды. Бұл ретте қорларға міндетті зейнетақы жарнасын белсенді төлеушілердің саны 5,6 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылған адамдардың 67 %-ын құрайды (1999 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп). Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2011 жылдың басынан бері 393,2 млрд. теңгеге немесе 17,4 %-ға көбейіп, 2 триллион 651 млрд. теңгені құрады. 
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 млрд. теңгеден астам сомаға инвестицияланды, бұл барлық зейнетақы жинақтары сомасының 96 %-ы. Реформаның алғашқы жылдары қорлардың инвестициялық портфелінде мемлекеттік құнды қағаздар басым болған болса, қазіргі кезде мемлекеттік құнды қағаздарда инвестициялардың үлесі төмендеген, бұл орайда корпоративтік құнды қағаздарға және екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салынған зейнетақы жинақтарының көлемі өсуде. 
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығына қарамастан, зейнет жасына жеткеннен кейін сақтандырылған адамға аннуитеттер төлеуді көздейтін зейнетақымен сақтандыру жүйесі де белсенді енгізілуде. 2007-2011 жылдар аралығында зейнетақы аннуитеті шартын жасаған салымшылардың саны 300 есеге (29 шарттан 6,5 мың шартқа дейін), зейнетақы аннуитеттер бойынша сыйақылар жинағы 500 есеге (32 млн. теңгеден 15,8 млрд. теңгеге дейін) өсті. 
2008 жылы басталған әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына едәуір әсерін тигізді. Дағдарыс ықпалын ескерген Қазақстан қаржы жүйесін сауықтыру жөніндегі кешенді шаралармен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз санатының өмір сүру деңгейін төмендетіп алмау үшін алдын алу шараларын қарастырды.  Осындай дағдарысқа қарсы шаралардың бірі зейнетақы төлеміне құқық туындаған сәтте, яғни зейнетке шығар кездегі инфляция деңгейіне қарай міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдіктермен қамтамасыз ету болды. 
Сондай-ақ, мемлекет зейнетақы алу құқықтары реформаға дейін туындаған 1 млн. 735 мың зейнеткер үшін ынтымақты зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауда. Зейнетақы жүйесін реформалаудың алғашқы жылдарында табысты орташа зейнетақымен ауыстыру ставкасы кеңес кезіндегіден (1991 жылы – 42,8%, 2001 жылы – 34,2 %) төмен болған болса, 2005 жылы базалық зейнетақы төлемінің енгізілуін, сондай-ақ соңғы үш жылғы жыл сайынғы 25-30%-дық өсірулерді ескеретін болсақ, ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлердің ауыстыру ставкасы 2011 жылы 46,1 %-ды құрады, бұл Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымына сай келеді. 
Мұндай шаралар зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерін 24047 теңгеге, орташа мөлшерін  35829 теңгеге, ең жоғары мөлшерін  52226 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 
Дамудың оң үрдістеріне қарамастан, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде шешімі табылмаған оның қаржылық тұрақтылығы, сенімділігі,  шынайылығына (зейнетақы төлемдерінің сәйкестігі) және әлеуметтік тиімділігіне қатысты бірқатар жүйелі проблемалар бар. Қазіргі таңда Экономикалық даму және сауда министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп қолданыстағы зейнетақы жүйесінің жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіруге жағдай жасау  үшін әдістемелерді айқындау жұмыстары басталды. Сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде актуарлық есептер жүргізу және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін Дүниежүзілік банк сарапшылары тартылған. 
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында  Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер» екенін атап өтіп, Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. 
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген.  Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ететін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр. Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зейнетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60%-на жеткізіледі, ал ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай міндетті түрде өсіріліп тұрады. 
Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен қамтуды кеңейту, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін және олардағы зейнетақы төлемдері тетігін жетілдіру, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдірудің  басты бағыты болып табылады. 
Қазақстан  Үкіметі 2011 жылдың наурызында бекіткен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту жоспарланып отыр. Аталмыш бағдарлама өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар мен табысы аз қазақстандықтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесуге ғана емес, өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға да бағытталған. Жұмыспен қамту бағдарламасының нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысатындардың саны 2016 жылға қарай шамамен 1,0 млн. адамды құрайтын болады. Бұл ретте бағдарламамен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысушы адамның 60 %-ы жалдамалы қызметкер мәртебесіне ие болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жалақысын төлеуге жұмсалатын субсидия сомасынан   10 % мөлшерінде міндетті зейнетақы жарна аударылатын болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың екінші бөлігі (40 %) өз пайдасына 22,2 млрд. теңге сомасында міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Сонымен бір уақытта өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу есебі мен мониторингін жетілдіру шаралары қабылданады. 
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық проблемаларын шешу құнды қағаздар рыногының жай-күйімен тікелей байланысты, себебі салынған зейнетақы активтерінен инвестициялық табыс алу портфельдік инвестициялар шеңберінде ғана мүмкін және орынды болады. Биылғы жылдан бастап, жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржылық құралдар құрылымы бойынша және инвестициялық қатерлер деңгейі бойынша ерекшеленетін бірнеше инвестициялық портфельдерді (консервативтік, біркелкі) қалыптастыратын болады. Бұл орайда жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысына (алушысына) зейнетақы жинақтарын көбейту мақсатында инвестициялық портфельді өз бетінше таңдау құқығы беріледі. 
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері тетіктерін жетілдіру және келешекте зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту  аяқталғаннан кейін аннуитеттерді одан әрі кеңінен қолдану, бірлескен аннуитеттердің түрлерін енгізу жоспарлануда, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібіне де бірқатар өзгерістер енгізілетін болады. 
Қорыта келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабельдігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың  негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да беретінін атап өткім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

h4>Қорытынды

Жазылған курстық жұмысты қорытындылай келе Қазақстан Республикасының Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі бірнеше даму кезеңдерінен өтіп, сан алуан реформалау әсерінен өзгерістерге ұшырады. Қазақстан Республикасының Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі жалпы Чили мемлектінің үлгісінде алынса да өзіндік ерекшеліктерімен кемшіліктері де жеткілікті.

Қазақстан Республикасының Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің құрылуы барысында бірнеші Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істей бастады. Бірақ та сол ЖЗҚ-ның ішіндегі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен қатар халыққа тиімді қызмет көрсетіп келген Қазақстан Халық банкінің Жинақтаушы зейнетақы қорыболып табылады. Бұл қордың басты мақсаты- халықтың зейнетақы активтерін тарту арқылы оларды ұлгайту болы табылады.</h4>

Сонымен,ҚР-ның Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қазіргі таңда өте тиімді жұмыс жасауда. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы «Зейнетақы жүйесінің даму бағдарламасы» бекітілді. Бұл бағдарламаға сәйкес зейнетақы активтерін аннутеттук сақтандыру енгізілетін болды.

Қорытындысында, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі тұрақты жұмыс істеп қарқынды даму үстінде.

 

 

<h4>Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамту туралы заңы. 2005 жылдың 8 шілдесі, Алматы .

2. Айтуған А.Жинақтаушы Зейнетақы қоры2002 , 2, 44-49 бет.

3. Алдаберген А. Жинақтаушы зейнетақы  қоры, 1999/ 8 желтоқсан.

4. Айтуған А, Зейнетақыны жинақтау  қорындағы тәуекел./2004 5, 58-63 беттер.

5.Әлімжан, Жинақтаушы зейнетақы  қорын таңдай білген жөн./ Алматы  ақшамы 1999 22 қаңтар.

6. Базалық зейнетақы төлемі туралы/ Астана хабары -2005 30 маусым.

7. Жинақтаушы зейнетақы қоры туралы не білеміз./ Жайық Үні 200121 қыркүйек.

8. Жұмыров Ә Зейнетақы деңгейін  реттеуге бола ма ./ Егемен Қазақстан.

9. Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар төлеудің тәртібі туралы/ Егемен Қазақстан ,2005 13 щілде.

10. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің тәртібі/ Егемен Қазақстан 2005, 14 шілде.

11. Зейнетақы жүйесінен ақау шықты./ Түркістан 2004 9 желтоқсан.

12. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы/ 2005 жыл, зейнетақы жүйесінің дамуы.

13. Қазақстанның бағалы қағаздар  нарығы/ 2005 жыл , қараша Зейнетақы  жүйесінің қазіргі жағдайы.

14. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы/ 2005 жыл, Қазақстандық зейнетақымен қамту моделі.

15. Қазақстанның бағалы қағаздар  нарығы/ 2005 жыл Зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу.

16. Қазақстанның бағалы қағаздар  нарығы/2005 жыл, желтоқсан Шет елдердің зейнетақы жүйесінің дамуы.

17.Финансы Кредиты, зейнетақы жүйесінің дамуының жаңа концепциясы.  Шілде,2005 жыл.</h4>

18. Финансы Кредиты, Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қорыныңқаржылық тобы.

19. Финансы Кредиты, Қазақстанның зейнетақы нарығы , 2006 жыл ақпан.

20. Мир Финансов , наурыз,2006, Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфелі.

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Зейнетақы жинақтау жүйесін дамытудың перспективалары