Саяси партиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 22:30, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы–мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек, оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.
Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
Негізгі бөлім
I тарау. Саяси партиялар
1.1 Саяси партияның тарихы...........................................................................6
1.2 Саяси партиялардың негізгі атқаратын қызметтері................................7
1.3 Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері....................................................8
II тарау. Көппартиялық жүйе
2.1 Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы......................13
2.2 Қазақстан Алаштан көппартиялыққа дейін.............................................16
2.3 ҚР саяси партиялары
“НҰР ОТАН” Халық Демократиялық Партиясы......................................22
Қазақстан Коммунистік Партиясы...........................................................24
Қазақстан “Ақжол” демократиялық Партиясы.......................................24
Қорытынды бөлім............................................................................................25
Пайдаланған әдебиет........................................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

saiasi.docx

— 89.56 Кб (Скачать документ)

    Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады.

    Қазақстан коммунистік партиясы  
Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.  
3.5 Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы  
Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады. 2012 жылы Мәжіліске сайлау қорытындылары бойынша партия 7.47% дауысқа ие болды. "АҚ ЖОЛ" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша 8 депутат сайланды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Қорытынды

    Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.  
    Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Өркениет жетістіктерінің бірі ретіндегі саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірдің қажетті институты болып қала беруін жалғастыруда.Уақыт өткен сайын мынадай мәселенің пікірталасқа айналғаны шындық: бізге партиялар керек пе әрі қазіргідей көп санда, мысалы Ресейдегідей, Қазақстандағыдай? 
   Өзінің өркениетке жатпайтын әдісімен саясат ағымының «қайығын тербететіні» жасырын емес.Бұл бір жағынан.Ал екінші жағынан қоғам осындай саясаттың ұжымдық субъектілерінсіз не күте алады? Тарих мемлекет пен қоғамның арасында осындай байланыстырушы, делдал буын болмаса, биліктің (әсіресе төтенше жағдайлар кезінде) бонапарттық режимге өтіп кетуі мүмкіндігін көрсетті. Тап осы партиялық құрылымдардың азаматтық қоғамды мемлекеттің «семіртіп» жіберуіне кедергі жасайтын әлеуметтік тканнің органикалық өсуіне жағдай жасайтынына тәжірибе дәлел болады.Сонымен, саяси партиялар қазіргі қоғам өмірінде елеулі рол атқаруға арналған. Саяси партиялар – бұл кез келген дамыған саяси жүйенің қажетті элементі.  
    Қазақ халқының саяси тарихы саяси өмірді реформалауға бағытталған ой-пікірлерге кенде емес. Саяси шешімдерге тірек болған, тағдырлық мазмұндағы құжаттар қатарына көне дәуірдегі күлтегін жазуларын, орта ғасырлар кезеңіндегі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдар жинағын жатқызуға болады. Қазақ халқының саяси өмірде бұл құжаттардың қолданылуы рулық-тайпалық ала-ауыздықты тыйды, қазақ мемлекеттілігін күшейтті, елдің саяси тұрақтылығымен біртұтастығын нығайтты. Ал Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң егемен ел болған Қазақстан халқын жаңа жасампаздық істерге бастаған, азаматтардың зор құлшынысын тудырған саяси маңыздағы құжат «Қазақстан 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 1997 жылы жасаған Жолдауы болды. Қазақстан 2030» Жолдауында Президент Қазақстанның алдындағы 7 басымдылықты атап көрсетті. Солардың қатарындағы 1,2,4, және 7-ші басымдылықтардың іске асуы елдегі саяси партиялардың да ат салысып, араласуына қатысты болды. Қазақстандағы саяси партиялар «Қазақстан 2030» стратегиясындағы ұлттық қауіпсіздік мәселесін қуаттады. «Аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету»/2/ мәселесі әрбір саяси партия үшін маңызды міндеттер қатарында болды. Сонымен қатар өздерінің саяси мақсаттарының әр түрлілігіне қарамастан елдің саяси партиялары «ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жақтады. Қазақстанға бүгін және алдағы орнаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру» /3/  мәселесі маңызды болды. Қазақстан саяси партиялары түгелдей дерлік Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімін және материалдық әл-ауқатын көтеруді жақтады. Саяси партияларды біріктіретін келегі мәселелердің бірі-экологиялық ахуалды жақсарту болды. Қазақстандағы саяси партиялар ұзақ мерзімді басымдылықтар қатарына мемлекетілікті күшейтуді де жатқызады. «Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің ықпалы жене осы заманғы корпусын жасақтау» /4/ мәселесі де елдегі саяси партиялардың ортақ мақсаттары деп атауға болады. Аталып өтілген 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясының бағыттары елдегі саяси партиялардың басым көпшілігінің саяси бағдарламаларын ортақ міндеттер аясында таптастырады. Әсіресе билік партиялары болып табылатын  ҚХБП, Азаматтық, Руханият, Асар, Отан және Нұр Отан партияларының бағдарламаларында мемлекеттік стратегиялық міндеттер шешуші орын алды.  
    Республикадағы партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарқытық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды. Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол – көптеген партиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық туралы айту әлі ерте сияқты. Оның себептері қандай? Ең, алдымен, республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің тарихи болмауы, саяси мәдениеттің төмендігі, құқықтық негіздігі әлсіздігі. Оның үстіне, кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, жоғарғы жақтың ұйғарымымен жасалады. Оларды болашақ сайлауда кандидатурасын ұсыну үшін құрады. Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді.

   Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттары жоқ.

Қазақстанда көппартиялықтың  бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреулерінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан-жақтылық сипат алатындай сыңайы бар.

    Қазақстанның Конституциясы елдегі конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік ала ауыздық туғызу және заң жүзінде көрсетілген әскери құрылымдарды ұйымдастыруға тыйым салады. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіподақтарының, діни негіздегі партиялардың жұмысы, сонымен қатар саяси партиялар мен кәсіподақтарды шетел мемлекеттері жеке халықаралық ұйымдарының қаржыландыруына рұқсат етілмейді.

    Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құралады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.

    Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде маңызды рөлі бар. Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер

1 Рахымбаева А.С. «Фолиант баспасы». Астана, 2006ж.

2 Жамбылов Д.А. «Саясаттану».Жеті жарғы Алматы, 1996 ж.

3 Н.Қапесов«Саясаттану»оқу құралы, «Жеті жарғы» 2003ж.

4 Егемен Қазақстан–2004,1қазан,2б.

5 "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, 1998 ж. 5-том

 

 


Информация о работе Саяси партиялар