Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 22:30, курсовая работа
Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы–мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек, оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.
Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды.
Кіріспе................................................................................................................3
Негізгі бөлім
I тарау. Саяси партиялар
1.1 Саяси партияның тарихы...........................................................................6
1.2 Саяси партиялардың негізгі атқаратын қызметтері................................7
1.3 Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері....................................................8
II тарау. Көппартиялық жүйе
2.1 Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы......................13
2.2 Қазақстан Алаштан көппартиялыққа дейін.............................................16
2.3 ҚР саяси партиялары
“НҰР ОТАН” Халық Демократиялық Партиясы......................................22
Қазақстан Коммунистік Партиясы...........................................................24
Қазақстан “Ақжол” демократиялық Партиясы.......................................24
Қорытынды бөлім............................................................................................25
Пайдаланған әдебиет........................................................................................28
Мемлекеттік билікті толығымен өз қолына алған КОКП алғашқы күннен бастап –ақ бүкіл елді «орасан зор еңбек артеліне» айналдырды. 1919 жылы енгізілген «әскери коммунизм» саясатының озбырлық сипаты елдегі жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосып біртұтас қазына құрудан, ұсақ және жеке өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрінді.
Жаңа Кеңестік республиканың адам және материалдық байлықтарды игеруге бұйрықтар, реквизициялау, яғни экономиялық басқаруға жатпайтын мемлекеттік күштеу әдістері арқылы қол жеткізілді. Экономика саласындағы осындай төтенше шаралар, «қоршаудағы қамал» идеологиясы және жанталаса қарулану, «бәрі жоғарғы жақтан» саясаттары елімізде өктемдік, зорлық- зомбылық психологиясын туғызды. Азық –түлікке мемлекет монополиясын бекіту үшін жүргізілген адамгершілікке жат саяси шаралар халықты аштыққа ұшыратты. 1921 жылы В.Ленин Кеңестер елінің әлеуметтік- саяси жағдайын«күйзеліс, жоқшылық, қайыршылану» деп сипаттады. Осы жылғы наурыз айында Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясының Х съезінде қабылданған Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) кейін Сталиннің мемлекет билігі басшылығына келуіне байланысты таптық, идеологиялық себептермен тоқтатылды.
1925 жылғы желтоқсанда Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясының ХІV сьезінде қабылданған елді социалистік индустрияландыру туралы шешімі КСРО-да және оның ішінде Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің дамуына әсер етті. Мысалы, Қазақстанда көптеген зауыттар мен фабрикалар салынды. Сол кездегі іске қосылған үлкен құрылыстардың бірі Түркістан-Сібір темір жолы («Турксиб») болатын.
Индустрияландыру саясаты
қоғамда жағымсыз жағдайлардың туындауына
да себеп болды. Социалистік индустрияландыру
саясаты тек ғана КОКП-ның жоғарыдан берілетін
бұйрығы,үкімі арқылы жүзеге асырылды.
Ақырында, Кеңес Одағында мемлекеттік
басқарудың әміршілдік-әкімшілдік әдісі,
саяси биліктің жеке диктатурасы қалыптасты.Оның
жалғасы тоталитарлық режимге айналды.
1917 жылғы Қазан революциясының халыққа
берген уәдесі орындалмай, саяси билік
халыққа емес,жеке диктатурамен, әміршілдік-төрешілік
КСРО-дағы Коммунистік партияның келесі саясаты – ауыл шаруашылығын кеңестік ұжымдастыру шараларын өткізу болды Бұл шешім 1927 жылы желтоқсанның 2-сі күні Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясының ХV съезінде жарияланды. Мақсаты: ауылдағы жеке меншікті мемлекттендіру. Себебі –социалистік мемлекетте жеке меншік болмауы тиіс деген идея болатын. Халықтың қолындағы малды мемлекеттің меншігіне тарту үшін жедел түрде колхоз,совхоздар ұйымдастырылды.
Қазақ елінде халықтың наразылығын болдырмау мақсатында Ф.Голошёкин өзінің «Кіші Қазан» идеясын ұстанып бақты. Нәтижесінде тек ғана малмен күн көріп отырған қазақ халқы жаппай аштыққа ұшырады, билікке қарсы болғандар аяусыз жазаланды, елде репрессия басталды. 1932 жылы қазақтың бір топ саяси қайраткерлерінің Ф.Голощёкинге жазған «Бесеудің хаты», Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хатына немқұрайлы түрде: «Асыра сілтеу болмасын» деген жауап берілді.
Ауылшаруашылығын кеңестік ұжымдастыру саясатының зияндылығы сонша, 1930-1932 жылдардағы еліміздегі аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары болып енді. 1930 жылы Қазақстан халқының саны 5 миллион 800 мың адам болса, ал 1933 жылы 2 миллион 500 мың ғана халық қалды. 2 миллионға жуық қазақ аштықтан қырылды, 1 миллион қазақ басқа елдерге көшіп кетті. Осы жылдары халық наразылығының күшейуіне жол бермеу мақсатындағы сталиндік репрессия басталды. Бұл да Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясы саясатының бір түрі болды.Ол екі мақсатты көздеді: біріншісі,ұлт зиялыларын жою, себебі олар халықтың тарихи зердесі болатын.
Екінші мақсат, Сталиннің жеке басының беделін жоғарлату, оның есімін дәріптеу, мемлекеттегі ролін мадақтау болатын. 1936 жылы КСРО-да сталиндік деп аталған жаңа Конституция қабылданып, халық қатаң билеушінің беделін мойындауға мәжбүр болды. Бұдан кейінгі жылдары кеңес халқы фашизм мен социализм идеологиясы кезіккен, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған қатыгез соғысты бастан кешті. 1952 жылыКСРО-дағы Коммунистік партиясының аталуы өзгертілді. Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы (БК(б)П) енді Кеңес Одағы Коммунистік партиясы (КОКП) аталатын болды.
КОКП-ның таптық, социалистік саяси ұстанымы бойынша жеке адам бостандығы мен құқығы ескерілмеді. Өздерін демократиялық ,әділетті қауымдастық деп санайтын ірі капиталистік мемлекеттер жағынан КОКП-ның бұл саясаты наразылық тудырды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көп ұзамай басталған қырғи-қабақ соғыс саясаты одан әрі ушыға түсті.
Экономика саласындағы КОКП-ның ұстанған шаруашылықты басқару әдістері нәтижелі болмады. Өнеркәсіп те, ауылшаруашылығы да экстенсивті басқару әдісінен интенсивті әдіске ауыстырылмады.Ақырында КСРО-да ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап тоқырау көрністері байқалды.КОКП мемлекеттің беделін сақтап қалу үшін әртүрлі әрекеттерге барды: 1968 жылы Чехословакияға өз әскерін кіргізуі, 1969 жылғы КСРО мен Қытай әскерлерінің арасындағы қақтығыстар,1979 жылы КСРО әскерлерінің Ауғанстан жеріне кіргізілуі және т.б. оқиғалар.
Нәтижесінде КОКП-ның саясатына деген наразылық халық арасында күшейе түсті.Кейін КСРО-да мемлекеттің ыдырау процесі басталды,оны сақтап қалу әрекеттерінің бірі КОКП-ның 1991жылғы тамыздың 19-да Мәскеуде астыртын түрде ұйымдастырылған Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік Комитеттің (ТЖМК) мақсатын қолдауы болды. ТЖМК-нің жоспары КСРО-ны қалайда сақтап қалу болатын. Кейінірек Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мәлімдемесінде аталып өткендей, «бұл әрекеттер қатардағы коммунистердің күш-жігеріне, партияға орны толмас нұқсан келтірді». 1991жылғы тамыз айының 23-де Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев КОКП Орталық Комитетінің Бюро мүшелігі құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді. Кейін Қазақстан Компартиясының өзі де КОКП құрамынан шығып кетті.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы өздерінің төтенше съезін шақыру үшін ұйымдастыру комитетін құрды. Осы саяси жағдайға байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелері өздерінің өклеттіктерінен бас тартатыны және Орталық Комитеттің қызметін тоқтатқаны жөнінде мәлімдеме жасады. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс және төтенше съезі 1991 жылы қыркүйектің 7-сі күні Алматы қаласында ашылды.
