Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 18:29, курсовая работа

Краткое описание

Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс_Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері.doc

— 350.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Білім  және ғылым министрлігі

Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы: «Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері»

 

Пәні: Әлеуметтік жұмыс тарихы мен теориясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: СР-12 с/к тобының студенті

Макишева Р.

 

Тексерген: Байшукенова Т.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2011

 

 МАЗМҰНЫ

 

 
кіріспе

 

 

Әлеуметтенудегі девиантты  мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль  Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

- қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық  жағдай, мемлекеттік саясат, салт  дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары,  т.б.);

- тұлға бар әлеуметтік  топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);

- микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және  деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас  типі, отбасындағы тәрбие стилі,  достар, басқа да маңызды адамдар).

Адамдардың ауытқитын  мінез-құлығына жасайтын социологиялық зерттеулердің маңызы қазіргі кезде өте зор, себебі, бір жағынан алғанда қоғамдық тәртіпті бұзушылардың ішінен жас ұрпақтың, әсіресе біздің қазіргі кездегі студенттеріміздің үлесі мол, ол халықтың басқа да жастық топтардың арасынан салыстырғанды, екінші жағын алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, мотивтердің, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтеді. Осыдан барып жастардың девианттық мінез-құлықты бастан кешіруі жастардың ортасындағы негативті құбылыстардың болуымен байланысты болып келеді.

Қазіргі кездегі адамдар  үшін ең маңызды мәселе ретінде бірнеше  кедергілер, қиындықтармен ұшырасып отырады, ол жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесіндегі  бастапқы капиталдың жоқтығы, осының барлығы едәуір толғандыратын мәселелер болып табылады. Сонымен қатар еңбек нарығындағы төмен бәсекелестік жағдайлары, профессионалдық білімдер мен тәжірбиенің жетіспеуі, осының салдарынан еңбек нарығындағы тұрақты орындарын таба алмай адамдар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың өсуі мен жұмыссыздық мәселесінің бел алуы таң қалдырарлық жәйт емес. Қоғамдағы қалыптасқан вакуумдағы моральдық құндылықтардың жоғалуымен қатар, орындарын таба алмай тұлға ішімдікке, нашақорлықка әуестене бастайды, өздерін қоғамдық ағымға қарсы коюмен жол табуға үйір бола бастайды. Бұндай құбылыстар адамдар арасында массалық көлемді алып келеді, яғни бұл құбылыстар қоғам моральдық-психологиялық жағдай өз әсерін тигізеді. Бірақ та әлеуметтік шындық адамдардың қылмыстық әлемге бой алдыруға  жол бермейтін механизмдерді әлі ойлап таба қойған жоқ.

Елімізде девиантты мінез-құлықтың таралуымен нәтижелі күрес жүргізу үшін мемлекет бірінші кезекте тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастыруы қажет. Қылымыскерлер, нашақорлар мен маскүнемдердің алдын алу үшін жалпы ел азаматтарының құқықтарын қорғаудың және жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресудің жаңа әдістерін шығарып, оларды тәжірибе жүзінде қолданып өту қажет.

Курстық жұмыстың өзектілігі ел тұрғындарының арасында девиантты мінезқұлықтың және маскүнемдіктің кең таралу себептерін толықтай зерттеп, қоғамымыздың қауіпті мәселесіне айналған осы бір проблеманы алдын алу мен жоюдың бағыттарын талдап қарастыру. Жұмыстың негізгі мақсаты ҚР азаматтарының арасындағы маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерінің қазіргі жағдайына талдау жүргізіп, бұл проблеманың алдын алу шараларына тоқталып өту. Осыған орай келесідей міндеттер қойылды:

- қоғамдағы маскүнемдік және девианттық мінез-құлықтың даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктерін ашып көрсету;

- маскүнемдікті қауіпті әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру;

- ҚР азаматтарының арасындағы маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерінің алдын алу шаралары мен әдістерін қарастыру;

 ҚР азаматтарының арасындағы маскүнемдік пен девианттық мінез-құлықтың таралуына қарсы күрес шаралары мен осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдарына тоқталып өту;

Курстық жұмыстың ғылыми-әдістемелік  негізі болып отандық ғалымдар мен жалпы және әлеуметтік педагогика саласындағы мамандардың еңбектері, статистикалық және педагогикалық басылымдардың жариялымдары, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері, ҚР Балалар құқығын қорғау комитетінің материалдары, мерзімді баспа мәліметтері мен Интернет ресурстары табылды.

 

1 Маскүнемдік және  девианттық мінез-құлқын әлеуметтік  жұмыс проблемасы ретінде зерттеудің  теориялық-методологиялық негіздері

1.1 Маскүнемдік және девианттық  мінез-құлық даму классификациясы,  тенденциялары мен түсініктері

 

 

Социология шегінде арнайы социологиялық теория пайда болды және қалыптасты - девианттық (ауытқитын) мінез-құлық социологиясы. Әсіресе осындай атпен қырыққа жуық зерттеу комитеттерінің халықаралық социологиялық ассоциациялар жұмыс істеуде. Оның қайнарының басында Эмиль Дюркгейм тұрды, арнайы ғылыми бағыт ретінде тұрақты құрылуы ең алдымен Р. Мертонға, А. Коэнға, К. Томасқа және А. Знанецкийдің еңбектерінен көрінеді, олар әлеуметтік дезорганизациядағы универсалды процесстерді әлеуметтік өзгерістерістердің бөлінбейтін бөлшегі ретінде қарастырды, Р.Феррис, Э.Тириакьян, Т.Шибутани және басқалары девианттық мінез-құлықтың әртүрлі формаларын әлеуметтік дезорганизация формалары ретінде қарастырды.

Маскүнемдік – адамзаттың хас жауы. Ол – арманына жетуге асығып келе жатқан жастардың жолында тұрған тосқауыл, кездессе үмітін үзіп, желкесін қиюға даяр тұрған қарақшы. Немістің ұлы ақыны Гете осыған байланысты: «Адам баласы арақ ішіп мас болмаса, ғаламат табсытарға жетер еді» - деп жазған болатын.[1, б.54]

Маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелері әлеуметтік жанжал теориясының негізінде қарастырылады. А.Коэн әлеуметтік топтарға нақты қауіпті оның ұйымшылыдығын қалыптастырып, топтық нормалардан оның мүшелерінің ауытқуын азайтады және сонымен қатар ауытқитын мінез-құлық жасайтын топтың мүшелеріне қатысты топтық репрессияға ұшырататындығы басым көрінеді. Жанжал теориясына катысты, әлеуметтік жүйедегі мінез-құлықтың мәдени бейнелері ауытқитын мінез-құлық болып табылады, егер ол басқа мәдениеттің құндылықтарына негізделген болғанда. Девианттық ауытқитын мінез-құлық теориясы арнайы социологиялық теория ретінде кұрылымдық функционализм теориясының аясында дамиды. Р. Мертон аномия теориясын қолдана отырып, девианттық мінез-құлық теориясын мәдениеттің жасайтын мақсаттарымен әлеуметтік-ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда болған келіспеушіліктер деп түсіндіреді. Оның пікірінше әртүрлі топтар үшін біркелкі емес мақсаттарға жетудің ресми жолдары қоғамның ресми құрылымымен қамтамасыз етіледі және осылардың функционалдық жетіспеушіліктері мақсатқа жету үшін колданатын бейресми құрылымдардың пайда болуына негіз болады.

Девианттылықты бағалау  критерийі бұқаралықтың достастығына, «өзіне» және «басқаларға» деген  бірлігінен, бір біріне келісімге  келу мүмкіндіктерінің тудыруы өздерінің «мендігін» шектеу арқылы. Бұл жерде адамның қай шекте девианттық мінез-құлықтағы екендігін анықтайтын шекараны анықтау қажет. Осы критерийдің негізінде жеке және қоғамдық қызығушылықтардың принциптерінің сәйкес келуі негізделген. Бұл жерде менің еркіндігім басқа адамның еркіндігімен шектеледі - бұл ең басты принцип, осыны бұзған адам, яғни девиант болып саналады. Сол үшін де девианттық мінез құлықтың ең негізгі рационалды критерийі ретінде осы мінез-құлықтың түрінің зияны мен қоғамдық пайдалылығын қарастырамыз. [1, б.67]

Девианттық мінез-құлыққа  баға беру критерийін анықтау бір  жақты емес, себебі біздің қоғамымызда  қандай мінез-құлықты девианттық деп  айту және оны ажырата білу өте  қиын. Девиацияның әсіресе айқын  көрінетін мысалдары ретінде  адамгершіліктің жоқтығын көрсететін іс-әрекеттер, олар әрқашанда талқылауларға түсіп отырады, бірақ бұл жерде оларға толықтай, нақты анықтама беру өте қиын. Бірақ кісі өлтірудің өзі арнай жағдайларда ақталып жатады. Мысал ретінде алғашқы қауымдық кезеңде ашығу кезеңінде кісі өлтірушілік талқыға түспейтін, яғни ол жағдайдың қысымымен жасалған іс-әрекет деп түсінген. Ол айып тағулардан босатылған, ол өндірістік күштер қатайған кезден бастап және қоғам материалдың жағдайларды жасай алатын кезеңнен бастап, яғни бала шағасын асырау үшін, денсаулық үшін неше күш керек соның барлығына есеп бере алатын болған кезеңнен бастап ол барлық жеңілдіктерден болады, яғни біз үшін қылмыс болып табылады. Біз көріп отырғанымыздай іс-әрекеттің бағасы тарихтан бері заман өткен сайын өзгеріп отыруда және олар әлеуметтік-экономикалық себептермен ұлттық дәстүрлер мен мәдениетпен өзгеріске ұшыраған құндылықтар қатар ажыратылады.

Көптеген жұмыстардың  нәтижесінде девианттық мінез-құлық  концепциясының позициясына деген  сенім күмәнға ұшыраған, оның негізгі нүктесі - әлеуметтік норма. Көптеген батыс зерттеушілері (Г. Беккер, Д. Китсус, К. Эриксон, және т.б. дамытқан теориялар былай дейді: іс-әрекеттерді девианттық деп мойындау үшін қоғамдағы әлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен анықталады. Бірақта осындай қорытындылар тапсырмаларды жеңілдетпейді, себебі "билік етуші деген ұғымның өзі объективті емес баға беруде, билік ететін топтардың өзінің жағдайларын ұсынады және азшылықтың мінез-құлығының түрлері, олардың дәстүрлері мен салттарымен әлеуметтік жағдайларымен санаспағандығынан барып туындайтын түсінікті девианттық деп айтуға болады. Бұл жерде шешуші маңызды ол мінез-құлықтың өзі емес, адамдардың оған деген қарым- қатынасында болады. Аяуды білмейтін қоғам тіпті қорғаусыз адамды да, тіпті  адал, кінәсіз адамды даттай алады, яғни оны девиант жасай алады.

Қазақстанда осындай  мінез-құлықтың элементтері, мысалы, қылмыскерлік,іішмгерілк,нашақорлық және суицид(өзін-өзі өлтірушілік), көптеген ұзақ уақыттар бойы осыларға сәйкес келетін пәндердің аясында зерттеліп келеді. Олар криминалогия, наркология және т.б. мен. Ал социологиялық зерттеулер 60-шы жылдардың соңы мен 70-жылдардың басындағы Я.И.Афанасьевтің және тағы басқалардың еңбектерінде көруге болады.

Ал Қазақстанда осы  мәселелерді кейінгі жылдары ғана зерттей бастады. Девианттық социологияның дамуы мен институциялануына деген үлкен еңбекті академик В.Н.Кудрявцевке тиесілі. [2, б.74]

Қазіргі кезеңдік, отандық  девианттық мінез-құлық социологиясында  Д.К.Қазымбетованың анықтауынша, девианттық мінез-құлық дегеніміз-адамдардың өмір салтындағы жалпымен қабылданған нормалар мен моральға, құқықтық және басқада әлеуметтік нормаларға сәйкес келмейтін, тұлғаға, әлеуметтік топтарға немесе қоғамға зиян тигізетін (немесе пайда әкелетін), қоғаммен қолдау табатын немесе тигізілген зияндар үшін әлеуметтік жауапкершіліктер тартатын іс-әрекеттер, қимылдарды жатқызамыз. Ал делинквенттік мінез-құлық дегеніміз-күрделі заң бұзушылықты аңғартады, олар қылмыстық жауапкершілік тартуға апарып соғады.

Девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлықтан өзгешелігі, девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлыққа қарағанда кеңірек түсінік ретінде қарастырылады. Девианттық мінез-құлық деликвентті мінез-құлықты өзінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Девиация-нормалардың кез-келген бұзушылықтарын айтамыз. Ал делинквенттік-ол тек қана қылмыстық жауапкершіліктерді алып жүретін мінез-құлық актілеріне жатады. Ауытқулардың осындай түрлерге бөлінетіндігіне қарап негізделген саясат құруға болады, ол практиканы профиалктикаға бағыттап отырады. Және де барлық аутқуларды жою емес тек қана негативті аутқуларды жоюға көмекетседі. Девианттық мінез-құлық теориясының зерттеуіне Ш.К.Жаманбалаеваның диссертациясы көп үлес қосты, ол мынадай тақырыпта «Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік мәселелері»/4/ және оның монографиялары. Бұл еңбектерде автор- девианттық мінез-құлық дегеніміз мінез-құлық актісі деп әділдікпен айтады, ол адамдардың іс-әрекеттері немесе өмір салттары, арнайы қоғамда қабылданған әлеуметтік нормалар мен заңгерлік негіздегі салдарлы қағамдық санкцияларды бұзатын іс-әрекеттерді айтамыз. Берілген анықтама біріншіден, осы мінез-құлықтың барлық көріністерін қамтиды, екіншіден аутқуды, тек ресми жағынан ғана емес, сонымен қатар, айтылмаған әлеуметтік нормалардағы бейресми аутқитын мінез-құлық формаларында қарастырады; үшіншіден, санкцияның әртүрлін қамтиды, олар көбінде өздері девияцияға алып келеді-ол топтық аутқудан, қоғамдық жақтырмауға және толығымен қоғамнан бөліп тастауға алып келетін санкциялар. [2, б.98]

Бірақта девиянттық мінез-құлықтың критерииін анықтау өзгеруде, бұл жағдайда біз бір іс-әрекетті девианттық немесе оған жатқызбауымызда мүмкін, яғни ол әртүрлі қоғамдарда салт дәстүрлерге, өмір шарттарына байланысты өзгеірп отырады. Әлеуметтік процестердің динамикасы, қоғамдық өмірдің әртүрлі аймақтарындағы кризистік жағдайлар девиациялық процестердің өсуіне алып келеді. Олар нормадан ауытқитын мінез-құлықтың нормаларынан көрініп отырады.

Әлеуметтік толығырақ  анықтамасын беру үшін, аномия сұрағаның  негізіне мән береміз. Алғаш рет аномия түсінігін қабылдаған социолог Э.Дюркгейм. Аномия түсінігін ол «Индивидтің мінез-құлқының анық реттеушілік процестері,моральдық вакуум, ескі нормалар мен жаңа бағалылықтардың нақты қарым-қатынаста жоқ қоғамдық жағдайды қарастырады».

Ал қазіргі кезеңдегі автор В.Д.Плаховтың пікірінше аномия таза күйінде кездеспейді, себебі кездейсоқ кездесетін процестердің ішінде бірнеше ықтималдылық заңдылықтар кездесін отырады .

Бірақ бұларды бір-бірінен  ажырату мүмкін емес. Кез-келген аномия бірге жүреді.және бір бірін толықтырып отырады. Сол сияқты онда нормативті мінез-құлықтың элементтері болады. Осы аталған жағдайлармен келісуге тура келеді. Қазақстандағы әлеуметтік жағдайды ескеретін болсақ,онда осы мәселелер бізге ауытқитын мінез-құлық белгілерін ажыратуға мүмкіндік береді. Я.Гилинскидің пікірінше әлеуметтік нормаларға қатысты өзінің мазмұны мен мінездемесі жағынан әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ол әр уақытта емес, бір ғана мезгілде, уақытта, бірақ әртүрліқоғамдар арасындаболуы мүмкін .

Негативті аутқулар- шындық нормалардың қандай да бір аутқуларды да қарастырады(моральдық және құқықтық). Осындай қоғамға тұтастай немесе жеке тұлғаға зиян келтіреді, сол үшін де тек қана қатардағы аутқулар емес (девиация,аномия), патология ретінде қарастырады.

Позитивті аутқулар – бұл қандай да бір жалған нормалардан ауытқу (моральдық және құқықтық). Осындай ауытқулар тек қана қоғамға зиян келтірмейді, ол қарама-қарсы оның прогрессивті  дамуындағы жосарларына пайдалы.

Қылмыс -  ол қылмыстық  құқықтың қандай да бір нормаларын бұзатын аутқуды айтамыз.

Деликт – бұл қандай да бір норманың құқықтық түрін бұзатын  азаматтық, административтік және басқа  да ауытқулар.

Девиантты мінез-құлықтың индивидуалды формалары осындай.

Девиантты мінез-құлықтың индивидуалды формалары массалық аутқудың формаларына сәйкес келеді, олар әдебиеттерде мынадай түсініктермен анықталады, «девианттық», «заң бұзушылық», «қылмыскерлік», «деликвенттік», «аморальдық». [2, б.102]

Информация о работе Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері