Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 18:29, курсовая работа

Краткое описание

Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс_Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері.doc

— 350.00 Кб (Скачать документ)

Елімізде қылмыс жасағандар саны да өзгеруде. Соңғы уақыттардағы жасөспірімдер арасындағы қылмыс жасау  фактісінің еселеп артуы елді елең еткізген құбылыс болды. Әлеуметтік қауіпті жанұялар санының артуы, маскүнемдік, нашақорлық секілді қоғамдық індеттердің тыйылмауы, рухани мәдениеттің төменділігі сияқты факторлар қалмыстың жастар арасында кеңінен таралуына жол ашып отыр. .(Қосымша 2) Қылмыс жасаған жастардың саны жылдан жылға көбею үстінде.

Кесте 2. ҚР қылмыс жасаған адамдар саны

 

 

2008

2009

2010

Барлы-ғы

одан кәме-летке толма-ғандар

Барлы-ғы

одан кәме-летке толма-ғандар

Барлы-ғы

одан кәме-летке толма-ғандар

Қазақстан Республикасы

79641

8344

78078

7519

78673

6651

Ақмола

4651

482

4563

446

5074

488

Ақтөбе

3783

298

3735

321

3442

269

Алматы

6289

652

6484

679

6610

488

Атырау

2370

203

2286

166

2267

151

Шығыс Қазақстан

10134

1319

9989

1078

10681

1112

Жамбыл

3387

379

3431

367

3689

368

Батыс Қазақстан

3419

476

3387

446

3083

328

Қарағанды

7176

771

7012

735

6974

664

Қостанай

5864

946

6015

764

5624

588

Қызылорда

3013

273

2671

181

2841

184

Маңғыстау

1934

219

2302

322

2051

216

Павлодар

5573

687

5051

580

5021

511

Солтүстік Қазақстан

3497

358

3147

256

3135

207

Оңтүстік Қазақстан

5409

536

5403

519

5711

513

Астана қаласы

2091

148

2190

144

2421

135

Алматы қаласы

5592

347

5320

337

5420

296

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті


 

Мәліметтерге сүйенсек (Кесте 2) ҚР қылмыскерелер саны кемімей отыр. Соңғы үш жыл деңгейінде олардың саны бірқалыпты болған. Мемлекет ұстанып отырған қылмысқа қарсы күрес саясатының жеткілілкті нәтиже бермей отырғандығын көрсетіп отыр. [8]

Енді девианттық мінез|-құлықтың көрнекті өкілі маскүнемдікке тоқталып өтсек. Маскүнемдіктің кең таралауы республиканың ұлттық қауіпсіздік үшін қауіп-қатер болып табылады. Олар саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, Қазақстан азаматтарының аман-есендік пен денсаулығының, өмірлерінің әлеуметтік қорғалуы сияқты, сонымен қатар қазақстандық қоғамның құндылықтарына залал келтіретін қауіп-қатер мен қауіптіліктен  қорғалуымен анықталатын қоғамдық қауіпсіздікке нұсқан келтіреді. Бүкіл қоғам болып күресуді қажет ететін маңызды бір мәселенің бірі маскүнемдік болып табылады.

 

Сурет 3 ҚР ресми тіркеуде тұрған маскүнемдер саны

 

Суретте берілгендей  елімізде маскүнемдер саны айтарлықтай азаймай отыр. 2010 жылы елімізде тіркеуде болған маскүнемдер саны 300 мың адамға кеп жығылған. Ал кейбір мәліметтерге жүгінсек ел халқының 65% алкогольды ішімдіктерді қолданады екен. Әсіресе жастар мен әйелдер арсындағы маскүнемдік тұрпайы сипат алуда. Мұның барлығы ұлт келешегі мен ел болашағына үлкен сын екені айдан анық. [8]

Қорыта айтқанда, Қазақстанда  девианттық мінез-құлық басты проблемалардың біріне айналуда. Кішкентай ғана елімізде қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік пен  суицид секілді қоғамдық індеттердің арандары ауыздықталмай келеді. Бұлардың барлығы халқымыздың рухани мәдениетін төмендетіп ұрпағымызды аздырары сөзсіз.

 

2.2 Маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері

 

 

Қазақстан Республикасының Парламентінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі қабылданды. Заң жобасын қайта қарастыру жөніндегі қорытындысы бойынша Парламентте 400-ден аса түзетулер енгізілді. Соның ішінде қонымды аппараттар нақтыланып, медициналық көмектің әр алуан түрлігі регламенттелінген. Кодекске аурулардың алдын-алу нормалары мен салауатты өмір салтын  қалыптастыратын, қоса алғанда дұрыс тамақтануды қамтитын «Қоғамдық денсаулықты сақтау» жаңа тарау енгізілді. Бұның бәрі халықтың өмір сүру ұзақтығының артуына жағдай жасай отырып, халықтың денсаулық көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік келтіреді. Алкоголь өнімін пайдалануды төмендетуге, жиырма бір жасқа дейінгі жастарға сатуға және тұтынуға тыйым салынатын шектеулер енгізілді. Темекі бұйымдарын өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінде сатуға, жұмыс орындары болып табылатын ұйымжайларда шегуге және темекі бұйымдарына дұрыс сипаттама бермейтін жалған және дәйексіз мәліметтердің таралуына тыйым салынады. [10, б.64]

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлер кабинеті салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі жөнінде шараларды жасап шығарды. Денсаулық сақтау жөніндегі экс-министр А.Дернованың мәлімдеуінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша адам денсаулығының бар жоғы 10 пайызы денсаулық сақтау жүйесіне және 50 пайызы адамның өзімен, қоғаммен, өмір сапасын таңдау құқы және денсаулықты нығайту мен мүмкіндіктердің қолжетімділігімен қалыптасатын өмір салтына байланысты. Елдегі өлім-жітім санының аса көбісіне жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік аурулары, жарақаттану немес зақымдану, қант ауруларын жатқызуға болады. Соған қоса, шылым шегу, алкогольді теріс пайдаланушылық, ширақтығы кем өмір салтын қолдану да өлім-жітімге әкеледі.

Сонымен адам әлеуметтену  процесі кезінде оның объектісі де , субъектісі де және құрбаны да болады екен . Соның ішінде әсіресе мақсатты бағытталған тәрбие процесінің мәні зор . Әлеуметтенудің тиімділігі көбінесе тәрбиенің гумандық бағытының негізгі принциптерін бірізді де жүйелі жүзеге асыруына байланысты болады. Сондықтан қазіргі таңда мектепте еркін ортаны қарастыру баланың жағымды әлеуметтік тәжірибе жинауына бар қажетті мүмкіндіктерді жасау . Бала келешекте кім болады , іштей кімге еліктейді , идеалды жүзеге асыру үшін қандай жоғары адамгершілік принциптерімен ізгілік құндылықтарын меңгеру керектігін біртіндеп қарым -қатынас жасау барысында қалыптастыру қажет.

Маскүнемдіктің кең  таралауы республиканың ұлттық қауіпсіздік  үшін қауіп-қатер болып табылады. Олар саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, Қазақстан азаматтарының аман-есендік пен денсаулығының, өмірлерінің әлеуметтік қорғалуы сияқты, сонымен қатар қазақстандық қоғамның құндылықтарына залал келтіретін қауіп-қатер мен қауіптіліктен  қорғалуымен анықталатын қоғамдық қауіпсіздікке нұсқан келтіреді. Бүкіл қоғам болып күресуді қажет ететін маңызды бір мәселенің бірі маскүнемдік болып табылады.

