Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 22:30, курсовая работа
Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы–мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек, оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.
Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды.
Кіріспе................................................................................................................3
Негізгі бөлім
I тарау. Саяси партиялар
1.1 Саяси партияның тарихы...........................................................................6
1.2 Саяси партиялардың негізгі атқаратын қызметтері................................7
1.3 Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері....................................................8
II тарау. Көппартиялық жүйе
2.1 Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы......................13
2.2 Қазақстан Алаштан көппартиялыққа дейін.............................................16
2.3 ҚР саяси партиялары
“НҰР ОТАН” Халық Демократиялық Партиясы......................................22
Қазақстан Коммунистік Партиясы...........................................................24
Қазақстан “Ақжол” демократиялық Партиясы.......................................24
Қорытынды бөлім............................................................................................25
Пайдаланған әдебиет........................................................................................28
Жоспар
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
I тарау. Саяси партиялар
1.1 Саяси партияның тарихы........................
1.2 Саяси партиялардың негізгі
атқаратын қызметтері....................
1.3 Саяси партиялардың жіктелуі,
түрлері.......................
II тарау. Көппартиялық жүйе
2.1 Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы......................13
2.2 Қазақстан Алаштан көппартиялыққа
дейін.........................
2.3 ҚР саяси партиялары
“НҰР ОТАН”
Халық Демократиялық Партиясы..
Қазақстан
Коммунистік Партиясы......................
Қазақстан
“Ақжол” демократиялық Партиясы......................
Қорытынды бөлім.........................
Пайдаланған әдебиет.......................
Кіріспе
Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін
бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың
құрылуы–мемлекеттің саяси институттарының
нығая түскендігінің белгісі. Партиялық
құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі
басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі
бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси
институттар орнығып жатыр. Демек, оның
іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.
Елімізде демократиялық қоғам
және құқықтық мемлекет құру кезеңінде
саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы
үшін құқылық базаларын қалыптастыру
ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда
заңда белгіленген тәртіппен тіркелген
15-ке тарта саяси партия бар. Отан, Социалистік
партия, Қазақстан халық конгресс партиясы,
Демократиялық партия және Қазақстан
халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері
қоғамдық білестіктер жөніндегі заңмен
реттеліп отырады. Сонымен қатар саяси
партиялар жөніндегі арнаулы заң қабылау
қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты
бірқатар шетелдік саяси партияларға
қатысты тәжірбиелерді қарастырып көрелік.
Шетелдерде конституциялық (мемлекеттік)
құқық ғылымындағы саяси партияның түсінігі
мынадай: саяси партия–мемлекеттік өкіметті
иеленуді мақсат тұтатын, немесе соны
жүзеге асыруға шешуші ықпал жасауға тырысатын,
ортақ мүддеге біріккен, қоғамның белсенді,
әрі ұйымдасқан бөлігі болып табылады.
Саяси партиялар осы терминнің қазіргі
ұғымында алғаш рет Еуропада пайда болды.
Сонда буржуазиялық революциялармен тығыз
байланыста сайланбалы өкілдер арқылы
жүзеге асырылған халық өкіметі жүйесі
– халықтық өкілдіктер құрылған болатын.
Әрі қоғам екіге жарылып, әлеуметтік қайшылықтар
тереңдеп, мемлекеттің саяси өміріне бұқараның
белсенді араласуы партия рөлін арттырып,
өз кезегінде партиялар демократиялық
мемлекеттің негізгі саяси тұлғасына әрі ажырамас
Саяси партия мемлекет басындағыларды
біржақты жақтау үшін, не болмаса біржақты
жамандау үшін тумайды. Ол қоғамдағы процестерді
реттеуге араласу үшін туады. Қоғамда
биліктен өзге, бірақ билікке әсер ете
алатын институттар болуы тиіс. Олардың қатарына
Сонда халыққа жасалатын игіліке
билік басындағылар бөгет болса, оларға
партия қарсы тұрады. Ал билік басындағылар
халыққа игілік әкеліп жатса, партия оларды қолдайды.
Сонымен қатар өзге қоғамдық бірлестіктерден
(кәсіподақтар, мәдени және діни қоғамдар,
экологиялық ұйымдар, кәсіпкерлер одақтары,
қайрымдылқ және бейбітшілік қорлары,
мүдделілік жөніндегі қауымдастықтар
және т.б.) партияның айырмашылығы ол мемлекет
басқаруға тікелей мүмкіндік беретін
парламенттегі және өкіметтегі орындар
үшін ашықтан-ашық күреседі. Сөйтіп, партиялар
сайлауларға, мемлекеттік маңызды шешімдер
қабылдауға және оларды іс жүзінде асыруға
Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі
саяси өмірде белсенділік танытқанымен,
тікелей саясатқа араласу олардың түпкі
мақсатына жатпайды, бұлар негізгі мақсаттарына
жету жолындағы қосымша құралдары ғана
іспетті. Саяси партиялар мемлекеттік
билікті тікелей иеленуге ұмтылса, қоғамдық
бірлестіктен мемлекетке тек сырттай
ғана ықпал жасауға тырысады.
Сондай-ақ саяси партияларды қысымшы
топтардан да ажырата білу керек. Іс жүзінде
қысымшы топтар парламент пен үкіметке
кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік
қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен
қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы
топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды.
Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық
ықпал жасаудан бастап сатып алуға дейінгі
қысым көрсету түрлерімен шұғылданады.
АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі
топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері
Әлемдегі саяси партиялардың атқаратын
қызметі туралы. Бұл ретте ең алдымен саяси
партиялардың түпкі мәнін, қызметін ажыратып
алудың маңызы зор.
1) Бұл ең алдымен партияның көздеген мақсатында
көрініс табады. Сонымен қатар партия
сайлауда өздерін жақтап дауыс берген
жақтастарының мүдделерін қоғауға айрықша мән береді.
2) Саяси партиялардың мәні оның қызметінде
таңбаланады: а) партияның саяси бағдарын
белгілейтін бағдарламасын жасау; б) партияның
мақсаты, міндеттері, стратегиясы, тактикасы,
сайлаушылар арасындағы іс жүзіндегі
нәтижелері жөніндегі ақпараттар тарату,
сондай-ақ партияға жаңа мүшелер тарту;
в) мемлекеттік өкімет органдарын құруға
партияның араласуы және олардың қызметтеріне
бақылау жасау; г) қоғамдық түрлі әлеуметтік
кикілжіңдерді шешуде, елде азаматтық
бітім мен келісімге келуге мемлекеттік
органдарға жәрдем беру; д) қоғамның белсенді
дамуына, прогреске жеткізетін әлеуметтік-психологиялық
ахуал орнауына атсалысу; е) өзара қарым-қатынастарда
келісімге жету үшін мемлекеттік құрылымдар
мен азаматтар арасындағы «тура» және
«кері» байланыстардың дамуына араласу;
и) елдің халықаралық беделінің артуына
және халықаралық қарым-қатынастарының
дамуына жәрдем беру; ж) партия мүшелері арасындағы
Мемлекеттік өкімет органдарына
сайлауға ұсынылған кандидаттарға дауыс
беруші партия жақтастары оның
Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдары
өз кезегінде бірқатар факторларға тәуелді
болады. Партиялардың өзіндік ерекшеліктері,
олардың тарихи және ұлттық
Ұйымдық құрылымдарына қарай партиялар:ұйымдық
қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған
партиялар болып екіге бөлінеді. Бірінші
топқа жататын партиялар әдетте сан
Мұндай партия мен мүшелері арасында
ұйымдық байланыс бар, партия нақты ұйымдастырылуымен
және тәртібімен ерекшеленеді. Партияның
әрбір мүшесі партия билетіне ие болып,
мүшелік жараналарын уақыттында төлейді,
партия жарғысында қарастырылған барлық
тәртіп талаптарына қатаң түрде бағынады.
Мұнай партияларды «кадрлық партиялар»
деп те атайды. Олардың кәсіби орталық
аппараты бар. Бұл партияның жекелей де
ұжымдық та мүшелері бар. Ұйымдық қалыптасқан
партияларға әртүрлі қоғамдық бірлестіктер
– кәсіподақтар, жастар, әйелдер және
басқа да қоғамдық ұйымдар қосылуы немесе
құрамына кіруі мүмкін. Мысалы, француз
коммунистік партиясына Жалпыға ортақ
еңбек конфедерациялық кәсіподақтар бірлестігі
қосылса, Британ лейбористік партиясының
құрамына британ тредюниондары (кәсіподақтар)
енеді. Аталаған партиялар тобына, сондай-ақ
Австрия халықаралық партиясы. Үндістан
ұлттық конгресі (И), ГФР-дың христиандық-демократиялық
одағы, Швеция орталық партиясы, Жапония
либералдық-демократиялық
Ұйымдық қалыптаспаған партиялардың
басты ерекшелігі оларда ресми мүшелік
болмайды. Мұндай партияға мүше болып
табылатындардың партиямен ұйымдық байланысы
жоқ, оларда партбилет жоқ, өту және мүшелік
жарнасын төлемейді, партиялық ортақ тәртіпке
бағынышты емес. Мұндай партиялардың мүшелері
сайлауларда әлгі партияға дауыс берушілер
болып табылады. Сонымен қатар ұйымдық
қалыптаспаған партияларда ресми мүшелердің
орнын осы партияның саясатын жүзеге асыруда
басты рөл атқаратын кәсібилер мен белсенділердің
құралған аумақтық ақпарат басады. Аталмыш
партиялардың қызметі ең алымен сайлау
күресіне, сайлаушылар дауысын қармап қалауға
Ұйымдық қалыптаспаған партияның
айқын мысалы ретінде АҚШ-тың республикалық
және демократиялық партияларын алуға
болады. Екеуі де үлкен ұйымдар. Тиісті
партиялар тізіміне сайлауларда дауыс
беруші барлық сайлаушылар әлгі партияның
мүшесі болып есептелінеді. Партия мен
оның мүшелері арасында ұйымдық байланыс
болмайды. Бұл партиялардың аппарттарының
ұйымдық құрылымы аса күрделі де қым-қуат.
Тұтастай алғанада ол ең алдымен сайлаудағы
күрестерге лайықталған. Аумақтық партиялық
құрылымдардың сайлау округтері орналасуымен
сәйкес келуі де осыдан.
Ресми партиялық тетік жеке әрекеттік
ұйымдармен толығып жатады. Бұларға, мысал
үшін, Калифорния республикалық ассамблеясы,
Калифорния демократиялық кеңесі жатады.
Президент сайлау кезінде «Тәуелсіздер
Никсон үшін», «Заңгерлер Хемфри үшін»,
«Бизнесмендер Кеннеди үшін» және т.б.
ұйымдар құрылған.
Шетелдердегі саяси партиялардың
әркелкілігі. Әлемдік іс-тәжірибе көрсетіп
отырғандай, саяси партиялардың орнығуы,
жетілуі тоқтаусыз жүріп жатыр. Егер ХІХ
ғасырдағы конституцияларда қоғамдық-саяси
және мемлекет өмірінде елеулі ықпал бола
тұра саяси партияларға қатты мән берілмесе,
ал қазір олар толыққанды конституциялық-құқылық
институттар құрып отыр. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі шетелдерде қабылданған
барлық конституциялардың барлығында
дерлік саяси партиялар жөнінде ережелер
бар.
1.Саяси партияның тарихы. Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек 20 ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.
“Партия”деген сөз
латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген
мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы саяси
партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған.
Бірақ олардың мүшелері аз, тұрақтылығы
шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған шағын топтар
болатын.Мұндай шағын топтардың айтарлықтай
маңызы болмады. Олар,негізінен,құл иеленішлердің
әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады.
Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да
болды. Еңбекші топтар болса экономикалық
бытыраңқылық пен рухани езгінің астында
еді. Сондықтан олардың саяси партиялар
құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың
мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы
қатарлы мүшелері қорғады.
Саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың
екінші жартысында пайда бола бастаған.
Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар
тікелей ықпал етті. Мемлеккеттік биліктің
ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы
ретінде парламенттер мен парламентаризм
дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау
құқығының еңгізілуі бұқара халықтың
саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады.
Жұмысшылар ұйымдасып,парламентке өз
мүдделерін қорғайтын партиялар құра
бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып,
әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі.
Осыған байланысты саяси партиялардың
рөлі одан әрі өсті.Олар саясаттың субьектісіне
айналды
Бірақта саяси партиялар бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы,немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:
Мұндай аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін қорғайды. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги)және консервативтік(тори)партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды. Ал көпшілік партияның саяси клубтардан ерекшелігі- олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес,сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдар тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т.с.с саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. Дегенмен мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да әсер етті. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы Германияда 1863жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы(Ф.Лассальдің басшылығымен) құрылды. 19 ғасырдың аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:
Саяси партия тапты
немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады,олардың
саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына
ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді.
Оның белгілі бір идеологиясы болады.
Ол идеология саясаттың басты принциптерін
белгілеуге, саяси партияның бағдарламалары
мен жарғыларында айқындалады. Саяси жүйеде партиялар үлкен
1.
Поляктың саясаттанушысы А.Бонардың
ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар
мынадай қызметтер атқарады:
Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партиялармен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті–азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу және өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Сонымен саяси партиялардың
негізгі қызметтері төмендегідей:
Саяси-билік үшін күрес. Мемлекеттің ішкі
және сыртқы саясатын жасауға, іске асыруға,
тікелей қатынасу. Балама ұсыныстар асыру.
Сайлау науқанына белсенді түрде ат салысып,
оған байланысты бағдарламаларды орындау.
Саяси бағытты тұжырымдау.
Ұйымдастырушылық- бағдарламалық мақсаттар мен шешімдерді жүзеге асыру. Сайлау науқанын өткізу. Сайлап қойылатын қызметтерге кандидаттар іріктеу. Басқару элитасына кадрлар дайындап ұсыну. Үкімет құрамын сол сияқты басқа да билікті құрылымдарды құрастыруға қатысу.
Теориялық-қоғам дамуынынң негізгі салалары бойынша және оның даму жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудың стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап, бұқараны қимыл бірлігіне теориялық жағынан әзірлеу.
Идеологиялық- еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту, т.с.с
1.2 Саяси партиялардың жіктелуі,түрлері
Саяси партияларды жіктеп,жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшілігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар ударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.
Француз саясаттанушыларының бірі М.Дюверже XXғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партиялар кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі. Кадрлық -деп қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ, ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әр бір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақытылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-дың Христиандық-демократиялық одағы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады.
Бұқаралық – деп үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп партияны айтады. Бірақ олардың ресми мүшелері боламайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық және демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы жатады.
60 жылдарыдң аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясына басқа әмбебап партиялар(универсалдық немесе сайлаушылар партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі- партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейту. Онда, әлеуметтік , этникалық, діни және т.б өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялар саны соңғы жылдары Англия мен Еуропада көбейюде.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты:
Сайлаушылар
партиясы - бұл партияның негізгі мақсаты
үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын
ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу,
т.т. оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық
негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы республикалық және
Парламенттік
партия - негізіне екі қызмет атқарады:
сайлауға дайындалу және парламентке
бақылау жасау. Мәселелерді алдына ала
талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу,
келістіру үшін партиялар парламенттермен
мунициапалиттерді (жергілікті өзін-өзі
басқару органы)жіктер(фракциялар)
Авангардтық
партия - орталықтанған өзінің барлық
мүшелерінен партиянынң жұмысына белсенді
Қауымдастық
партия -адамдарды белгілі бір саяси
жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ
көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай маңызды
мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, Жасылдар партиясы,балаларды,
Саяси идеологоясына қарай:
Коммунистік
партиялар – К.Маркстың ілімін басшылыққа
алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ
қоғам мүддесін қорғайды. Мысалы, Қытай,
Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО.
Социал-демократиялық
партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші
халықтың мүддесіне сай қоғамды реформалап
отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік,
бостандық, теңдік, ынтымақтастық. Оған
жаттатындар: Австрияның,Германияның,
Швецияның социал-демократиялық партиялары,
Ұлыбританияның лейбористік
Буржуазиялық-
демократиялық- билік үшін ашық күрес
жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау
арқылы жетеді. Заң алдында бәрінінің
де тең болғанын қалайды. Мысалы, Германияның
еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-
Консервативтік
партиялар- ірі буржуазияның мүддесін
қорғайды. Теңсіздікті сақтағысы келеді.
Мысалы, АКШ-тың республикалық партиясы,
Германияның христиандық-әлеуметтік одағы
мен христиандық–демократиялық одағының блогы,
Фашистік
партиялар- адам құқықтары мен бостандықтары
шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке
мүддеден мемлеккеттік мүдде жоғары тұрады.
Күштеу басым болады. Фашистік партиялар
кезінде Германия мен Италияда болған.
Бірақ, сол елдерде және және т.б. жаңарған
неофашистік ұйымдардың пайда болуы
Партияларды басты иделологиялық
бағытына қарай революциялық, реформистік,
конвервативтік, реакциялық деп те бөліп
жүр. Революциялық партиялар-қоғамдық
өмірді түбегейлі өзгертуге тырысады.
Реформистік партиялар-қоғамда маңызды
өзгерістер жасамақ, бірақ оның негізгі
құрылысын сақтап қалмақ. Консервативтік
партиялар-қазіргі әлеуметтік негізгі
сипат, ерекшеліктерін сақтап қалмақ.
Реакциялық партиялар-қоғам дамуындағы
өтіп кеткен формацияларға не
Қандай саяси тәртіпті қолдануына
байланысты партиялар демократиялық,
авторитарлық, тоталитарлық болып
жіктеледі. Демократиялық партиялар басқа
партияларға төзімділікпен, түсіністікпен
қарайды, пікір алалағын жақтайды. Идеологиялық
факторға онша мән бермейді. Тоталитарлық
партиялар,керісінше саяси жүйенің басқа
элементтерін өзіне бағындыруға тырысады.
Әсіресе идеологияланған, қатаң тәртіпке
негізделген бірпартиялық жүйе құруға
тырысады. Авторитарлық партиялар, әдетте,
дамып келе жатқан елдерде пайда болады
және отаршылыққа қарсы бағытталады. Олардың
көбі ең алдымен өз елдерінің саяси және
экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік
прогрессі үшін күреседі. Өз әрекеттерінде
Саяси өмірдегі алатын орны, билікті
жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар
билеуші және оппозициялық(латынның “қарсы
қою”деген сөзінен шыққан)болып бөлінеді. Билеуші партиялардың
қолдарына билік тигендіктен оларға бүкіл
қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын
айқындауға мүмкіндік тудырады. Яғни,
олар басқа партияладың үстінен билікке
ие болады. Олар бұл мақсатта өздерінің
конституциялық құқығын, парламент мінбесін,
бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады.
Белгілі бір қоғамдық пікір тудырып билеуші
партияға сырттай ықпал жасайды. Мұндай
саяси партияларды оппозициялық
деп атайды. Олар қоғамның даму бағдарламасын
жасайды, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарға
өздерінің көзқарастарын білдіреді. Жалпы оларға
Жұмыс істей жағдайына ,заңның
рұқсат етуіне байланысты партиялар ресми
, жартылай ресми, құпия деп жіктейді. Егер
қоғамдық–саяси өмірге қатынасуына заң
жүзінде рұқсат етіліп, мемлекеттік тіркеуден
өтсе, ол ресми партия
болып саналады. Ол жұмысын ашық жүргізеді.
Бірақ формальді түрде рұқсат етілсе,
оны толық танылды деуге болмайды. Біраз
жағдайларда партияға сырттай мойындаған
сыңай білдіріп, шын мәнінде , жұмысына
шек қойып, кедергілер жасалады. Мұндай
партияларды жартылай ресми
деуге болады. Ал егер партияға заң бойынша
тыйым салынып, жұмысын астыртын, жасырын
жүргізсе, ол құпия партия
болып саналады. Әдетте, олар үстемдік
етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді
мақсат етіп отырады. Егер құпия партияны
халық шынымен қолдап, беделі зор болса,
оны ресми мойындамағанымен жұмысын тоқтата
алмайды. Оның айғақтығын құпия жағдайда
жүріп отаршылдққа қарсы қажырлы күрес
жүргізген көптеген ұлт-азаттық партиялардың
даму жолынан байқауға болады.
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру
үшін партиялар коалиция(латынның «бірлестік»
деген сөзінен шыққан) құруы мүмкін. Коалиция
деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың
жасаған бірлігін айтады. Оның мынандай
түрлері болады:
а) парламентке қатысатын партиялардың
ешқайсысы өз алдына бөлек , дербес басқара
алмайтындай жағдайда (дауыстың аздығынан)құрылған
көппартиялық коалиция;
ә) екі күшті партияның әрқайсысы өкіметті
өз қолына алып билей алатындай жағдайда
екіпартиялық коалиция орнайды. Мұндайда
бір партия парламентте көпшілік дауыс
алады да, екіншісі оппозицияда болады.
Егер екеуінің де парламенттегі орны тең
болса, үкіметті құру үшін басқа кішірек
партиямен келісімге келуге мәжбүр болады.
Мұндайды түрін өзгерткен екіпартиялық
коалиция дейді;
б) билік үшін бәсеке екі партия одағының
арасында болса, оны екі блоктық коалиция
дейді. Мұндай коалиция әсіресе Францияға
тән. Онда президенттік , парламенттік,
катондық сайлаулар кезінде екі блок құрылады.
Оң блокқа гольдықтар, жискарлықтар(Францияның
бұрынғы президенттері Де Голь мен Жискар
де Эстеннің фамилияларынан шыққан), т.б.
кіреді де, сол блокқа социалистер, коммунистер,
в) егер дербес партия ұзақ уақыт (20-30 жыл
бойы)билік етсе, оны басымдық коалициясы
дейді. Мысалы, Швеция социал-демократиялық
партиясы 1932 жылдан 1976 жылға дейін, содан
кейін 1982 жылдан осы уақытқа дейін
билік басында. Жапонияда либералдық-демократиялық
партия 1955 жылдан бері өкімет басында келеді.
Саяси партиялардың жұмысы әдетте
құқықпен немес Конституциямен реттеледі.
Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенінің
принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі
керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде
партияның орнын конституциялық жолмен
рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс
істеу жағдайын белгілеу; сайлау жүйесінің
жұмысына партиялардың қатысуы; мемлекеттік
өкімет органдарында партиялардың өкілдік
ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен
партиялардың қызметін қаржыландыру.
Бірқатар Батыс елдерінде (Германия, Италия,
Швеция,т.б.)60-70 жалдардан бастап саяси
партиялар мемлекет тарапынан қаржаландырылады.
Кейбір елдерде заң бойынша саяси партиялардың
сайлау науқанына арнайы қаржы бөлінеді.
Бұл конституцияда көрсетілген міндеттерді
орындау және қиянат етушілікке жол бермеу
(мысалы, саяси партияларды құрғанда әлдеқандай
кішігірім топтардың немесе жеке адамдардың
ықпалын азайту, не болмаса қызметкерлердің,
қоғам қайраткерлерінің сатылғыштығына
жол бермеу және т.б.)үшін керек деп саналады.
Бірқатар елдердің (Германия, Үндістан,
Ұлыбритания, Франция)заңдарында радио
мен теледидарды кеңінен пайдалануға
мол құқық берілген. Мұның бәрі сайлау
науқанында және т.б. жұмыс бабында партияларға
тең жағдай қамтамасыз етілетіндігі деп
саналады.