Әлеуметтену ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 16:33, реферат

Краткое описание

Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Содержание

Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы).
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sotsiologia_Ikenov_kaz.doc

— 835.00 Кб (Скачать документ)

Кейбір жағдайларда адам жаңа бір  әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерін өзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрмысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімделуге мәжбүр болады.

Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.

Қажеттіліктің мүддеге айналуы, ал, мүдденің мақсатқа айналуы бұл субъект қызметінің екі сатысы. Мұның әрқайсысы іс-әрекеттің себебі ретінде сипатталады,

Мүдденің мақсатқа айналу сатысында  қозғаушы күш ретінде болатын  адамдардың ынталары, бастамалары, ниеттері, т.б. маңызды рөл атқарады, осылардың  өзара байланыс-қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік жағын құрайды. Әлеуметтік іс-әрекеттің, қызметтің сырт көрінісі адамның нақтылы көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да байқалады. Тұлғадағы жоғары адамгершілік, құнды, бағалы нұсқаулар, мұраттар, бағдарламалар оны қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделу ретінде бола отырып, тұлғаның жоғары кәсіби мамандығын, белсеңділігін, жауапкершілігін, іскерлігін ұдайы арттырып отырады. Бұл қатынастар индивидтің нақтылы қызметінің мәні мен мазмұнын, оның мақсаты мен міндетін қалай түсінетініне, осы қызметтің қажеттілігіне деген сезіміне қарай өзінің қызметінде қанағаттану немесе қанағаттанбау сезіміне сәйкес құрылады.

Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау  жағдайында қалыптасып, іске асырылады.

Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады.

Сол сияқты әлеуметтік бақылау дегеніміз – ол жеке дара адам мен (индивидтің) қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қатынастарын реттейтін құрал. Әлеуметтік бақылау шеңберіндегі әлеуметтік қатынас дегеніміз, ол – субъект (адам, адмдардың алуан топтары мен бірлестіктері) мен объектінің (сырт дүниенің), жай ғана қатынасы емес, бұлар әр түрлі сипаттағы элементтердің өзара қарым-қатынастары.

Сөйтіп әлеуметік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек қана саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа  да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль) тарапынан да реттеу болып табылады.

Әлеуметтік бақылау – топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтыдығын, бірлігін сақтайды.

Адамның іс-әрекеті деп, оның мұқтаждығы мен алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған әрекеттердің жиынтығын айтамыз.

М. Вебер атап көрсеткендей, адамның  мінез-құлқы деп, оынң іс-әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады:

а) инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік;

Мінез-құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы, ерікті емес түріне жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды.

Мінез-құлықтың мұндай түрлерін, психология ғылымы зерттейді. Екінші жағынан, кейбір осындай тәртіптің түрлерінде әлеуметтік жақтар болуы мүмкін (мысалы, білместіктен, байқаусызда жасалған қылмыстар). Мінез-құлықтың саналы өз үлгісі тек адамға ғана тән. Ол адамның ақыл-ойының көмегімен еркін бақылауы арқылы іске асырылады. Сондықтан оынң әлеуметтік маңызы және әлеуметтік мәні болады. Мұндайды әлеуметтік мінез-құлық деп санаайды.

Әлеуметтік мінез-құлық әр түрлі  болады, олар:

а) индивидуалды (яғни, жеке адамның  мінез-құлқы);

ә) ұжымдық – бұл жалпы мұқтаждығы, талап-тілегі және іс-әрекет мақсатының бірлігі кезінде құрылған ұйымдасқан топтың мінез-құлықтары;

б) бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен бұқара тобының мінез-құлқы.

Жеке адам мінез-құлқының құрылымы үш элементтен тұрады: а) мотивация, мұқтаждық  пен себеп-дәлелдердің көкейтесті мәселелері;

ә) шешімдер, яғни шешімнің мақсаты, оны  іске асырудағы құралдарды іріктеп алу, жоспарлау;

б) іске асыру, өмірге ендіру. Бұл қоршаған ортаға әсер ету, болатын нәтижені талдау, іс-қимылдарды жүзеге асыру.

Әлеуметтік мінез-құлықтың өлшемі болып қылық (поступок) саналады.

Қылық – бұл іс-әрекет. Мұның  әлеуметтік маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытында тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі.

Әлеуметтік тәртіп белгілі бір  әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе, қалыпты дейді. Ал, мінез-құлық  нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған (немесе девиандтық) мінез-құлық дейді. Бұл ауытқуды әлеуметтанудың арнаулы теориясы – ауытқы мінез-құлқының әлеуметтануы зерттейді.

Ауытқу тәртібіне құқық пен  мораль прициптерінен кейін кету, оларды бұзу жатады.

Ауытқу тәртібі еңбек, өндіріс  саласында, жеке адамдар арасында, ұцымдық қарым-қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс-салтында жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады. Мұндай ауытқу мінез-құлықтарына қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.

 

V. ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МОБИЛЬДІК ТЕОРИЯСЫ

1. Әлеуметтік стратификацияның  теориясы және оның мәні.

2. Әлеуметтік мобильдік және  оның түрлері.

3. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдік процесі.

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯНЫҢ

ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ.

Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын  сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып  еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.

Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін  түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз.

Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің  тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған  жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен  әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:

а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;

ә) кшатрийлер (әскери адамдар);

б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі  топ халықтың 7%-ын құрайтын;

в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;

г)хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа  бағу) атқаратын адамдар.

Қоғамдағы қалыптасқан діни наным  мен дәстүр бойынша, жоғары каста  мен төменгі каста адамдарының  араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.

Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.

Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.

«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға  жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.

 Тек кейін К. Маркс және  М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы  таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды.

К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап  күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары  - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.

Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның  таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда  феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.

К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа  әлеуметтік жіктердің болатынын  ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.

К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл  топтың да белгілі бір тапқа ұқсас  белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған.

К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен  ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді.

К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз».

Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге:

  1. адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын;
  2. олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын;
  3. еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты;
  4. қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін;
  5. қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады.

Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.

Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.

Екіншіден, М. Вебер адамның статусын – саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді.

М. Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивидтердің ұоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы – білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салтя сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді.

М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді.  Олар;

Информация о работе Әлеуметтену ғылым ретінде