Социология тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 19:28, реферат

Краткое описание

Осы себептерге орай бүгінгі талап — ана тілімізде әлеуметтану оқу құралын әлі де болса жазуды, оларды жетілдіруді қажет етеді. Біз осы оқу құралын жазуда курстық бағдарлама негізінде құрылған жұмыс бағдарламасының 14 тақырыбын таңдадық және ұзак жылғы лекция мен семинар сабақтарындағы тәжірибені де басшылыққа алдық, атап айтқанда, студенттердің ұғынуына ауыр тиетін тақырыптарды, т.б. анықтап, олардың түсінікке жеңіл жолдарын қарастырдық. Соның негізінде студенттерге теориялық біліммен қатар қолданбалы құралдардың, тәсілдердің тиімділігін арттыратын, әдет-дағдыларды және іскерліктерді қалыптастыратын әдістерді ұсынуды жөн көрдік.

Содержание

1.Кіріспе
2. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
3. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
4. Әлеуметтік ұғымы.
Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар.
5. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны

Прикрепленные файлы: 1 файл

социо1.docx

— 53.15 Кб (Скачать документ)

Осы айтылғандарды саралайтын болсақ, қоғамға тұтас әлеуметтік организм ретінде қарау жөніндегі  білім әлеуметтану ілімінің бастауы  болып саналады. Бұл — қоғамдық қатынастар жүйесі, олардың мазмұны  және өзара байланыс механизмі туралы білім. Табиғатты және қоғамдық қатынастардың  мәнін түсіну қоғамда қалыптасқан  әлеуметтік субъектілердің өзара әрекетінің мәнін терең пайымдауға мүмкіндік  береді. Қоғам туралы білім —  оның дамуының объективтік заңдарын, қоғам өмірінің негізгі салалары жөніндегі түсінікті және олардың  өзара әрекетін, материалдық, саяси  және рухани мәдениеттің өзара ықпалы жөніндегі білімді өз бойына жинап, сіңірген.

Жекелеген қоғамдық өмір салаларының, соның ішіңде экономи-калық, әлеуметтік, саяси, рухани салалардың тіршілік етуі мен дамуы жөніндегі түсініктердің  өзара байланысы әлеуметтану  білімі құрылы-мының екінші саласы болып саналады. Бұл жерде әлеуметтанушы  экономисті, саясаттанушыны, құқықтанушыны  немесе этикті, онер-танушыны алмастыра алмайды. Қоғамның белгілі бір өмір салаларында болып жатқан процестерге оның өз козқарасы болуы тиіс. Ең алдымен ол осы салаларда тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың, сонымен қатар жастардың, жұмысшы табының, шаруалардың интеллигенцияның, қызметкерлердің, кәсіпкерлердің түрлі топтарының өмірлік қызметін және әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі танытуының мүмкіндіктерін зерттейді.

Ел ішінде тұрып жатқан халықтың әлеуметтік құрамы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы жөніндегі білім  де әлеуметтану білімінің маңызды  бөлігі болып саналады. Бұл жерде  әңгіме таптар, әлеуметтік үлкен және кіші, кәсіби және демографиялық топтар, олардың экономикалық және саяси  қатынастар жүйесіндегі орындары мен  өзара іс-әрекеттері, сонымен қатар  ұлттар, ұлыстар, басқа да этникалық  топтар және олардың арасындағы бір-бірімен  қатынастары жөнінде болып отыр.

Әлеуметтану білімінің келесі бір құрылымы — ол саясат әлеуметтануына жататын ғылыми түсініктер, козқарастар, теориялар. Мұнда әлеуметгану саяси  қатынастар, әсіресе өкімет билігі төңірегіндегі қатынастар жүйесіндегі  қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарының нақты жағдайын анықтауға назар  аударады. Азаматтық қоғам субъектілерінің  саяси-әлеуметтік құқықтары мен  еркіндігін жүзеге асыру жолдары  мен тәсілдерін таба білуі де әлеуметтану  үшін аса маңызды. Сол арқылы олар қоғамда жүріп жатқан саяси процестерге  нақты ықпал жасай алады. Осы  тұрғыдан қарастырғанда түрлі саяси  партиялардың және қозғалыстардың қызметі, қоғамның бүкіл саяси жүйесінің  өмір сүруі қарастырылады.

Қоғамдағы әлеуметтік институттардың, атап аитқанда, мемлекеттің, құқықтың, шіркеудің, ғылымның, мәдениеттің, неке мен отбасының, т.б. атқаратын қызметі  жөніндегі әлеуметтанушының ғылыми түсінігін және қорытындыларын жүйелеу  әлеуметтану білімінің келесі құрылымы болып есептеледі. "Әлеуметтануда  әлеуметтік институт дегеніміз бұл  белгілі бір уақыт кезеңінде  тұрақтылықты сақтайтын және бүкіл  әлеуметтік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар қызметінің торабы. Әрбір ерекше "торап" қоғамның өмір сүруінде маңызды рөл атқарады" Әрине, аталмыш институтгардың әрқайсысының пайда болуы мен өмір сүруінің объективтік алғы шарттары бар. Олардың  арасында өздеріне сәйкес іштей ұйымдасу қалыптасқан және қоғамдық өмірде өз орнын сақтаған, соған орай ерекше функциялар атқарады. Өзара әрекет ету арқылы байланыса отырып, олар қоғамның алға басуын, өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Әлеуметтанудың зерттеу  объектілеріне орай, әлеуметтану  білімі құрылымының тағы да бірнеше  салаларын атап өткен жөн. Мысалы, өндіріс ұжымының, формалды емес топтар мен ұйымдардың, сонымен қатар  жеке тұлға аралық қатынастардың  кіші топтары мен жекелеген тұлғалардың тіршілік әрекетіне байланысты ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар қалыптасқан.

Жоғарыда келтірілген  әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен  процестер төнірегіндегі барлық ғылыми түсініктер, ұғымдар, көзқарастар  мен теориялар өзара байланысып, тұтас және күрделі әлеуметтану  білімінің құрылымын қалыптастырады. Ол қоғамдық өмірдің бүкіл жақтарын, оның салаларының өзара байланысын және өзара әрекетін қамтып көрсетеді, түптеп келгенде, қоғамды тұтас әлеуметтік жүйе ретінде ғылыми тұрғыда бейнелейді. Осының бәрі ғылым және оқу курсы  ретінде әлеуметтанудың құрылымын  құрайды.

Әлеуметтану білімінің құрылымында  әлеуметтанулық теориялар мен козқарастар  ашып корсететін қоғамдық құбылыстардың  ауқымына орай жекелеген деңгейлерді  ажыратып айтуға болады. Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:

Жалпы әлеуметтанулық теориялар, немесе жалпы теориялық әлеуметтану; арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды  кейде жеке теориялар деп те сипаттайды; нақты әлеуметтанулық зерттеулер.

Әлеуметтану білімінің осы  үш деңгейінің өзгешеліктері қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың  тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың  маңыздылығын байқатады. Жалпы әлеуметтанулық теориялар макроолеуметтанулық  зерттеу ретінде, әдетте, тым тереңдетілген  немесе әлеуметтанушылар айтқандай, қоғамның және жалпы тарихи процесс дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады. Жалпы  әлеуметтанулық теориялар деңгейінде кез-келген әлеуметтік құбылыстардың  пайда болуы мен одан әрі жалғасуының  аса түбегейлі себептері, қоғам  дамуының қозғаушы күштері, т.б. жөнінде  ғылыми тұжырымдар жасалады. Жалпы  теориялық деңгейде адамдардың қоғамдық, соның ішінде өндірістік қызметінің теориясы қалыптасады, коғам дамуындағы еңбектің рөлі ерекшеленеді.

Қоғамдық қатынастар теориясы — әлеуметтік субъектілердің эко-номикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетикалық, діни, т.б. арақатынастарының табиғатын  және мазмұнын ашатын жалпы теориялық  әлеуметтанудың маңызды тарауы болып  табылады.

Жалпы теориялық деңгейдегі әлеуметтанулық сараптауда қоғамдық қатынастардың  мәні, олардың ерекше рөлі және өзара  әрекет ету механизмі анықталады, сонымен қатар қоғамдық қатынастар өз субъектілеріне байланысты (әлеуметтік-таптық және ұлттық қатынастар, қоғам мен  тұлға арасындағы қатынастар, т.б.) сипатталады. Жоғарыда аталған барлық қатынастардың  жиынтығы белгілі бір қоғамды  қалыптастырады. Қоғам бұл қатынастардың  жүйесі ретінде алға шығады. Ал оларды толығырақ қамтып, оған терең ғылыми талдау жасау жалпы әлеуметтану  теориялары деңгейінде ғана мүмкін болатын  нәрсе.

Осы деңгейде қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани және тағы басқа да салаларының өзара  әрекеті зерттеледі, олардың өзара  байланысы мен өзара тәуелділігі (мысалы, қазіргі ғылыми-техникалық революцияның қоғамның әлеуметтік құрылымына, ғылым мен мәдениет салаларына ықпалы) ашылады. Қоғамдық өмір салаларының, экономика  мен саясаттың, саясат пен құқықтың, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы  өндірісінің, т.б. өзара әрекеті сарапталады.

Жалпы әлеуметтану теориялары деңгейінде әрбір әлеуметтік құбы-лыс, оның қоғамдағы орны және ролі, оның басқа да құбылыстармен көпжақты байланыстары тұтастай көзқарастар, кең  көлемді әлеуметтік алғы шартгардың өзара әрекет ету жүйесі тұрғысында қарастырылады. Бұған жоғарыда келтірілген  қоғамдық қатынастар мен қоғамдық өмір салалары, сонымен қатар қоғам  дамуының объективті заңдары жатады. Жалпы теориялық әлеуметтану, жалпыәлеуметтану теориялары жүйесіндегі қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеудің мәні мен негізгі ерекшелігі, міне, осында.

Арнайы немесе жеке әлеуметганулық қағидалар — социум өмірінің жеке бағыттарын, жеке әлеуметтік топтар мен  институттарды қарастырады. Бұл  теорияның танымдық мөлшері, көлемі жалпы әлеуметтанулық теорияларға  қарағанда қысқа, әдетте қоғамның жүйелерімен  ғана шектелген. Осы ретте, қоғамдық өмірдің экономикалық және әлеуметтік салаларын мысалға алуға болады. Мұндай жағдайда әлеуметтік-экономикалық қатынастар, адамдардың өндірістік қызметі, әсіресе оның әлеуметтік аспектілері, сонымен қатар халықтың әр түрлі  категорияларының еңбек жағдайы  мен әлеуметтік қорғанысының проблемалары, халыққа білім беру, денсаулық  сақтау, тұрмыс пен адам-дардың демалысы, әлеуметтік қамсыздандыру, т.б. мәселелері зерттеледі.

Зерттеудің мақсаттары —  статистикалық материалдардың, әлеуметтану  зерттеулерінің мәліметтерін және басқа  да ақпараттарды пайдалану негізінде  аталмыш қоғамдық өмір салаларына немесе олардың жекелеген жақтарына  қатысты толық түсінік алу, сонымен  қатар орын алып отырған проблемаларды  тиімді шешуге, әлеуметтік-экономикалық процестерді ұтымды басқаруды жақсартуға байланысты ғылыми дәлелденген қорытындылар жасау. Дәл сондай мақсаттар әлеуметтанулық зерттеулердің объектілері ретінде, қоғамдық өмірдің саяси және рухани салалары қарастырылғанда да басшылыққа алынады. Әлбетте, әрбір осындай  жағдайда қоғамдық өмірдің кейбір салаларында  болып жататын процестердің ерекшеліктеріне  байланысты әр алуан мақсаттар алға қойылады.

Арнайы әлеуметтанулық теорияларды  қолдану барысында көбіне-көп  жалпыәлеуметтанулық теорияларға  да жүгініп отыру қажет. Сол арқылы қоғамның тұтастығы мен кең ауқым тұрғысында белгілі бір әлеуметтік құбылыстарды немесе оқиғаларды пайымдауға болады. Алайда, осы тұрғыдан келгеннің өзінде де зерттеуші сол оқиға болып жатқан қоғамның өмір сүру қалпына, ең алдымен, осы саланың, яғни қалыптасқан дәстүрдің механизміне, ондағы жүріп жатқан процестерді талдауға, сонымен қатар осында қалыптасқан ерекше әлеуметтік проблемаларды шешуге назар аударады. Озінің табиғатына сәйкес арнайы әлеуметтанулық теориялар, теориялық және эмпирикалық (яғни ағымдағы практикалық мәліметтерге талдау жасауға бағыталған) зерттеу деңгейлері органикалық үйлесімде қолданылады. Бұл теориялар адамдар өмірінің қайсыбір жақтарына, ондірістік, саяси, басқа да қызметіне, олардың қоғамдык, отбасылық және жеке басының тұрмысына тікелей практикалық ықпал ету тәсілдеріне негізделеді. Сонымен қатар, олар әр түрлі әлеуметтік институттардың қызметін жақсарту жолдарын да дәлелдеп көрсетеді. Басқаша айтар болсақ, арнайы әлеуметтанулық теориялар бүгінгі куннің және жақын болашақтың практикалық проблемаларын шешуге бағытталған. Арнайы әлеуметтанулық теориялардың кейбір негізгі өлшемдері арқылы оларды қолданылу аясын да санамалап шығаруға болады. Біріншіден, бұл — бастапқы теориялық және методологиялық ережелер, солардың негізінде теориялар құрылады және олар жүргізілетін зерттеулер мен оның қорытындыларын шығарудың негізін құрайды; екіншіден, ұғымдар жүйесі — оны арнайы әлеуметтанулық теориялар қолданады; үшіншіден, теориялық қорытындылар жасау; төртіншіден, шеңбері кең проблемаларға, сонымен қатар түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани процестерді басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты зерттеулерден және пайымдаулардан туындайтын арнайы әлеуметтанулық теориялар деңгейінде ғылыми және практикалық ұсыныстар. Бұл теориялар практика тұрғысында органикалық байланыста болатындығымен ерекшеленеді.

Арнайы әлеуметтану теорияларының  негізгі мазмұнын құрастыратын білім  салаларының арасынан мыналарды  атап көрсетуге болады: еңбек әлеуметтануы, әлеуметтік-таптық қатынастар, жастар әлеуметтануы және отбасы әлеуметтануы, этнос әлеуметтануы немесе ұлт қатынастары  әлеуметтануы, қала және село әлеуметтануы, саяси қатынастар әлеуметтануы, дін  әлеуметтануы, мәдениет әлеуметтануы, тұлға әлеуметтануы. Осының ішінен әлеуметтанулық бір-бірінен мазмұнына  қарай өзгешеленеді, сондай-ақ әрекет етуші субъектілеріне қарай да таптар, ұлттар, жастар топтары, қала мен село тұрғындары, саяси партиялар мен  қозғалыстар, т.б. бүкіл қоғамдық қатынастардың  әлеуметтанулық салалары болып танылады.

Арнайы әлеуметтанулық теориялардың дамуы негізінде зерттеушілер қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларына, адамдардың қызметіне және әлеуметтік институттардың тіршілік етуіне қажетті тақырыптық сараптау жасауға мүмкіндік алады. Сөйтіп, осының нәтижесінде теориялық және практикалық маңыздылығы жоғары мәліметтер жинастырады.

Әлеуметтану білімінің келесі деңгейіне нақты әлеуметтанулық зерттеулерді жатқызуға болады. Олар — анкеталық сауалнама, сүхбатнама (интервью), бақылау, т.б. түрлерінде іске асырылады. Зерттеулер әлеуметтік ақиқаттың  жан-жақты салалары жөніндегі шынайы мәліметтер алу мақсатында әлеуметтану, экономика, құқық, т.б. ғылымдар шеңберінде, сонымен қатар қоғамдық өмірдегі белгілі бір оқиғаларға халыктың көзқарасы туралы мағлұмат алу үшін (сонымен бірге жекелеген әлеуметтік топтар), қоғамдық пікірді білу мақсатында, адамдардың қайсыбір әлеуметтік проблемаларға, оларды шешудің тәсілдеріне және т.б. қатысты пікірлерін анықтау  үшін жүргізіледі. Мұндай зерттеулерден  алынған мәліметтер қоғамның және мемлекет өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың, еңбек және басқа да ұжымдардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметтерінің ағымдағы және болашақтағы  міндеттерін шешуге ұсыныстар дайындау үшін негіз бола алады. Олар арнайы және жалпыәлеуметтанулық теориялар  деңгейінде пайымдаудан өтіп, қоғам  дамуының аса мәнді, өзекті проблемаларын  шешу үшін қолданылады.

Қоғамдық өмірдің кез-келген саласы жөнінде нақтылы, шынайы ақпарат  берілген тұжырымды әлеуметтанулық зерттеулер өмірде орын алған қарама-қайшылықтарды  анықтауға, сонымен қатар белгілі  бір әлеуметтік құбылыстар мен ағымдық  үрдістердің даму бағыттары мен  барыстарын айқындауға көмектеседі. Бұлардың екеуі де әлеуметтік проблемаларды, қоғамдық процестерді басқару мәселелерін  ғылыми тұрғыда түсініп, шешу үшін өте  маңызды.

Нақты элеуметтанулық зерттеудегі  ең маңызды нәрсе — ол қоғамда, оның бір саласында не болып жатқаны  және оларды адамдар калай қабылдап отырғаны жөнінде айқын ақпарат  алу.

Нақты әлеуметтанулық зерттеулер эмпирикалық әлеуметтанудың маңызды  саласы болып табылады. Бұл бағыт  адамдардың күнделікті практикалық  қызметін, оның объективтік және субъективтік жақтарын зерттеуге бағытталған.

Бұл бағыт әлеуметтік шындықты зерттеумен айналысады және олар-ды пайымдау жөнінде фактілер мен материаддар  жинаудың, бақылау мен тәжірибе жасаудың, басқа да мәліметтер алудың тәсілдерін қамтиды. Осының бәрі шындықты танудың  эмпирикалық мәні болып саналады.

Қазіргі кезде білім мен  мәдениет ыкпалының артуы, ғылым  мен техникалық таным құралдарының дамуы адамдардың әлеуметтік ақиқаттың  сан алуан салаларына орай тәжірибелік, эмпирикалық білімін тұрақты түрде жетілдіруде. Теориялық ой қорытуға орай эмпирикалық білімнің теориялық компоненттері тығыз байланысып, көбеюде және күшеюде.

Қоғамдық өмір құбылыстарын эмпирикалық тану ерекше ғылымды  — эмпирикалық әлеуметтануды  қалыптастырды. Ғылымның бұл саласы АҚШ пен Еуропа елдерінде қарқынды дамып келеді.

Жоғарыда сипатталған  әлеуметтану білімінің деңгейлері — жалпы-әлеуметтанулық, арнайы әлеуметтанулық теориялар және нақты әлеуметтанулық зерттеулер бір-бірінен алыстаған  емес, олар өзара органи-калық түрде  әрекет етеді, сөйтіп бірдей және тұтастай әлеуметтану білімінің құрылымын  құрайды. Бірақ бұл құрылымда  олардың рөлі бірдей емес. Нақты  әлеуметтанулық зерттеу барысында  қазіргі өмірдің ағымдағы процестері жөніндегі әр түрлі ақпараттар алынғанымен, олар кейін арнайы және жалпыәлеуметтанулық  теориялар деңгейінде пайымдалады. Бұл қоғамдық өмірдің жекелеген  салаларында және тұтас қоғамда  болатын процестерді ғылыми негізде  ой елегінен өткізіп, мойындауға мүмкіндік  жасайды. Сондай-ақ, жалпыәлеуметтанулық  теориялар арнайы әлеуметтанулық теория мен нақты әлеуметтанулық зерттеулер деңгейінде проблемаларды шешу үшін де қолданылады.

Әлеуметтанудың қалыптасуында  теориялармен қатар категориялар мен  зандар маңызды рөл атқарады.

                                       

Әлеуметтік ұғымы.

Әлеуметтанудың  категориялары мен заңдары

Әр ғылымның өзіне  тән категориялары мен заңдары  бар.

 

Әлеуметтану ғылымының категориялары  әлеуметтану білімінің пәндік ерекшеліктерін нақты түсіну үшін бастапқы ұғым болып  саналса, ал әлеуметтік заңдылықтар  оның мәнін ашатын қажетті ұғым болып  табылады.

К. Маркс пен Ф. Энгельстің ғылыми еңбектерінде қоғамға, ондағы процестер  мен қатынастарға ғылыми талдау жасалғанда екі ұғым қолда-нылған. Оның бірі —  қоғамдық, екіншісі — әлеуметтік ұғымдары.

Информация о работе Социология тарихы