Съезд Қазақстан Компартиясын тарату және жаңа партия құру жөнінде шешім қабылдады.Ендігі жерде жаңадан құрылған партия социалистік деп аталатын болды. Қазақстан Компартиясының бірқатар мүшелері 1991 жылғы қазан айында құрылған Қазақстан Халық Конгресі партиясының құрамына кірді.
Міне осылай Ленин мен оның серіктері құрған Кеңес Одағы Коммунистік партиясы (КОКП) елімізде өзінің жеке дара билік жүргізуін тоқтатты.
Еліміздің жаңа тарихындағы саяси партиялардың өмірге келуі 1990 жылдан басталды. Осы жылы азаматтық-демократиялық «Азат» қозғалысы (АДҚ) елімізде алғашқы саяси ұйым ретінде тіркелді. Ұлттық мүддені көздеу және қазақтың айырылып қалған құқықтарын қалпына келтіру жағынан бұл қозғалыстың идеялары сол кезде барынша прогресшіл болды. Ұрандары мен бағдарламасы ішінде мұңы жоқталған халық оны қолдады. Аз ғана уақыттың ішінде қозғалыс бүкіл республикада ауқымды әрекет ете бастады. Олардың басқа да ұйымдармен қосылып талап етуі арқасында қазақтың көптеген құқықтарын қалпына келтірген Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Онда Қазақ республикасының бөлінбейтін біртұтастығы, мемлекеттік тілінің қазақ тілі екендігі туралы ресми түрде мәлімденіп, Жоғары Кеңесте қабылданды. Кейін ол Тәуелсіздік туралы Заңның негізі болды. «Азат» қозғалысының басында С.Ақатай, М.Шорманов, М.Есеналин секілді ұлтжанды азаматтар тұрды. 1991 жылы «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Осыған сүйеніп парламенттік тұрғыдағы Қазақстанның Республикалық партиясы (ҚРП) – «Азат» құрылды. 1992 жылғы маусым айында «Азат» және ұлттық-демократиялық «Желтоқсан» партиясы бірігіп, бір партия құру туралы шешім қабылдады (Ұлттық-демократиялық «Желтоқсан» партиясы 1990 жылы «Әділет», «Ақиқат», «Азамат» т.б. ұйымдардың негізінде құрылған болатын). 1992 жылдың 26 желтоқсанында осы біріккен «Азат» партиясы ресми түрде тіркеуден өтті. Осы кезде елімізді демократияландыру бағдарын ұстаған бірнеше партия болды. Соның бірегейі қазақтың жарқыраған қос жұлдызындай екі ақыны Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов алғашқы төрағалары болған «Қазақстанның Халық Конгресі партиясы» (ҚХК). Бірақ көп ұзамай М.Шаханов «Арал – Азия –Қазақстан» қозғалысының жұмысын жүргізуге ауысып, партия басшылығынан кетті. Өз бетімен ыдырап кеткен КОКП-ның орнына Қазақстан социалистік партиясы (ҚСП) құрылып, оның басшылығына белгілі жазушы Ә. Әлімжанов сайланған болатын. Бірақ партияның көптеген өкілдері оның мемлекеттің тұрақтылық жолын көздеген қадамдарын қолдамай, радикалды шаралар жасау үшін 1991 жылғы желтоқсан айында қайтадан Қазақстан коммунистік партиясын құрды. 1990-1992 жылдары Қазақстан қоғамында демократиялық процестердің қарқындап дамуына сәйкес саяси күштердің бір жағынан барынша белсенділік іс-қимылдары көрініс тапса, екінші жағынан бей-берекет әрекеттер де орын алды. Осы әрекеттер әртүрлі саяси ұйымдардың пайда болуына ұйытқы болды. Мысалы, «Тәуелсіз кәсіподақ орталығы» және шетелдік қорлармен байланыс жасаған «Социал-демократиялық партиясы», «Бірлік», «Русская община», «Казактар одағы» т.б. ондаған ұсақ партиялар мен қозғалыстар өмірге келді.
Еліміздегі жасампаз күштердің бағытын бір арнаға тоғыстыру мақсатымен 1993 жылы «Қазақстанның халық бірлігі одағы» құрылды. Оның жетекшісі (лидері) болып Президент Н. Назарбаев сайланды. Алғашқы төрағасы С.Әбдірахманов, ал сол жылдың аяғында болған съезде төрағалыққа Премьер- Министрдің орынбасары Қ.Сұлтанов сайланды. Бұл одақ елдегі саяси ағымдарды тұрақтандыру, бір арнаға түсіру жолында үлкен жұмыстар жасады.
Осы жылдары Қазақстанның Аграрлық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Республикалық «Отан» саяси партиясы, Республикалық «Асар» партиясы», Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Қазақстанның Азаматтық партиясы», «Қазақстанның Коммунистік партиясы», «Қазақстанның патриоттары партиясы», «Руханият» партиясы ресми түрде тіркеуден өтті. 1997 жылы кейбір қозғалыстар мен партиялар ұсынған пікірлерді қолдай отырып, Қазақстан Үкіметі саяси күштер жетекшілері мен билік өкілдерінің қатысуымен пікір алысуға «дөңгелек үстел» құруды қолға алды. Бұл қазіргі демократиялық реформалар бағдарламасын дамыту және нақтылау жолындағы мемлекеттік комиссияның алғашқы нұсқасы болатын.
Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуына, жалпы қоғамдық-саяси бірлестіктердің өрістеуіне республикада қабылданған заңдар әсер етті. Олар: «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (1996 ж.), «Саяси партиялар туралы» (1996 ж.), «Саяси партиялар туралы» (2002 ж.). Бұл заңдар азаматтардың қоғамдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Саяси партиялар мен бірлестіктер заңды түрде жұмыс істеуге мәртебе алды. Қазақстандағы көппартиялықтың дамуына зор әсер еткен 1998 жылғы қазанның 7-і күні ҚР Конституциясына енгізілген Заң болды. Осы Заң бойынша ҚР парламенті Мәжілісіне «он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады» деп жарияланды.
Осы Заң қабылданған соң бір жылдан кейін, 1999 жылдың 10-шы қазанында Қазақстанда ең алғашқы көппартиялық негізде Парламентке жалпы халықтық сайлау өткізілді. Елдің Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл күнді:
«Осы сайлау біздің Қазақстан үшін көппартиялық демократияның туған күні» — деп атады. Сол күнгі сайлаудан бастап еліміздегі саяси партиялардың уәкілдері Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісіндегі депутаттық орындарға сайланатын болды. Бұл еліміздегі демократияның негізгі белгілерінің бірі — көппартиялықтың қалыптасуының басты көрінісі болып табылады. 2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде Қазақстан қоғамындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен «Асар», Азаматтық және Аграрлық партиялар «Отан» партиясымен қосылып, біртұтас саяси партияға айналды. Съездегі осы партиялардың 346 делегаты партияның «Нұр Отан» деген жаңа атын мақұлдап бекітті.
Қазақстан Конституциясына 2007 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгертулер бойынша, Мәжіліске 98 депутат партиялық тізім негізінде сайланатын болды. 2007 жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» жетекші саяси партия болып қалыптасты. Бұл партия бүгінгі таңда Қазақстандағы ең қуатты, халықты көп қамтыған, ұйымшыл қоғамдық-саяси күш. Ол қазақстандықтардың басым көпшілігінің сеніміне кіріп, үлкен беделге ие болды.
Қазақстанның саяси өміріндегі көппартиялықтың дамуы – қоғамды демократияландыру үрдістерінің құрамдас бөлігі. Әрбір партия халыққа адал қызмет жасаса ғана партиялық жүйе қоғамның жетекші саяси күші бола алады.
ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
«НҰР ОТАН» Халықтық-
Партияны құру идеясы 1998 жылы
ел Президентіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты
қолдау қоғамдық штабында туындаған еді.
Бұл бастаманы Қазақстанның халық бірлігі
партиясы, Қазақстанның демократиялық
партиясы, Қазақстанның либералдық қозғалысы,
«Қазақстан 2030 үшін» қозғалысы және Әділет
партиясы қолдады. Партияның Құрылтай
съезі 1999 жылғы 19 қаңтарда өткізілді. «Отан»
1999 жылғы 12 ақпанда тіркеуден өтті. Бұл
күнді партияның туған күні деп айтуға
болады. 1999 жылы парламент сайлауында
«Отан» сайлаушылардың 30,89% даусын алып,
партиялардың ішінде бірінші орынға шықты,
мұнымен бірге партиялық тізім бойынша
төрт депутаттық мандатты жеңіп алды.
Парламенттегі барлық 116 депутаттың 52-сі
«Отан» партиясының мүшелері болды. 2004
жылғы 19 қаңтардағы сайлауда партия 60,61%
дауыс жинады2006 жылғы 22 желтоқсанда «Отан»
РСП-ның кезектен тыс сьезінде ол «Асар», Азаматтық және
Съезд көпшілік дауыспен Қазақстанның
жетекші саяси партиясын “Нұр Отан” Халықтық-Демократиялық
партиясы деп атауға шешім қабылдады.
2007 жылғы 18 тамызда болған Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында
“Нұр Отан” Халықтық-Демократиялық партиясы
5247720 дауысқа немесе дауыс беруге қатысқан
сайлаушылардың 88,41 пайыз даусына ие болды.
Парламент Мәжілісін қалыптастыру кезінде
пропорционалды сайлау жүйесіне көшу
- партиялық жүйені дамытудағы саяси реформаның
ең бір қағидатты тұсы. Оны қабылдау осы
көрсеткіш бойынша Қазақстанның алдыңғы
қатарлы елдердің санатына қосылуы үшін
берік құқықтық базаның орныққанын білдіреді.
2007 жылғы конституциялық реформа саяси
партиялардың құқықтық мәртебесін қағидатты
түрде өзгертуге, және соның негізінде
Парламенттің өкілеттігі мен беделін
нығайта түсуге жағдай жасады. Бұл Қазақстанның
партиялық жүйесін де дамытуға мүлдем
жаңа мүмкіндіктер береді.
Мұның өзі инновациялық конституциялық
қағидаларды іс жүзінде өмірге енгізуге
және біздің партияның әлеуетін басқарушы
партия ретінде жүзеге асыруға үлкен жауапкершілік
жүктейді, ол бізге зор сенім көрсеткен
Қазақстан халқының таңдауымен заңды
Осыған сай Парламент Мәжілісіндегі “Нұр
Отан” ХДП парламенттік фракциясының
жұмысын ұйымдастыруға, ол конституциялық
жаңа өмір шындығына сәйкес келуі үшін
мүлдем жаңаша тұрғыдан келу талап етілді.
Бәрінен бұрын, “Нұр Отан” ХДП басшылығы
Электоралдыаралық кезеңдегі партия жұмысының
тұжырымдамасын дәйекті түрде талдап
жасады, онда отандық және шетелдік тәжірибелер
талданып, алдағы бес жылға арналған негізгі бағыттар мен жұмыстың
Мұндай құжаттар Қазақстанның басқа ешбір
партиясында болған емес.
Парламент Мәжілісінде берік фракция қалыптасты,
оған 98 депутат енді.
Фракция туралы ереже қабылданды, онда
әлемдік практикаға сәйкес келетін партияның
императивтік мандатын іске асыру, фракция
мүшелерінің Мемлекет басшысының стратегиялық
бағыты мен партияның саясатын жүргізу
тетіктеріне басты орын
Парламент Мәжілісінің Регламентіне
партия фракциясының қағидатты түрде
жаңа рөлін қамтамасыз ететін
Сөз жоқ, саяси партияның парламенттегі
қызметіне осы тұрғыдан келу Қазақстан үшін мүлдем жаңа
“Нұр Отан” ХДП-ның мақсаты
Қазақстанның көп партиялық жүйесінде
жетекші орында болу – фракция жұмысының
барынша тиімді болуын, Қазақстан халқының
бірауыздан қолдауына ие болған Мемлекет
басшысының саяси бағдарын жүзеге асыруға
тұрлаулы тірек болып табылатын Мәжілісті
жіті жұмыс істейтін тетікке айналдыруды
қамтамасыз ету. 2012 жылы Мәжіліске сайлау
қорытындылары бойынша партия 80.99% дауысқа
ие болды. "НҰР ОТАН" партиясынан
Парламенттің төменгі палатасына партиялық
тізім бойынша 83 депутат сайланды.