Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 19:28, реферат
Осы себептерге орай бүгінгі талап — ана тілімізде әлеуметтану оқу құралын әлі де болса жазуды, оларды жетілдіруді қажет етеді. Біз осы оқу құралын жазуда курстық бағдарлама негізінде құрылған жұмыс бағдарламасының 14 тақырыбын таңдадық және ұзак жылғы лекция мен семинар сабақтарындағы тәжірибені де басшылыққа алдық, атап айтқанда, студенттердің ұғынуына ауыр тиетін тақырыптарды, т.б. анықтап, олардың түсінікке жеңіл жолдарын қарастырдық. Соның негізінде студенттерге теориялық біліммен қатар қолданбалы құралдардың, тәсілдердің тиімділігін арттыратын, әдет-дағдыларды және іскерліктерді қалыптастыратын әдістерді ұсынуды жөн көрдік.
1.Кіріспе
2. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
3. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
4. Әлеуметтік ұғымы.
Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар.
5. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны
К. Маркс пен Ф. Энгельс жалпы қоғам туралы мәселе қозғағанда және қоғамдык өмірдің экономикалық, саяси, идеологиялық салаларының өзара байланысы жөнінде айтқанда "қоғамдық", "қоғамдық қатынастар" ұғымдарын қолданды, ал адамның адамға, адамдардың бір-біріне қарым-қатынастарының табиғаты туралы, олардың тіршілік әрекетінің алғышарттары жөнінде, социумда адамдардың алатын орны мен атқаратын міндеттері туралы, жалпы қоғамдағы қарым-қатынастар жөнінде қарастырғанда К. Маркс пен Ф. Энгельс "әлеуметтік" ұғымын пайдаланды және соған сәйкес "әлеуметтік қатынастар" туралы әңгіме де көтерді.
К. Маркс пен Ф. Энгельс шығармаларында кейде "әлеуметгік" ұғымы "азаматтық" ұғымымен бір мағынада қолданылған. "Азаматтық" ұғымы адамдардың нақты әлеуметтік қауымдастық, атап айтқанда, отбасы, тап, т.б. шеңберіндегі және жалпы қоғаммен өзара әрекет етуімен байланыстырылды.
Қоғам туралы теорияны жасай отырып, К. Маркс пен Ф. Энгельс қоғамның тіршілік әрекеттерінің, қоғамдық қатынастардың бүкіл жақтарының өзара әрекеттеріне баса көңіл аударды, ал кейбір марксшіл ғалымдар "қоғамдық"және"әлеуметтік" ұғымдарын бір мағынада қолданатын болды, ғылыми айналымнан "азаматгық қоғам" ұғымы бірте-бірте шығып қалды.
Тәжірибелік әлеуметтану
біршама дамыған Батыс Еуропа
елдері мен АҚШ-та жағдай басқаша
қалыптасты. Осыған орай француз және
ағылшын тілдерінде "әлеуметтік"
ұғымы "қоғам" ұғымынан бөлініп
алынып, дәстүрлі тар мағынада, яғни
тәжірибелік түсінігінде қолда-
Әлеуметтік — бұл нақты уақыт пен белгілі орында жеке адамдардың немесе жеке адамдар топтарының бірлесе еткен қызметінің процесі барысында кіріктендірілген сол қоғамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы. Кез-келген қоғамдық қатынастар (экономикалық, саяси, т.б.) жүйесі адамдардың бір-біріне және қоғамға қатынастарына қатысты болды. Сондықтан бұл жүйелердің әрқайсысының өзіндік нақты әлеуметтік аспектісі бар.
Әлеуметтік — бүл
Әлеуметтік адамдардың өзара
әрекетінің барысында пайда болады,
нақты қоғамдық құрылымда олардың
алатын орны мен рөлін анықтайды.
Бұл өз кезегінде, жеке адамдар мен
жеке адамдар топтарының қоғамдық өмір
құбылыстары мен
Осындай өзара әрекеті әлеуметтік қатынастар қалып тасады, қоғамда әлеуметтік сала ерекшеленіп,|әрбір адам өзінің әлеуметтік сапасын өз бойына сіңіреді. Әлеуметтік қауымдастық әдетте түрлі әлеуметтік қауымдастыққа кіретін және соның ішінде әр түрлі әлеуметтік рөл атқаратын жеке адамның әлеуметтік болмысының (тұрмысының) сан алуан түрлері мен формаларын қамтиды. Сол тұлга мен қоғамның өзара байланысы мен әрекетін жанама түрде көрсетіп береді. Әлеуметтанудың мәні мен ерекшелігін түсіну үшін алеуметтік қауымдастық категориясы өте маңызды құбылыстар мен процестердің субъективтік қызмет жағын ерекшелеп, бөліп көрсетеді.
Өзінің түрі жағынан әлеуметтік қауымдастықтар соның кеңістік-мезгілдік көлемдегі түрі (мысалы, адамдардың әлемдік қауымдастығы және олардың мемлекетгік қауымдастығы; әр түрлі көлемдегі қоныстық қауымдастықтар; социодемографиялық қауымдастықтар) және олардың мүдделерінің мазмұнымен бірігетін түрі (мысалы, әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-кәсіби, ұлттық, т.б. қауымдастықтар) болып бөлінеді.
Әлеуметтанудың мазмұны
жағынан терең, әрі кең мынадай
категориялары бар: әлеуметтік жүйе,
әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институт,
әлеуметтік ұйым, әлеуметтік топ, өлеуметтік
әрекет, әлеуметтік мінез-құлық, т.б. Бұлардың
әрқайсысы, өз кезегінде өте маңызды,
алайда жалпыламалығы төмен
Әлеуметтануда өз категорияларымен қатар басқа ғылыңдардан енген категориялар да қолданылады. Мысалы, философиядан әлеуметтануға "қоғам, адам, құқық, индивид, прогресс, даму", т.б. категориялар ауысты, ал театр өнерінен — "рөл", заң ғылымынан — "статус" ұғымдары енген. Бұндай ұғымдарды әлеуметтану аясында қолдану ол ұғымдарды жаңа мазмұнмен байыта түседі.
Егер әлеуметтану
Әлеуметтік заңдар адам қызметінің барлық саласын қамтиды және таралу аясына сәйкес өзіндік өзгешеліктері де болады. Айталық, шағын топка, белгілі әлеуметтік жікке немесе тапқа, жалпы қоғамға әрекет ететін заңдар бар. Басқаша айтсақ, заңдар жалпы қоғам немесе оның бөлімдері арасында қолданылып, осыларды қамтиды.
Барлық ғылыми заңдар сияқты
әлеуметтік зандардың мынандай негізгі
белгілері бар: 1. Белгілі бір жағдай
болғанда, яғни сол уақытта ғана
әрекет ететін заң; 2. Осы жағдайларға
орай әрдайым әрекет ететін заң; 3. Толығымен
емес жартылай және шамамен жүзеге
асатын жағдайда әрекет ететін заң . Бүл
белгілердің зерттеушілер үшін маңызы
өте зор. Заңның әрекетіне талдау
жасағанда және оның мазмұнын тұжырымдағанда
зерттеуші сол әрекетті іске асыратын
шарттарды мүмкіндігінше
Әлеуметтік заңдар мен
адамдар арасында тұрақты түрде
байланыс орнатылады және ол талаптарға
не бағынады, немесе олардан қашқақтайды,
болмаса өзінің мінез-кұлқын әлеуметтік
заңдарға бейім-дейді, немесе оларға қарсылық
көрсетеді. Әлеуметтанушы әлеуметтік
занды ашқанымен, әлі ешкім білмейтін
құбылыстардың, белгісіздіктердің
бет пердесін аша алған жоқ. Керісінше,
адамдар әлеуметтік заңдардан өздерінің
күнделікті өмірдегі белгілерін көреді,
әркашан сол заңдардың
Әлеуметтік заңдарды іздеп табу және зерттеу оте қиын. Бұл көптеген жағдайлардың болуымен, олардың күрделілігімен, бір-біріне жақын-дығымен, ұштасып жатуымен байланысты. Сондықтан да әлеуметтік топтарда адамдардың мінез-құлқы қайталанады, ал оз кезегінде бұл детальдардың көп болуына орай әлеуметтік заңдардың әрекетін жеке-дара бөліп алу өте киын.
