әлеуметтік жұмыс өркениетті қоғм институты ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 22:26, курсовая работа

Краткое описание

Әлеуметтік жұмыс – бұл мүгедектерге, олардың әлеуметтік мүмкіндіктерін арттыру немесе қалпына келтіру, топтар мен қоғамында кәсіптік немесе олар үшін жайлы әлеуметтік жағдайларды жасау. Адамдардың жағдайын жақсартатын ол - әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік жұмыс халыққа қызмет ету және көмекті қажет ететіндерге көмек көрсетумен түсіндіріледі. Әлеуметтік қызметкердің негізгі мақсаты – адамдар, жанұя, тәуекел топтар және т.б. әлеуметтік институттар арасындағы көмек көрсету.

Прикрепленные файлы: 1 файл

әлеуметтік жұмыс өркениетті қоғам институты ретінде.docx

— 56.32 Кб (Скачать документ)

-  Мектептегі әлеуметтік  жұмыс.

Қоғамның барлық балаларға толық білім беруі – қоғамның әлеуметтік денсаулығы және тұрақты дамуына қажетті жағдай жасауы. Алайда бүгінгі күнде толық білім алмаса, ертең қоғамның қатарында жүре алмайды, өзін-өзі қамтамасыз ету қабілетінен айрылады. Бүгінгі күнде сауатсыздар қатары көбейіп келеді, қоғамға бейімделу потенциалы төмендегінен үнемі әлеуметтік көмекті қажет етеді.

Мектептегі оқу процесінде екі мәселе көрінеді:

- Балалардың проблемасы, олар әлеуметтік қызметкердің кірісуімен, көңіл аударуға тұратын мәселе – интелектісі сақталған мүгедек балалар, жетім балалар, көп балалы жанұялар балалары және әлеуметтік жағдайы нашар жанұядағы балалар. Бүгінде осы проблемаларды шешу қажет;

- Үлгерімі нашар оқушы пролемасы. Мұнда ауытқушылықтары бар балалар арнайы білімді қажет етеді, олар бастауыш мектептерде қиындықты көп көреді, яғни үлгерімі жағынан жылдан жылға төмендей береді, денсаулық жағдайы төмендеуі де байқалады. Мұндай балалар бастауыш білімді алмастан мектепті тастайды. Орта мектепте оқуға олар мүмкіндік алмайды, себебі екіншілік үлгерімі төмен және девиантты мінез құлық, тәуекел топтар қатарына жатады.

Көптеген мектептердегі қиындықтардың әр түрлі себептерін, қиындықтарын көп варианттылығымен әрбір баланың болашағының өзіндік құрылуы екі негізгі факторларға байланысты: экзогенді (ішкі) және эндогенді (сыртқы). Сыртқы факторларға жататындар әлеуметтік девианация, яғни онда басқа адамдар мен еркін контакт, өзара түсінушілік болмауынан балалардың қиналуы мүмкін. Сонымен қатар функционалды және психикалық дамудан қалып қояды.

Кешенді мәселені ескере отырып және дұрыс тиімді шешілуі үшін дәрігерлердің, психолог, педагогтардың басқа да мамандардың көмегімен балаға ата-анасына, мұғаліміне теоретикалық және практикалық кеңес негізінді жүзеге асырылуы керек.

Алайда, мектепте өтіп жатқан әлеуметтік проблемаларды әлеметік қызметкерді талаптайды. Тек әлеуметтік қызметкердің көмегімен ғана мектепті кризистік ситуациядан алып шығуға болады. Әлеуметтік қызметкер мектепте топтық кеңес өткізуге, потенциалын дамытуға сонымен қатар жүйелі ұйымдастыру және конструктивті кооперациядағы әр түрлі мекемелердегі тапсырмаларды жүзеге асыруға, яғни мектеп алдында тұрған тек қана оқуға қатысты сұрақтар емес білімге де қатысты өткізілуі тиіс.

Әлеуметтік жұмыс мектепте оқу басқалардың бәріне өзі жауапты болады. Әлеуметтік қызмет мектепте мектеп әкімшілігі ретінде педагогтармен, оқушылармен, ата-ана өзара белсенді ынтымақтастықта болуды ұйымдастырады. Сыртқы құрылымға біліктілік, балаға және мұғалімдерге заман талабына сай әр жақты көмек көрсетуге, жеке бас құқығын қорғауға және бұзуы туралы ескерту. Ол келесі функцияларды атқарады:

  • Мектеп ұжымындағы мүшелерлдің әрқайсысына әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету;
  • Жеке адамды қорғау және бақылау;
  • Қауіпсіздік жағдайын құру, олар жайлы шығармашылық өмірлеріне жағдай жасау;
  • Егерде жеке адамның психикалық жағдайына кедергі келетін болса, ұжымдардың өзара қарым-қатынасын шешу;
  • Мектеп ұжымындағы қоғам пікірін білу;
  • Оқушылармен педагогтармен, мектеп әкімшілігімен, ата-аналарымен құқықтық кеңес және әлеуметтік психологиялық кеңесті ұйымдастыру;
  • Мектепте телефон сенімін ұйымдастыру;
  • Ұжымға және оның әрбір мүшесіне салауатты өмір салтын ұйымдастыру;

Әлеуметтік принциптің негізі болып табылады:

  • көп функционалдылық – жеке оқушылармен педагогтардың құқығын қорғауға және оны қорғауда әр түрлі кешендерді орындау;
  • Объективтілік – жеке тұлғамен мектептегі ұжымның дамуына әсер ететін факторлар, тұлғаның жас ерекшеліктерімен олардың өнегелі және моральді позяциялары;
  • Комуникативтілік – ұйымдастыру жүйесін мектеп администраторлаымен, педагогтармен, оқушылармен, ата-аналармен, дәрігермен, психологпен, заңгермен өзара байланысты, яғни мектеп ұжымының өмірі туралы әр түрлі ақпарат алу;
  • Интеграция – алынған ақпаратты жабық жүйеде, толығымен құпия және анонимді кореспондент ретінде қамтамасыз ету;
  • Опперативтілік – әлеуметтік проблемалардың профилактикасы немесе тез шешілуі мектептегі ұжымдардың қарама-қайшылығы;
  • Автономдылық – әлеуметтік қызмет мектеп әкімшілігі мен білім басқару органдарына және басқа да  билік құрылымына тәуелсіз болу;
  • Репрезентивтілік – барлық мектептегі әлеуметтік топтармен олардың қызығушылықтарын көрсету;

Жеткіншектермен балаларға арнайы құрылатын көмек, интелектісінің дамуына, оқудағы қиындықтарды бастан кешіруіне, эмоционалды ерік сферасында мінез-құлқының қателігінен, қарым қатынасқа түсе алмайтындығынан, коммникацияға қабілетсіздіктен азат болуына, оның тапсырмасы болып:

  • Баласын ерте жастан қоршаған ортаға енгізу, оқу және тәрбие кезінде қиындықтар болса әлеуметтік және ортаға бейімделу дамуындағы жетіспеушіліктерді алдын алу және анықтау;
  • Мектепте баламен жұмыста жалпы білім беретін педагогқа көмек көрсету, яғни ауытқушылықтары бар балаларды дамыту;
  • Барлық балалармен корекциялық бағытта әлеуметтік жұмыс жүргізу;
  • Баланың мүмкіндігіне сай оқыту және тәрбие беру.

Педагогика әлеуметтік жұмыста әлеуметтік компоненттерінің рөлін атқарады, өйткені қоғамдағы білімнің нығаюының сұрақтарын ақпараттық тапсырамаларды, жеке тұлғаның өзіне деген көмегін педагогикалық әдістер арқылы шешуге болады.

Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық негіздеріне педагогикалық теориялардың принциптерінің элементтерін, әдістерін, әлеуметтік жұмыс құралдарын, шешу жолдарын қосады.

Педагогика – психология сияқты «түсіндіру» функциясын атқарады. Әлеуметтік тапсырмаларды шешу халықты тәрбиелеумен қалыптастырылады, сондықтан да педагогика әлеуметтік жұмыста болжам функциясын да атқарады. Әлеуметтік жұмыста педагогиканың өзінің негізгі міндеттері бар.Педагогиканың әлеуметтік жұмыстағы мақсаты адамдарға тәрьиелік көмек беру, өмірге деген көзқарастарына жаңа күш беру, өз проблемасын өзі шешуге үйрету, қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау. Әлеуметтік жұмыста педагогика әлеуметтік жағынан қамтылмаған қоғамға бейімделмеген, толық әлеуметтенбеген адамдар және топтармен жұмыс жасайды (мүгедектер, жазасын өтеушілер мүмкіншіліктері шектеулі балалар, қарт адамдар, нашақорлар т.б. әлеуметтік топтар). Мұндай топтармен жұмыс істеу өте күрделі жұмыс, сондақытан әлеуметтік педагог педагогикалық әдісерді, функцияларды, ерекшеліктерді толық игеруі керек. Ол мұндай ақпаратпен емденсе оған клиенттің мәселесін шешу жеңілге түседі. Әлеуметтік педагогика әлеуметтенбеген аз қамтылған адамдармен жұмыста тәрбиелеу функциясын атқарады. Әлеуметтік жұмыс практикасында педагогика ерекше орынды алады. Себебі ол келесі бағыттарды қамтиды:

Кез келген жастағы адамдарды тәрбиелеу;

Әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік тәрбие;

Қиындық жағдайындағы өзіндік білім;

Клиенттің өзара мәселесінің педагогикамен байланысы.

Педагогикалық элементтер әлеуметтік жұмыс компоненттерін яғни жеке тұлғаға қатысты, әлеуметтік процесске қатысты мәселелерді жүйелейді. Әлеуметтік жұмыстағы педагогиканың міндеті жеке субъектімен объектінің дамуын реттеу.

Педагогикалық процестер, оқу, тәрбиелеу негізінде жеке тұлғаның дамуына әсер ететін заңдылықтармен сипатталады. Әлеуметтік жұмыста клиентке көмек көрсету педагогикалық принциптермен, педагогикалық әдістермен негізделеді. Әлеуметтік жұмыста педагогикалық принциптердің көптеген түрі объективті түрде қолданылады. Педагогика ұғымы әлеуметтік жұмыс теориясымен практикасында әр түрлі деңгейлермен түсіндіріледі. Олар келесі тұжырымдармен байланысты:

Мәселенің себебінің ашылуы;

Формасының ашылуы;

Педагогикалық шешудің әдістерін анықтау;

Байланыстылықтарды қарастыру;

Өзіндік шешім жолдарын қабылдау.

Педагогикалық заңдылықтармен мәселенің шешілу жолдарын сипаттау.

Педагогика әлеуметтік жұмыста барлық жастағы тұлғалардың әлеуметтену процессі жолындағы тәрбиелену, бейімделу, қоғамда реттелу процессі рөлін атқарады. Әлеуметтік жұмыста педагогика әлеуметтік педагогика бағытымен жүргізіледі. Әлеуметтік педагогика ол – әлеуметтік ортаға тәрбиенің ықпал ету процессі. Әлеуметтік жұмыста педагогиканың ерекше орны бар. Педагогика әлеуметтік жұмыста көмекші құрал ретінде қолданылады. Олай дейтін себебіміз әлеуметтік жұмыста педагогика пәнінің әдістерін, заңдылықтарын функцияларын практикада қолданады.

Әлеуметтік жұмыстың пайда болуынан бері өзінің педагогикалық жағы бар. Педагогика әр тұлғаны білімге, ақылдылыққа, мәдениетке, тәрбиеге үйретсе, әлеуметтік жұмыс педагогика жағынан әр тұлғаның қоғамда әлеуметтенуін қамтамасыз етіп, рухани өмірге тәрбиелейді.

Әлеуметтік жұмыс практикасында ерте кезден мүгедектерді, жетімдерді, заң бұзушылармен, қайта тәрбиелеу жұмыстары арнайы мекемелерде жүргізіледі. Олар реабилитациялық орталықтар, әлеуметтік қорғау мекемелері, арнайы интернаттар т.б. мекемелер. Мұндай қоғамда әлемуеттану процесінен дұрыс өтпеген тұлғалардың көбейіп кетуіне байланысты әлеуметтік жұмыс педагогика саласынан әлеуметтік педагогика саласынан әлеуметтік педагогика мамандығын қажет етеді. Бұл білім саласы әлеуметтік жұмыспен педагогиканың байланыстылығын көрсетеді. Қорытындылай келсек, педагогика саласы арқылы әлеуметтік жұмысты жүргізіп, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктер реттеледі, әлеуметтану процесі жүреді, әлеуметтік жұмыс байланыстары тұрақты түрде қоғам реттеледі.

ІІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ОРЫНДЫ АЛАТЫН ҒЫЛЫМИ ПӘНДЕР

 

2.1 Әлеуметтану  және әлеуметтік жұмыс

 

Әлеуметтік жұмыста басқа ғылыми пәндер сияқты өздігінен пайда болуының алғышарттары қалыптасты. Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде пайда болуына көптеген ғылыми пәндер әсерін тигізді: философия, әлеуметтану, педагогика, психология, медицина салалары және т.б. атауға болады.

Әлеуметтік жұмыстың пайда болуындағы маңызды орынды әлеуметтану ғылымы алады. Бұл тезистің дәлелдемесіне  жеке идеялар, әлеуметтанудағы дамытулар, бекітулер жатады. Әлеуметтанудың қызметі, қоғам, азаматтық қоғам туралы, құқықтық мемлекет туралы, адам және тұлға туралы, биологиялық, әлеуметтік ағзалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әлеуметтік әділеттілік-әділетсіздік, әлеуметтік теңдік, теңсіздік туралы және т.б. салаларда қызмет көрсетуінен көруге болады.

О.Конттың әлеуметтанулық концепциясынан қоғамдық өмірге жүйелік келістің дамуын аңғаруға болады. Басқа зерттеушілердің пікірінше жүйелі келіс әлеуметтік жұмыста қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Конттың «әлеуметтік динамикасында» әлеуметтік жұмыстағы негізгі әлеуметтік институттарды, олардың әлеуметтік функциялары және рөлдеріжағынан зерттелінді.

Ағылшын философы және социологы Г.Спенсер «еркіндік теңдігі» заңында көрсетті («әр адам не істегісі келсе соған ерікті, бірақ ол басқа адамның еркіндік теңсіздігін бұзбаса болдаы») осы пікірді көп мемлекеттерде бүгінде шындыққа апаруға, сонымен қатар адамдардың әлеуметтік қорғау мәселесін шешуді көздеуге тырысады. Г.Спенсер әлеуметтік және биологиялық ағза арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтардың ерекшеліктерін аша отырып, адамды түсінудегі негізгі органикалық тұтастықты (биологоиялық, психологиялық, әлеуметтік) көрсетті. Әлеуметтік жұмыста осы келіс барлық мәселелерді шешуге тиімді.

Г.Спенсер әлеуметтік топтардың бәрін қолдады, өйткені бұл тарих көрсеткендей объективті факт. Әлеуметтік жұмыста осы фактіні есепке алу қажет.

Г,Спенсердің қоғамды зерттеуде әлеуметтік институттардың алты типін ұсынды (өнеркәсіп, кәсіп, саяси, шіркеулік, әдет-ғұрыптық, тұрамыстық) және олардың дамуын қарастырды. Г.Спенсердің осы келіспен жүйелі функционалды келісті ұйқастыруға талпынды. Ол әлеуметтанушы ретінде бірнеше түсініктерді қолданды («жүйе», «функция», «құрылым», «институт»). Осы түсініктер қазіргі кезде де кең қолданылады.

Әлеуметтік фактілер жайында, социологизмді қоғам теориясын, француз социолог позитивист Дюркгейм концепциясынан көруге болады. Өйткені оның негізінде әлеуметтік реализм және қоғамды түсінудің шындық тегі жатыр.

Дюркгеймнің құрылымдық-функционалдық талдауы қоғаммен ағзаның аналогиясына негізделеді. Осы аналогиядан қалыпты қоғамның типін, қалыпты норма, патологиятүсініктерін шығарды, олардың қылмыс, дағдарыстар, басқа да қоғамның дезоұйымдық интерпретациясында қолданды. Дюркгеймнің маңызды пікірлерінің бірі әлеуметтік ынтымақтастық, яғни өндірістік рөлдерді бөлуде, қоғамдағы еңбекті бөлудің табиғи салдары құндылықтарға немқұрайлы қараған жағдайын зерттегенде кен қолданды. Ол адамдарды әлеуметтік қорғауға байланысты өзекті мәселелерді қозғады.

Дюркгеймге қоғамдағы девиантты мінез-құлық, «өзіне-өзі қол жұмсау» проблемаларын қарастырды.

Ағылшын философы және социологы Г.Спенсер «еркіндік теңдігі» заңында көрсетті («әр адам не істегісі келсе соған ерікті, бірақ ол басқа адамның еркіндік теңсіздігін бұзбаса болдаы») осы пікірді көп мемлекеттерде бүгінде шындыққа апаруға, сонымен қатар адамдардың әлеуметтік қорғау мәселесін шешуді көздеуге тырысады. Г.Спенсер әлеуметтік және биологиялық ағза арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтардың ерекшеліктерін аша отырып, адамды түсінудегі негізгі органикалық тұтастықты (биологоиялық, психологиялық, әлеуметтік) көрсетті. Әлеуметтік жұмыста осы келіс барлық мәселелрді шешуге тиімді.

Информация о работе әлеуметтік жұмыс өркениетті қоғм институты ретінде