Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 18:29, курсовая работа

Краткое описание

Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс_Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері.doc

— 350.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар, біз девианттық мінез-құлықтың негізгі категорияларын қарастырдық. Енді осыдан абрып көптеген әлі басы шешілмеген сұрақтар қалады: әлеуметтік нормаларға сәйкес келетін кез-келген нормаларды біз ауытқитын мінез-құлыққа жатқыза аламыз ба? Бұл сұрақ неліктен туып отыр, себебі көптеген авторлар «девианттық мінез-құлық»-деген түсінік екі жақты мағына береді, олар бір жерлерде пайдалы іс-әрекеттерге де қатысты айтылатын ұғым(көбінесе жаңалық ашуболады). Курыреваның айтуынша, «девианттық мінез-құлық жағымды жағына да бағытталуы мүмкін, мысалы, оның жазуынша – олар көбінде инициатива,кәсіпкерлік».

Девианттық мінез-құлықтың келесі түрі ретінде, біз – деликвентті  мінез-құлықты айтуымызға болады. Яғни заңға қайшы іс-әрекеттердің барлығы  немесе қылмыстар, социологияда ерекше атау алады, ол деликвентті мінез-құлық  деп аталады.

Құқықтық жәен моральдық нормалар олардың орындалуы мемлекеттік биліктің беделді маңызды және қатысты қарым-қатынасты реттейді. Оларды бұзу қоғамдық қатынастарды тұрақтандырады, және қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Құқықтық нормаларды бұзатын мінез-құлықтар, зиянды заңға қайшы болып табылады. Қоғамдық қатынасатрға шектіретін зиянның деңгейін анықтай келе әлеуметтік жиынтықатрдың, топатр мен жекеелген азаматтардың қызығушылығы, сол сияқты әлеуметтік нормалардың бұзылуының түрлерін ауытқитын мінез-құлық түрлерін ажыратуға мүмкіндік туады, оларды келесі жіктерге бөлеміз: деструктивті міенз-құлық, ол тек тұлғаның өміріне зиян тигізеді де қоғам өміріне жалпымен қабылданған моральдық нормаларға қатысы болмайды,(жинақтыылқ, фанатизм, конформизм,мазохизм), ассоциалды мінез-құлық, ол тұлғаға, әлеуметтік топтарға, қоғамға жәен әлеуметтік нормаларға қаарма-қарсы келеді (ішімгерлік,нашақорлық, өзін-өзі өлтірушілік);заңға қарсы мінез-құлықтар(қылмыс және басқа да заң бұзушылықтар) [3, б.32].

Қорыта айтқанда, девианттық мінез-құлық дегеніміз адамдардың қалыпты психикасының ауытқуы. Мұндай ауытқудың орын алуына түрлі себептер әсер етеді және осы девианттық мінез-құлық қоғамымыздың ең бір қауіпті құбылысы болып табылады.

 

1.2 Маскүнемдік қауіпті әлеуметтік  құбылыс ретінде

 

 

Қазіргі кезде жүрек-қан тамырлары аурулары өлімге душар етуі жағынан бірінші орынға шықты, ал әзірге ем-дауасы жоқ қатерлі дерт – рак. Үшінші орынға шыққан макүнемдік те қыруар адам өмірін жалмауда. Маскүнемдік – денсаулықты тез тоздыратын, адамды аздырып, түрлі сырқаттарға ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін кемітетін қауіпті нәрсе. Маскүнемдік ең алдымен орталық нерв жүйесін уландырады. Араққұмарлардың жасына жетпей ақыл-ойдан алжаса бастауы, ұмытшақ болуы, ұйқыларының бұзылуы, қолдарының қалтырауы, адамгершіліктен жұрдай болуы осының салдарынан. Ішімдікке салынған адамның рухани байлығы азаяды, есілдерті араққа ғана ауады. Маскүнемдік асқазанның тамақ қорыту қабілетін нашарлатып, ас қорыту процесіне пайдалы сөлдердің бөлінуін тежейді. Адамның асқа деген тәбетін төмендетеді, әр түріл қауіпті ауруларға ұрындырады (церроз, созылмалы бауыр ауруы, өкпе эсземасы, стенокардия, полиневрит, тағы басқалар). Орыстың ұлы физиологы И.П.Павлов 20-30 г. арақ немесе бір саптыаяқ сыра 10-40 минут ішінде адамның ойлау қабілетін 16-17 пайыз төмендететінін дәлелдеген болатын. Үнемі ішімдікке салыну ұрпақтың денсаулығына да зиянын тигізбей қоймайды. Нәресте шала тууы немесе ақыл-ойы кем болып тууы мүмкін. Алкогольдің зиянды зардаптары әйелдерге ерекше байқалады. Маскүнемдікке шалдыққандардың 60-70 пайызының балалары алкогольге бейім болып туылады. Қалада болсын, ауылда болсын спирттік ішімдіктер сататын орындар, дүкендер, кафе, барлар жаңбырдан кейінгі қозықұйрықтай дүрілдеп өсуде. Осыншама дүкен, кафе, барлардың қажеттіліг бар ма? Олар кімге пайда, кімге зиян келтіруде. Олар біздің қоғамымызға соншалықты қажет пе? Мереке той жиындарда бірін-бірі ішімдік ішуге қинау, маскүнемдікке итермелеу деген сөз. Сөйтіп «қуанышқа» деп ішкен арақ ақырында қайғыға әкеп соқтырады. Ол біздің қазақ мұсылмандарына жат қылық. Сондықтан ішкілікке қарсы көпшілік болып бітіспес күрес жүргізуіміз қажет. Сонда ғана өміріміз сәнді де мәнді бола түседі. [3, б.28]

Арақ-шараптан адамға келетін  зиянды есептеп шығарудың өзі  қиын. Араққа үйір адамның отбасында бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.

Арақ-шарапты салынып  ішкен адамның бүйрегі мен  бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан  түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.

Алкоголь «нерв уы»  деп бекер айтылмаған. Ішкілік  организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады.

Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.

Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын  естерінде сақтаулары керек. Ана  сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан былай бұл зиянды «дәстүр» халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны талап етіп отыр.

Салауаттылық — денсаулықты  жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің  бір көзі. Сондықтан да халқымыз партияның алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке  қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі — арақ-шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр. [4, б.76]

Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен бо-лар  едік. Бұл күндері «сәнге» айналып  жүрген те-мекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай  қойғанның езінде, темекі план-тациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қа-лыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар.

Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер емірге өксіп - жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы — осы айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін кәнігі маскүнемдердің   бұрынғыдай    жұбын    жазбай    жүру «дәстүріне» жол бермеу.

Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты  өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті  нәрсені ала алмайсың. Адам баласының  жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді  дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. [5, б.87]

Ішкілікке үйір болып  туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым  да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.

Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ  қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.

 

2. қр азаматтары арсындағы Маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық проблемаларын алдын алу шаралары

2.1 ҚР маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерінің қазіргі жағдайына талдау

 

 

Барынша актуалды мәселелердің қатарына қазақстандықтардың пікірінше криминогендік жағдайдың басым болғандығы кіреді. 2009 жылы Жаманбалаеваның жүргізген зерттеулеріндегі эксперттік бағаға сүйенсек, ол зерттеудің нәтижесінде эксперттердің пікірі республикадағы криминогендік жағдайға баға беру келесі көрсеткіштерді көрсетеді - "ең жоғарғы". Осы криминогендік деңгейі білім беру саласындағы қызметкерлер мен мәдениет ұжымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарындағы жұмыскерлермен бағаланады, олардың арасында алтыншы-сегізіншісі олардың алдындағы тұрған басты мәселе ретінде бағалайды. Администрация мен құқық қорғау орындарының өкілдерімен басы көпшілігі (83%) криминогендік жағдайға «қарапайым» деп баға береді. [6, б.102]

Жоғарыда айтып өткендей девианттық мінез-құлыққа қылмысты, өзін-өзі өлтіруді, жезөкшелікті, нашақорлықты және маскүнемдікті жатқызуға болады. Барлыымызғы белгілідей Қазақстанда да аталған жайттардың кең таралғаны белгілі. Соңғы кездері елімізде өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдардың саны жыл санап арта түсуде

 

 

Сурет 1 Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың үлесі

2-суреттегі мәліметтерге  қарасақ 2008 жылы өзіне-өзі қол  жұмсаған адамдардың саны 22 болса, 2009 жылы 23 құрады. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіш  26 адамға дейн өскен. Демек  біздің елімізде суицид кең тараған індетке айналуда. Суицид жасаған адамдардың саны жөнінен Қазақстан әлемдегі алдыңғы 15 елдін қатарына кіреді. Не болса да бұл жайттар еліміздің осы әлеуметтік проблеманы қолға алып, тез арада шешкені дұрыс.

Тағы да бір девианттық мінез-құлықтың қауіпті түрі – нашақорлық. Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады. Ал есірткінің қарамағына бір іліксең, одан аман-есен құтылып шығудың екіталай екендігін ата-аналарымыз, ұстаздарымыз қаншама айтып, теледидар, газет-журналдарда көрсетіліп, жазылып жүр. Нашақорлардың өмірі көбінесе қайғы-қасіретпен аяқталатынын естіп, көріп те жүрміз. Соңғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек елімізде нашақорлар саны да арта түсуде.

 

 

Сурет 2 ҚР ресми тіркеуде тұрған нашақорлар саны

 

Суреттегі мәліметтер көрсетіп тұрғандай, ҚР нашақорлар саны, бірқалыпты, яғни 50 мыңға жуық. [9] Ескерте кететін жайт бұл тек ресми мәліметтер. Кейбір еліміздің мемлекеттік емес ұйымдарының айтуынша нашақорлар саны ресми мәліметтен 5 есеге жуық көп, бұл дегеніміз 240-250 мың адам. Қазақстан сияқты кішкентай елге бұл үлкен көрсеткіш.

Қылмыс жасау да девианттық мінез-құлық түріне жатады. Қылмыс жасауға  көптеген себептер мен факторлар  әсер етеді, солардың ең негізгілеріне  әлеуметтік жағдайдың төмендігі, экономикалық тұрақсыздық, төтенше жағдайлардың орын алуы және т.б. Статистикалық деректер Қазақстанда қылмыстың азаймай отырғандығын көрсетуде.

 

Кесте 1. ҚР 1000 адамға шаққандағы қылмыстылық деңгейі

 

 

2008

2009

2010

Қазақстан Республикасы

83

81

77

Ақмола

88

86

88

Ақтөбе

90

87

85

Алматы

54

52

52

Атырау

80

79

75

Шығыс Қазақстан

89

134

129

Жамбыл

56

60

57

Батыс Қазақстан

86

90

78

Қарағанды

109

83

84

Қостанай

60

94

92

Қызылорда

75

58

61

Маңғыстау

42

78

73

Павлодар

130

134

121

Солтүстік Қазақстан

82

79

76

Оңтүстік Қазақстан

132

43

41

Астана қаласы

75

65

63

Алматы қаласы

117

113

95

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті


 

Кестедегі мәліметтен көріп  отырғандай елімізде қылмыстылық деңгейі  жыл санап азаю үстінде. Мысалы, 2008 жылы бұл көрсеткіш 83 болса, 2009 жылы қылмыстылық деңгейі 81 дейн төмендеген. 2010 жылы қылмыстылық деңгейі 77 құраған.(Қосымша 1) Қылмыстылық деңгейінің төмендеуіне мемлекетіміздің құқықтық салада жүргізген реформалары мен халқымыздың әл-ауқатының артуы себеп болса керек.

Информация о работе Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері