Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 19:28, реферат
Осы себептерге орай бүгінгі талап — ана тілімізде әлеуметтану оқу құралын әлі де болса жазуды, оларды жетілдіруді қажет етеді. Біз осы оқу құралын жазуда курстық бағдарлама негізінде құрылған жұмыс бағдарламасының 14 тақырыбын таңдадық және ұзак жылғы лекция мен семинар сабақтарындағы тәжірибені де басшылыққа алдық, атап айтқанда, студенттердің ұғынуына ауыр тиетін тақырыптарды, т.б. анықтап, олардың түсінікке жеңіл жолдарын қарастырдық. Соның негізінде студенттерге теориялық біліммен қатар қолданбалы құралдардың, тәсілдердің тиімділігін арттыратын, әдет-дағдыларды және іскерліктерді қалыптастыратын әдістерді ұсынуды жөн көрдік.
1.Кіріспе
2. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
3. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
4. Әлеуметтік ұғымы.
Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар.
5. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны
Әлеуметтік заңдар әлеуметтанудың қоғамда атқаратын міндеттерін жүзеге асыруға үлкен ықпал етеді.
Әлеуметтанудың
атқаратын қызметтері және
Басқа да қогамдық ғылымдар
сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам
алдыңда орындайтын, атқаратын міндеттері
бар. Оның танымдық қызметі — әлеуметтік
құбылыстарды зерттеу арқылы олардың
мәні мен мазмұны жөніндегі
Жоғарыда аталған әлеуметтану
білімі деңгейлерінде әлеуметтік про-цестер
жөніңдегі түсініктер мен ұғымдар
жүйесі белгіленіп, қалыптасады. Олардың
әрқайсысында бұл процестер әрқилы
деңгейлер дәрежесінде
Әлеуметтанудың танымдық қызметі, сонымен қатар әлеуметтік процестерді талдау негізінде қоғам өмірінің материалдық, саяси немесе рухани салаларында олардың одан әрі дамуына ғылыми болжам (прогноз) жасауды қамтиды. Мұндай болжамдар ұзақ мерзімдік немесе ағымдық сипатта болады: мұндағы мақсат — жалпы-әлеуметтанулық теориялар деңгейінде таяу және алыс болашақтағы қоғам дамуының тенденцияларын терең көре білу десек те, арнайы әлеуметтанулық теориялар шеңберінде пайдалы болжамдар жасалатын болады.
Қорыта айтқанда, әлеуметтанудың танымдық функииясы қоғамның мәні, оның құрылымы, өмір сүруі мен дамуының заңдылықтары негізгі бағыттары мен тенденциялары, жолдары, формалары мен механизмдері туралы нақтылы және кең көлемді білім берумен анықталады.
Әлеуметтік құбылыстар мен
процестерге эмпирикалық және тео-риялық
талдау жасау негізінде, айталық, материалдық
өндіріс саласында адамдардың қызметін
ынталандыру мен тиімділігін
арттыруды күшейту, экономикалық және
саяси қатынастарды, әлеуметтік институтгардың
қызметтерін жетілдіруге
Түптеп келгенде, бұл ұсыныстар
әлеуметтік басқару механизмін жақсартуға,
оның тиімділігін ұтымды басқарудан
бастап, қоғамдық істерді басқаруға
дейінгі барлық деңгейде жетекшілік
етудің сапасын арттыруға бағытталган.
Бұны улкенді-кішілі дәрежеде қазіргі
бүкіл қоғам, әсіресе өркениетті
елдер қолданады. Олардың бірде-біреуі
экономиканың, әлеуметтік таптардың
және ұлт қатынастарының, қоғамның
саяси жүйесінің дамуын басқарусыз
қалдырып, өз бетінше жалғасуына жол
бермейді. Олардың дамуы белгілі
бір басқару құрылымының
Қоғамның таяудағы және алыс болашағына қатысты әлеуметтанулық болжам жасаудың, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салаларының дамуын ғылыми тұрғыда алдын ала көре білудің мейлінше практикалық маңызы зор.
Әлеуметтанудың келесі бір
атқаратын қызметі —
Қоғамдық өмірдің қайсыбір
жақтарына қатысты
Сөз болып отырған мәселелерге ғылыми тұрғыдан қараудың идеологиямен алмастырылуы, әрине, дұрыс емес. Оған ешбір күмән жоқ. Қоғамдық құбылыстарға объективтік талдау жасау зерттеуші үшін қашан да маңызды. Алайда, оның әлеуметтік статусы — сол талдаудың көрінісі, бұл жағдай зерттелетін қоғамдық процестер мен құбылыстарға орай жасайтын оның қорытындыларына сөзсіз әсер етеді. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану кез-келген кезеңде де идеологиялық бағыт ұстайды. Ал, идеологиялық бұрмалаушылыққа жол бермеу үшін әлеуметтанулық зерттеудің барысын, сондай-ақ одан туындайтын қорытындыларды шектен тыс идеологияландыру мен саясаттандыруға болмайды. Керісінше оларды жалпыадамзаттық қүндылықтармен сәйкестендірген пайдалы.
К. Маркс "Фейербах туралы тезистерінде": "философтар дүниені әр түрлі деңгейде түсіндіріп қана қойды, ал істің мәні оны өзгертуде жатыр" , — деген еді. Ақиқатында дүниені өзгерту оны түсіндіру негізінде ғана жүзеге асуы тиіс. Алайда, мұндай өзгертулер қара бастың қамы үшін жасалмауы керек. Адамдардың өмір жағдайын жақсарту, мұқтаждықтар мен құндылықтарға орай қалыптасу көрініс тапса, міне, сонда ғана ол қажеттілікті өтейді. Сөйтіп, мүндай әлеуметтанудан маңызды әлеуметтік қызмет сыншылдық пайда болады. Бұл жерде әңгіме дүниеге жеке түлғаның көзқарасымен баға берудің өзара байланыстылығында болып отыр. Осы қызметті жүзеге асыруда әлеуметтану ақиқатқа дифференциалдық тұрғыдан қарайды. Бір жағынан ол сақтаудың, нығайтудың, дамытудың қажеттігін немесе бәрін өзгертудің, қайта құрудың, т.б. керек еместігін көрсетеді. Ал екінші жағынан — шындығына көшсек, түбегейлі өзгертулерді керек ететіндерін анықтайды.
Әлеуметтану ғылымының, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар арасында алатын өзіндік орны бар. Ол осы гылымның қогамда атқаратын қызметімен және әлеуметтану білімінің құрылымымен айқындалады. Қоғамның әлеуметтік құрылымын, оның даму заңдылықтарын ашатын, тарихи процесте объективтік және субъективтік факторлардың өзара әрекетін корсететін жалпыәлеуметтанулық теориялар, мысалы, тарих, саясаттану, құқықтану, әлеумсттік психология, этика және басқа да ғылымдардың проблемаларын түсіндіруде маңызды дүниетанымдық және методологиялық рөл атқарады. Жалпытеориялық әлеуметтану аталмыш ғылымдардың проблемалары кең көлемдегі әлеуметтік коктексте қарастыруға, олардың зерттейтін құбылыстарының қоғамдағы және тарихи процестегі орны мен ролін анықтауға мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, сол құбылыстарды ғылыми тұрғыда талдау мен түсіндірудің жалпытеориялық бағытта қарастырылуы мен методологиясын жасайды.
Бірқатар ғылымдар үшін арнайы әлеуметтану теориялары деңгейінде қалыптасқан ережелер мен қорытындылар да маңызды болып саналады. Олар еңбек, тұрмыс, адамдардың қызмет түрлерінің проблемаларына қатысты болуы мүмкін. Бұл мәселелерді басқа да ғылымдар, соның ішінде экономика, экология, педагогика жоне тағы басқалар қарастырады. Бірақ, арнайы әлеуметтанулық теориялардың бұл мәселелерді қарастыруда өзіндік ракурсы бар. Осы тұрғыдан алып қарағанда олар басқа ғылымдардың мәліметтерін толықтырады, өз қорытындыларымен қаруландырады және құбылыстарды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік жасайды.
Арнайы әлеуметтанулық теориялар адамдардың еңбек, саяси және өзге де қызметінің әлеуметтік аспектілерін ашады, олардың әлеуметтік жағдайларын (айталық, қалалық немесе селолық), отбасылық және жеке басының тұрмыстық жағдайларын ашып көрсетеді. Олар экономикалық, саяси, құқықтық және басқа да қоғамдық қатынастар жүйесінде жеке тұлғаның және әр түрлі әлеуметтік топтардың өзін-өзі әлеуметгік жағынан корсету мүмкіндіктерін бейнелейді. Бұл жердегі әңгіме — осы қатынастардың ерекше аспектілері туралы, әсіресе ондағы адамдардың өмірі мен қызметінің мүмкіндіктері, олардың елеулі қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру дәрежесі жөнінде болып отыр. Арнайы әлеуметтану теориялары деңгейінде жасалған дәлелді қорытындылардың әр түрлі қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар үшін маңыздылығы да әрқилы.
Нақты әлеуметтанулық зерттеулср көптеген қоғамдық және гума-нитарлық ғылымдар шеңберінде қоғамдық өмірдің қайсыбір процестері туралы жедел мәлімеггер алу немесе адамдардың бұл процестерге қаты-насын анықтау мақсаттарында жүргізіледі. Соның арқасында бұл зерттеулер, қай ғылымның саласына сөйкестендіріле жүргізілсе де, зерттелген құбылысгар мен процестер жөнінде мейлінше дәл мәліметтер алуға мүмкіндік тудырады. Осы жедел ақпараттарды пайдалана отырып, қоғамдық өмірдің жекелеген құбылыстарын жан-жақты қарастырумен қатар, құбылыстардың қайсыбір әлеуметтік жүйедегі және жалпы қоғамдағы орны меи рөлін нақты ашуға мүмкіндік жасайды, қоғам өміріндегі макро және микро процестердің өзара әрекеттерін анықтайды.
Сайып келгенде, әлеуметтану — қоғамның өмір сүруінің және да-муының заңдылықтарының қалыптасуы жөніндегі ғылым. Ол әлеуметтік фактілерді, үрдістерді, қатынастарды, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қызметін, олардың рөлін, статусын және әлеуметтік мінез-құлқын, бұлардың институттық формада ұйымдастырылуын зерттеумен айналысады. Әлеуметтанудың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына О. Конт, Г. Спенсер, т.б. көрнекті әлеуметтанушылардың тұжырымдамалары мен ілімдері зор ықпал етті.