Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 16:33, реферат
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы).
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.
Ал, мінез-құлық адамның іс-
Экономикада адамның тәртібін басқарып, реттеп отыратын құрал-ол шаруашылық механизмі. Бұл механизм өндірістегі жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау және ынталандыру құрал-әдістерін толық қамтиды. Ол өндірістегі адамдардың жұмысын, тәртібін, басқалай да жағдайларын қадағалап отырады, бұларды бұзса,оларға құқық ережелерін (санкция) қолданады, осылай еңбекке ынталандырудың бүтіндей жүйесін қалыптастырады. Сөйтіп ол өндірістегі еңбек ұжымын, жеке жұмысшы, қызметкердің, маманданған топтардың іс-әрекетін, жұмысын әр уақытта реттеп басқарады және өндірісте қажеттібағытта жүргізуге зорықпалын жасайды. Екінші жағынан,өндірістегі адам факторы өндірістің дамуына, еңбек ұжымының тәртібіне, әсіресе, олардағы әлеуметтк реттеу, басқару құралдарына күшті әсер етеді.
Өндірістегі әлеуметтік реттеу, басқару
құралдары депондағы
Енбекті, өндіріс ұжымдарын әлеуметтік құралдар арқылы басқару, реттеудің негізіндеқызметкерлердің белгілі бір типі қалыптасады. Қалыптасқан бұл тип, бір жағынан, олардың ең жоғары адамгершілік қасиеттерін танытса, екінші жағынан, олардың кейбір жағымсыз қылықтарын де ашады.
Жоғары адамгершілік қасиеттерге еңбек сүйгіштік, сенімділік, әділеттілік, еңбекке саналықпен қарау, еңбекті сапалы әрі тез істеу, адамның еңбек процесінде өзінше шешім қабылдауы, жауапкершілік, белсенділік, т.с.с. жатады. Ал, керісінше, кейбір еңбеккерлер мен қызметкерлердің өзінің Отан, ел, халық алдында борышына, немқұрайлы, тапсырылған жұмысты, қызметті қалай болса солай істеу, оларға жауапсыз қарау сияқты келеңсіз мінез-құлықтары да орын алып отырды.
Осыларға сәйкес әрбір жұмысшы мен қызметкердің типін анықтау үшін экономикалық әлеуметтану олардың әрқайсысының барлыққасиеттерін терең талдап, содан кейін оның мінез-құлқының, тәртібінің өндірісте қай жағыбасым екенін салыстыру өлшемі арқылы адам типін анықтайды. Осыған орай өндірісте алуан түрлі еңбек ұжымдары, топтары қайта құрылып, қалыптастырылады.
2. Экономикалық өмірдің
көкейтесті әлеуметтік
Жоғарыда көрсетілгендей, экономикалық әлеуметтануда экономикалық құбылыстарды, процестерді зерттеуде басты назарды адам факторына аударды.
Қоғамның өндіргіш күштерінің басты
элементі деп, өнімді еңбекке қабілетті,
талап-тілегі, мүддесі және денсаулығы,
тәжірибесі бар қоғамның белгілі бір жас
мөлшеріндегі адамдардың тобын айтамыз.
Тиімді табысты еңбекету үшін әрбір еңбек
етуші субъектінің, яғни тұлғаның белгілі
бір көзқарасы, білімі, мамандық дайындығы,
тәжірибесі, тәрбиесі, жоғары санасы, психологиясының
болуы аса маңызды. Осыған орай әрбір еңбеккердіңжұмысты
ойдағыдай тиімді жүргізуі үшін оның
жоғары әлеуметтік – адамгершілік қасиеттері
де болуы қажет.Бұған жататын жоғары қасиеттер:
терең мамандық, білімдар, маманданған
тәжірибе, жұмысқа дағдылану, саналық,
әділеттілік , сөз бен істің бірлігі, жауапкершілік,
белсенділік, тәртіптілік, дербестік,
т.б. Бұлардың әрқайсысы адамға, оның ішінде,
әсіресе, еңбеккерге, жоғары мамандарға,
кәсіпкерлерге,қызметкерлерге,
Бұл қасиеттерді әрбір адам бойына сіңіріп, қалыптастыруы қажет. Бұл қасиеттер қоғамдық өндірісті дамытудың, өндірісті тиімді жүргізуін,сапалы тауарларды шығарудың негізгі факторлары болып саналады.
Экономикалық әлеуметтанудың маңызды мәселелерінің бірі – адамдардың еңбекке қатынасы және олардың еңбек сүйгіш деңгейін зерттеу.
Бұрынғы Кеңестік тоталитарлық жүйе
кезінде адамның еңбегін
Еңбекшілердің арасында еңбекке қызығудың өлшемдері мынандай: 99%- жұмыс қызықты (адамды еңбектің ұдайы тартатындай болу) болуын, 88%- жалақының істеген еңбегіне қарай бөлінуін, 85%- еңбектің әлеуметтік қорғау кепілдігін, 82%- басшылардың еңбек адамына әріптестік қарым-қатынаста болуын қалайды.
Қазіргі қоғамда зиялы қауымның беделі күрт түсіп кетті.
Елде жоғары мамандырды дайындау деңгейі, қазіргі өндірістің талап-өндірістің талап-тілегіне сәйкес емес. Ал, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында ғылыми-техникалық жоспарға сәйкес жоғары кәсіби маманданған, білімді, компьютерді жақсы меңгерген, шет тілдерін білетін, жоғары адамгершілік қасиеттері бар кадрлар қажет.
Қазіргі өндірісте тауарды шығару немесе оның шығынын азайту, төмендету ғана емес,осылармен қатар тауарды тұтынушыға уақытында жеткізіп, тиімді сата білуде көкейтесті мәселелерге жатады. Бұл ретте әлеуметтік зерттеумен қатар маркетингтік зерттеу аса үлкен рөл атқарады.
Маркетингтік зерттеу сапалы тауарды өндірумен бірге оны тұтынушыға өткізуде алуан түрлі қызмет атқарады. Маркетингтік зерттеудің жобамен алғанда кестесі мынандай болуы мүмкін.
Бүгінгі күнде маркетинг –бұл бір бүтін ғылым, тіпті ғылымдардың жиынтығы деп атауға болады. сондықтан ол ерекше мамандық және болашағы зор. Маркетингтік зерттеулер нарықта өндірілген өнімді немесе қөрсетілетін қызмет түрін тиімді сатуға бағытталады. Ол үшін зерттеу барысынад тұтынушының талғам,сұранысы, көзқарастары, мінез құлықтары зерттеледі.
Яғни, әрбір маркентингтің басты қағидасын, басшылыққа алатын идеясын былай тұжырымдауға болады: өндірушінің басты мақсаты мен міндеті – ол тұтынушының талап-тілегін, мүддесін анықтап алғаннан кейін олардың қажетін қанағаттандыру. Тұтынушының талап-тілегіне сай қандай тауар шығару қажет, оған не керек? Осыны анықтап алғаннан кейін, тұтынушының ұсынысын өндіруші ескеріп отыруы керек. Мұнсыз ешқандай экономика,өндіріс алға басып дамымайды.
Жоғарыда айтылғандардан келесідей мәселелер шығады: өндірістегі әр түрлі қоғамдық топтардың құрылымын, олардың жіктерге бөлінуін, сапалық өзгешелігін талдап, анықтау қажет,өйткені олар экономикалық дамудың негізгі әлеуметтік жағын құрайды.
Өндірістіктегі барлық топтарлың мұң-мұқтажын, мүддесін, қабілетін, белсенділігін ескеріп отыру – бүгін күннің басты талабы.
Қысқаша айтқанда, өндірістегі басты
тұлға-еңбек адамы
Х. МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТНУЫ
1. Мәдениеттегі әлеуметтану тұрғыдан түсіну, оның қоғамдағы маңызы мен мазмұны.
2. Білім әлеуметтік институт ретінде.
1. Мәдениеттегі әлеуметтану тұрғыдан түсіну, оның қоғамдағы маңызы мен мазмұны.
Бұл тақырыпты әңгіме еткенде әр уақытта мына мәселелерге ереше көңіл бөлген жөн. Бүкіл таптық антогонистік қоғам тарихында таптар біріне бірі қарсы тұрудың нәтижесінде қарапайым еңбекші, езілуші халық мәдениеттен біршама қашық болды. осының салдарынан:
1. Еңбекші бұқараның мәдениет
іс-жүзінде жетістіктерін
2. Еңбекші халықтың іс жүзінде мәдени процестергетікелей араласуға шамасы, мүмкіншілігі аз болды жәнеүстем тап өкілдері бұл құндылықтан оларды шетқақапайлап отырды.
Осыған орай алдағы уақытта жалпы мәдениетті дамытуда екі ірі әлеуметтік міндеттер тұрды:
1. Жалпы адамзат тарихында жасалған күллі мәдени құндылықтарды халықтың игілігіне айналдыру;