Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 15:39, курсовая работа

Краткое описание

Адам — биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениетгің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бүрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінен еркшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалык, шақтың ұзакқа созылуы, еңбек қүралдарын және отты меңгеруі және т.б.

Содержание

Кіріспе
Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі ретінде
Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғалық қасиетті анықтау
Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен ролі 18
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі ретінде..docx

— 54.31 Кб (Скачать документ)

Тұлғаның  әлеуметтік түрлері қоғамның материалдық  өмір жағдайларына, қоғамдық қатынастардың  сипатына байланысты қалыптасады. Адамдардың, оның ішінде тұлғалардың әлеуметтік бейнесін анықтайтын іргелі негіз олардың белгілі бір өмір салты болып табылады. Тұлғаға айналған адамдардың бірқатары әр сапалық деңгейге, әр түрлі әлеуметтік атауға ие болады. Мысалы, өткен уақыттардағы немесе қазіргі замандағы көпшілігі қатардағы жай түлғалар ірі, ұлы, белгілі, әйгілі, көрнекті, тарихи, т.б. тұлғалар болып дараланады. Өткен замандардағы тарихи тұлғалардын рөліне баға беру кезінде жағымсыз тарихи түлғаларды дәріптеу дүрыс болмайды. Екінші  жағынан, жағымды тарихи тұлғаларды асыра бағалау — басқа бір ұшқарылыққа — тұлғалык негіздерді аса дәріптеуге де соқтырмауға тиіс. Бүл тұрғыда көзге тускен әйгілі, ірі тұлғаларға дұрыс баға беру, жағымды, жағымсыз тұлғаларды айыра біліп, олардың тарихтағы, қоғамдағы рөлін дүрыс түсіне білу маңызды мәселе. Адамдардың, түлғалардың өмір болмысы кандай болса, олардың өздері де сондай болады.

Тұлға адамның  әлеуметтік сапаларының біртұтас жиынтығы ретінде қаралады, яғни ол белгілі  бір жолмен қоғамдағы әлеуметтік мәнді белгілер мен әлеуметтік қатынастардың  ивдивңдте жүзеге асқан бірлігі  және тарихи даму мен индивидтің өзінің белсенді тұрлаулы қызметі, байланысы  арқылы әлеуметтік жүйеге енуінің нәтижесі болып табылады. Сонымен бірге тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі бола отырып, ол қоғамнан біршама дербес және тәуелсіз, оған өзін қарсы коюға да кабілетті. Қоғам, әлеуметтік қатынастар түлғаның тұлғалық міндеттерін іске асырудың жеткілікті кұралдарына ие. Әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде түлға мен қоғам арасыңдағы өзара қимыл-әрекеттер мен өзара байланыстар үш элементтен құралады: 1) Тұлғаның іздену элементі; 2) Қоғамның ұсыну элементі; 3) Тұлғаның қоғам ұсыныстарын таңдау элементтері. Әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қатынастарға енген әрбір тұлға адами тәртіптің негізін меңгеруі керек, өзі өмір сүретін қоғам мөдениетінің тілін білуі шарт. Ол адамзаттың және қоғамның қолы жеткен іргелі жетістіктер мен құндылыктарды құрмет тұтуға, сыйлауға міндетті. Мұнсыз әрбір индивидтің тұлғаға айналуы және тұлғаның әлеуметтік ортада субъект міндеттерін атқаруы жөнінде сөз болуы мүмкін емес.3 Тұлға әлеуметтік құатынастар жүйесіндегі субъект ретінде өз міндетін атқаруы үшін әуелі ол өзінің қабілетіне сай өмірлік жоспарын, мақсаттары мен мұраттарын жүзеге асыру жолдарын іздестіру жағдайында болады. Адам, тұлға өзінің келешегін, өзінің әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы міндетін орындауға бағытталған жолдарын өз қабілетіне сәйкес таңдайды. Тұлға мұндай тандауды іске асыра, әлеуметтік орта тәртібін қабылдай отырып, өзі мен қоғамның өсіп-өркендеп, дамуы жолында қызмет жасайды. Тұлға өзінің әлеуметтік міндетін орындауда әлеуметтік қатынастар қазанында біте қайнасып, алдына қойған мақсаттарды өзінід қоғамдағы алатын орнына сәйкес іске асыра алатындығы немесе іске асыра алмайтындығы жөнінде көп толғанып, көп ойлануы тиіс. Себебі адамдар, соның ішінде түлғалар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде басқа адамдармен, қоғаммен өзара тәуелді жағдайда болып, берік әлеуметтік катынастарға енеді. Яғни әрбір адам, тұлға белгілі бір пайдалы міндеттерді орындай отырып, қоғамды дамыту ісіндегі әлеуметтік қатынастардын субъектісі ролін атқарады.

Екінші  жағынан, қоғамдағы белгілі бір  әлеуметтік міндетті атқару мен орындау  кез-келген тұлғаның қолынан келе бермейді. Сондықтан әлеуметтік орта қоғам мүшелері ішінен тапсырылатын қызметтерді орындай алатын тұлғаларды даярлауға маңыз береді. Әсіресе, қоғамды қайта құру мен реформалау кезеңдерінде күрделі әлеуметтік проблемаларды шешу үшін лайықты, қолынан іс келетін, батыл, қайратты тұлғаларды тауып, тәрбиелеу, сөйтіп оларды әлеуметтік қатынастардың белсенді субъектілеріне айналдыру күрделі де маңызды өмірлік мәселе. Тұлгалардың әлеуметгік міндеттерді орындау жүмыстары олардың өздерінің жоғары сапалары мен іскерлік қасиеттерін жетілдіруі тиіс.

Тұлғаның  қызмет процесіндегі біте қайнасатын көп жақты және нақтылы әлеуметтік байланыстарында ол объект ретінде  де көрінеді. Мұндай қатынастар процесінде тұлға өзін қоршаған әлеуметтік ортаның әрқилы ықпал-әсерлеріне өзінше назар аударып, өзін әр түрлі тәсілдермен көрсетеді. Тұлғаның әр түрлі көріністері өзара бір-бірімен байланысты және өзара бірімен-бірі себептестілік жағдайда болады.

Және бұл  жерде еңбек қызметі негізгі, анықтаушы қызмет болып табылады да, ал үлгі-өнегелік, әсемдік, саяси  сапалар туындылар болып есептеледі.

Тұлғаның  барлық керіністерінің жиынтығы мен  бірлігі, олардың өзара бір -бірімен  байланысы оның әлеуметтік құрылымын  құрайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымының негізін қоғамдық, әлеуметтік қатынастар қалыптастырады. Мұндағы өзгерістер түлғаның да әлеуметтік құрылымында өзгерістер туғызады. Бүл жерде объект ретіндегі жекелеген тұлғаның әлеуметтік бейнесіне өндірістік қатынастармен қатар басқа да қоғамдық қатынастар ықпал етеді. Ал бұл қатынастардың жиынтығы тұлғаның әлеуметтік қүрылымы қалыптасуының қажетті жалпы шарты болып табылады. Тұлғаның өзіндік өзгешелігіне басқа жағдайлар да, атап айтқанда, нақты әлеуметтік айналадағы орта да (отбасы, ұжым, т.б.) белгілі ықпалын тигізеді. Алайда, тұлғанын әлеуметтік қатынастардағы объект ретіндегі өзіндік өзгешелігі онын өзі қоғамық байланыстардың кең ауқымына енген сайын анығырақ көрінеді. Себебі тұлғаның өзі туралы түсініктің шығу кезі ол — оның төңірегіндегі және ол үшін мәні бар адамдар болып табылады. Әр адамның іс-әрекеттері жөніндегі басқа адамдардың пікірлері, бағалары бойынша сол адамның қандай адам екендігі туралы түсініктер жасалады. Әр адамды оның төңірегіндегі адамдар қандай деп есептесе, сондай түсінік сана-сезімнің мазмұнына ықпал жасайды. Бұл — өр адамды, индивидті ортақ белгілерге бөлу нәтижесі болып табылады. Өзі туралы басқа адамдардың пікіріне тұлғаның қарсы өз пікірі елеулі түрде оның әлеуметтік мінез-қүлық қалпын, бейнесін қалыптастырады. Тұлғаға ықпал жасау, біріншіден, әлеуметтік үйым қабілетінің және, екінші жағынан, түлғаның басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуына, индивидтің қайткенде де әлеуметтік ұйымның элементіне айналуына, қоғам ішіне қалай енуіне байланысты болады. Әлеуметтануда әлеуметтік қатынастардың объектісі ретіндегі тұлға өзара байланысты екі процестің бірлігінде қаралады. Олардың бірін социализация (әлеуметтендіру), екіншісін идентификация (ұқсастыру) деп атайды.

Тұлғаның  объект ретінде әлеуметтендірілуі  дегеніміз, мәдениеттің және әлеуметтік ережелер мен құндылықтардың элементтерін оның игеруі аркылы, әрі осылардың  негізінде түлғаның әлеуметтік мәнді  белгілері қалыптасып, қоғаммен, әлеуметтік қауымдастықтардың әр түрлерімен бірігетін  процесі. Әлеуметтену ісі өте кең процесс. Бұл жеке мәселе ретінде қарастырылады. Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлға дамуының екінші процесі идентификацияны (ұқсастыру) сөз етсек, мүның мәні мына-да: әрбір индивидтің, түлғаньң өзін-өзі басқа адамдармен, топпен, ұжыммен ұқсастырудың психологиялық процесі. Бұл процесс оған әлеуметтік қызмеггің әр түрлерін меңгеруге, әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды өзіне сіңіріп, әлеуметтік міндеттерді қабылдауға көмектеседі. Әлеуметтік катынастардың объектісі ретінде түлғаның өзін ұқсастыру процесінің әдетте үш түрі бар: 1. Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату; 2. Өзін белгілі бір бағалы әлеуметтік топқа кіргізу (жас шамалық, ұлттық, жыныстык, т.б.); 3. Нақтылы бір әлеуметгік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу.

Тұлғалар  мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау негізінде  орнайды. Әлеуметтік бақылау бұл  оны құрайтын элементтердің тәртіптелген өзара әрекетін қамтамасыз ететін, әлеуметтік жүйенің өзін реттеп отыратын тәсілі, әлеуметтік бақылау жүйесінің  атқаратын тұрақтаңдыру қызметі  үстемдік етуші әлеуметтік қатынастардың, әлеуметтік (топтык, таптық, мемлекеттік) құрылымның шептерін ұдайы жандандыру (ендіру де) болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын  мақсаттық қызметі, оның бағытталуы мен мазмұны сол тарихи қалыптасқан  әлеуметтік жүйені әлеуметгік-экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-құқықтық сипаттарына, тарихи даму процесіндегі қоғам типтерінің бірін-бірі алмастыруда алатын орнына тәуелді болады. Әлеуметтік бақылау проблемасы негізінде басты мәселе. Себебі ол жеке адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы туралы мәселені қамтиды.

Әлеуметтік  бақылау процесі барысыңда жеке адамдар мен қоғам арасында әлеуметтік қатынастар -қалыптасады. Бірақ ол жеке адамдардың сапаларын әлеуметтік стандартқа (бірдейлікке) жақындатуға қарағанда әлдеқайда күрделі. Бүл жерде әлеуметтік басқару механизміндегі жеке адам санасының қызмет ерекшеліктерін ескеру қажет. Егерде қоғамдық сана деңгейінде ақпарат тұтастық күйінде берілсе, жеке адамдар санасы деңгейінде тұтас күйіндегі әлеуметтік ақпаратгы әрекеттің мақсаты, құралы туралы ақпаратқа бөлшектеу мүмкіндігі пайда болады. Осыдан келіп оларға саналы баға беруге, оларды қабылдауға, мойындамауға немесе өзгертуге мүмкіндік туады.

Осының  салдарынан жеке адамдар санасы деңгейіңде жаңаша қарау (жаңа үстаным, қүнды бағыттар, т.б.) қалыптасуы мүмкін, жаңаша қарау  бұрыннан әлеуметтік бақылаудың атқаратын  қызметтерінің қүрамына қосылғандықтан адамның мінез-қүлқын өзгертетін бола

ды. Бұл қоғамдық дамудың пісіп-жетілген қажеттіліктері көрінетін болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Қоғам мен  жеке адам арасындағы әлеуметтік бақылау  механизмі шңнберінде өмір сүретін  әлеуметтік қатынастар субъектінің  объектіге, қоғамның жеке адамға жай  ғана қатынастары емес, ол әр түрлі  элементтердің әрдайым сипатына сәйкес белсенді түрдегі өзара әрекеті  мен өзара байланыс үрдісі.

Жеке  адам және қоғам (әлеуметтік топ) әлеуметтік бақылау жүйесінің өзара әрекет ететін қүрамдас элементтері болып  саналады. Әлеуметтік бақылау процесі бүл жеке адамдардың және әлеуметтік қауымдастықтардың (топтардың, таптардың, қоғамның) өзара әрекет ету үрдісі. Әлеуметтік бақылауды схемаға түсіріп қарағанда оған әрекеттін екі түрінің, атап айтқанда, иңдивидуалдык әрекет және әлеуметтік әрекет (ұжымдық, топтық) немесе, басқаша айтқанда, жеке адамдардың бақыланушы қызметі және әлеуметтік институттардың бақылаушы қызметінің қосылатыны анықталған.

Мемлекеттік бақылау әлеуметтік бақылаудың дәл  озі болмаса да, соған жақын. Әлеуметтік бақылау жеке адамдардың әлеуметтік мінез-құлқын, жүріс-тұрысын тек саяси тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік институттар (білім, мәдениет, мораль) тарапынан реттеу болып табылады.

Әлеуметтік  бақылау түрғысынан алғанда жеке адам мен қоғамның өзара әрекеті  олардың өзара әрекетінің ішкі қарама-қайшылықтарын  анықтайды. Біржағынан алып қарағанда, адам қоғамнан тыс жерде өзінің индивидуалдығын, әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін қалыптастыра алмайды. Егерде жеке адам әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени ортаның жемісі болмаса, онда ол адам емес. Екінші жағынан, адам мәдениетінің үлгілеріне автоматты түрде бейімделетін болса, онда ол индивидуалдығын сақтай да, дамыта да алмайды. Егер адам әлеуметтік мәдени ортаның тек көшірме бейнесі болатын болса, онда ол тұлға бола алмайды.

 

2.1. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен ролі

 

Әрбір түлға  қоғамда белгілі бір орынды иемденеді  және нақты міңдеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның қүқықтары  мен міндеттері, яғни белгілі бір  әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы  мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның  үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшерІ, дін) қоғамдағы орны. Жеке мәртебе  деп индивидтің шағын топтағы  орнын айтады, бұл индивидті осы  топ мүшелерінің (таныстары, туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Таныстары мен туыстарының  оны қабылдауы индивидтің жеке сапаларына орай болады. Әлеуметгік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын  жүмысының сипатын, қызмет-лауазымын, материалдық жай-күйін, саяси ықпалын, партия мен кәсіподаққа мүшелігін, іскерлік байланысын, ұлтын, дінін, жас  мөлшерін, отбасылық жағдайын, туыстық  байланыстарын және т.б. қамтиды. Бұлардың бәрін Р. Мертон "мәртебелік жиынтық" деп атаған. Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сотінен белгіленген, яғни субъектіден  тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің өз күшімен жеткен мәртебесі болып болінеді. Кейде  индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің  екі белгісінен түрады. Әдетте бір  тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе  болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастыктардың, ұйымдардың, т.б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым  докторы, редколлегия мүшесі, т.б. Бір  адам әр түрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталык, тұлға өзінің балалары үшін — әке, ал өзінің анасы үшін ол — ұлы болады. Бірақ сол  мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы  ахуалын анықтайтын негізгі, басты  мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе  көбіне-көп негізгі жүмыс орнындағы  қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жүмыс орнымен  анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін — тұрғылықты жерімен (бибі) айқындалады. Бүдан да басқа  варианттары болуы мумкін. Бұл  басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.

Жоғарыда  аталған мәртебелермен адамзат  қоғамындағы мәртебелер бітпейді. Маңдайға жазылған, өзі жететін, аралас, әлеуметтік, жеке мәртебелер, солармен қатар кәсіптік, экономикалық, саяси, демографиялык, діни және қандас-туыстық. негізгі мәртебелердін  бір түріне жатады. Бұлардан басқа  көптеп саналатын эпизодтық негізгі  емес мәртебелер де бар. Мүндай мәртебелерге жаяу жүрушінің, куәгердің, демонстрацияға қатысушының, оқырманның, тыңдаушының, теледидар көрерменінің, баспана  кезегінде тұрушының және т.б. жатқызуға  болады. Әдетте, бұлар уақытша жағдайлар. Мұндай мәртебені алып жүрушілердің құқықтары мен міндеттері көбінесе тіркелмейді. Оларды анықтау да өте  қиын, айталык,, жаяу жүрушінің мортебесі. Бірақ мүндай мәртебелер бар, олар адамның  бастысына болмаса да, екінші қатардағы  жүріс-тұрыс, ойлау және сезім белгілеріне  ықпал етеді. Мысалы, профессор мәртебесі  осы адамның өмірінде көп нәрсені  анықтайды, ал оның уақытша мәртебесі  — жаяу журуші екенін анықтамайды. Сөйтіп, адамның негізгі және негізгі  емес мәртебелері болады, бірақ оның біріншісінің екіншісінен мәнді  өзгешелігі бар. Бірде-бір адам мәртебеден немесе мәртебелерден тыс өмір сүре алмайды. Егерде ол бір мәртебеден кететін  болса, міндетгі түрде екінші бір  мәртебені иемденеді.

Иңдивидтің  қоғамдағы немесе топтағы сыртқы жағдайы үйлесімді бола бермейді. Мұны мәртебелердің сәйкессіздігі (немесе алшақтауы) деп атайды. Индивид  көптеғен мәртебені иеленеді және көптеген әлеуметтік топтарға жатады, ал олардың  қоғамдағы беделі бірдей емес: коммерсанттар  сантехниктерден немесе әр түрлі  жұмыскерлерден жоғары бағаланады; еркекгердің  өндіріс саласында әйелдерге  қарағанда үлкен әлеуметтік салмағы  бар; негізгі ұлтқа жатумен аз ұлттарға жату бірдей емес.

Ешбір құжатта  тіркелмеген, бірақ қоғамдық пікірде  қалыптасып, ауыздан-ауызға беріліп, мойындалған  мәртебелер мен әлеуметтік топтардың  иерархиясы бар. Бүл иерархия бойынша  біреулерді басқаларға қарағанда көбірек  қүрметтеу мен бағалау орын алған. Мүндай иерархиядағы орынды ранг деп  атайды. Ол жоғарғы, ортаңғы немесе төменгі рангқа бөлінеді. Иерархия бір қоғам шеңберінде топтар арасында (мұндайда иерархияны топаралық деп  атайды) және бір топтың шеңберінде индивңдтер арасында (топ ішінде) өмір сүре алады. Бұл жерде де адамның  орнын "ранг" термин; білдіреді. Мәртебелердің  сәйкессіздігі топтар арасындағы және топтар ішіндегі иерархиядағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Осы қарама-қайшылық екі  жағдаймен байланысты пайда болады:

—  индивид  бір топта жоғарғы рангте, ал екінші топта төменгі рангте болғанда;

Информация о работе Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі