Әлеуметтену ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 16:33, реферат

Краткое описание

Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Содержание

Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы).
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sotsiologia_Ikenov_kaz.doc

— 835.00 Кб (Скачать документ)

1997-1998-жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің кейбір деректеріне сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта  болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың ауыл шаруашылығанда көп адамдар өздерінің жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керісінше, қала мен ауыл-селодағылардың көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қоғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер,бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен  қамқорлық, көмек көрсету қажет.

 

VI. ҚОҒАМНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ  ҚҰРЫЛЫМЫ

 

  1. Демография ұғымы туралы түсінік.
  2. Қоғамның демографиялық құрылымы.
  3. Қазақстандағы демографиялық құбылыстарының кейбір даму жағдайлары.     

 

  1. ДЕМОГРАФИЯ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

 

Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыс  тану ғылымдары зерттейді. Осылардың  ішінде демография ерекше орын алады. Демография гректің «demos» -халық, «gzafo»- жазу, сипаттау деген сөздерінен шыққан.

Халық кең мағынасында (немесе ел-жұрт) адамдардың жиынтығын білдіреді. Ол белгілі бір территорияда (немесе жер көлемінде) өмір сүреді, іс-әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы, жасы, атқаратын қызметі, жұмысы, т.б. жақтары негізге алынады, (мысалы, некелесу, туу, миграция, өндіріске әсерін, т.б.) зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу, өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады.  Ал, мұның өзі қоғамның нақтылы әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты. Халықтың санын, құрылымын және оның қозғалысын, дамуын, өзгеруін демография ғылымы, дәлірегі, оның ішінде демографиялық статистика зерттейді. Кейінгінің негізін ғылыми экономикалық теориялар, тұжырымдар құрайды.

Ғылыми саяси экономия теориясына сәйкес әрбір тарихи өндірістік тәсілдің өзіне тән халықтың өсіп-өну заңы болады. Халықтың жұмыссыздығы, оның материалдық  жағдайының төмен болуы сол қоғамның экономикалық даму заңдарына тікелей байланысты. Осыған орай халықтың өсуі қоғамның материалдық жағдайының жүйесіне кіреді, бірақ, ол қоғамның негізгі қозғаушы күші бола алмайды. Сонымен,демография халықтың алуан түрлі ерекшелік сипаттамаларын зерттейді. Халықтың сан жағынан қанша, қаншаадам белгілі бір мамандықта, қанша адамның белгілі бір деңгей-дәрежеде білімі бар; екінші жағынан, демография адамдардың кейбір сапалық сипаттамаларын, мысалы, белгілі бір орындалып жатқан қызмет тұрғысынан халықтың  қоғамдағы әлеуметтік жағдайын зерттейді. Демографиялық зерттеудің өлшемі-нақтылы адам. Оның өмір-тіршілігінде физиологиялық ерекшелікткрі, әсіресе, оның тұрғын орны, отбасы жағдайы, қызмет түрі, мамандығы, жұмыс орны, қоғамдық жағдайы, білімі, тілдерді білу, т.б. біртіндеп өзгеруі мүмкін. Жеке адамдардың сипаттамасын өзгертеді. Мысалы, неке үйленушілердің қатарын көбейтіп, бойдақтардың саны кемітеді. Жеке адамдардың мекен-тұрағын ауыстыруы – яғни миграция-халықтың құрамына,санына әсер ететін үлкен фактор. Халықтың саны, оның құрамы туу, өлу сияқты биологиялық заңдылықтарға сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Халықтың санын, құрылысын ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор маңызы бар, кейбір ғалымдар демография мен демографиялық статистиканы ұқсас ұғымдар деп есептеп, бір-бірімен шатастырады. Бірақ, демография лық ұғымның мазмұны анағұрлым кең; оның өзіне міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсуі саласындағы байланысты, заңдылықтықты ашуы керек, бұл үшін қоғамдағы елеулі қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.

Ал, демографиялық статистика (Халық  статистикасы) – белгілі бір халықтың санын, құрамын, орналасуын және өзгеріс –қозғаласын немесе оның жекелеген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өңдеуге, баяндауға және талдауға статистикалық тәсіл қолданылатын статистика саласы. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын, бір жерден екінші жерге қоныс аударуын зерттейді. Халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы жөнінде ең дәл және егжей-тегжейлі деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның таптық және жыныстық жасына қарай құрамы арнаулы есептеулер арқылы анықталады. Халықтың тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы жөніндегі деректер АХАЖ (ЗАГС) органындарында, ал, халықтың қоныс аударғандарын милиция органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды, демографиядық статистика халық  санағының принциптерін анықтап, оны әзірлеу мен жүргізуді ұйымдастырады, санақтың бағдарламасын  жасап, қорытындысын шығарады, халықтың күнделікті есебін алуды ұйымдастырып, оның қорытындысын талдайды, халықтың саны мен құрамын зерттейді, балалар өлім- жітімінің, халық өсімінің көрсеткіштерін есептеудің, өмір ұзақтығы көрсеткіштерін есептеудің тәсілдерін жасайды. Халық тығыздығының көрсеткішін есептейді. Демографиялық статистиканың кейбір көрсеткіштерінің халық өсуінің  келешегін зерттеуде маңызы зор.   

 

2 . ҚОҒАМНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.

 

Демографиялық құрылым туралы әңгіме болғанда халықтың қандай бөліктерден, әлеуметтік топтардан тұратынын, олардың  орналасу тәртібін, араларындағы байланыс, қатынастары, бір-біріне тигізетін  әсерін ескерген жөн.

Нақтылы өмірде «халық» деген ұғымның екі мағынасы бар:1) оның біріншісінде, халық кең мағынадағы ұғымды береді, яғни тұтас елді қамтитын ұғымды білдірмек. 2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы таптық және топтық құрамы, жыныс, жас шамалары алуан түрлі болып келетін, тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік үлкен топтардың бірлігі. Бұл ұғымға кіретіін таптар мен топтар өзінің объективтік жағдайына қарай қоғамның ілгері дамуына әсерін тигізетін міндеттерді шешеіп отыруға қабілетті болып келеді. Халық, сайып келгенде жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы,митериалдық және рухани игіліктерді, бүкіл адмзат тарихын жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер жасаушы күш. Қоғам дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа шығарып келген теріс, ғылыми емес, адамдарды тобыр деп есептейтін реакцияшыл әлеуметтанудың «қате» пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта әшкерлеп отырды.

Халықтың тарихтағы орнын тұңғыш ретайқындап берген марксизм тұжырымдамасы  болды.

Жалпы халық әрбір жеке адамдарадн, топтардан, таптардан, ұлттардан, әр түрлі  нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, ұлттардын, әр түрлі  қоғамда әр түрлі орын алады, қызмет атқарады, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүреді, ол туады, өледі, өседі, азаяды, т.б. процестер ұдайы болып жатады.

Халықтың құрамы да халықтың өсуі сияқты бірдей емес және бірдей болуы мүмкін емес. Мысалы,адамның үш нәсілі болады (Европойд, Монголойд, Негройд). Осы үш нәсілі табиғи заңдылыққа байланысты әр жерде орналасқан. Мысалы, Еуразияның Азия бөлігінде көздері сығырлау, аққұба келген, бойлары аласалаухалық тұрады. Батыс бөлігінде сарылау келген, ұзындау, көзі көк халықтар тұрады. Африка құрлығын түрі қара, шашы бұйра халық мекендейді.

Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін. Ұлт деп, адамдардың арғы ата-тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс-қимылдары  ұқсас келетін топты айтамыз. Ұлт деп, діні бір, тілі бір адамдардың жиынтығын айтуға болады.

Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай-ақ, өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы  құрылған кезден бастап күні бүгінге  дейінгі демографиялық  дамуын әңгіме етсек жөн болар еді. Қазақ халқы қаншама өсімтал болғанымен оның өсіп-өркендеуінде орасан зор зиянды зардаптарды басанан өткізді. Олар Жоңғар  шапқыншылығы, 1916-шы Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, Голощекиндік геноцид, Сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысы, Тың игеру кезеңдері, Желтоқсан оқиғалары, т.б.

Йә, шындығында, қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, қазіргі  уақытта халқымыз егемендік, еркіндік, бостандық алып дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық даму мүмкіндігі зор. Осының бір куәсі ретінде шетелдерден ағылып келіп жатқан қандас бауырларымыз (оралмандар) атамекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр.

Еліміздің белгілі демографы М.Тәтімов  өзінің «Қазақ әлемі» («Қазақтың саны қанша?» Алмат, 1993, атты кітабында жалпы әлем қазақтарының саны, қазақ ру-тайпалары, олардың сандары, орналасыу туралы қызықты деректерді келтірген. М.Тәтімовтың пікірінше, Қазақстан республикасында 7млн, 777 мың 777 (ылғи 7) қазақтар тұрады, оның ішінде Батыс Қазақстан аймағында 1 млн. 505 мың; Солтүстік Қазақстан аймағында 2 млн. 685 мың; Оңтүстік Қазақстан аймағында – 3млн 587 мың қазақтар орналасқан, ал, шетелдерде – 4 млн. 244 мың (35%)қазақтар тұрады екен. Қазақтың жалпы саны 12 млннан. Астам. Онан әрі қазақ үш жүзден, олардан тараған 20 тайпа, 300 ру, 3 аталық, 33 мың әулеттер, 3 млн. отбасы бар екен.

Бұл жерде үш деген санның қазақта  киелі (қасиетті) сан екенін аңғартады. Осыған орай тағы бір айта кететін  жайт, кейбір ру, тайпалар белгілі бір  объективтік жағдай себептерге байланысты өзге елдердің ұлыс құрасына сіңіп кеткен. Мысалы, бұған жататындар: Қият, Қатаған, Құрама, Барулас, т.б. ру-тайпалар. Бүгінде олар қазақтың үш жүзінің құрамында жоқ.

1995-ші жылғы респуьликадағы сараптамалық  бағалау бойынша, қазақтар еліміздің барлық облыс, аймақтарын мекен еткен. Осылардың ішінде қазақтардың көп орналасқан облыс-аймақтары: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызыл-Орда, Семей, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған Батыс Қазақстан облыстары.

Жоғарыда көрсетілгендей, жалпы  аймақтарға бөлгенде қазақтардың Батыс Қазақстан аймағында саны 1млн. 505 мың(65%), Солтүстік Қазақстан аймағында 2 млн. 685 мың (30%), Оңтүстік  Қазақстанда 3 млн. 587 мың (55%).

Жалпы тайпалар бойынша  қазақтың саны 1917 ж. 5 млн.360 мың, оның ішінде:

Ұлы жүз тайпалары:

Дулат – 490 мың

Қаңлы – 200 мың

Жалайыр – 150мың 

Албан – 110мың 

Шапырашты – 90мың

Ошақты -70 мың 

Сіргелі – 70мың

Суан – 60мың 

Ысты – 60мың

Шанышқылы – мәлімет жоқ

Сары үйсін – 20 мың.

Орта жүз тайпалары:

Арғын – 900 мың 

Найман – 620ың

Қоңырат -230 мың

Керей -200мың

Қыпшақ – 180мың

Уақ – 90мың

 

Кіші жүз тайпалары:

Байұлы – 890мың

Әлімұлы -550мың 

Жетіру -310мың.


 

Алыс шетелдердегі қазақтың жалпы  саны 1 млн. 723 мың. Құрлықтық аймақтар бойынша:

  1. Шығыс Азия елдерінде-1млн.600мың.
  2. Қиыр  Шығыс елдерінде -77,7мың
  3. Батыс Еуропа елдерінде -22,4мың
  4. Солтүстік Америка елдерінде -22мың
  5. Басқа елдерде-1,9.

ТМД елдерінде 2 млн. 477 мың қазақ  тұрады. Қазақтар Өзбекстанда көп  қоныстанған – 1млн.500мың.

Қытайда – 1млн.500мың

Ресей Федерациясында – 740 мың.

40 шет мемлекеттерде қазақ диаспорлары бар.

 

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ   ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ КЕЙБІР ДАМУ ЖАҒДАЙЛАРЫ.

2000-ыншы жылғы  1-маусымда Қазақстан  Республикалық  Статистика агенттігінің  №3 журналында жарияланған деректеріне  қарағанда, еліміздегі жалпы халық саны 14.881,6 мың адам болды. Соның ішінде 8.311,5 мыңы, 55,9% – қала, 6.570,6 мыңы-44,1% –ы ауыл тұрғындары.

2000-ыншы жылдың қаңтар-мамырында  халықтың табиғи өсімі-26,3мың(1999 жылдың  қаңтар-мамырында-21,7 мың) адам. Алайда, аймақтарда халықтың ұдайы  өсіп-өнуіне байланысты кему процесі әлі жалғасып отыр. Ақмола (18 ), қарағанды (706), Қостанай (585), павлодар (39), Солтүстік Қазақстан (832) және Шығыс Қазақстан (1236 адам) облыстарында өлгендер саны туғандар санынан артық.

Республика бойынша тұтас алғанда  тууда, өлуде елеулі өзгерістер байқалады. 1999-шы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық аймақтарында туу деңгейі жоғары болды. Тудың ең аз деңгейі (1000 адамға – 10,7) –Қостанай облысында , ең жоғары деңгейі (1000 адамға-23,9) Оңтүстік Қазақстан облысында кездесті.

2000-жылдың бес айында республика  өлімінің өсуі байқалған. Тіркелген  өлімдер саны-1999 жылдың қаңтар-мамырында  64,6 мың адам болса, 2000 жылдың осы  кезеңінде-67,5 мың адам қайтыс  болыпты. Осы кезең ішінде өлімнің  жалпы коэффициенті тұтас республика бойынша 1000 адамға 10,9 болды. (1999 жылдың қаңтар-мамырында-10,5). Бұл көрсеткіштің ең жоғары мәні (13 промилледен 13,8-ге дейін) Қарағанды, шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Өлімнің жалпы коэффициентін әрбір 1000 адамға шаққанда қалалық мекемелерде-12,2 селолық жерлерде-9,3 адам болған.

Халықтың өлімі негізінен қан  айналымы жүйесінің ауруларынан  өсіп, барлық тіркелген өлімнің жартысынан астамы осы аурудың еншісінде.

Қазіргі кезеңде халықтың, ел-жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды бәсеңдету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік объектитік факторларға байланысты. Ең бастысы, өндіріс, шаруашылық орындарының жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай жолдармен халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық – тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсарту, табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау, мекемелерінің жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет.

Сондықтан басқа да күн тәртібінде өткір тұрған, кезек күттімейтін әлеуметтік-эконмикалық көкейтесті мәселелерді тез тиімді шешу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. 

 

VII. ҚОҒАМНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ  ҚҰРЫЛЫМЫ.

        1. Қоғамның  этникалық бірлігі туралы ұғым.

Олардың түрлері. Адамдарды ұлтқа  біріктірудің негізгі факторлары.

        1. Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.

 

1. ҚОҒАМНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ БІРЛІГІ  ТУРАЛЫ ҰҒЫМ. ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ.  АДАМДАРДЫҢ ҰЛТҚА БІРІКТІРУДІҢ  НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ.

 Қоғамның этникалыққұрылымын  әлеуметтанудың “этно-социология” деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мәнін мазмұнын, олардың қоғамдағы әрқайсынының атқаратын қызметін (функциясын), араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын,қажетті байланыстарды анықтап, жалпы заңдылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сәйкес “этногенез”, т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең түсінген жөн.

Информация о работе Әлеуметтену ғылым ретінде