Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 15:39, курсовая работа

Краткое описание

Адам — биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениетгің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бүрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінен еркшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалык, шақтың ұзакқа созылуы, еңбек қүралдарын және отты меңгеруі және т.б.

Содержание

Кіріспе
Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі ретінде
Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғалық қасиетті анықтау
Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен ролі 18
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі ретінде..docx

— 54.31 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік  тәртіп белгілі бір әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе, қалыпты  дейді. Ал, мінез-құлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған (немесе девиандтық) мінез-құлық дейді. Бұл ауытқуды әлеуметтанудың арнаулы теориясы –  ауытқы мінез-құлқының әлеуметтануы зерттейді.

Ауытқу  тәртібіне құқық пен мораль прициптерінен  кейін кету, оларды бұзу жатады.

Ауытқу  тәртібі еңбек, өндіріс саласында, жеке адамдар арасында, ұцымдық қарым-қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс-салтында жиі  кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады. Мұндай ауытқу мінез-құлықтарына  қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.

 

2 тарау. Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғаның қасиетін анықтау.

Ренессанстық  сана толық мағынада айтқанда, "индивид" ұғымынан "индивидуалдық" түсінігіне қарай ойысты. Қайта өрлеуді "ақыл-парасат ғасыры" деп те атайды, өйткені ол сананы адамның ең жоғары жетістігі деп жариялады. Сөйтіп, Қайта өрлеу антикада пайда болған ұтымдылықты жалғастырып, оны жоғары деңгейге жеткізді.

Ағартушылық (XVII—XVIII ғғ.) Қайта орлеу дәуірінде  басталған "ақыл-парасат патшалығы" адамның саяси бостандығы мен  азаматтық құқығын орнату күресін  одан әрі жалғастырды. Ағартушылық дәуір соңы екі маңызды қүбылыспен есте қалды: 1) ұлы өндіріс революциясы, бұл капитализм шабуылының тоқтаусыздығын толық нығайтты және 2) ұлы француз революциясы (1789 ж.), бүл төңкеріс қазіргі демократияның негізін қалаған саяси бостандық пен саяси әдет-ғұрыпты жариялады. Бүл дәуір ұлы географиялық және ғылыми ашылымдардың, заңды еркіндікті жеңіп алудың, буржуазияның билік үшін күресінің заманы болды, соның нәтижесінде жабық, дәстүрлі енжар қоғам ашық, қазіргі шалымды қоғаммен ауыстырылды.

Бостандық, ақыл-парасат, қозғалысты өмір салты, индивидуализм  және кәсіпкерлік рух — қалыптасу  үстіндегі тұлғаның басты көрсеткіштері. Тарихшылардың пікірінше, "индивидуалдық" сөзінің өзі "тұлға" ұғьмы ретінде бұдан 200—300 жыл бұрын, яғни ағартушылық дәуірде пайда болған.

Қазіргі философияның пайымдауынша, мәңгілік дүниедегі адам мәңгілік қүндылықтарды  жалғастырушы. Уақыт ішіндегі адам тек физикалық қүбылыс: ол туады  және өледі. Уақыт ішінде өмір сүру — бұл бізді қоғам азаматы  ретіндегі болмысымыз. Уақытпен біз  ас ішеміз және үйықтаймыз, билік үшін күресеміз және бала өсіреміз, табыстарға жетеміз және жеңілістерге ұшыраймыз. Қоғамда өмір сүргендіктен әлеуметтік тіршілік иесі ретінде біз қоғамнан тыс бола алмаймыз. Өйткені біздер отбасының, ұжымның, мамандықтың және таптың бірлігінің көрінісіміз. Алайда, адамның мәні басқада — ол адами  мәңгілікте және адамдық еркіндікте.

Біздің  өмір сүруіміз уақыт пен мәңгіліктің  арасындағы қайшылықта болады. Адам болмысы  әр түрлі екі өлшемде жатыр, сондық-тан  адам ордайым қарамақайшылықты. Уақыт  ішінде өмірді бақылауға болады, ал мәңгілікті тек елестетуге болады. Философтар қарастырған адам болмысының екі тұрғысы осылар.

Жаратылыстанушы ғалымдар адам жөнінде басқаша көзқараста болады. XIX ғасырда биологияның озық ойшылдары тұлғаға жүмыртқа ішінде толық қалыптасқан тіршілік иесі сияқты қарады. Индивидтің тұлғалық белгілері  үзақ уақыт бойы тұқым қуалаушылыққа  таңылды. Адамның отбасы, тұқым-тұқияны  және қанының қасиеті оның ұлы түлға болуын, асқан мақтаншақ, түзелмес қылмыскер немесе қайырымды сері болуына негіз салады делінді.

XX ғасырдың  бірінші жартысында жиналған  сан алуан жаңа фактілер адамның  мәні туралы бастапқы көзқарастарды  қайта қарауға мәжбүр етті. Сөйтіп, туа біткен ұлылық адамнан автоматты түрде үлы түлғаны қалыптастыруға кепілдік бермейтіні белгілі болды. Дәл сол сияқты тектік жарақат, ауру немесе басқа да жағымсыз биологиялық алғышарттар адамның толыққанды қоғам мүшесі болу мүмкіндігін жоққа шығара алмады. Бүл жерде басты рөлді әлеуметтік орта атқарады, адам туғаннан кейін осы ортаға түседі.

Сонымен, XIX ғасырда адамдағы биологиялық  пен әлеуметтіктің арасалмағына қатысты мәселені нақты ғылымдар әдістерінің кемегімен толық  шешпекші болған ниет іске аспады. XX ғасырда бүл мәселе одан да бетер үлкен қайшылыққа тап болды. Бүгінде ғалымдар бүл мәселені шешілмейтін проблема деп карауға бағыт ұстап отыр. Адам түлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған:

—  табиғи, бұл басқа адамдардың ықпалынан  тәуелсіз адамның өзінде болатын  және дамитын жағдайлар;

— биологиялық, бұл жалпы шыққан тегі;

— тұқым  қуалаушылық, бүл ата-ана қанының  негізінде болатын және дамитын  факторлар (биологиялықтың бәрі бірдей тұқым қуаламайды);

— әлеуметтік, адамға әлеуметтендіру барысында, басқа  адамдармен қарымқатынаста және өзара  іс-әрекет арқылы сіңісті болып, қабылдаған белгілер.

Кең мағынада алғанда әлеуметтік үшке бөлінеді:

—  өзіндік  әлеуметтік, бұл адамның өзінің әлеуметтік рөлдерін дұрыс орындау үшін қабылдаған аса қажетті белгілерінің жиынтығы;

—  ерекшелікті  мәдени, бүл әдепті мінез-құлық нормалары  мен ережелерінің жиынтығы, олар ырықсыз  орындалады, индивидтің сіңісті белгілеріне  айналады, осы арқылы өзгелер оны  тәрбиелі жан ретінде таниды;

— адамгершілік, этикалық нормаларды абсолюттік талаптар ретінде орындауына орай адам бойындағы  әлеуметгік қасиетінің жоғары көрінісі және мәдениеттілік бастаулары .

Тұлғаны адам тәнінде өмір сүреді деуге бола ма? Иә, ол айналадағы кеңістікте жоқ - қасымызда да емес, алыста да емес. Ал тұлғада дене бар ма? Жоқ, өйткені тұлға материалдық түзілім емес. Оңда өзін алып жүруші — адами психика болады. Бірақ психика адам тәнінің құрамдас бөлігі болып саналмайды. Психика — жоғары үйым-дасқан материяның ойлау сияқтъі қасиеті, мидың атқаратың қызметіболып табылады. Психика — биологиялық эволюцияның белгілі бір сатысында пайда болған, ақиқатты бейнелеудің ерекше формасы.2 Оның мазмұны — бұл тірі жүйелердің айналадағы ортамен өзара әрекетінің жемісі немесе нәтижесі. Психологтар тұлға туралы әңгіме еткенде, олар ең алдымен психиканы айтады. Тұлға туралы жүйелі ілім жасаған 3. Фрейд те дәл солай жасады.

Сонымен, әлеуметтік дегеніміз не? Әлеуметтік — бүл адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекше сапасы немесе бір адамның  басқа біреумен қарым-қатынасының  ерекше саласы. Әлеуметтік дегеніміз  — адамдардың өзара қарым-катынастары  және сол  қатынастардың қоғамдық маңызды нәрсе ретінде қарастырылуы.

Тұлға әлеуметтік өзара қимыл-әрекеттер мен қатынастардың  бірінші өкілі. Ал тұлға дегеннің кім екенін анықтау үшін әуелі "адам", "индивид", "индивидуалдық" деген  үғымдарды түсініп алу керек. Күнделікті өмірде және ғылыми тілде  бүл терминдер өте жиі кездеседі. Бұл ұғымдар көбінесе синонимдер ретінде де қолданылады, бірақ олардың  қатаң анықтамаларына жүгінетін  болсақ, онда олардың мән-мағынасындағы  айырмашылықтарды "аңғару киын емес. Адам үғымы homo sapiens-тің бөлініп шыққанынан бастап қолданыла бастаған мейлінше жалпылама, атаулық ұғым болып саналады. Адам дегеніміз жер бетіңдегі  тірі организмдер дамуының жоғарғы  сатысы, әлеуметтік-тарихи қызмет пен  мәдениеттің субъектісі болып табылады. Адам адамдық түрге еніп, адами-әлеуметтік шығу тегі процесінің қалыптасқанынан  бері 40 мың жылдай уақыт өтті. Өзінің табиғаты бойынша — адам біртұтас биологиялық-әлеуметтік жан. Мүнда  биологиялық пен әлеуметтілік жәйттар  бір-бірімен диалектикалық бірлікте, өзара әрекеттес, өзара бір-бірімен  тығыз байланысты болады. Адамның  табиғи негізін оның биологиялық  ерекшеліктері қүрғанымен, оның мәнді  өлеуметтік сапалары адам дамуының анықтаушы  жақтары болыл табылады. Қоғамның тарихи қалыптасқан түрінің экономикалық, саяси, идеологиялык және әлеуметтік қатынастары  әрбір адамның әлеуметтік сапасын, оның іс жүзіндегі қызметінің мазмұны  мен сипатын анықтай отырып, әралуан  өзгеріске ұшырап, көрініс табады. Дәл іс жүзіндегі қызмет процесіндегі адам, бір жағьнан, өзі өмір сүріп  отырған айналадағы ортаның әлеуметтік қатынастарын біріктіреді, ал, екінші жағынан, сыртқы дүниеге деген өзінің ерекше көзқарасын білдіреді. Әлеуметтануда  адам қандай жағдайларда әлеуметтік қатынастардың нағыз субъектісі бола  алатындығы, мүнда оның өзіне  және коғамға не нәрсе байланысты екені анықталады.

"Жалпы"  адам болмайды, бұл бейнақтылық.  Нақтылы адамдар бар. Нақтылы  адамда оның жеке өзіндік (табиғи) белгілері көптеген факторлар  мен жағдайлардың ыкпалымен кдлыптасатын  әлеуметтік белгілермен қалай  ұштасатындығы көрінеді. Алайда, тек осыған сүйеніп, философия адамды, ал әлеуметтану — тек тұлғаны ғана зерттейді деу дұрыс емес. Себебі адам мен түлғаның екеуі де бір объект болып табылады. Демек, бүл жерде әңгіме осы объектінің әрқилы түрғыдағы аспектілері мен сол объектіге алып баратын әр түрлі жолдары жөнінде болуы керек.

Адам  мен тұлғаға алып баратын тағы да бір жол бар. Түлға есебінде адам әлеуметтік қатынастардың объектісі  және олардың субъектісі ретінде  қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың  қүрылымына бойлай отырып, адам тек  белгілі бір қоғамдық қатынастардың  өнімі болып қана қоймайды, сонымен  бірге олардың жасаушысы да больш  табылады.

Адам - жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндіктің диалектикалық  бірлігі. Бүл жерде "жалпы" дегеніміз  жалпы адамзаттық, "ерекшелік" дегеніміз қоғам құрылыстық, таптық, ал "жеке өзіндік" дегеніміз өмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен, адамзат ерекше материалдық  нақтылық ретінде өмір сүруде. Алайда, адамзат осы күйінде өз бетінше  өмір сүрмейді. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл-әрекет жасайды.

Адамзаттың  жекелеген өкілдернің өмір сүруі "индивид" деген ұғыммен байланысты. "Индивид"дегеніміз  халык, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы  адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты  адам ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтануда "индивид" ұғымы әлеуметтік қатынастардың  жеке-дара алғандағы өкілі қарастырылған  жағдайда қолданылады. Ивдивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бүл жерде "индивид" үғымы "нақтылы  адам" мағынасында қолданылады. Ал енді индивидуалдық түсінігін (жеке адамның өзіне тән) — индивидтің басқаларда қайталанбайтын бірден-бір  өзіндік ерекше қасиет сипатын, бір  индивидті екінші индивидтен ерекшелейтін белгілердің жиынтығын қарастыру  арқылы анықтауға болады. Бүл ерекшеліктер — биохимиялық, нейрофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік және т.б. деңгейлерде  байқалады. Тұлға ұғымы адамның  және индивидтің табиғи емес мән-мағынасын  айқын көрсету үшін енгізілген, яғни бұл ұғым оның әлеуметтік бастауларын  айқындайды.

Басқаша айтқанда, адамның тарихи дамуының әр түрлі деңгейлеріндегі жеке алғандағы  және нақтылы-тарихи езгешеліктерін көрсету  үшін "индивид"деген ұғыммен  қатар, "тұлға" деген ұғымды қолданады. Тұлға дегеніміз — индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдың сапалар неғұрлым толық көрініс табады.

Әлеуметгік  өмірде адамдардың бір-бірімен әр түрлі  салада тығыз қарым-қатынасының, өздерінің  белсенді, саналы іс-әрекеттері арқасында  индивид (жеке адам) әлеуметтендіріліп, бірте-бірте, келе-келе тұлғаға айналуы  керек. Тұлғаның өзіндік өзгешеліктері, саналылығы, бағалы бағдарлары мен әлеуметтік қатынастары, қоғамға қатысты бірқатар дербестіктері және өз іс-әрекеттері үшін өзінің жауапкершілігін түсіну, т.б. тұлғаның бойынан табылуға тиісті міндетті сипаттамалары болып саналады. Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметгік елеулі іс-әрекеггердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де болып табылады. Сондықтан да халықтың рөлін жақтаған көзқарастар проблеманың тұлғалық жағын жоққа шығармауға тиіс.

Тұлғаның  әлеуметтік мәнін ашып көрсету тұтас  күйінде емес, қайта оның нақтылы  көріністерін зерттейтін жекелеген  қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды. Ал әлеуметтануда түлға көбіне-көп қоғамдық, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қаралады. Әлеуметгік қатынастар адамның ішкі дүниесімен қабыса отырып, айналадағы ақиқатқа деген оның тұлғалық көзқарасы ретінде көрініс табады.

Адамдарды біріктіретін әлеуметтік қатынастар —  өмір сүріп отырған әлеуметтік орта жағдайларындағы индивидтердің  өзара қимыл-әрекеті процесінде қалыптасқан олардың белгілі  бір түрақты байланыстарының  жүйесі. Тұлғаның әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметгік сапалары ретінде оның қызметі мен іс-әрекетінен көрінеді.

Жекелеген қоғамдық ғылымдардан әлеуметтанудың айырмашылығы — ол тұлғаны тұтас  күйінде зерттеп, белгілі бір  қоғамдық-экономикалық формациялар  жүйесіндегі оның мәндік сипаттарын анықтайды. Мүндай талдау қоғам эволюциясы процесінде тұлға дамуының диалектикасын көрсетіп, сонымен бірге тарихтың әрбір алға дамуы кезеңіндегі түлғаның даму процесінің өзіндік ерекшелігін ашады. Әлеуметтік тұтастық жүйесіндегі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі болып табылатын көп қырлы байланыстардың жиынтығы ретііне көрінеді. Қатынастар мен байланыстардың осы көп қырлылығындағы елеулі нәрсені анықтау тұлға проблемасын әлеуметтанымдық түрғыдан талдаудың міндеті болып табылады. Адамның әлеуметтік табиғаты өзінің нақтылы іске асырылуын тұлғаның қоғамдык-тарихи түрлерінен табады.

Тұлғаның  әлеуметтік түрі — белгілі бір  әлеуметтік қауымдастыққа кіретін  түлғалардың қайталанып отыратын елеулі әлеуметтік сапалары

Жиынтығының сараланған бейнесі. Тұлғаның әлеуметтік түрге белінушілік сапаларында белгілі бір таптың, я болмаса әлеуметгік топтың адамдарына тән ортақ, біршама тұрақты белгілер көрініс табады. Тұлғаның әлеуметтік түрлері тарихи қалыптасқан өмір жағдайларының, әлеуметгік айналадағы ортаның, дәстүрлердің, әдет-ғүрыптардың, жалпы дүниетанымның, үлгі-өнегеліктің және қоғамдық өмірдің, т.б. жақтарының жемісі болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сипаттамалары белгілі бір әлеуметгік ортаның шеңберіндегі адамның қоғамдық дамуының өзіндік ерекше жағдайларын көрсетеді. Белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың өкілі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретіндегі тұлға сөз болып отырған қоғамдық даралықтың өзіне тән белгілерімен сипатталады.

Информация о работе Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі мен объектісі