Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 18:29, курсовая работа

Краткое описание

Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс_Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері.doc

— 350.00 Кб (Скачать документ)

 

3. қр азаматтары арасындағы Маскүнемдік пен девианттық мінез-құлықтың таралуына қарсы күрес шаралары мен осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары

 

 

ҚР тұрғындарының арасындағы маскүнемдік пен девианттық мінез-құлықтың қалыптасуына нәтижелі күрес жүргізу үшін мемлекет бірінші кезекте тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастыруы қажет. Нашақорлық, маскүнемдік пен қылмыстың алдын алу үшін елімізде жалпы адамдар құқықтарын қорғаудың және ел тұрғындары арасындағы қылмыспен күресудің жаңа әдістерін шығарып, оларды тәжірибе жүзінде қолданып өту қажет. Осы бағытта келесідей іс-шараларды атап өтуге болады.

Ең алдымен девианттық мінез-құлықтағы адамдар және  маскүнемдерді тәрбиелеу мен олардың санын азайту үшін жанұя ролін жоғарылату қажет. Бұл балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен түрлі жаман әдеттердің алдын алудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ерте заманнан белгілідей барлық кемшіліктер жанұядан бастау алады. Балалар үшін жақсы отбасылық мүмкіндіктер мен рухани тәрбиені құру арқылы мұндай проблемаларды түпкілікті жою мүмкін болады.

Берілген бағытты іске асыру жанұяға қатысты және қатыссыз проблемаларды шешуді қажет етеді. Девиантты мінез-құлықты баланы ғана қайта тәрбиелеуден өткізбей, сонымен қатар сол баланың отбасына да көмек көрсеткен дұрыс. Әлеуметтік тәуекелі жоғары жанұяларға жәрдемдесудің жаңа формаларын тәжірибеге енгізген жөн. Мысалы, сондай отбасылармен тиісті мемлекеттік органдардың өзара көмек көрсету туралы келісімдер жасауы абзал. Кәмелет жасқа толмаған балалары бар отбасыларға психологиялық, педагогикалық кеңес беру, бұндай жанұядағы жанжалды шешуге жәрдем беріп, ата-анамен балаларының арасындағы қарым қатынасты нығайтуға жағдай жасау қажет. Балаларды салауатты өмір салтын үйренуге, қоршаған ортаға деген теріс көзқарасты болдырмауға ықпал еткен жөн.

Әлеуметтік тәуекелі жоғары адамдарға көмек көрсететін мекеменің мамандары кәмелет жасқа толмаған, білімді, арнайы көмек беру үшін адамның құқықтарын қорғау барысында әр түрлі дәрежедегі нақты қандай көмек көрсету керек екендігін шешіп алуы тиіс. Мемлекеттің көмегі мен арнайы қолдауын қажет ететін азаматтарды анықтау барысында мынадай критерийлерді ескеру қажет: мұндай категорияға жататын азаматтың негізгі көрсеткіші азаматтың «әлеуметтік статусы» болып табылады. Яғни, оған мүгедек азаматтарды, денсаулығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, әлеуметтік аурулармен ауыратын (АИВ, ЖИТС, туберкулез, нашақор, араққұмар, созылмалы патологиялық аурулармен ауыратындар, психикасында ауытқушылығы бар) азаматтар жатады. [11, б.94]

 «Өмір сүріп отырған регион» критериі, оған – микроэлементтер жетіспейтін немесе дефицит территориялардағы өмір сүріп отырған, антропогендік зақымдалған жағдайда өмір сүріп отырған, техногенді апат аумағында тұратын, мигрант балалар (қашқындар, босқындар, ТМД мемлекеттерінен жұмыс істеуге келген, оқуға келген студент, аспиранттар) жатады.

«Әлеуметтік қаупі бар  отбасы» критериі – бұлар толық  емес отбасылардың, ата-анасы айырылысқан отбасылардың, жағымсыз әдеттерден зардап шеккен отбасылардың (нашақорлық, араққұмарлық, токсикомания), әлеуметтік қауіпті отбасылардағы (криминалды, жезөкшелікпен айналысатын), ата-аналары тоталитарлық секталармен айналысатын отбасылардың балалары жатады.

Актуалды мәселелердің қатарына қазақстандықтардың пікірінше  криминогендік жағдайдың басым  болғандығы кіреді. 2009 жылы Жаманбалаеваның  жүргізген зерттеулеріндегі эксперттік бағаға сүйенеміз, ол зерттеудің нәтижесінде  эксперттердің пікірі республикадағы криминогендік жағдайға баға беру келесі көрсеткіштерді көрсетеді - "ең жоғарғы" (12-кестені қараңыз). Осы криминогендік деңгейі білім беру саласындағы қызметкерлермен мәдениет ұжымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарындағы жұмыскерлермен бағаланады, олардың арасында алтыншы-сегізіншісі олардың алдындағы тұрған басты мәселе ретінде бағалайды. Администрация мен құқық қорғау орындарының өкілдерімен басым көпшілігі (83%) криминогендік жағдайға «қарапайым» деп баға береді.

Арнайы бір жас өспірімнің қатысты және шартты жағдайдағы криминалдық мінез-құлықтың осы және басқа , әрекеттерін жасау немесе, тек қана жас өспірім емес арнайы бір топтың осындай әрекеттерге баруы екіталай.

«Криминалды жасөспірімдер» түсінігінің өзі заңбұзушы азаматтар  санасында едәуір сапада «жасырын» болып табылады. Көптеген кәмелетке толмағандар болашақтағы криминалистер емес болған күнде де қандай да бір деңгейде өздері «криминалдылық зардаптарын» өздерінің саналарында, мінез- құлықтарында тартқандар. Әлеуметтік дезадаптация факторының және «зардаптардың» жоғалуы, жасөспірімдердің санасында криминалдық және криминалдық емес әрекеттердің формасын ажырата алатындығы мәлім болды, олар және арнайы жағдайларда ішімдіктерді ішу, анаша өнімдерін доксикалық заттарды тұтыну қазірден бастап айтарлықтай көлемдегі мәселелер. [12, б.77]

Балалардың үйінен кетіп  қалуына әсер ететін факторлардың пайда  болу жағдайларының алдын алу  қажет. Бұл үшін әлеуметтік тәуекелі жоғары жанұялармен бірлесе отырып тиісті мемлекеттік органдар жұмыс  жасауы керек. Осы механизмді іс жүзіне асырудың негізгі құралы ретінде қайта оңалту полистерін қолдануға болады, бұл полистер тұрмысы нашар және әлеуметтік жағынан қиын отбасыларға және девианттық мінезді балаларға беріледі.

Жоғарыда айтылғандарды  ескере келе, девиантты мінез-құлықты азаматтарға мемлекет тарапынан мынадай көмек түрлерін көрсеткен абзал:

  1. Медициналық көмек:

- тегін медикаменттермен қамтамасыз ету;

- тегін санаториялық  типтегі емдеу-сауықтыру орындарына  жолдама беру;

- әлеуметтік қауіпті азаматтардың барлығына міндетті тегін диспансерлік көмек;

  1. Әлеуметтік-педагогикалық көмек:

- әлеуметтік қауіпті азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында мамандардан жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдерімен аралық қарым-қатынасын орнату;

- отбасында туындайтын  мәселелерді шешу мүмкіндіктеріне  бейімдеу;

  1. Әлеуметтік көмек:

- аз қамтылған отбасыларға  көмек көрсету;

- әлеуметтік қауіпті азаматтарды жұмысқа орналастыруда көмек көрсету;

- қиын жағдайға қалған отбасыларға материалдық көмек көрсету;

  1. Құқықтық көмек:

- құқықты бұзған әлеуметтік қауіпті азаматтарға тегін қорғаушы тауып беру және заң тұрғысында тегін кеңес беру;

- әлеуметтік қауіпті азаматтарға тегін кеңестік қызметтер ұйымдастыру;

Ішкілікке үйір болып  туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым  да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан  басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Девиация мен маскүнемдікті ең алдымен әлеуметтік құбылыс ретінде адамдық іс-әрекеттердің массалық формасы ретінде қарастырады, ол арнайы қоғамның тарихи дәстүрмен қалыптасып келе жатқан және ресми қалыптасқан әлеуметтік нормалардан ауытқуын қарастыруға болады. «Девианттық мінез-құлық дегеніміз - бұл жалпымен қабылданған моральдық, құқықтық және әлеуметтік нормаларға сәйкес емес адамдар өмірінің бейнесі немесе іс-әрекеттер, ол тұлғаға, әлеуметтік топтарға және қоғамға тұтастай зиян келтіретін (немесе пайда әкелетін), сол сияқты қоғаммен талқыға түсетін (немесе қолданатын) пікір және қоғамның қолдауын табатын немесе істелінген зияндары үшін жауапкершілікке түседі».

Әлеуметтік девиация мынадай жағдайларда пайда болады:

- қоғамдық тәртіптің,  теңдіктің бұзылуы, нәтижесінде  кері ұйымдастыру пайда болады.

- Индивид пен қоғам  арасындағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық  жағдайы қайыршылыққа, отбасылық байланыстардың тарауына, тұлғаға әлеуметтік институттардың және басқа әсер етулердің әлсіреуіне алып келеді.

Қоғамдық қатынастарға тигізген зиянның деңгейіне байланысты, әлеуметтік жиынтықтардың, топтардың, және жекелеген азаматтардың қызығушылықтары, сол сияқты бұзылатын әлеуметтік нормалардың ішінен девианттық мінез-құлықтың негізгі түрлерін ажыратуға болады: деструктивтік мінез-құлық, ол тек қана тұлғаға және жалпымен қабылданған нормаларға сәйкес келмейтін мораль нормаларына (жинақылық, фанатизм, конформизм, мазохизм және т.б.) зиянын тигізеді; заңға қайшы мінез-құлық (қылмыс және басқа да заң бұзушылықтар).

Қоғамдық жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі  өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып  отыр. Бұл дегеніміз қоғамдағы мектеп, отбасы орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік  саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында” Балаларына қамқорлық жасау жане оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы ” делінсе. ” Қазақстан - 2030 ” бағдарламасында. ”Әкелер мен аналараталар мен әжелрдің өз балалары  мен немерелері  алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы ” туралы ескертілген. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті , саналы , иманды да ибалы, Отанының  сүйікті жане кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек . Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек. Өйткені Қазақстанның болашағы келер ұрпақта болғандықтан жастардың психологиялық , физиологиялық денсаулығы халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жайында қолға алынуы тиіс.

Өкінішке орай, балалар мен ел тұрғындарының арсаында девианттық мінез-құлық пен маскүнемдіктің таралуы қоғамымыздың ең бір ауыр проблемаларының біріне айналып отыр, өйткені бұл жасөспірімдер арасында қылмыстың өрщуіне себепкер болып отыр.

Қазіргі таңда болып  жатқан қылмыс, бұзақылық ,  ұрлық , зорлық - зомбылық , жеткіншектер арасындағы суицидтың  көбейуі, үйден кету, қыздардың жеңіл  жүрістері , бастауыш сыныптағы балалардан ақша алу тағы басқа болып жатқан қылмыс айыптыларының басым көпшілігі панасыз қалған 11 - 18 жас аралығындағы жеткіншектер екенін көрсетіп отыр. Дәлірек тоқталсақ, 14 жастағылар - 11% , 15 жастағылар - 7%,  16 - 17 жас аралығындағылар - 42%, көбіне көп 14 жасар балалар қылмыстық істерді топтасып жасайды. Ал қыз балалар тарапынан жасалған жалпы қылмыстың 5%  құрайды. Бұл дегеніміз, қазіргі нарықтық қоғамдағы адамдар арасында қарым-қатынас пен психологиялық қысым, әсіресе, жас буын психологиялық денсаулығының бұзылуына алып келуде. Қазақстан Республиканың өзінде, тіпті әлемдік деңгейде халқымыздың психологиялық , физиологиялық денсаулығын сақтау адамзат алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр.

Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Алкоголизмнің жауыздық қасиетін өз уақытында өмір сүрген алдыңғы қатарлы адамдар да түсінген. Әйгілі неміс діни реформаторы Мартин Лютер: «Әр елде өзінің жын-перісі болуы  керек: біздің немістердің жын-перісі – мақтаулы бір күбі шарап» деп жазған.

Ішкілікке үйір болып  туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым  да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан  басындағы отырыстар ырду-дырду  араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.

Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.

Бұл проблеманы оның шығу себептерін зерттей отырып тамырына балта шабу арқылы ауыздықтай аламыз. Жоғарыда айтылғандай балалар девианттық мінез-құлық пен маскүнемдіктің пайда болуына әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайлар әсер етеді екен. Мемлекетте саяси тұратқтылық орнап, халықтың әл-ауқаты көтерілсе қылмыскерелр мен нашақор, маскүнемдердің саны да кемитін еді. Қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылатын жемқорлық та проблеманы толықтай шешуге үлкен кедергі келтіруде. Қанша проблеманы жоюға тырысқанымызбен, қоғамынң рухани мәдениетін көтермей біз ешқашан бұл мәселені түбірімен жоя алмаймыз.

Информация о работе Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері