Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 15:39, курсовая работа

Краткое описание

Адам — биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениетгің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бүрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінен еркшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалык, шақтың ұзакқа созылуы, еңбек қүралдарын және отты меңгеруі және т.б.

Содержание

Кіріспе
Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі ретінде
Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғалық қасиетті анықтау
Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен ролі 18
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі ретінде..docx

— 54.31 Кб (Скачать документ)

-  бір  мәртебенің қүқы мен міндеттері  екінші бір мәртебенің қүқығы  мен міндеттеріне қарама-қарсы  немесе кедергі келтіргенде.

Жоғары  жалақылы банк қызметкері (жоғарғы  кәсіптік ранг) отбасын материалдық  игілікпен қамтамасыз етуші адам ретінде отбасында да жоғарғы  рангті иеленеді. Бірақ бұдан оның өзге топтарда, айталык, достарының, туыстарының, қызметтестерінің ортасында рангі  жоғары болмайды. Әйелдің дәстүрлі экономикалык мәртебесі – бибі болу, ал индустриялык дәуір оған тағы бірін  — жұмысшы әйел мәртебесін қосты. Бірақ оның бұрынғы ескі және жаңа мәртебелері келе-келе бір-бірімен  қарама-қайшылыққа түсті. Бірдей тиімді және бір мезгілде екі рөлді атқару тіптен мүмкін емес. Олардың әрқайсысы  көп уакытты және біліктілікті талап  етгі. Сәйтіп, екі рөлді қатар  атқару жүзеге асырылды. Жалпы ана  мен тиімді қызметкер, сонымен қатар  жақсы әйел мен тиімді қызметкер  мәртебесін — ролдерін қатар алып журу өте қиын. Қалжыраған әйел сезімтал, аяулы жар бола алмайды. Ал өндіріске  кеткен қажетті уақыт лебінен  бала тәрбиесі ақсайды. Сонымен, жаңа мәртебе  — "жұмысшы" бұрынғы үш мәртебемен — бибі, ана, жар — қарама-қайшылыкқа түсті. Демек, адамның кейбір мәртебесі  үйлесімін тапса, ал басқалары қарама-қайшылықта болады. Оны мәртебелердің сәйкессіздігі  деп атайды: ол индивидтің бір олеуметтік топта жоғарғы, ал екінші бір топта  томенгі рангте болатынын керсетеді. Солардың бірі — әлеуметтік рөлдердің  жиынтығы ретіндегі адам бейнесі (образ).

Тұлғаның  рөлдік түжырымдамасы XX ғасырдың 30-жылдарында Американың әлеуметтік психологиясында  пайда болды. Оның негізін Дж. Мид  салды.4 Бұл түжырымдама әр түрлі әлеуметтану ағымдарында, әсіресе құрылымдық-функциялык сараптау ағымында кеңінен тарады. Т. Парсонс және оның ізбасарлары әлеуметгік рөлдердің көптігіне орай тұлғаны функция ретінде карайды, бұл ролдер қайсыбір қоғамдағы кез-келген индивидтерге тән.

Әлеуметтік  рөл — бұл мінез-құлықтың нұсқасы, қоғамдық жүйедегі және тұлғааралық  қатынастағы тұлғаның объективті берілген әлеуметгік ұстанымы. Ролдердің жиынтығын  рөлдік жүйе дейді. "Рөлдік жиынтық" ұғымын  Р. Мертон анықтады. Әлеуметгік рөлдер адамға заң немесе басқа да құқықтық актілер арқылы формальды  бекітілуі мүмкін, және ол көптеген моральдық тәртіп нормалары арқылы формальды емес болуы да мүмкін. Әлеуметтік рөл рөлдік күтіліс пен  рөлдік мінез-құлыққа бөлінеді. Рөлдік күтіліс "ойын ережесіне" сәйкес рөлді күтеді, ал рөдік мінез-құлықты  адам өз рөлінің шеңберіңде нақты  орындайды. Адам кез-келген уақытта  қайсыбір рөлді өзіне алғанда  онымен байланысты қүқықтары мен  мідеттерін нақты түсінетін болады, әрекеттердің нобайын және бір ізділігін біледі, сейтіп өзінің төңірегіндегі адамдардың күткеніндей өз жүрістүрысын құрады. Осыған орай қоғам бәрінің дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сол үшін әлеуметтік бақылаудың тұтас жүйесі — қоғамдық пікірден заң қорғау органдарына дейінгі және соған сәйкес әлеуметтік тыйым жүйесі — бетіне басудан, айыптаушьлықтан күштеп тоқтатуға дейінгі қамтыған.

Рөлдік  мінез-құлық өте қатаң шектелген, өйткені әр түрлі қызметтерді  араластыру немесе олардың бәрін  бірдей орындамау бүкіл әлеуметтік жүйе тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл шектер абсолютгі емес; рөл іс-әрекетке жалпы бағыт береді және оның мақсатын айқындайды, ал оларды орындау стилі  вари-анттық фактор болады. Мысалы, фирма  директорының рөлі басшылық жасау қызметін жүзеге асыруды талап етеді және оны басқа біреудің қарамағында  қызмет істеу міндетімен алмастырута  болмайды. Бірақ басшылық жасау әр түрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін: беделге сүйену, демократиялык, бетімен  жіберушілік, ал бұл тұрғыдан алғанда  фирма директорының рөліне ешқандай шектеу қойылмайды.

Бір адам көптеген рөлдерді орындайды, олар бір-бірімен  қарама-қайшы келуі де, бір-бірімен  үйлеспеуі де мүмкін, мүндай жағдай ролдік қайшылықтарға әкеп соқтырады. Бүған әлеуметтануда жиі жазылып  жүрген әйелдердің кәсіби және отбасындағы  рөлінің ара-сындағы қайшылық мысал  бола алады.

Рөлдермен қатар, коғамдық жүмысты тікелей  алып жүруші, жалпы әлеуметгік жүйе үшін мәнді де маңызды, адамдардың бір-бірімен  өзіндік қатынастары бар.   Мұнда да адам белгілі бір орын алады және соған сәйкес қайсыбір міндеттерді орындайды. Осы қарым-қатынастардың  астары "тұлғааралық рөл" ұғымымен бейнеленеді. Әлеуметгік рөл сияқты тұлғааралық рөлдер де әр түрлі болуы  мүмкін және әр түрлі шағын топтарда тіптен қарама-қарсы болуы да мүмкін, айталық, дос, дұшпан, сенімді адам, т.б. Көбіне-көп адам өз мінез-қүлқында осы әр түрлі күтілістерді еріксіз  ескеруіне тура келеді, мұндайда адам бір емес, бірнеше топтардың күткеніне  бағыт-бағдар ұстайды.

Рөл өзінің қоғамдық маңыздылығы тұрғысынан алғанда, объективті құбылыс ретіңде танылса, ал ол индивид санасында өзіндік  үйғарым тауып, өзінше оған түсініктеме  берсе, субъективті де болады. Т. Парсонстың көзқарасы бойынша, қайсыбір рөлдің негіздерін тұлғалық мәннен емес, әлеуметтік қажеттіліктерден іздеу қажет. Айталық, қазіргі әйелдердің индивидуадцық  ұстанымдарында әйел (ана) ролі аса  елеулі маңызға және құндылықтарға  ие бола алмайды, бірақ қоғам алдында  бұл рөл әйелге үлкен міндет жүктейді. Социум тұрғысынан алғанда, рөлдік қалыптардан  ауытқу, оларды мойындамау жөнсіздікке  әкеп соқтырады. Сондықтан рөлге  қатысты мінез-құлық ережелерін мейлінше ұстану тұлғаның қоғамда өмір сүруін жеңілдетеді, оның қайшылықты жағын азайтады, өзін-өзі сезіну сеніміне және оның баянды болуына негіз қалайды.

Әлеуметтік  рөлдер бүкіл қоғамдық организмнің  қалыпты өмір сүруі үшін қаншалықты маңызды екендігіне қарай маңыздылығына  да бөлінеді. Бұл қайсыбір топтардың  қоғамдағы орнына және тиісінше әлеуметгк  құрылымдағы оның мүшелеріне, олардың  құрылым тұрақтылығын қолдау үшін маңыздылығына  байланысты. Әлеуметгік мәр-тебе қоғамдық қатынастардағы әлеуметгік топтар мен  жекелеген тұлғалар жағдайының интегративтік  көрсеткіші болып табылады. Кез-келген қоғамда және қоғамдық өмірдің кез-келген саласында, айталық, өндірістік, құқықтық, тұтыну және басқа да саласында әлеуметтік теңсіздікті айқындайтын және нықтайтын  мәртебелер сатысы, пирамидасы бар.

Рөлдер  теориясы тұлғаның әлеуметтену процесінде оған бейімделу жағдайын жақсы бейнелейді. Бірақ бұл схеманы бірден-бір  және соңғы схема деп қарауға  болмайды, өйткені мұнда тұлғаның белсенділігі, шығармашылық бастаулары есепке алынбайды.

Тұлғаның  келесі бір бейнесі З.Фрейд идеяларының  ықпалымен пайда болды. Бұл адамды мұқтаждықтардың жүйесі ретінде, ал қоғамды тыйым салулардың жүйесі ретінде қарастырады. Түлғанын, санасыз (ең алдымен сексуалды) іс-өрекеті  оның белсенді күш-қуатын және негізгі  қайнар көзін құрайды, оның әрекетін қисынды етеді. Адам әлеуметтік нормалық шектеулерге байланысты табиғи формадағы  түйсіктік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын болғандықтан, бойын билеген  құштарлығы мен оның қоғамда қабылданған  формада жүзеге асуы арасынан ұдайы  келістік іздеуге мәжбүр болады. Фрейд  жасаған тұлға үлгісі үш деңгейлі түзілім болып табылады: төменгі  деңгей (Ол немесе Гед), бұл санадан  тыс импульс-термен және "тектік естеліктермен" берілген, ортаңғы  қабат (Мен немесе Эго) және жоғары деңгей (Асқан-Мен немесе Супер-Эго) -адам қабылдаған қоғамдық нормалар. Аса қатал, шамшыл және жауынгер деңгей - Ол және Асқан-Мен. Олар адам психикасына екі жақтан "шабуыл" жасап, жүйкелік мінез-құлық  халін қалыптастырады. Бұл тұлға  үлгісі қоғамдық қысымнан әрдайым қорғанып жүреді және әлеуметтік ортамен шиеленіске түсіп отырады. Қоғам дамуының деңгейіне  қарай жоғары деңгей (Супер-Эго) сөзсіз ұлғаяды, салмағы да артады. Фрейд  бүкіл адамзат тарихын психоздың  өрістеу тарихы ретінде карастырады.

Тұлғаның  тағы бір бейкесі - әр түрлі ынталандыруларға көзқарас жүйесі ретіндегі тұлға. Осы көзқарасты ұстанғандар Б. Скиннер, Дж. Хоманс, К-Д опп болды. Бұл тұжырымдама бойынша, әрбір адамның мінез-құлқын әлеуметтік орта тіл, дәстүр, әлеуметтік құрылымдар, бұқаралық ақпарат кұралдары және т.б. арқылы қамтамасыз етеді және бақылайды. Басқа адамдармен өзара әрекетге, кез-келген әлеумеггік топта адам өз мүддесін қорғайды: егерде оның мінез-құлқы қолдау тауып, жағымды ынталаңдырылатын болса, онда адам өзін қоршаған ортаға және жалпы әлеуметгік жүйеге ниеті түзу, тілектес болады; егер-де қоғам тарапынан ол қолдау таппаса, оңда ол шамшыл келеді, тәртіп бұзады. Бірақ әрбір адам жазаланудан аулақ болуға және қолдау та-буға тырысады және осыған байланысты ол сыртқы ынталаңдырулар мен әлеуметгік бұйрықтардан бір жақты әсер алады. Басқаша айтқанда, тұлға проблемасын қарастырғанда, адам нендей бір жағдайларға неге әсерленеді деген мәселені сараптағанда мінез-құлық әлеуметтануы басты рөлді ынталандыру жүйесіне береді. Осыдан тұлға мінезқұлқындағы өзгерістер жақсыға, әрекетке үйрету процесінен туындайды.

Кез-келген "жақсылық" атаулыны ынталандырушы  ретінде пайдалануға болады. Олар: білім, билік, құрмет керсету, даңқ, ақша, билік етушілердің оң қатынастары  және т.б., бірақ өзінің қайнар көзі жағынан міңдетті түрде әлеуметтік болуы керек. Ол қайнар көз қоғамның қолыңда болуы шарт және оны қоғам  басқаруы керек. Сыйлық алу адам үшін қаншалықты құңды болса, онда ол соған  сәйкес мінез-қүұлықты ұстанатын болады. Сонымен қатар, адам бір сәт басқалардың  тарапынан қолдау тапқанын сезінсе, онда тиісінше оның кейінгі әрбір  әрекеттері де құнды болады. Бұл  принципті тұлғааралық қатынастар деңгейінде қарастырғанда қарсыластар  арасындағы еркін әрекеттер, олардың  әрқайсысы өзін ұтысқа қол жеткіздім  деп, яғни келетін пайдаға немесе сыйлыққа қарағанда езінің жағдайға қосқан "үлесі" аз деп санағанға  дейін сақталады.

 

Қорытынды

 

Сонымен тұлға сөзі тек адамға қатысты  ғана, және тек оның дамуының белгілі  бір кезеңінен бастап қана қолданылады.  Біз “ жануар тұлғасы   ”  немесе “ нәресте тұлғасы деп айтпаймыз”. Бірақ ешкімге жануар және нәресте туралы олардың индивид ретінде жеке-дара ерекшеліктері туралы айту ешкімге қиындыққа түспейді.  Біз екі жастағы бала туралы ,  ол тек өзінің генетикалық ероекшелігін көрсетпей, сондай ақ әлеуметтік қоршаған ортаның әсерінен алынған  көптеген ерекшеліктерін көрсетсе де , шындығында тұлғадеп айтпаймыз. Және де осы жағдай тұлғаны биологиялық және әлеуметтік  факторлар араласуындағы өнім ретінде түсінудің  қарсылығын дәлелдейді.

Тұлға ұғымы , индивид ұғымы сияқты , субъекті болмысының тұтаситығын білдіреді. Тұлға бөлшектерден тұрмайды, керісінше ерекше түрдің   бүтіндік құрылымын білдіреді.

Тұлға –ол  арнайы адамдық құрылым, яғни адамның  санасы, оның қажеттіліктері сияқты , адам тұлғасы да “ жасалады”, қоғамдық қатынастармен құралады. Оған индеви өзінің іс-әрекетімен кіреді. Оның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктері өзгереді. Өзгеретін жағдай бұның себебі емес, ол оның тұлғасының қалыптасу нәтижесі.

Жеке  тұлғаның барлық анықтамалары оның дамуының екі қарама-қайшы көзқарастарымен  негізделеді. Бірінің көзқарасы бойынша әрбір жеке тұлға өзінің туылған қасиеттері мен қабілеттернің қатынасында қалыптасады және дамиды  және мұнда әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие болмайды.  Ал екінші  көзқарастардың өкілдері жеке тұлғаның туылған ішкі белгілері мен қабілеттерін толығымен қалыптасатын құбылыс деп санайды. Бұл жеке тұлғаның қалыптасу процесіндегі  көзқарастар болып табылады.  Сонымен жеке  тұлға дегеніміз жігерлі қызмет пен қарым-қатынгас барысындағы индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі, қоғамның дамуының  өкілі ретінде  адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің толықтығы.

Тұлғаға айналған адамдардың бірқатары әрсапалық  дәрежеге , әртүрлі әлеуметтік атауғы ие: мысалы өткен уақыттардадәрежеге , әртүрлі әлеуметтік атауғы ие: мысалы өткен уақыттардағы немесе  қазіргі  замандағы  жай тұлғалар,  ірі , ұлы, белгілі, әйгілі , көрнекті ,  тарихи, т.б. тұлғалар болып айрылады. Олардың жағымды , жағымсыз,  жақтарын айыра біліп, олардың тарихындағы , қоғамдағы ролін дұрыс түсіне білу маңызды.  Ғылыми тұрғыдан айтсақ, тұлға адамдардың әлеуметтік  сапаларының  тұтастығы ретінде қаралады.

Яғни  ол белгілі бір жолмен қоғамдағы  әлеуметтік мәнді белгілер мен  әлеуметік  қатынастардың  индеридтердегі  ісіне асқан  белгілі және  тарихи  даму мен индивидтің өзінің белсенді тұрлаулы қызметінің  байланыстарының арқасындағы әлеуметтік жүйеге енуінің нәтижесі болып табылады.  Сонымен бірге  тұлға әлеуметтік  қатынастардың субъектісі ретінде  бола отырып, ол қоғам жөнінде  біршама  дербес  және тәуелсіз , оған өзін  қарсы қоюға да қабіелетті екендігімен сипатталады.

Тұлға әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі  субъекті ретінде  өз міндетін  атқаруы үшін әуелі  ол өзінің қабілетіне сай келетін  өмірлоік жоспарлардың  мақсаттары мен  міндеттерін  іске асырылу  жолдарын іздестіру жағдавйында  болады.  Адам,  тұлға өзінің ерекнелігін , өзінің әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы міндетін  орындауға бағытталған жолын өз қабілетіне сәйкес таңдайды. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Ануфриев Е. А. Личность .  / Социология / Под  ред. Г. В.Осипова. М, 1995.
  2. Бабосов К. М. Личность как уникуальная  социальная  система.  // Социология //. Мн., 1998.
  3. Инкельс. А. Личность и социальная структура. // Американская социалогия. М., 1973.
  4. Кови .С Навык 1: Будьте проактивнцы . // 7 навыков лидера. 
  5. Деловой  бестселлер. Мн., 1996.
  6. Кон И. С. В плисках себя. М. 1984
  7. Крегер О.,  Тьюсон Дж. Тип людей и бизнес.  М.,  1995.
  8. Р. К. Оданова, Н. Т. Жұмабеков, Б. А. Исмаилов, А. А. Дәулетова, Ұ. Ж. Қонақбаева. Жалпы әлеуметтану. Лексиялар курсы. Шымкент. 2004
  9. Әбсаттаров, Дәкенов. Әлеуметтану. Алматы, 2004.
  10. Маркс К. К критике гегельской философии права. // Соч. Т. 42. М., 1974
  11. Моисеев  Н. Н. С мыслями  о будущем  россии.  М., 1997.

 


Информация о работе Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі