Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 13:24, курс лекций
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның бъектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
1.Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2.Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3.Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы).
4.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.
Ал, демографиялық статистика (Халық статистикасы) – белгілі бір халықтың санын, құрамын, орналасуын және өзгеріс –қозғаласын немесе оның жекелеген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өңдеуге, баяндауға және талдауға статистикалық тәсіл қолданылатын статистика саласы. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын, бір жерден екінші жерге қоныс аударуын зерттейді. Халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы жөнінде ең дәл және егжей-тегжейлі деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның таптық және жыныстық жасына қарай құрамы арнаулы есептеулер арқылы анықталады. Халықтың тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы жөніндегі деректер АХАЖ (ЗАГС) органындарында, ал, халықтың қоныс аударғандарын милиция органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды, демографиядық статистика халық санағының принциптерін анықтап, оны әзірлеу мен жүргізуді ұйымдастырады, санақтың бағдарламасын жасап, қорытындысын шығарады, халықтың күнделікті есебін алуды ұйымдастырып, оның қорытындысын талдайды, халықтың саны мен құрамын зерттейді, балалар өлім- жітімінің, халық өсімінің көрсеткіштерін есептеудің, өмір ұзақтығы көрсеткіштерін есептеудің тәсілдерін жасайды. Халық тығыздығының көрсеткішін есептейді. Демографиялық статистиканың кейбір көрсеткіштерінің халық өсуінің келешегін зерттеуде маңызы зор.
2 . ҚОҒАМНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.
Демографиялық құрылым туралы әңгіме болғанда халықтың қандай бөліктерден, әлеуметтік топтардан тұратынын, олардың орналасу тәртібін, араларындағы байланыс, қатынастары, бір-біріне тигізетін әсерін ескерген жөн.
Нақтылы өмірде «халық» деген ұғымның екі мағынасы бар:1) оның біріншісінде, халық кең мағынадағы ұғымды береді, яғни тұтас елді қамтитын ұғымды білдірмек. 2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы таптық және топтық құрамы, жыныс, жас шамалары алуан түрлі болып келетін, тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік үлкен топтардың бірлігі. Бұл ұғымға кіретіін таптар мен топтар өзінің объективтік жағдайына қарай қоғамның ілгері дамуына әсерін тигізетін міндеттерді шешеіп отыруға қабілетті болып келеді. Халық, сайып келгенде жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы,митериалдық және рухани игіліктерді, бүкіл адмзат тарихын жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер жасаушы күш. Қоғам дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа шығарып келген теріс, ғылыми емес, адамдарды тобыр деп есептейтін реакцияшыл әлеуметтанудың «қате» пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта әшкерлеп отырды.
Халықтың тарихтағы орнын тұңғыш ретайқындап берген марксизм тұжырымдамасы болды.
Жалпы халық әрбір жеке адамдарадн, топтардан, таптардан, ұлттардан, әр түрлі нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, ұлттардын, әр түрлі қоғамда әр түрлі орын алады, қызмет атқарады, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүреді, ол туады, өледі, өседі, азаяды, т.б. процестер ұдайы болып жатады.
Халықтың құрамы да халықтың өсуі сияқты бірдей емес және бірдей болуы мүмкін емес. Мысалы,адамның үш нәсілі болады (Европойд, Монголойд, Негройд). Осы үш нәсілі табиғи заңдылыққа байланысты әр жерде орналасқан. Мысалы, Еуразияның Азия бөлігінде көздері сығырлау, аққұба келген, бойлары аласалаухалық тұрады. Батыс бөлігінде сарылау келген, ұзындау, көзі көк халықтар тұрады. Африка құрлығын түрі қара, шашы бұйра халық мекендейді.
Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін. Ұлт деп, адамдардың арғы ата-тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс-қимылдары ұқсас келетін топты айтамыз. Ұлт деп, діні бір, тілі бір адамдардың жиынтығын айтуға болады.
Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай-ақ, өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы құрылған кезден бастап күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуын әңгіме етсек жөн болар еді. Қазақ халқы қаншама өсімтал болғанымен оның өсіп-өркендеуінде орасан зор зиянды зардаптарды басанан өткізді. Олар Жоңғар шапқыншылығы, 1916-шы Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, Голощекиндік геноцид, Сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысы, Тың игеру кезеңдері, Желтоқсан оқиғалары, т.б.
Йә, шындығында, қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, қазіргі уақытта халқымыз егемендік, еркіндік, бостандық алып дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық даму мүмкіндігі зор. Осының бір куәсі ретінде шетелдерден ағылып келіп жатқан қандас бауырларымыз (оралмандар) атамекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр.
Еліміздің белгілі демографы М.Тәтімов өзінің «Қазақ әлемі» («Қазақтың саны қанша?» Алмат, 1993, атты кітабында жалпы әлем қазақтарының саны, қазақ ру-тайпалары, олардың сандары, орналасыу туралы қызықты деректерді келтірген. М.Тәтімовтың пікірінше, Қазақстан республикасында 7млн, 777 мың 777 (ылғи 7) қазақтар тұрады, оның ішінде Батыс Қазақстан аймағында 1 млн. 505 мың; Солтүстік Қазақстан аймағында 2 млн. 685 мың; Оңтүстік Қазақстан аймағында – 3млн 587 мың қазақтар орналасқан, ал, шетелдерде – 4 млн. 244 мың (35%)қазақтар тұрады екен. Қазақтың жалпы саны 12 млннан. Астам. Онан әрі қазақ үш жүзден, олардан тараған 20 тайпа, 300 ру, 3 аталық, 33 мың әулеттер, 3 млн. отбасы бар екен.
Бұл жерде үш деген санның қазақта киелі (қасиетті) сан екенін аңғартады. Осыған орай тағы бір айта кететін жайт, кейбір ру, тайпалар белгілі бір объективтік жағдай себептерге байланысты өзге елдердің ұлыс құрасына сіңіп кеткен. Мысалы, бұған жататындар: Қият, Қатаған, Құрама, Барулас, т.б. ру-тайпалар. Бүгінде олар қазақтың үш жүзінің құрамында жоқ.
1995-ші жылғы респуьликадағы сараптамалық бағалау бойынша, қазақтар еліміздің барлық облыс, аймақтарын мекен еткен. Осылардың ішінде қазақтардың көп орналасқан облыс-аймақтары: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызыл-Орда, Семей, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған Батыс Қазақстан облыстары.
Жоғарыда көрсетілгендей, жалпы аймақтарға бөлгенде қазақтардың Батыс Қазақстан аймағында саны 1млн. 505 мың(65%), Солтүстік Қазақстан аймағында 2 млн. 685 мың (30%), Оңтүстік Қазақстанда 3 млн. 587 мың (55%).
Жалпы тайпалар бойынша қазақтың саны 1917 ж. 5 млн.360 мың, оның ішінде:
Ұлы жүз тайпалары: Дулат – 490 мың Қаңлы – 200 мың Жалайыр – 150мың Албан – 110мың Шапырашты – 90мың Ошақты -70 мың Сіргелі – 70мың Суан – 60мың Ысты – 60мың Шанышқылы – мәлімет жоқ Сары үйсін – 20 мың. |
Орта жүз тайпалары: Арғын – 900 мың Найман – 620ың Қоңырат -230 мың Керей -200мың Қыпшақ – 180мың Уақ – 90мың
Кіші жүз тайпалары: Байұлы – 890мың Әлімұлы -550мың Жетіру -310мың. |
Алыс шетелдердегі қазақтың жалпы саны 1 млн. 723 мың. Құрлықтық аймақтар бойынша:
ТМД елдерінде 2 млн. 477 мың қазақ тұрады. Қазақтар Өзбекстанда көп қоныстанған – 1млн.500мың.
Қытайда – 1млн.500мың
Ресей Федерациясында – 740 мың.
40 шет мемлекеттерде қазақ диаспорлары бар.
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ КЕЙБІР ДАМУ
2000-ыншы жылғы 1-маусымда
Қазақстан Республикалық
2000-ыншы жылдың қаңтар-
Республика бойынша тұтас алғанда тууда, өлуде елеулі өзгерістер байқалады. 1999-шы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық аймақтарында туу деңгейі жоғары болды. Тудың ең аз деңгейі (1000 адамға – 10,7) –Қостанай облысында , ең жоғары деңгейі (1000 адамға-23,9) Оңтүстік Қазақстан облысында кездесті.
2000-жылдың бес айында
республика өлімінің өсуі
Халықтың өлімі негізінен қан айналымы жүйесінің ауруларынан өсіп, барлық тіркелген өлімнің жартысынан астамы осы аурудың еншісінде.
Қазіргі кезеңде халықтың, ел-жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды бәсеңдету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік объектитік факторларға байланысты. Ең бастысы, өндіріс, шаруашылық орындарының жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай жолдармен халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық – тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсарту, табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау, мекемелерінің жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет.
Сондықтан басқа да күн тәртібінде өткір тұрған, кезек күттімейтін әлеуметтік-эконмикалық көкейтесті мәселелерді тез тиімді шешу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.
VII. ҚОҒАМНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.
Олардың түрлері. Адамдарды ұлтқа біріктірудің негізгі факторлары.
1. ҚОҒАМНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ
БІРЛІГІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ. ОЛАРДЫҢ
ТҮРЛЕРІ. АДАМДАРДЫҢ ҰЛТҚА
Қоғамның этникалыққұрылымын әлеуметтанудың “этно-социология” деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мәнін мазмұнын, олардың қоғамдағы әрқайсынының атқаратын қызметін (функциясын), араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын,қажетті байланыстарды анықтап, жалпы заңдылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сәйкес “этногенез”, т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең түсінген жөн.
“Этника” деген ұғым “этнос” деген ұғымнан, терминнен шыққан. “Этнос” грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді білдіреді. Этнос адамдарды тарихи – этникалық тұрақты бірлігі. Бұл термин “халық” деген ұғымға өте жақын. Бұл жерде “метаэтнос”, “субэтнос” деген терминдер шығады. Метаэтнос (немесе үлкен этникалық бірлік) – бұл халықтардың ең үлкен топ бірлігі. Мұнда мәдени және өзіндік сананың ортақ белгілері болады. Мысалы, славян немесе түрік халықтары- ортақ жақтары көп. Субэтнос немесе субэтникалық топ – бұл халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі.
Этника немесе этникалық қауымдастық – белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы.
Бұл табиғи – тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі, Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну т.б. белгілері болады.
Адам қоғамдық әлеіметтік организм ретінде өзінің ілеуметтік – этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту процессі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы -әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап, тілегіне, т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді.
Бұл қауымдастықтардың өдеріне тән шығу және даму белгілері мен ерекшеліктері болады. Бұл еі алдымен, олардың бір белгілі территориясынан- қауымдастықтың қалыптасуының бесігінен-мәдениетінен, басқа топтардың айырмашылығын түсінуден, т.б. көрінеді. Бұл объективтік өқажеттілік адамның өмір сүруіне тікелей әсер етеді.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың біршама дербес дами отырып, қоғамда алуан түрлі қызмет атқарады. Ол, еі алдымен, адамдардың бір-бірімен қатынасуын, материаолдық игілікті бірігіп өндіруін қамтамас етеді, соның нәтижесінде өзінің дамуын жүзеге асырады. Халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныс, сұраныстарын, т.б. қанағаттандырып отырады. Гентикалық шығу жағынан бір-юірімен өкешелес бола отырып, ру, тайпа, халық, ұлт әлеуметтік-этникалық жағынан ілгерілеп даму процессінің тізбегін жасайды.
Сонымен, этногенез әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпа немесе халықтың шығу тегі болады. Этногнез халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде оның кейбір топтар бөлініп те жатады. Мысалы, Қазақстан территориясында көптеген түркі тілдес тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу процессінің нәтижесінде қазақ халқы қалыптасты. Этногенес процесінің негізгі екі түрі болады: бірі- жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биологиялық жолмен жаппай айналасуы арқылы қалыптасуы; екіншісі- жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Бір сөзбен айтқанда, этногенез уақытпен кеңістік бойынша дараланатын тарихи процесс.
Қазіргі адамзат түрі- белгілі бір биологиялық түр. Ол белгілі әлеуметтік заңдылықтар арқылы дами келе, адамдардың әр түрлі тарихи қауымдастығына бөлінеді: олардың ішінде мемлекет, тап, отбасы, т.б. бар. Бұлардың ішінде этностар ерекше орын алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, жер бетінде 3 мыңнан астам этникалық қауымдастықтар әлемнің 220 мемлекетінде орналасқан. Этностар мәңгілік өмір сүре бермейді, олар туады, дамиды, өледі. Мұндай процесті этносоциология теорисында этногенез деп атайды. Этногенездің негізін бұрынғы Кеңес ғалымы Лев Николаевич Гумилев қалады. Астанадағы Еуроазия университеті осы кісінің атымен аталады. Бұл ғалым теория жүзінде геобиохимия және системология ғылымдарын тарихи географи мен біріктіріп өсты. Сөйтіп ол “этнос” деген ұғымды биология және әлеуметтік қауымдастық ретінде анықтап, биосфераның бір бөлігі, оның туындысы ретінде көрсетті, екінші жағынан, этногенез әлеуметтік эволюцияның жемісі, нәтижесі ретінде дәлелденді.