Әлеуметтану ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 13:24, курс лекций

Краткое описание

Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның бъектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Содержание

1.Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2.Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3.Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы).
4.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sotsiologia_Ikenov_kazt.doc

— 834.00 Кб (Скачать документ)

Ә. Бөкейхан басқарған  Қазақ кадеттерінің бағдарламалық  міндеттері көптеген мәселе бойынша  орыс кадеттерінен айырмашылықтары  болды. Біріншіден, Ә. Бөкейхан қоғамдық-әлеуметтікқатынастарға түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті, екіншіден,ол ұлттық мәселелерді шешуде де әлдеқайда терең ойлап ілгері кетті. Ол патша үкіметінің отарлық саясатын әшкереледі, бұл саясат іс жүзінде  қазақ қоғамын дамытпай отырғаны былай тұрсын, қайта қазақтардың рухани әрі әлеуметтік қатынастарының азғындауына әкеліп отырғанын көрсетті.

Сөйтіп, Ә. Бөкейхан қазақ  халқын алдыңғы қатарлы Ресей, онан әрі Еуропа мәдениетінің деңгейіне  жеткізу мәселесін қойды. Қазақ  халқының Ресей империясына бағыныштылығы  оны ұдайы толғандырды. Осымен бірге  қазақ халқының ру, жүздер арасындағы өзара дау-дамайлары мен жанжалдардың толастамай отырғандығы, ескі рулық-тайпалық, феодалдық қатынастардың үзілмегендігінен надандық, қараңғылық, сауатсыздықтың, т.б. орын алуы оның жанына жай таптырмады. Тығырықтан шығудың жолы – халықты ағарту, білімге тарту деп түсінді.

Санкт-Петербургтегі  орман шаруашылық институтын бітіргеннен  кейін, ол Омбыға келді. Мұнда ол 14 жыл  тұрып, жұмыс істейді. Ол бұрын зерттелмеген қазақ даласындағы әлеуметтік жағдайларды  жан-жақты зерттеді, өзінің туған елін, халқын қорғап бірнеше мақалалар жазып, зерттеу қорытындыларын жарыққы шығара бастайды. Ә. Бөкейхан орыс шаруаларының қазақ елінің Солтүстік және орталық аймақтарында қоныстануына үзілді-кесілді қарсы болады. Ал, бұл процесс жыл сайын қарқын алып отырғанын көрсетті. Осы қоныстанудың барысында қазақ халқы 40 миллионнан астам гектар құнарлы жерінен айырылды, ал, жергілікті халық шөл және шөлейт т.б. құнарсыз жерлерге ығыстырылды. Осыған орай Ә. Бөкейхан шамасы келгенше бұл процесті тоқтатуға барлық шараларды  қолданды. Ол патша үкіметінің отаршылдық саясатын жан-жақты әшкерелейді. Осы мазмұндас мақалалар Санкт-Петербургте шығатын «Сібір мәселелері» журналында 1908-1909-жылдары жиі жарияланып тұрды.

Ә. Бөкейхан қазақ халқының шаруашылығы, қазақтың тарихы туралы еңбектер жазды. Оның «Сібір темір жолы аудандарының экономикалық зерттеу материалдары» 1904-ші жылы Ташкентте жарияланды. 1914-ші жылы Бөкейхан социал-демократиялық партияның құрылтайына қатысып, онда Ресей мемлекеттік депутаты А.Ф. Керенскиймен кездеседі. Құрылтайда Ә. Бөкейхан «Ресейдегі қырғыздардың жағдайы» туралы баяндама жасайды. Мұнда Ә. Бөкейхан Кадет партиясының орталық комитетіне сайланды. Орыстың массон ұйымының Жоғары Кеңесінің қаулысымен 1917-ші ылы Ә.Бөкейхан Батыс Қазақстандағы уақытша үкіметтің комиссары болып тағанындалады.

Бұл жерде массон ұйымының саясаты Ә.Бөкейханның ойынан алыс жатты, яғни қазақтарға автономияны  бермеу, өзін қуғынға салу мәселесі көзделген.

Осы жылдары ол өзінің қудалау мерзімі біткеннен кейін  Орынборға келеді, бірақ, оның Омбыға баруына рұқсат етілмеді. Ә.Бөкейхан Орынборда қоғамдық-саяси жұмысқа онан әрі батыл кірісті. Орынбордағы халық Ә.Бөкейханды жергілікті үкімет – қалалық думаның мүшелігіне сайлады. 

Ә.Бөкейхан өзқінің шығармалары  мен мақалаларында басты мақсат етіп қазақ халқын Ресей империясының құлдық-бұлғауынан азат ету, бостандық, еркіндік алып, ілгері дамуды, басқа  елмен тең құқықта болуды, өзін-өзі  басқаруды, т.б. алға қояды. Ол 1917-ші жылғы  Ақпан революциясынан зор үміт күтті, бірақ, бұл революция оның үмітін ақтамады. 1917-ші жылы көкекте Ә.Бөкейхан Ресейдің уақытша үкіметі құрған Түркістан Комитетінің құрамына кіреді де, уақытша үкіметтің Торғай облысындағы комиссары болады.

Елде болып жатқан көптеген жаңа оқиға, процесстерге байланысты Ә.Бөкейхан ұлттық саяси партия құруға мәжбүр болды. Ізінше «Алаш»  партиясы құрылды. Оның мақсаты – қазақтың егеменді мемлекетін құру. Партияның 5 қазанында (№244) жарияланды. Партияның көшбасшысы Ә.Бөкейхан болды.

1917-ші жылы Ә.Бөкейхан  Томск қаласында автономшылардың  құрылтайына қатысты. Құрылтайда  қазақтардың Сібір үкіметінің  құрамында автономия алуға қаулы  қабылданды. Осы жылдың желтоқсанында  Орынбор қаласында бүкіл қазақтың  құрылтайынды Алаш автономиялық мемлекетінің уақытша халықтық кеңесі – «Алашорда» құрылды. Оның бірінші төрағасы болып Әлихан Бөкейхан сайланды. Алашорданың жүргізе бастаған саяси-әлеуметтік өзгерістерінің сол уақытта болып жатқан азамат соғысы жоққа шығарды. 1919-1920-жылдары жоғары өкіметтің қаулысымен амнистия (кешірім) жарияланды. Алаш партиясының басшылығы большевиктер партиясына қосылу туралы шешім қабылдады. Партияның көптеген басшыларының ішінде тек Ә.Бөкейхан большевиктерге қызмет етуден бас тартты. 1926-шы жылы КСРО ғылым академиясының шақыруымен автономиялық және одақтас республикаларды зерттеуге арналған ерекше комитетінде Қазақстанды зерттеу эксперті болып қызмет атқарды. 1927 жылдан 1937-ші жылға дейін Ә.Бөкейхан өзінің Мәскеудегі пәтерінде «үй тұтқынында» отырады. 1937ж. тамыз айында Ә.Бөкейханды Кеңес Өкіметіне қарсы контрреволюциялық күресті ұйымдастырды деп айыптап, ату жазасына бұйырады.

Ә.Бөкейхан қазақтың географиясын жан-жақты терең зерттеген ғалым. Жер – адамзаттың алтын бесігі. Қандай да бір халық, ұлт болмасын, оның дамуы жерге байланысты. Ол Қазақстанның қандай аймағында жер құнарлы, құнарсыз екенін өте жақсы білген. Сондықтан осыған орай қазақ халқы өзінің ыңғайлы, тиімді, сапалы шаруашылығын ұйымдастыруы қажет деген.

Ол өзінің «Қырғыздар», «Павлодар  уезі», «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы», т.б. мақалаларында жер, мал шаруашылығы туралы  өте көптеген ой-пікірлер, ұсыныс, кеңестер берген. Ә.Бөкейхан этногенез, яғни халықтардың шығу тегі туралы да маңызды зерттеулер жүргізген. Мұны оның мынадай шығармаларынан байқауға болады. Олар: «Қырғыз елінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері», «Қырғыздар» және т.б. Бұл еңбектерінде статистикалық деректерді тиімді, ұтымды қолдана отырып, қай уезде қанша, қандай адамдар тұртынын айтқан.

Ә.Бөкейхан мемлекет, құқық, партия, дін, т.б. мәселелер жөнінде де көп келелі ой-пікір, кеңес, ұсыныс берген оқымысты. Мысалы, «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген мақаласында оның себебін терең ашып баяндайды: біріншіден, Кадет партиясы жерді бөлу және сатуға, екіншіден, ұлттық автономияға қарсы, үшіншіден, діннің мемлекеттен бөлінуіне қарсы. Ә.Бөкейханның пікірі бойынша, жер сатылатын болса, бірнеше жылдан кейін қазақтар жерсіз қалады, ал, орыстар қысқа мерзімнің ішінде барлық жерді сатып алады; Ұлтқа автономия бермесе, теңсіздік болады; Мемлекет пен дінді айырмаса, дін мемлекеттің қолжаулығы болып кетеді.

Ә.Бөкейханның мұндай алдыңғы қатарлы, әлеуметтік ғылыми жаңа көзқарастары, ой-пікірлері қазақ қоғамының  қазіргі өмір жағдайына аәйкес келіп, іске асырылуда.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстандағы аддынғы қатарлы өкілдерінің бірі, әрі ірі оқымысты – ғалым Ахмет Байтұрсынов болды. Ол еңбек жолын ағартушылықтан бастады. Орын алып отырған қиындықты деңу үшін ол қазақ жазуымен айналысады. Ол алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуге кіріседі. Алдымен қазақ балаларының сауатын ашатын «Әліп-би» мен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» жазу үшін оған қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын зерттеу қажет болды.

Ол зерттеудің нәтижелерін 1912-ші жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттерінің беттерінде жариялайды. «Айқаптың» 1912-ші жылғы 9-10 сандарында және «Қазақ» газетінің 1913-ші жылғы 34-інші және одан әрі қарайғы сандарында «Жазу мәселесі» деген көлемді мақалалар жариялап, оларда қазақ дыбыстарын білдірмейтін араб алфавитінің кейбір таңбаларын қазақ жазуына енгізбеу керектігін, тұтас сөздің жіңішкелігін білдіру үшін дәйекші деп аталатын белгі қою қажеттігін дәлелдейді. Осы кезден бастап қазақ лингвистикасының терминдері жасалып, қалыптаса бастайды. Былайша түзетілген алфавит сауат ашудың дыбыстық әдіске сай келетін кесте екендігін айтады. А. Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе, мұғалімдер қауымы қуана қабыфлдайды, себебі бұл қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп жасалған болатын. А. Байтұрсынов түзеткен жазу 1912-ші жылдардан бастап іс жүзінде қолданыла бастады, яғни осы жазумен кітаптар шықты, 1913-ші жылдардын бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де осы жазу қолданылды. А. Байтұрсынов реформалаған араб жазуы 1924-ші жылы ресми түрде қабылданды. Бұл - өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен рөл атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба әдебиеттің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен прогрессивтік құбылыс болды. А. Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін сол кезде өзге түркі халықтары үлгі тұтып, өз жазуларына өзгерістер енгізді. Ғалым ширек ғасырдай күш жұмсап, тер төккен бұл еңбегін,  яғни «реформаланған қазақ жазуы қазақ мәдени талаптарын әбден өтей алады» деген көзқарасын латын алфавитіне көшу жаында әңгіме басталғанда, кейін 1926-щі жыылғы Бакуде болған түркі халықтарының Бүкілодақтық құрылтайында барынша дәлелдеп, латын қарпіне көшуге қарсы пікірде болғаны түсінікті, 1929 және 1938-жылғы репрессия кезінде А. Байтұрсыновтың бұл пікірі «ұлтшылдық, пантюркистік, антисоветтік» деп бағаланғаны белгілі. Шындығында бұл баға дұрыс емес.

А. Байтұрсынов – қазақ балаларының  ана тілінде сауат ашуына көп  күш жұмсаған адам. 1902-ші жылдан бастап ашылған «ауыл мектебі» деп аталатын үш жылдық бастауыш оқу орнының өзінде шәкірттер сауатын орыс тілінде ашатын, кейбір пәндердің тілі қазақша болғанымен, оны оқытуға арналған, ресми түрде қабылданған кесте жоқ болатын, әр мұғалім өз ыңғайына қарай орыс, не арабжазуларын пайдаланатын. А. Байтұрсынов пен өзге де бір топ қазақ оқығандары қазақ даласында оқу-ағарту ісінің дұрыс жолға қойылуын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашулары керектігін, оқудың ана тілінде жүргізілуін үкіметтен талап етеді. Осы талаптың жүзеге асырылуы үшін қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппені – «Оқу құралын» жазған адам - А. Байтұрсынов. Ол бұл құралды 1912-ші жылыОрынборда жарыққа шығарады. Ол кейін бірнеше рет басылады. 1926-ші жылы автор «әліпбидің» жаңа түрін жазып ұсынады, бұл осы күнгідей суреттермен берілген әліппе кітабы болатын. Сонымен бірге ол ересекретдің де сауатын ашуға арналған «Әліп-би» жазды, ол Орынборда, Семейде басылды.

Көп ұзамай (1912ж. тұңғыш әліппе жазғаннан  кейін) А. Байтұрсынов қазақ балаларына қазақ тілін тереңдетіп оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. «Тіл құралы» деп аталған бүл оқулықтың фонетикаға арналған І бөлімі 1915-ші жылдан, морфологияға арналған ІІ бөлімі 1914-ші жылдан бастап 1927-1928-жылдарға дейін 6-7 басылым көрді.

   «Тіл құралы» қазақ мәдениетінде бұрын кездеспеген соны құбылыс болды,  оны автордың өзі де ескертеді. Қазақ грамматикасын талдап-тануда А. Байтұрсыновтың  еңбегін екі тұрғыдан атау керек: біріншіден, ол қазақ тілі грамматикамына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап ұсынды. Бұл атаулардың өте сәтті екенін өзге түркі тілдерінің мамандары атап кетеді. Екіншіден, қзақ тілі морфологиялық тұлға-тәсілдерінің бірсыпырасын А. Байтұрсынов жаңаша талдап, соған анықтамалар береді. Қазақ тілін зерттеуші орыс ғалымдарының қате таныған тұстарын А. Байтұрсынов түзетіп, талдайды. Қазақ фонетикасы мен грамматикалық құрылысын тануда көп ретте тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіне тән даму барысын ескертетін қағыдан қатаң ұстайды.

Сөйтіп ана тіліміздегі ғылым саласы – қазақ лингвистикасы 1917-ші жылғы Қазан революциясынан бұрын, өткен ХХ ғасырдың 10-ыншы жылдарынан бастап қалыптасты және оның ірге тасын қалаушы Ахмет Байтұрсыноа болды.

Ол ең алдымен, қазақ тілінің  тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының  авторы. Қазақ жастарының бірнеше буыны ана тілінің сыр-сипатын осы құралдар бойынша танып, үйренді. Қазақ лингвистерінің бұл күнге аға буыны болып отырған тобының білім-ғылымдағы алғашұы ұстазы А. Байтұрсынов болғандығы, бірқатары Ташкенттегі Қазақ Халық Ағарту Институтында, Алмтыдағы ҚазПИ-да, қазіргі АМУ-де дәрістерін тыңдап, тікелей шәкірттері болғандығы ақиқат. Екіншіден, ол – араб кестесіне негізделген қазақ жазуының реформаторы. Бұл жазу ХХ ғасырдың 10-ыншы жылдарынан бастап 20-ыншы жылдардың соңына дейін қазақ мәдениетіне, жазба дүниесіне, оқу-ағарту ісіне жақсы қызмет етті. А. Байтұрсынов жасаған жаңа араб жазуы күні бүгінге дейін қолданылып келеді: Қытай Халық Республикасындағы, Ауғанстандағы, Ирандағы қазақ бауырлар сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін қазақ тіліне лайықталған түрімен шығарады.  Шетелдегі қазақ бауырларға арналып, бұл күнге өзімізде шығатын «Біздің Отан» атты газетіміз де А. Байтұрсыновтың рефоормаланған алфавитін пайдаланады.

Үшіншіден, А. Байтұрсынов – қазақ  тіл білімінің іргетасын қалаушы, тұңғыш лингвист-ғалым. Ол – қазақ лингвистикалық терминдерінің авторы.

Ахмет Байтұрсынов демократтық-ағартушылық  қызметті өзінің азаматтық борышы және ұстаған жолының негізі деп санаған. Ол білім-ғылымнан кенже қалған, малын  бғып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан, сол марғаулықтан маса болып ызындап оятуды өмірінің мақсаты етіп қояды. Бұл мақсатын, әсіресе, өлеңдерінде ашық өрнектейді: 

Баяғы қалпы,

Баяғы салты

Бұ неткен жұрт ұйқышыл?

Болсын кедей, болсын бай

Жатыр бейқам жым-жырт жай –

деп күңіренсе, тағы бір  тұста:

Емшегін еміп,

Анаға сеніп

Бала ұйықтайды  жастықпен,

Қымызға қанып,

Қызарып жанып,

Бай ұйықтайды  мастықпен.

Шалап ішкен  кедей мас,

Мына дұрттың  түрі оңбас!

деп, бала мен байдың ұйқысы жастық пен мастықтан болсын, ал, кедей жұртына не жоқ, шалапқа  мас болып ұыйқтау қалың сор, дегенді айтады.

 Сондықтан:

Жөн көрсеттім  қазақ деген намысқа,

Дол сілтедім жақын емес, алысқа.

Өзге жұрттар  өрге қадам басқанда,

Дедім сен  де қатарыңнан қалыспа! – дейді.

Ал, публицистік мақалаларында  бұл ойын бұдан өткірірек тілмен батыра айтады: «Надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандақ кесапаты».

Ол 1895-1909-жылдарда Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытады, екі кластық училищелерде сабақ береді.

Қарқаралыда қызмет еткен  жылдары А. Байтұрсынов әлеуметтік саясат ісіне белсене кіріседі, атап айтқанда, мұнда ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы революциялық қозғалысқа араласады. Осындай әрекеттің бірі – 1905-ші жылы біт топ қазақ оқығандары болып, патша үкіметінің жоғарғы басқару органына петиция жолдайды. Онда қазақ халқына әлеуметтік теңдік берілуін, жер бөлісінде тұрғылықты халықтың мүддесі көзделуін, қазақ даласында оқу-ағарту ісін жолға қою керектігін талап етеді.

Самодержавиеге қарсы  пікірлер білдіріп, іс-әрекеттер жүргізіп отыр деген айып пен ұсталып, 1907-ші жылы Қарқаралы түрмесінде біраз  отырып шығады. 1909-шы жылдың бірінші  шілдесінде А. Байтұрсыновты Семей губернаторы Троицкийдің жарлығымен тағы да тұтқынға алып, әуелі Қарқаралы түрмесінде, кейін Семей түрмесіне қамайды. Губернатордың бұл жарлығына негіз болған – жергілікті тыңшылардың (Тәттімбет Шыңғысовтың) оның үстінен көрсеткен арызы. Бұл арызды А. Байтұрсынов меңгеріп отырған училищеде қазақ балалары бір өзбек сабады, училищеде бірде-бір орыс баласы жоқ (өйткені ұлтшыл А. Байтұрсынов оларды кіргізбей отыр) деген сияқтылар жазылады. Сондай-ақ арызды А. Байтұрсынов Мемлекеттік Бірінші думаның мүшесі Әлихан Бөкейханов пен және басқа қазақ оқығандарымен табысып, бірлесіп, үкіметке қарсы іс-әрекет жүргізіп жүр деген де айтылады.

Информация о работе Әлеуметтану ғылым ретінде