Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 19:28, реферат
Осы себептерге орай бүгінгі талап — ана тілімізде әлеуметтану оқу құралын әлі де болса жазуды, оларды жетілдіруді қажет етеді. Біз осы оқу құралын жазуда курстық бағдарлама негізінде құрылған жұмыс бағдарламасының 14 тақырыбын таңдадық және ұзак жылғы лекция мен семинар сабақтарындағы тәжірибені де басшылыққа алдық, атап айтқанда, студенттердің ұғынуына ауыр тиетін тақырыптарды, т.б. анықтап, олардың түсінікке жеңіл жолдарын қарастырдық. Соның негізінде студенттерге теориялық біліммен қатар қолданбалы құралдардың, тәсілдердің тиімділігін арттыратын, әдет-дағдыларды және іскерліктерді қалыптастыратын әдістерді ұсынуды жөн көрдік.
1.Кіріспе
2. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
3. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
4. Әлеуметтік ұғымы.
Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар.
5. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны
Жоспар:
1.Кіріспе
2. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
3. Әлеуметтану
білімінің құрылымы мен
4. Әлеуметтік ұғымы.
Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар.
5. Әлеуметтанудың
атқаратын қызметтері және
Әлеуметтану - теориялық және практикалық түрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні, яғни адамзат қоғамын, оның құрылымы мен даму заңдарын, адамдар мен қауымдастықтарда және әлеуметтік топтарда қандай әлеуметтік өзгерістердің жүріп жатқанын, әлеуметтік өмірдің әр түрлі бағытта өзгерістерге ұшырауының мазмұнын және нәтижесін түсіндіреді.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, өзінің кәсіби қызметіне орай адамдармен, әлеуметтік топтармен жұмыс істейтіндердің бәрі әлеуметтану білімін қорытындыламай және ұсыныстар енгізбей қоғамдық қатынастарға ықпал жасай алмайды.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында әлеуметтану курсы оқу бағдарламасына енгізілді. Білім беру саласындағы реформаға сәйкес, әлеуметтану пәні сапасы биік әрі білікті мамандар даярлауға, оқудың тиімділігін арттырута, студент жастарға жан-жақты тәрбие беруге, олардың түлға болып қалыптасуына зор әсер етіп келеді.
Бұл курс бойынша студентгер әлеуметтану ғылымы классиктерінің теориялары мен қазіргі әлеуметтанушылардың көзқарастарын, қоғамда орын алып отырған құбылыстар мен процестерді, солардан туындайтын заңдарды және олардың әрекет ету деңгейін, т.б. күрделі мәселелерді оқып біледі, өмірде оларды басшылыққа алып, жүзеге асыру жолдарын үйренеді.
Аталмыш міндеттерді іске асыруда оқулықтар мен оқу құралдары-ның атқаратын рөлі зор. Олар ең алдымен білім берудің көзі саналады. Білім — әлеуметгану мазмұнының басты элементі. Сондықтан әлеуметтану жөніндегі оқу құраддары анық та түсінікті үлгіде жазылуы тиіс. Бұл ретте адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибені, ілімдерді, қолданбалы және басқа да үрдістерді мақсат етуіміз керек.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында пайдаланылып жүрген әлеуметтану оқулықтары мен оқу құралдары негізінен Ресейден шыққан еді және оның санын орыс тілінде жазылған отандық авторлардың оқу құралдары көбейте түсті. Бұл кітаптар орыс бөлімінде оқитын студенттерге айтарлықтай көмек беріп отыр. Орыс тілінде шыққан әлеуметтану оқу құралдары көп болғанымен, қазақ тілінде басылған мұндай оқулықтар саны өте аз және олардың кейбіреулері мемлекеттік білім беру қалыбына сәйкес келмейді десек, бұл артық айтқандық емес. Ол — объективтік себептерге байлаңысты. Осы оқу құралдарының кейбіреуі Қазакстан Республикасында әлеуметтанудың бір үлгідегі курстық бағдарламасы дайындалғанға дейін басылып шықса, екіншілері қаражат, тағы да басқа тапшылыктарға байланысты баспаханаларда бірнеше жылдар бойы жатып қалып, ескі материалдар негізінде аталмыш бағдарламадан кейін шықты. Оқу күралдарының саны неғұрлым көбейген сайын, студенттердің со ғұрлым өз бетінше оларды таңдап оқуына мүмкіндік туады.
