Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 16:42, лекция
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.
Жаһандану модельдерінде “әлем бүтіндей” алынады. Жүйелік динамика көмегімен бүкіл әлемге жалпы есептеу жүргізе отырып, Форрестер мен Медоуз жер ресурстарының шектеулілігі, әсіресе, ауыл шаруашылығына жарамды аудандардың шектеулілігі мен күрт өсіп отырған халықтың тұтынуының жоғарылауы арасындағы қарама-қайшылық бүкіл әлемді ХХІ ғасырдың ортасында ғаламдық апатқа әкелуі мүмкін деп болжайды: қоршаған ортаның апаттық ластануы, өлімнің күрт өсуі, пайдалы қазбалардың азаюы және өндірістің құлдырауы, т.б.
Форрестер мен Медоуз жасаған модель бүкіл адамзатты өзінің дамуының жолдарын ойлауға мәжбүр етті. Алайда осы модельдердегі кейбір методологиялық көрсеткіштердің кемшіліктері ондағы тұжырымдардың дұрыстығына күмәндануға алып келді. Атап айтқанда, модельді құрастырған кезде параметрлерді іріктеу математикалық өңдеуді мүмкін ететін таза нақты-ғылыми және қолданбалы критерийлер бойынша жүзеге асты, өндіру мен тұтыну орташа шамалары, қызметтер мен тамақтану халықтың 1адамға шаққандағы мөлшерімен есептелді делінеді. Бұл параметрлердің барлығы «өздерінің нақты әлеуметтік мазмұнынан арылды».
Месарович - Пестель моделі осы сынды белгілі бір дәрежеде есепке алуға тырысты. Алдындағы зерттеуден айырмашылығы олар өздерінің «Әлем-3» зерттеуінде дағдарыстардың дамуын шектей алатын, оларды жою мүмкіндігін зерттей алатын, олардың алдын алу мүмкіндіктерін іздеуге қабілетті факторлар санына талдау жасауға ұмтылды. Месарович - Пестель моделі әлемді тек біртекті бүтіндік ретінде емес, ал бір-бірі арасындағы байланыс халықтың экспорты мен импорты және миграциясы арқылы жүзеге асырылатын өзара байланысты 10 аймақтар жүйесі ретінде қарастырды. Аймақ - бұл әлеуметтік-мәдени параметр, ғаламдық қоғамдық жүйедегі шағын жүйе.
5 Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда “әлеуметтік құрылым” ұғымы “әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. “Әлеуметтік құрылым” түсінігі “әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады - әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. “Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, “әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.
Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.
Әлеуметтік қауымдастық - бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.
Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп атауға болады.
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік ету үшін белгілі бір қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген жүйе.
Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табылады.
Сонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады? Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған әлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын айтуға болады, техникалық прогресс өнімі болып табылады. Қазіргі социологиялық теория әлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына тәуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі бір қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын әлеуметтік процесс диагностикасы кезінде ескеруі керек.
Сонымен әлеуметтік құрылымды анықтайтын негізгі, шешуші белгі, критерий қандай?
Біздің ойымызша
әлеуметтік құрылым әрқашан бір
де бірінің басымдылығы жоқ көптег
Социологиялық ойдың жетістігі болып, әлеуметтік құрылымды қозғалмайтын құрылыс ретінде емес, динамикалық бүтіндік ретінде қарастыруға көшу табылады. Бұл әлеуметтік құрылымның теориялық концепцияларын түрлі критерийлер негізінде қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Біздің әдебиеттерімізде қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған:
- адамдардың
бөлінуі нәтижесінде
- әлеуметтік–этникалық құрылым, яғни адамдардың белгілі бір территорияға, экономикаға, мәдениетке, дәстүрлерге, психологиялық ерекшіліктері және т.б. арқылы бірігуі негізінде пайда болған адамдардың тарихи қауымы – тайпа, ру, халық, ұлт, этностар.
- мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т.б.) территориялық құрылым;
- жаспен, жыныспен
белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар,
балалар, «жұмыс жасындағы»
- отбасылық-тұрмыстық құрылым, көрші қауымдастықтар, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ, некелік пен некесіз байланыстар мен қатынастар. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т.б. құрылымдарды бөлуге болады.
Сонымен, құрылым адамдардың белгілі бір тобын - олардың жіктелуі мен интеграциясын білдіреді. Осылай “әлеуметтік қауымдастық”, “әлеуметтік топ” категориялары қалыптасады және олар келесіні білдіреді:
1) біріккен әрекет;
2) біріккен кеңістіктік–уақыттық болмыс, қатынас (жалпы орта, территория, коммуникация);
3) топтық бағыттылық пен ережелер.
Қоғамдық еңбек бөлісінің нәтижесі болып келесі әлеуметтік-экономикалық топтар табылады:
1) өзінің жеке меншікке қарым-қатынасы бойынша емес, атқаратын жұмысының түріне байланысты кәсіпкерлік топтар;
2) белгілі бір территорияда - қала немесе ауыл –
3) рангтық топтар – басшы мен бағынушы арасындағы қатынастар (негізінде тік өзара байланыс).
Қандай әлеуметтік топтар жетекшілік орын алады, қандай мамандықтар көп екендігіне қоғамның түрі де, оның әлеуметтік-саяси құрылысы да тәуелді.
Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негіз болып табылады. Әлеуметтік топтардың көптүрлілігін зерттеу үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы енгізілді.
Әлеуметтік стратификация теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым мықты дамыған бөліктерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік стратификацияны зерттеудің қазіргі тәсілдерінің негізін М. Вебер салды және оны әрі қарай Т. Парсонс, Э. Шилз, К. Девис, У. Мур жалғастырды.
Әлеуметтік стратификация теориялары страта (латынша stratum – қабат), әлеуметтік топ белгілі бір ортақ позициялардағы немесе ортақ істері бар адамдарды біріктіретін нақты эмпирикалық тіркелетін қауымдастық болып табылатындығына негізделеді. Бұл берілген қауымдастықтың әлеуметтік қоғамның құрылымында бекітілуіне және 6 статустық белгілерге қарсы тұруына мүмкіндік береді: билік, меншік, кәсіби, білім, т.б.
Батыс германиялық социолог Р. Дарендорф әлеуметтік стратификация негізіне “бедел” саяси ұғымын қоюды ұсынды. Оның ойынша бедел билікке қатынас пен әлеуметтік топтар арасындағы билік үшін күресті нақты сипаттайды. Осы ұғым негізінде Р. Дерендорф бүкіл қазіргі қоғамды басқарушылар мен бағынушыларға бөледі. Өз кезегінде басқарушыларды да екіге бөледі: жеке меншігі бар басқарушылар және жеке меншігі жоқ басқарушылар, яғни бюрократ-менеджерлер. Ал бағынушы топ та әртектес болып табылады: онда да кем дегенде екі топты бөлуге болады – жоғарғы – «жұмысшы аристократиясы», төменгі – төмен квалификациялы жұмысшылар. Осы екі әлеуметтік топтың арасында аралық «жаңа орта тап» болады – жұмысшы аристократиясы мен қызметкерлер және басым тап – басқарушылардың ассимиляциясы өнімі.
Француз социологы А.Турэннің пайындауы бойынша, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік дифференциация жеке меншікке, престижге, билікке, этносқа емес, ақпаратқа ие болу мүмкіндігіне байланысты. Көп ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бар адамдар ең жоғарғы орынға ие болады.
Әлеуметтік стратификация
теориясының негізгі
1) үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз, қоғамда басты немесе қосымша рөль атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын түгелімен зерттеу;
2) топтарды бірдей критерийлер бойынша өлшеу және салыстыру;
3) бұл критерийлер әр қабатты толығымен және терең суреттеу
үшін жеткілікті болуы қажет.
Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөльдермен, позициялармен ерекшеленетін стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесімен анықталады.
Әлеуметтік стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді.
Әрбір қасиеттің маңызы өзгеріп отырады. Осылайша, стратификация келесі түрде болады:
1) белгілер жүйесі;
2) нақты қоғамның әлеуметтік құрлымы;
3) топтардың көлденең және тік орын ауыстыруы. Элементтердің көлденең тізілуі бізге көптеген критерийлер береді – ұлттық, кәсіптік, білімдік, мәдени, тік – жеке меншік қарым-қатынасы, табыс мөлшері, престижді көрсетеді.
Стратификация – бұл тиісті қабаттарды бөлу тәсілі ретінде де, қоғамның бейнесі ретінде де болады. Белгілі топтардың ажырату әдісі ретінде және қоғамның көрінісі болады.
Стратификация – бұл жағдай мен үрдістер, мұнда индивидтер, жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста болады және бедел, меншік, билік, мамандық пен мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страталарға топтасады.
Стратификация тек адамдардың, топтардың, қоғамдағы қабаттардың әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ, олардың тең емес күйін бейнелейді.
Стратификацияның әлеуметтік теориясы қоғамды әлеуметтік топтарға, қабаттарға бөлудің бірнеше критерийлерін алға қоя отырып, әлеуметтік мобильділік немесе әлеуметтік қозғалыс теориясының қалыптасуына методологиялық негіз болып саналады.
Әлеуметтік мобильділік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл термин социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен енгізілген болатын.
Стратификация Сорокин бойынша – бұл белгілі бір адамдар жиынтығының (халық) иерархиялық рангтегі кластарға жіктелуі. Бұл төменгі және жоғарғы қабаттардың болуымен сипатталады. Ол стратификацияның 3 түрін бөледі: экономикалық, саяси, кәсіби.
Әртүрлі елдерде осы проблемаға көптеген социологиялық зерттеулер арналады. Әлеуметтік мобильділік қоғамның ашықтығы дәрежесін, оның демократиялылығын, индивидтер мен буындарға белгілі бір қоғам төменгі категориядан жоғары жылжуына қаншалықты мүмкіндік беретіндігін, қоғамның басшы элитасы қандай жолмен қалыптасатындығын, басқа топтардан басшы элитаға өту мүмкіндігін адамдар білгісі келеді.
Стратификацияда кластар ерекше және маңызды орын алады. Біздің әдебиеттердегі батыс қоғамның ғылыми кластық дифференциациясын жоққа шығаратын тұжырымдардың негізі жоқ. Социология туралы шетел оқулықтарында осы тұжырым кездеспейтін бөлім жоқ деуге болады. М.Вебердің ойынша, стратификацияны құру үшін топтың әлеуметтік мәселелері маңызды болып табылады. .