Әлеуметтік заңдарды зерттегенде есте ұстайтын ерекше жағдайлар бар. Олар бұл жұмысты мейлінше жеңілдетеді. Әлеуметтік заңдар адамдардың бір-біріне қатысты мінез-құлқын, жүріс-тұрысын зерттеп реттейтін, адам санасынан тәуелсіз өмір сүретін объективтік ережелер жиынтығы болып табылады және оларлың негізін тарихи қалыптасқан мотивтер, мүдделер мен адамдардың тіршілік жағдайын қанағаттандыруға ұмтылыстары, қауіпсіздіктері, өзін-өзі көрсетулері және т.б. қалыптастырады. Сондықтан, әлеуметтік заңдарды зерттегенде ең алдымен әлеуметтік топтың, жіктің, таптың немесе бүкіл қоғамды құрастыратын индивидтердің қажеттіліктерін (мұқтажын) анықтау керек және осы мұқтаждықтарды негізге ала отырып, индивидтердің мінез-құлқындағы қайталанатын әрекеттерді іздестіру қажет, осындай қайталанатын коріністерді тудыратын жағдайларды анықтау және қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік процестерді табысты басқару үшін қажетті білімділік, әлеуметтік заңдар тұжырымдалуы тиіс.
Әлеуметтік заңдардың қоғамдық құбылыстарды зерттеудегі, әлеуметтік процестерді басқарудағы маңызы өте зор. Әлеуметтік заңдардың қалыптасып, орнығуы мен әрекет етуі элеуметтануда ғылыми тәсілдерді қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қоғамның өмір сүру процесі барысында орныққан әлеуметтік байланыстар белгілі бір заңдар мен заңдылықтардың негізінде пайда болып, әрекет етеді. Өз кезегінде бұл заңдар әлеуметтік құбылыстар мен процестердің ерекшелікті жақтарын да айқындап отырады. Әлеуметтануда әлеуметтік заңдарды анықтауда бірлестік қатынастар маңызды рөл атқарады. Жалпы бірлестік қатынастарға әлеуметтік топтар, қоғам мен ұйымдардың, т.б. арасында қалыптасқан қатынастар жатады.
Әлеуметтік заңдар оқиғаның барысында адамның ырқынан тыс қалыптасып, адам өміріне ықпал етеді. Бірақ адам сол әлеуметтік заңдарды басшылыққа алып, өзіне қажетті жағдайды жасай алады. Өйткені адам рухани және материалдық құндылықтарды өндіруге, өндірілген игіліктерді тұтыну мен бөлу, т.б. үрдістерге қатысады. Бұлар адамдардың қоғамдық бірлікте өмір сүруінде маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтік заңдар адамдарды және олардың мінез-құлқын реттеп отырады, тұлғалардың арасындағы қатынастарды, олардың қауымдастықтарындағы қатынастарды анықтайды және адамдардың қызметі мен бірлестіктерінен көрініс табады. Әлеуметтік заңдардың қатарына, мысалы, әлеуметтік дифференциацияны және интеграцияны, әлеуметтік мобильділікті, қоғамдық өмірдің интернационализациялануын, индивидтің әлеуметтендірілуін (социализация), қоғам урбанизациясын, т.б. жатқызуға болады.
Әлеумегтанудың зандарын классификациялау түрлі негіздерге сүйеніп жасалады. Зандардың жалпылық (ортақтық) дәрежесіне сәйкес олар жалпы заңдар және ерекше заңдар болып бөлінеді. Жалпы заңдар қоғамның, социумның, тұтас әлеуметтік жүйенің дамуын анықтайды. Ал, ерекше заңдар — әлеуметгік жүйенің жеке элементтеріне, қоғамның бөлімдеріне тән.
Өзінің сипаты, көрініс
табу тәсілі жағынан әлеуметтану
заңдары динамикалық және статистикалық
болып та бөлінеді. Динамикалык заңдар
нақты жағдайдағы оқиғалардың желісі
арасындагы қатаң да бір мағыналы
байланысты көрсетеді. Ал, статистикалық
заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң
белгілеп, анықтайды, әрі ықтимал
дәрежеде де белгілейді; бұлар әлеуметтік
тұтастық шеңберінде болған әлеуметтік
өзгерістердің негізгі
Әлеуметтік заңдарды бүгінде
бірнеше топтарға бөлеміз, атап айтсақ,
біріншіден, инвариантты өмір сүретін
әлеуметтік немесе сонымен байланысқан
құбылыстарды байқататын заңдар. Бұл
заңдар бойынша, егерде А деген құбылыс
болатын болса, онда Б деген де
құбылыс болуы тиіс. Екіншіден, даму
тенденциясын көрсететін заңдар. Аталмыш
заңдар әлеуметтік нысан құрылымының
динамикасына себепші болатын өзара
қарым-қатынастың бір түрінен келесісіне
өту заңдары болып табылады. Қайсыбір
әлеуметтік жүйе құрылымындағы элементтер
мен тәсілдердің реттелген