Осы себептерге орай бүгінгі
талап — ана тілімізде
Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану — қоғам жөніндегі
ғылым. Оны өз аддына ғылым етіп,
негізін қалаған француз ғалымы
Огюст Конт (1798—1857) еді. Бұған дейін
қоғамның өмір сүруі мен дамуы
жөнінде түрлі ілімдер Шығыс
және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық
көзқарастарының құрамды бөлімі
іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның
дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше,
бірегей көзқарастар
Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен
қоғамның біртұтастығын, оны дамытатын
қозғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды
қарастырумен шектеліп қалмайды. Ол қоғам
өмірінің барлық жақтарын қарастырады,
соның ішінде мемлекет, саясат, құқық,
экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық
дамудың басқа да жақтарына қатысты
проблемаларды шешумен
Алайда, қоғам дамуына байланысты оның жекелеген салалары жөніндегі білімнің жинақталуына орай, әлеуметтану бір ғана қоғамдық әмбебап теория ретіндегі рөлін біртіндеп жоғалтты. Оның құрамынан саясаттану, құқықтану, саяси экономия, этика, эстетика, т.б. бірнеше ғылымдар жеке бөлініп шықты. Содан бастап, яғни XIX ғасырдың ортасынан әлеуметтану дербес ғылым болып дами бастады, бұл жағдай, біріншіден, өзінен бөлініп шыққан білім салаларына қатысты болса, екіншіден, бүған дейінгі әмбебап философиялық жүйелерге де байланысты еді.
Бірте-бірте, уақыт озған сайын қоғам дамуын тұтас әлеуметтік организм ретінде қарастыру, оның объективтік және субъективтік жақтарының өзара әрекеті, тарихи дамудағы материалдық пен руханилықтың диалектикасы, әлеуметгік прогрестің алғышарттары, азаматтық қоғам, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік проблемалары, сайып келгенде, осының бәрі әлеуметтанудың назар аударатын және зерттеу пәнінің іргесін қалайтын бірден-бір жол болды. Соның нәтижесінде XIX ғасырда аталмыш мәселелерді шешу жолдарын ұсынған бірнеше жалпы әлеуметтанулық көзқарастар қалыптасты. Сол көзқарастардан көпшіліктің мойындаганы Георг Вильгельм, Фридрих Гегель, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, кейіннен Эмиль Дюркгейм, Макс Вебер, Габриель Тард, т.б. әлеуметтанушылардың әлеуметтік теориялары болатын.
Осы аталған ойшылдардың әрқайсысы тарихи процесті ғылыми түрде түсіндіруге аса құнды үлес қосты. Олардың қоғам дамуы жөніндегі концепциялары өмірдің және ғылымның алға қойған сауалдарына бірегей және мазмұны терең жауаптар қайтарды, сондықтан да олардың ілімдері қазіргі әлеуметтік проблемаларды шешуде де өздерінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
Әлеуметтану әмбебап философия
жүйесінен болініп, жеке ғылым болып
дамығанына қарамастан, әлі де өзінің
философиялық мазмұнын толық жойған
емес. Ол философиялық мәндегі қоғам
дамуына талдау жасау және барынша
терең зерттеу жүргізуде жалпы
әлеуметтануды кеңейтуге
Сөйтіп, философиялық алғы шарттарға сәйкес жалпы теориялық әлеумегтану қалыптасты. Кейбір философиялық концепцияларға, жетекші рөл атқарып келген белгілі бір дүниетанымға жалпы теориялық әлеуметтану арқа сүйейді.
Бұл концепцияның ұстанымымен мына мәселелер: қоғам дамуының қозғаушы күштері проблемалары, әлеуметтік процестерді бағыттау мәселелері, түлғалардың өзара әрекеті, әлеуметтік топтардың және қоғамның арақатынасы, тарихи дамудағы материалдық пен рухани дүниенің өзара өрекеті, яғни қоғам өмірі мен дамуының аса іргелі проблемалары шешіледі. Оларды шешу методологиясы, дәлірек айтсақ, басқа да әлеуметтану проблемаларын жүзеге асыруды қажет етеді, соның ішінде жалпыламалыққа біршама қатысты болғанымен, жеке сипаттағы мәселелерді шешуді қолға алады.
Әлеуметтанушының осы
саланы зерттеу кезінде басшылыққа
алатын дүниетанымы мен методологиясы
— философия мен әлеуметтанудың
әрдайым органикалық байланыста
болатынын көрсету. Сонымен қатар,
бұл ғылым салалары өз дербестіктерін
де сақтап келеді. Әлеуметтанудың дербестігін
кезінде француз
Түптеп келгенде, қазіргі әлеуметтану — тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы өз алдына дербес ғылым. Кез-келген қоғамдық құбылыс қоғамның әлеуметтік жүйесінің элементі болып саналады. Осы жүйенің шеңберінде бүкіл әлеуметтік құбылыстар мен процестер, олардың өзара бір-бірімен әрекеті ғылыми сараптаудан өтеді.
Қоғам жүйесі түзілім ретінде
өзінің элементтерімен және сол элементтердің
кез-келген жиынтығымен салыстырғанда
ғана ерекше сапаға ие болады. Ежелгі ойшылдардың
пайымдауынша, тұтастық өзі қамтитын
бөліктердің жиынтығынан
Қоғам осы сапаларға байланысты
өзін қалыптастыратын субъек-
Бірақ қоғамды бұл ғылымнан басқа да бірнеше қоғамдық ғылымдар: тарих, саясаттану, құқық, психология, т.б. өз ағымына сәйкес зерделеп, зерттелді. Бұдан: сонда әлеуметтану қоғамның несін зерттейді? — деген заңды сауалдың тууы ықтимал. Бұған жауап беретін болсақ, оның пәнін, яғни зертгеу тақырыптарын анықтайтын дәлел ретінде әр түрлі ой-пікірлерді ұсынар едік.
Ғалымдардың өз ішінде осы мәселе жөнінде әлі күнге дейін тұрақталған пікір жоқ. Бұл мәселеде әркім өз көзқарасын жөн санайды. Дегенмен, әлеуметтану пәні туралы негізгі ұстанымдарына сәйкес ғалымдарды екі топ пен бағытқа бөліп қарастыруға болады: 1) әлеу-меттанудың зерттеу тақырыбын өз зерттеу қорытындыларымен бай-ланыстырған оқымыстылар; 2) әлеуметтану пәнінен осы ғылымның ең басты ұғымын тауып, сол пәнге айналуы тиіс деп санайтын ғалымдар.
Демек, әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз — қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нөтижелері.
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні оның білімдік құрылымы мен деңгейлерін анықтайды.
Әлеуметтану
білімінің құрылымы мен
Әлеуметтанушы өз назарын
қоғамдық өмірдің кез-келген құбылыстарына
аударады. Бұл — көпжақты әлеуметтік
байланыстар мен адамдар
Әлеуметтанулық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құры-лымы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның ішінде әлеуметтану зерттейтін объектілер шеңбері, ғылыми нәтижелер мен қорытыңдылардың тереңдігі және ауқымдылығы ерекше болады.
Бастапқы алғы шарт, негізінен
алғанда, объектілерге байланысты қарастырылады,
соңдықтан зерттеуді қоғамды
тұтас бір ауқымда қарастырудан
бастау керек. Өйткені адам да, кез-келген
әлеуметтік топтар да, әлеуметтік ұйымдар
мен институттар да, материалдық
және рухани мәдениет те, бір сөзбен
айтқанда, қоғамдағы дүниенің бәрі
оның дамуының жемісі болып табылады
және олардың өзіндік әлеуметтік
табиғаты әрқилы. Тіптен жеке адамның
азық-түлікке деген сұранысы немесе
ұрпақ жалғастыру жөніндегі талап,
ниеті таза табиғи қажеттілік —
мұқтаждыққа жатады. Бұл — оның
әлеуметтік мазмұны жағынан биоәлеуметтік
қажеттілігі. Олардың биологиялық
негіздері бар, алайда ол әлеуметтік
формада көрінеді және материалдық
өндірістің дамуы немесе отбасы деңгейіндегі
әлеуметтік тәсілдермен