Саяси партиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 22:30, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы–мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек, оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.
Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
Негізгі бөлім
I тарау. Саяси партиялар
1.1 Саяси партияның тарихы...........................................................................6
1.2 Саяси партиялардың негізгі атқаратын қызметтері................................7
1.3 Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері....................................................8
II тарау. Көппартиялық жүйе
2.1 Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы......................13
2.2 Қазақстан Алаштан көппартиялыққа дейін.............................................16
2.3 ҚР саяси партиялары
“НҰР ОТАН” Халық Демократиялық Партиясы......................................22
Қазақстан Коммунистік Партиясы...........................................................24
Қазақстан “Ақжол” демократиялық Партиясы.......................................24
Қорытынды бөлім............................................................................................25
Пайдаланған әдебиет........................................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

saiasi.docx

— 89.56 Кб (Скачать документ)

 

 

2. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы

    Көппартиялық жүйе ХХ ғасырда қалыптаса бастады. Ол әсіресе демократиялық мәдениет деңгейі жоғары қоғамдардың саяси өмірінде кеңінен орын алады. Көппартиялық жүйенің қалыптасуына әртүрлі демократиялық саяси процестер ықпал етеді. Оның негізгілері: жалпыға бірдей сайлау құқығының қалыптасуы, сайлауға қатысу жасының, мүлік шартының (цензінің) төмендеуі, либерализм идеологиясының орын алуы, яғни, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарының өзгеруі, мемлекеттің қоғам мен жеке адамдардың өміріне араласуының шектелуі, яғни антиэтатизм принципінің орнығуы.

    Қазір бүкіл адамзат өркениетке жаппай ұмтылыс жасап отырған кезде көппартиялықтың артықшылығына әлем халықтары толық көз жеткізіп отыр. Бұның өзі партиялардың саясаттары халық мүддесіне қаншалықты сай келетінін жеке азаматтардың бағалауына жол ашады. Жеке адамның қоғамдық күштерді, саяси басшыларды, билік түрін қалауынша таңдау жасауына мүмкіндік береді. Көппартиялық жүйе билікке ие болып отырған саяси топтарды, басқарушы партияларды (егер олар өздерінің міндеттерін орындай алмай жатса) алмастыруға жағдай жасайды. Ал мұның өзі қоғамда саяси қызметтерді тиімді жүргізудің алғышарты. Сондықтан да демократиялыққоғамда көппартиялыққа айрықша мән беріліп, бірнеше саяси партиялардың қатар өмір сүруіне мемлекеттік, қоғамдық тұрғыдан қолдау көрсетуге жағдай туады.

  Партиялық топтардың ішінен бағдарламасының мазмұны, идеологиясы, мақсаты, қоғамдық пайдасы туралы қысқаша сипаттама беретін болсақ, бүкіл дүние жүзіне танылған, халыққа беделді партияларға социал-демократиялық топ жатады. Ең бірінші социал-демократиялық партия 1869 жылы Германияда пайда болды. Бұл партия Германия социал-демократиялық жұмысшыларпартиясы деп аталды (ГСДЖП). Бұл партияның мақсаты – жұмысшыларды, шаруаларды, кедейлерді буржуазиялық қанаудан құтқару, олардың еңбек ақысын әділетті түрде төлету, 8-сағаттық жұмыс күнін орнату, шаруаларға жер беру, қоғамның барлық саласында кедейлерге теңдік беру.Ол үшін кедейлерді революцияға көтеріп, байларды жойып, жекеменшікті жойып, социализм орнату. Яғни, ГСДЖП алғашқы қалыптасқан кезде марксистік көзқараста болды. Бірақ кейін ГСДЖП-ның жетекшілері кедейлерге теңдік орнатудың жолы тек ғана революция жасау, социализм құру, байларды жою емес, кедейлердің мүдделерін реформалар арқылы шешуге болады деген теориялық тұжырымдамаға келді. Кейін бұл идеология реформизм деп аталды.

Сонымен, Германия социал-демократиялық жұмысшы партиясы марксистік көзқарастан реформистік көзқарасқа ауысты. Осыған сәйкес 1901 жылы партияның аты да өзгерді: Германия социал-демократиялық жұмысшылар партиясы дегеннің орнына Германия социал-демократиялық партиясы деп аталды (ГСДП). Яғни, “жұмысшылар” деген сөз партияның атынан алынып тасталды. Бұның себебі – осы партияның ісі тек ғана жұмысшылар табының мүдделерін шешу емес, жалпы елге, халыққа қызмет ету болды.

    ГСДП бағдарламасының негізгі мазмұны – кедейшілікпен күресу болды: елде жұмыссыздықты азайту, жұмыссыздарға көмекақы төлету, жаңа жұмыс орындарын ашу, қарт адамдарға зейнетақы төлету т.с.с. Олардың мақсаты осы күрделі әлеуметтік шаралардың барлығын реформалар арқылы шешу (революция арқылы емес). Олар бұл реформаларды жаңа парламенттік заңдар қабылдау арқылы жүзеге асыруды ұсынды.

    ГСДП-ның бұл бағдарламасы халық арасында кеңінен қолдау тапты. Парламенттік сайлауларда халық осы партияға көбірек дауыс беретін болды, нәтижесінде Социал-демократиялық партия парламенттен көп орын ала бастады. Парламент жоғарыда аталған реформалар туралы заңдар шығарды. Сөйтіп, кедейшілікпен күрес бүкіл мемлекеттік іске айналып, жоқшылық реформизм идеологиясын ұстанған елдерде азая түсті. Осындай бағдарламаны ұстанған социал-демократиялық партиялар алғашқы уақытта Еуропада, содан кейін Америка, Азия, Африка елдерінде де пайда болды.

    Қазіргі кезеңде дүниежүзінде 60-тан астам социал-демократиялық партиялар бар. Олардың мүшелерінің жалпы саны 17 млн. адам. Бүгінгі күні социал-демократиялық партиялардың 30-ға жуығы мемлекеттік билікке келіп отыр. Осы партиялар билікке келген мемлекеттерде елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейі жоғары дәрежеге көтеріліп, кедейшілік жыл сайын азая түсуде, ал кейбір Еуропа елдерінде жоқшылық мәселесі күн тәртібінен алынып тасталған.

    Дүниежүзіндегі социал-демократиялық партиялардың 1951жылы құрылған Социалистік Интернационал деп аталатын халықаралық одағы бар. Оған кез-келген партия мүше бола алмайды. Мысалы, ТМД елдерінен жаңадан пайда болған кейбір социал-демократиялық партиялар Социалистік Интернационалға мүшелікке сұранғанда, оларға берілген жауап мынадай болыпты: “Сіздер қоғамдарыңыз үшін қызмет етіңдер, ең алдымен еңбекші халықтың, жұмысшы табының, кедейлердің тұрмыс жағдайын жақсартыңдар, жоқшылықты жойыңдар, бізге мүшелік жөні содан кейін шешілер”.

    Партиялардың құрылуы, өмір сүруі партиялық жүйемен тығыз байланысты. Бұл жүйе елдегі саяси күштердің орналасуы мен өзара қатынастарына сәйкес келеді. Партиялық жүйе партияның мемлекетпен қарым- қатынасын, елдегі саяси тәртіптің мәнін анықтайды. Демек, партиялық жүйе шамасы келгенше мемлекеттік істерге, елдегі басқарушы орындарды құруға, саяси бағыт-бағдар белгілеуге белсене қатысатын саяси күштер тобы.

Партиялық жүйенің үш түрі болады: бірпартиялық, екі партиялық  және көппартиялық. Бір партиялық  жүйе бұрынғы барлық социалистік  елдерде болды. Қазіргі кезде  бірпартиялық жүйе саяси қызмет ететін елдер – Солтүстік Корея, Қытай, Куба, Ливия, Алжир, Заир, Мысыр және т.б. Елдегі партиялық жүйе партиялардың санымен анықталмайды. Мысалы, Қытайда бір партиялық жүйе, бірақ саяси партия біреу ғана емес, онда бірнеше партия бар. Сол сияқты, АҚШ-та, Англияда екі партиялық жүйе, бірақ бұл елдерде партиялардың саны тек екі-екіден ғана емес, екеуінде де көптеген партия саяси өмірге қатысады.

    Сондықтан, партиялық жүйе әрбір елдегі партиялар санымен емес, саяси билікті қалыптастыру рөлімен анықталады. Қытайда мемлекеттік билікті қалыптастыратын Коммунистік партия, АҚШ-та саяси билікті қалыптастыратын негізінде екі партия – республикалық және демократиялық; Англияда парламенттің негізгі палатасын және атқарушы билікті сайлау арқылы қалыптастыратын екі партия – лейбористік және консервативтік. Ал Еуропаның көптеген елдерінде, мысалы, Францияда, Италияда, Германияда мемлекеттік билік көппартиялық жүйе арқылы құрылады. Саяси ғылымның тұжырымдамасы бойынша демократиялық принциптерге көп жағдайда қайшы келетін — бірпартиялық жүйе. Бұл жағдайда қоғамдағы мемлекеттік билік бірте-бірте сол жалғыз партияның қолына өтеді.

    Ресей ғалымы Ю.С.Гамбаров өзінің 1904 жылы жарық көрген “Саяси партиялар бұрынғы және қазіргі кезеңде” деп аталатын еңбегінде былай деп жазады:

    “Әрбір саяси партия әр уақытта қоғамның бір бөлшегі. Егер қоғамда жалғыз партия болып ол билікке келсе, онда мемлекеттік биліктің көзі барлық халық емес, билік халықтың бір кішкене ғана бөлшегінің қолында болады. Бөлшек бүтінге жету үшін оның басқа бөлшектері де болуы керек. Қоғамдағы саяси өмірдің бүтіндігі – ол көппартиялық жүйе”.

    Партиялық жүйе проблемаларын терең зерттеген ресейлік ғалымдар В.В.Водолазов (“Саяси партиялардың бағдарламалар жиынтығы”. Спб. 1905 ж.), П.А.Берлин (“Батыс Еуропа елдерінің саяси партиялары”. Спб. 1907 ж.). Ресей саяси ғылымының көрнекті өкілі Борис Чичерин бірпартиялық жүйе туралы былай деген: “Бірпартиялық жүйе ақырында мемлекеттік билікке айналады. Билік күйреген жағдайда ол партия таудан құлағандай апатқа ұшырайды”. Дәл осындай жағдайға 1991 жылы Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы (КОКП) ұшырады. Тарихтан жақсы белгілі, 1918 жылы бұрынғы КСРО жерінде бірпартиялық жүйе орнықты. Ол 73 жыл бойы әміршіл-әкімшіл тәсілмен басқарылатын мемлекеттік билік жүйесіне айналды. Сайып келгенде, бірпартиялық жүйе көп жағдайда өзін теріс жағынан көрсетудің мысалы болып жүр.

    Екіпартиялық жүйе көбінесе өзара келісімді, тілектес саяси топтарға айналады. Билікке шын мәнінде заңды қарсылық тобы (оппозиция) болмай қалады. Бұл жағдайда ағылшын ғалымы Джон Стюард Миллдің “демократия минус оппозиция = диктатура” деп атап көрсеткеніндей демократияға зияндық келеді. Мысалы, АҚШ-тағы екіпартиялық жүйе туралы батыстың белгілі саясатшысы К.Росситер былай деп жазады: “Республикашылар мен демократтардың арасындағы айырмашылықтар жоқтың қасы. Өйткені, американ саясатының жазылмаған заңдары партиялардың негізгі принциптері, саясаты, сипаты, мақсаты бір-біріне ұқсас болуын талап етеді”.

   Сонымен, партиялық жүйелердің ішіндегі ең озығы, тиімдісі көппартиялық жүйе болып табылады, ол демократияның негізгі принципіне әртүрлілікке (плюрализмге) сәйкес-қалаушылық, таңдаушылық қалыптастырады. Партиялар көп болған сайын қоғамның даму жолдарын, ұстанымдарын қарастыратын бағдарламалар да көбейеді. Солардың ішінен тиімдісін таңдап алып мемлекет басқаруда қолдануға азаматтардың толық мүмкіншілігі болады. Егер билік басындағы саяси топ өз міндетін дұрыс атқара алмай жатса, келесі сайлауда олардың орнына ұсынылатын басқа саяси топ дайын тұрады. Қорыта айтқанда, қоғамдағы көппартиялылық жүйенің саяси маңызы төмендегідей:

1. Әртүрлі саяси мәселелер  қоғамда жан-жақты қаралады (талқыланады). Әрбір партия өз бағдарламасын  жариялайды, өз мақсатын түсіндіреді.  Әртүрлі саяси оқиғаларға баға  беріліп отырады. Басқа партиялардың  қызметтері туралы мәліметтер  жинақталады. Қоғамда өріс алған саяси процесті біреулер жақтайды, біреулер сынайды. Көпшілік елдегі ішкі саясаттың сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынып, ортақ мәселені ұжымдасып шешуге қатыса бастайды, бұқараның саяси сауаты жоғарылайды.

2. Саяси билікке бақылау  жасап отыратын, үстемдік етуші  пікірге пікірталас жүргізетін  топ (оппозиция) мойындалады. Демократиялық  елдерде оппозиция заңды саяси  күш ретінде саналады. Оппозиция  мемлекеттік биліктің қателіктерін  әрдайым ашық көрсетіп отырады.  Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялық  партиялардың болуы үкіметті  тиімді жұмыс істеуге мәжбүр  етеді.

3. Сайлау науқанында саяси  бәсекелестерін жеңу үшін саяси  партия өз мүшелерінің арасында  саяси тәрбие, саяси дайындық  жұмыстарын жүргізеді.

4. Саяси күрес жағдайында  дарынды, саяси білімді, тәжірибе  деңгейі жоғары, саяси қызметке  шын мәнінде қабілеті бар адамдар  анықталып, мемлекеттік билікке  ұсынылады. Кездейсоқ адамдарға  немесе жағымпаздыққа,жарамсақтыққа  жол берілмейді. Көппартиялық жағдайда  кездейсоқ адамдардыңмемлекеттік  билікке келу мүмкіндігі жойылады.

Көппартиялық жүйе – демократиялық  мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі.

    2.1 Қазақстан: «Алаштан» көппартиялыққа дейін

    Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасу тарихы Ресейдің саяси өмірімен тікелей байланысты болды, себебі Қазақстан 1731жылдан бастап 1991жылға дейін алдымен Ресейдің, кейін Кеңес Одағының құрамында болды.

  Ал Ресейде көппартиялық жүйе басқа елдермен салыстырғанда өте кеш қалыптасты, оның себебі демократиялық процестерге кедергі болған Монархиялық билік. Бұл елде ең бірінші болып қалыптасқан Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП)болса, оның өзі де қызметін астыртын түрде жүргізді. 1905 жылы Ресей патшасының арнаулы манифесінен кейін ашық түрдегі партиялар қалыптаса бастады. Оның бірі-Конституциялық демократия (кадеттер) партиясы болды.

    Кадеттер партиясының идеялары: мемлекеттік құрылысты демократияландыру, Ресейде тұратын ұлттардың еркін өздігімен дамуы, яғни ұлттық мәселені шешу, олардан тартып алынған жерлерді қайтып беру, құқықтық, әділетті тәртіпті, заңдылықты іске асыру болатын. Әрине, кадеттердің бұл мақсаттары қазақ зиялыларын қызықтырмауы мүмкін емес еді. Әлихан Бөкейханов және тағы басқа да қазақ зиялылары осы партияға мүше болып кірді. Кейін Ә.Бөкейхановтың бастауымен 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында Қазақстанның 5 облысынан делегаттар съезі шақырылды. Бұнда кадет партиясының қазақ бөлімі құрылып, осы партияның бағдарламасы қабылданды. Бірақ Ресей кадет партиясы да, 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін пайда болған Уақытша үкімет те қазақ халқына байланысты ұлт және жер мәселелерін шешуде ешбір қызмет жасамады. Осының бәрі Ә.Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, “Алаш” партиясын құруға мәжбүр етті.

    “Алаш” 1917 жылы 21-25 шілдеде (3-8 тамыз) Орынборда болған бүкілқазақтық съезде дербес саяси партия ретінде қалыптасты. Осыдан кейін А.Бөкейхановтың басқаруымен партияның Екінші бүкілқазақтық съезі өтті.1917 жылы желтоқсанның 5-13-күндері өткен Екінші бүкілқазақтық съезі Қазақстан тарихы үшін маңызды оқиға саналады. Дәл осы съезде ұлттық Алаш мемлекетін орнату мақсатымен “Алашорда” уақытша халық кеңесі –жаңа үкімет құру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл тарихта Қазақ хандығынан кейін құрылған екінші мемлекет болды.

    “Алаш” партиясының бағдарламасында төмендегідей демократиялық құндылықтар бар болатын, олар:

-“діни нанымына, шығу  тегіне және жынысына қатыссыз  адамдар тең құқылы”;

-“мемлекеттік шенеуніктер  заңсыз жолмен ешкімді ұстай  алмайды”;

-“мемлекеттік қызметшілер  қожайынның рұқсатынсыз ешкімнің  тұрғын үйіне кіре алмайды”;

-“соттың қарауынсыз және  шешімінсіз бас бостандығынан  айырмау”;

-“жиналыстың, бірлестік  құрудың, сөздің, газет, кітап  шығарудың еркіндігі”. Өкінішке  орай “Алаш” партиясының өмірі  ұзаққа созылған жоқ. Кеңестік  үкімет билікке келісімен-ақ оларға  «ұлтшыл партия» деген айып  тағылып, кейін күшпен, зорлықпен  жабылып қалды. Ал “Алаш” партиясы  қайраткерлерінің тағдыры қайғылы  аяқталды, олар сталиндік жазалаудың  құрбаны болды.

    Қазақстан тарихында “Алаш” партиясының алатын орны айрықша. Егер жоғарыда аталған осы партияның бағдарламасына қайтадан жүгінетін болсақ, бұл партия Қазақстандағы алғашқы либерал-демократиялық партия болды.

    Тарихи тұрғыдан алатын болсақ аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – “Алаш” атын алған партия – қазақ даласындағы алғашқы дербес партия болды. Кейін, 1918 жылдан бастап Қазақстанда бір ғана саяси партия — коммунистік партия болды. Бірақ ол, біріншіден, Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының (КОКП) бөлімі (филиалы) ретінде ғана өмір сүрді. Екіншіден, КОКП-ны партия емес, мемлекетті жеке-дара, шексіз билеген әзірейіл (монстр) деп атаған да дұрыс болатын.

Информация о работе Саяси партиялар