Әлеуметтанулық зерттеулер елде 30-39 жастағы 66,7 пайыз ер адамдар  - шылымқор екенін, онымен қосы 13 жастағы  әр үшінші жасөспірім шылым шегіп  көргенін көрсетіп отыр. Халықтың 12 жастан асқан 41 пайызынан көбі аптасына бір реттен аса мықты алкогольді сусындарды, ал әр бесінші жасөспірім кемінде аптасына бір рет алкогольді пайдаланады. 51375 адам, соның ішінде 4621 балалар наркологтардың бақылауында тұр. 86 пайыздан аса 12 жастан асқан балалар және 73,2 пайыз жасөспірімдер ширақтығы кем өмір салтын жүргізеді - деп атап өтті А.Дернова.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша денсаулық сақтау бюджетінің 70-80 пайызға жуығы салауатты  өмір салтын ұстамау салдарынан шығатын, түрлі сырқаттарды емдеуге жұмсалады. Сондықтан да, бірнеше министрліктер қолдануды қажет ететін  түрлі шаралар жасалып шығарылады. Денсаулық сақтау министрлігі халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде ақпараттық-біліми, әдістемелік материалдармен ұдайы қамтамасыз етіп, арнайы мамандарды даярлап отырады. Туризм және спорт министрлігімен бірлесе отырып дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлер қызметінің үйлестірілуі жөнінде ұсыныстарды жасап шығарды.

Жекелеген батыс елдерде  нашақор мен маскүнемдерді емдеу орындарына орналастыру мүмкіндігі қылмыстық заңнамада қарастырылған. Мысалы, Германия Федеративтік Республикасының 1871 жылдың 15 мамырда қабылданған (1998 жылдың 1 сәуіріне өзгеруімен) № 64-1 Қылмыстық Кодексіне сәйкес (Емдеу орындарына маскүнемдіктер мен нашақорларды жатқызу) «егер кімде-кім спиртті ішімдіктерді немесе мас қылатын басқада ішімдіктерді шектен тыс қолданса, ішкілік немесе соған бейім жағдайда құқыққа қайшы әрекеттерге барса жазаланатын болады, немесе ол өзінің бейіміділік салдарынан құқыққа қарсы әрекеттерге баратын, өзін-өзі билей алмаушылығы дәлелденсе онда сот оны жазаламай маскүнемдер немесе нашақорларды емдейтін орындарға жібереді» [11, б.75]

Сонымен, алкоголь ішкіштерге өзінің денсаулығына, бақытына, отбасы өміріне, достық қарым-қатынасына, жұмысына, оқуына, жұмысқа орналасу мүмкіндігі мен қаржылық сияқты жағдайына зиян келтіріп, бірнеше аспектілердің түрлеріне кері әсерін тигізеді.

Бұл келтірілген дерек-дәлелдер салыстыру нәтижесінде шығатын  пайымдау пікірлер төмендегі шараларды жүзеге асыруды нұсқайды:

-мәселенің өзектілігін  ескере отырып, алкогольді теріс  пайдалануда медицина қызметкерлері  алдын-алу, күшейту және пациенттерге  көмек көрсету мен медициналық  көмек көрсету қызметінің профилактикалық  және реабитациялық, емдеу жұмыстарын жүзеге асуының рөлін көтеру;

-әсіресе, азаматтық  қоғамды жұмылдыру және ақпараттандыруда, алкогольді мәселелерге байланысты  жетекші потенциалды күшейтуде  маңызды рөл атқаратын үкіметтік  емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен желілерге  қолдау көрсету;

-сонымен бірге, ойын-сауық  және спорттық шараларды өткізу  кезінде кәмелет жасқа толмағандарға  алкогольді сусындарды сатуға  тыйым салу маңызды. 

2011-жылдың соңына дейін  Қазақстанда жастар арасындағы  маскүнемдіктің алдын алуға арналған  пилоттық жоба жүзеге асырыла бастайды. Бұл туралы, 2010 жылы 14-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі Ұлттық орталықтың бас директоры Айқан Ақанов хабарлады.

"Жастар таңдауы  " қоғамдық бірлестігінің тең  төрағасы Алин Хаматдиновтың айтуынша, бұл жоба Орталық мамандары мен "Жастар салауатты өмір салты үшін " атты қоғамдық ұйым белсенділерінің күш-жігерімен 3-4 айдың ішінде жүзеге асырылады. Жобаның басты мақсаты - жастардың маскүнемдікке және алкогольді өнімдерді тұтынуға қатысты ой-көзқарасын анықтау, сондай-ақ, жастар арасында, соның ішінде мектеп оқушылары арасындағы маскүнемдіктің алдын алуға арналған тәжірибелік нұсқаулар жобасын әзірлеу болмақ. Бұл зерттеулердің қорытындысы 2012-жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қаржылық қолдауымен жүзеге асырыла бастайтын ұлттық жобаға негіз етіп алынады.

А.Ақановтың хабарлауынша, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне жүгінсек, бүгінде еліміздегі алкогольге тәуелді адамдардың саны 463 мың адамды немесе еліміздің ересек тұрғындарының 3,1 процентін құрайды. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартына сәйкес, маскүнемдік дертке шалдыққан адам жақындары, туыстары, көршілері мен айналасындағы 10-50 адамның тұрмыс сапасын төмендетеді. Демек, еліміз тұрғындарының жартысына жуығы жанама тәуелді деген сөз.

Соған қарамастан, елімізде маскүнемдік деңгейінің арту қарқыны  барған сайын үдеп, осындай дертке шалдыққандар арасындағы жастардың  үлес салмағы арта түсуде. Мәселен, 1992-жылдан бері еліміздегі маскүнемдік дертіне шалдығу деңгейі 10 есе артты. Соңғы 3 жылда жасөспірімдер арасындағы маскүнемдікке шалдыққандар үлесі 2 есе артып, әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 410,5 деген көрсеткішті құрап отыр. Бұл ересектер арасындағы осындай көрсеткіштен де артық. Ал балалар арасындағы көрсеткіш те 10 есе өсті.

Жастар арасында маскүнемдіктің өсуіне сыра және күшті спиртті өнімдерді  өндірушілердің жастарға бағытталған  агрессивті жарнамалық саясаты да бір  жағынан түрткі болуда. Соның кесірінен  бүгінде жастар арасында сыра- алкогольді ішімдікке жатпайды деген жалған стереотип қалыптасты. Соның салдары ретінде тіпті сырасыз бір күн де шыдай алмайтын "үн шығармайтын сыра алкоголиктері" аталатын топ қалыптасты.

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымындағы Еуропалық және Оталық Азиялық бюролық бағдарламасының жетекшісі Алмаз Иманбаевтың пайымдауынша, халықты спиртті өнімдермен улаудың қазіргі қарқыны сақталған жағдайда Қазақстан көп кешікпей Ресейдің деңгейіне жетуі мүмкін. Ал Ресей тұрғындарының 8-9 проценті маскүнемдіктен зардап шегеді деген есеп бар. [12, б.34]

Осындай ахуалда, Республикалық  психология, психотерапия және наркология жөніндегі ғылыми-тәжірибелік орталық  директорының орынбасары Ирина Ленскаяның пайымдауынша, осынау аса күрделі  әлеуметтік тауқыметпен күрестің ең тиімді тәсілі - дені сау адамдардың немесе ауруға шалдығу қарсаңындағы адамдардың арасында маскүнемдіктің алдын алу болмақ. И.Ленскаяның айтуынша, маскүнемдікпен күрес және оның алдын алуды насихаттаудың ең тиімді жолы - учаскелік дәрігерлер болып табылады. Адамдар әртүрлі себептермен осындай дәрігерлерге жылына 1-4 мәрте хабарласатыны белгілі. Олардың жай ғана алдын-ала ескертуге бағытталған әңгімесінің өзі маскүнемдікке шалдығу қаупін 15 процентке азайтады екен.

Бүгінгі тандағы қоғамдағы  ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақтың жағдайына айрықша әсер етіп қана қоймай, күн сайын күшіне түскен бұл қолайсыз факторлар девиантты мінез-құлықты адамдардың жағдайын жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді. Мемлекетіміз қаншалықты тез дамып жатқанымен қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекеттің қауқарсыз екендігіне барлығымыз куәгерміз. Мемлекеттік органдардағы жемқорлықты жою, балалар құқығын қорғайтын оңтайлы заңдар жүйесін енгізу, маскүнемдер мен нашақорларға көрсетілетін жәрдемдер сапасын арттыру бұл қоғамдық проблеманы нақты шешуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері